Өлең: Ата-ананы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аппақ сүтін емізген,
Мейірі терең теңізден.
Таппаспын, ана, өзіңдей,
Ақ еділ жанды өмірден.
«Қарғам» деп жүріп қартайдың,
Ұйқысын қиып әр таңның.
Ажымға толып ақ жүзің,
Ағарды қара самайың.
Науқастың болмай амалы,
Күн туды басқа қаралы.
Анамыз сізден айрылып,
Көңіліміз болды жаралы.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Апасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алдым биік, артым жар
Айналарға жерім тар.
Сағынғанда, жан апа,
Бір көруге болдым зар.
Жирен де аттың қасқасы-ай,
Сыдырып өрген таспасы-ай.
Айрылдым сенен, жан апа,
Шығарда жанның басқасы-ай.
Аспанда ұшқан құмайды-ай,
Құмай да бойын сылайды-ай.
Артыңда қалған балалар,
Апалап кімге жылайды-ай?!
Есіктің алды шие еді-ай,
Шиеге жеңім тиеді-ай.
Апам еске түскенде,
Ішім от боп күйеді-ай. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күйеуін жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бозінгендей боздадым,
Өз құрбымнан озбадым.
Оң жаққа салған қу төсек,
Жақсылықпен тозбадың.
Айналайын, Құдайым!
Оң жақтан неге қозғадың?
Шақырайын шаяндай,
Бар дауысыммен аянбай.
Қосыла түсіп айрылдым,
Қожіке мен Баяндай.
Жасымнан мені зарлаттың,
Құдіреті ұлық бір Алла-ай.
Құдай қосқан жолдасым,
Түсірдің мені қиялға-ай.
Жолдасым еске түскенде,
Отырмын жерден тұра алмай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әкені жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бісміллә еді сөз басым,
Айтсам бір келер көз жасым.
Кетіпті-ау әкем келмеске,
Иманың болсын жолдасың!
Бір пайғамбар Нүсіп-ті,
Басынан сұңқар ұшыпты.
Кеше де жүрген әкешім,
Қара жерге түсіпті.
Имансыз ауыз ашпаған,
Дәретсіз жерді баспаған.
Иманды болғыр әкем-ай!
Артына бізді тастаған.
Әкем келді сексенге,
Жылайын жұртым сөксең де.
Әкемдей, шіркін, жан тумас,
Алтын мен күміс ексем де!
Мұңы бар адам жылап тұр,
Мұңы жоқ адам сынап тұр.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилләдан бастайын,
Тездете айтып саспайын.
Иманды болғыр, әкежан!
Аузымнан қайтып тастайын.
Есік алды қос арық,
Екеуі де бос арық.
Иманды болғыр, әкежан!
Қалдық қой біз бозарып.
Дүние, шіркін, жалған-ай!
Өте шығар алдап-ай.
Әкешім, сенен айрылып,
Артыңда қалдық зарлап-ай!
Алдым биік, артым жар,
Айналатын жерім тар.
Иманды болғыр, әкежан!
Бір көруге болдым зар.....
Өлеңдер
Толық
1 0

Өлең: Жәжеңді жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кеңестің басы биссимилла,
Біз айталық жұрт тыңда.
Ханымыз дүние салған соң,
Халқымыз түсті қысымға.
Атамдай болып кім өткен,
Өзінің тұрғы тұсында.
Бисимилла деген бір қорған,
Кіреді оған дін сорған.
Расұл қайтып дүниеден,
Содан қалып жұрт болған.
Жаназаңа жиылды
Дін мұсылман оң-солдан.
Екі жерден үй тігіп,
Жұрт жиылған ақ ордаң.
Қылған ісің түзеліп,
Теріс ұшып, оң қонған.
Сегіз ай жатып абақты,
Құтылып ең шын тордан.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аспаннан ұшқан самұрық,
Жұлдыздай кетті-ау ағылып.
Айрылман деген атам-ай,
Айрылып қалдым не қылып?!
Мінгенде атым бурыл тай,
Алтын қазық сурылды-ай.
Атекем сені ойласам,
Амалым менің қурылды-ай.
Айналайын атам-ай!
Ықылас берген батаң-ай.
Осынша сізді қинайтын,
Жоқ еді ғой қатаң-ай.
Атекем сізді силағам,
Шын жүректен қимағам.
Арқан соғып, арық қазғанда,
Шыбын жанды қинаған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Биссимиллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимиллә деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Кешегі жүрген жәйлы әкем,
Жоқтаусыз қайтып тастайын.
Ажал шіркін жеткенде,
Айрылдық жұртым панадан.
Опасыз сұм қара жер,
Жан біткенді жалмаған.
Дүние салды жәйлі әкем,
Іштен жалын қайнаған.
Халқына арнап өмірін,
Елінің қамын ойлаған.
Баяны жоқ дүние-ай,
Пендесі жоқ өлмейтін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Естірту, тоқтау, көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аққу ұшып көлге кетті,
Ақ сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ,
Бәріміз баратын жерге кетті.
Арғымақтың тұяғы
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
Тозбасты ұста соқпас,
Өлместі құдай жаратпас.
Өлмейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Өлмесе, ата-бабаларымыздың....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Сүйекті үйден шығарғанда айтылатын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қош енді, әкем, қош енді,
Қоштасқан жерім осы енді.
Қателігім болса енді,
Кешір, әкем, балаңды,
Кеттің-ау, әкем, кеттің-ау!
Көзімнің жасын төктім-ау!
Жел ұшырған қаңбақтай,
Бұл дүниеден өттің-ау!
Кең дүниеге симадың,
Артыңда қалды жиғаның.
..........................
Жолдасың болсын иманың.
Әкетті сені бақиға,
Алдамшы тірлік жасаған.
Шаңырағың шайқалып,
Мұртынан сынды босағаң.....
Өлеңдер
Толық
0 0