Өлең: Ойланшы өзің (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дүние өте шығар құрдай пырлап,
Өтпейді-ау өтерінде, сірә, жарлап.
Екеуің, ойланшы өзің,
Бірге өскен кішкенеден құрбым едің.
Көңіліңді көтерелік күліп-ойнап,
Екеуің, ойланшы өзің.

Дүние өте шығар басыңыздан,
Бала едің әдеп көрген жасыңыздан,
Екеуің, ойланшы өзің......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Дей салдым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен де арманда, қалқатай-ей, мен де арманда,
Екі арманда жылайды айрылғанда, дей салдым-ей.
Кішкентайдан бірге өскен-ей құрбым едің,
Нең кетеді артыңа қайрылғанда, дей салдым-ай.

Ей, екеуім-ай,
Екеуім-ай,
Үкілі кер жүрмейді
Жетегіме, дей салдым-ай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Болмас еді арманым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қазығұртты жағалай тас болады,
Шын азамат үйінде бас болады.

Көрмедім ойын-күлкі,
Жарығынан жалғанның.
Жақсы болса жан жарым,
Болмас еді арманым.

Көрінгенмен жылтырап сыртым бүтін,
Ішім жанып, көзіме жас толады......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Алма жай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асыл қайрақ, ендеше, асыл қайрақ, оу,
Жүруші едік тепсеңнің басын жайлап.

Алма жай,
Алма жай, қарғам,
Әлу-гөй.

Келемін деп бұл жерге ойлағам жоқ , оу,
Келіп қалдым бұл жерге дәм-тұз айдап......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Көкем-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Шынында өскен асқардың сен бір шынар,
Бір өзіңе, қалқатай, болдым құмар.

Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,
Құмарланған көңілім қашан тынар......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Аппақ-аппақ қояндай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең басы бісміллә деп айтады,
Жаратымсыз жаман сөз не айтады, сәулем-ай.
Бәрімізді жаратқан Жаппар Құдай,
Құдайды айтпай әуелі не айтады, сәулем-ай.

Аппақ, аппақ қояндай,
Тасқа жаққан бояудай,
Жасымда айтқан өлеңді,
Қартайғанда қоям ба-ай......
Өлеңдер
Толық
0 0