Шығарма: Халқымның жарқын болашағына сенемін

Осыдан 71 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Жеңіске Кентаулықтардың қосқан үлесі

Адамзат баласы айрықша атап өтетін есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Біз үшін мамырдың 9-ы солардың ішіндегі ең қымбаттысы, ең салтанаттысы, біреңгейі. Күнтізбедегі бұл күн біздің әрқайсымыз үшін Ұлы Жеңіс мерекесі, қуаныш мерекесі, ұрыста қаза болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күнді еске түсіреді. Осыдан 71 жыл бұрын 1945 жылғы мамырдың 9-ында фашистік Германия тізе бүкті Реихстагта Жеңіс туы желбіреді. Ұлы Отан Соғысы жеңіспен аяқталды. Ұлы Отан Соғысы «ә» дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге қарсы біркісідей көтерілді. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығымен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді. Тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жету мүмкін болды. Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды.Ұлы Отан Соғысы жылдары өзге де Қазақстандықтар қатарына Кентау, Ащысай, Хантағи, Байылдыр, Қарнақ елді мекендерінен аттанған жауынгерлер қолдарына қару алып, жаумен айқасып, ерлік көрсетіп, елді, жерді қорғады. Кентау қаласында 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдық қорсаңында қала саяжайында азалы Анаға ескерткіш қойылып, соғыстан қайтпаған 78 боздақтардың есімі жазылған естелік тақта орнатылды. Жылда қала халқы олардың қаһармандық ерлігі, рухы алдында бас иіп, тағзым етеді. Олардың ерлігін Отан алдындағы перзенттік борышты қалтқысыз орыдаудың үлгісіне балайды. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Сен бақыттысың жас Адам!

Бүгін 9 мамыр - Жеңіс күні. Ерте тұрдым да, таң бозара, сүйікті мектебіме қарай жөнелдім. Көк аспанның астындағы тіршіліктің бәрі жүрекке қонымды, көңілге қуаныш ұялатады. Құстардың әсем әуені, ауыл шетіндегі өзен суының сарылы, шығыстан ескен баяу желдің лебі-бәр-бәрі тыныштық пен бейбіт өмірдің айқын белгісіндей. Осындай сезімдерге бөленіп, «алтын ұяма» қалай жеткенімді байқамаппын. «Поэзия әлемі» үйірмесінің мүшелері үшін бүгін ерекше күн. Себебі біз сахнаға шығып, елі, жері Отаны үшін, бақыт-ты болашақ үшін күрескен жаужүрек, батыр, абзал жандарға - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, өнерімізді, мерекелік әншашуымызды тарту етеміз. Осы оймен үшінші қабатта орналасқан сыныбымызға көтерілдім. Кенет қарлығаштардың шырқылдаған үні естілгендей болды. Ақырын барып қарасам, мектебіміздің «Даңқ бұрышында» екі қарлығаш ұшып жүр. Құстар маған қабырғада ілулі тұрған Б.Момышұлы, Т.Бигельдинов, М.Мәметова, Ә.Молдағулова сияқты мыңдаған ержүрек қаһармандарымыздың көкте ұшып жүрген рухтарындай болып көрінді. Нұх пайғамбары кезінде қарлығаш адамзатты жыланға жемтік болудан сақтап қалған болса, батырларымыз бізді неміс фашистерінің шеңгелінен құтқарып қалды. Қарлығаштар шырқылдап маған қарап: «Сен бақыттысың, жас Адам!» - дегендей. Терезені ашып, қарлы-ғаштарға жол бердім. «Даңқ бұрышындағы» суреттерге, экспонаттарға, орден-медальдарға қарап, терең ойға баттым. Көз алдыма осыдан 75 жыл алдын болып өткен оқиғалар елестей бастады. 1941 жыл. 22 шілде фашистік Германия соғыс жарияламастан КСРО аумағыны аяқ астынан басып кірді.Сүттей ұйыған көп ұлтты мемлекетіміздің шырқы бұзылды. Қасым ақын айтқандай: ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жыламасын аруақтар ұмыт қалып

Мұқағали атамның айтқаны рас,
Көптеген аталардың қайтқаны рас.
Азайып бара жатыр ардагерлер,
Қан кешіп Отан қорғап, жайған құлаш.
Жылына бір рет айтып, есіркейміз,
Оған да шүкір айтып, көнгендейміз.
Осылай тағы 10 жыл жүрер болсақ,
Аталарды шарқ ұрып, емге іздейміз.
Жазайық, айтпайықшы, ұмытпайық,
Жыламасын аруақтар ұмыт қалып.
Болашаққа тұмар етіп ап жүрелік
Көтеріп, көкке қарай ұран салып...
Автордан
Көздің жасы, маңдай тер, аққан қан. Осындай алапат күшпен келген Жеңіс біздің бойымызға қуат беріп, Отан ананың қадірін асқақтата түседі. Себебі осы соғысқа аттанған әрбір ер азаматтар «Анамды қорғаймын, жау қолына бермеймін!» - деп аттанып еді. Сол аталарымыздың қатары жылдар өткен сайын сиреп барады. Әрине, өте өкінішті. Бұл соғысты көзіміз көрмесе де, жүрегімізде үлкен орын алады. Осындай азат әрі еркіндікті ту еткен елде өмір сүріп жатқаным үшін Ұлы Отан соғысында жер құшқан азаматтарға, Жеңісті алып келген ата-әжелерімізге алғысым шексіз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс жыры- асқақтасын жаңғырып!

«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк» Бауыржан Момышұлы.
Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз тіршілікті қан жылататын, асты қайғы – қасіретке толы қаралы сөз. Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде - бір үлкен шайқас болмады. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Болашаққа ұмтылсаң тарихқа назар аудар

Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Уақыт көндіргісіз зымырап барады. Уақыт өте әлем де өзгереді, бірақ естелік мәңгі… Біз – қазіргі буын, өз тарихымызды жасай отырып, өз халқымыздың өткеніне әсер ете алмаймыз, бірақ есте сақтауға міндеттіміз. Ғасырлық тәжірибені, ғасырлық мәдениетті, тарихи шекараларды, өткенді жаңа уақыттың призмасы арқылы қарастыра отырып, пайдалана келе, біз сабақ алдық. Ал естелік сезімтал болуға мүмкіндік береді. Ұлы Отан соғысы еліміздің барлық халықтары үшін қатал сынағы болды. Жеңіске жету үшін қаншама құрбандық болды. Алайда, ол адами сананың, еркіндік сүюдің нағыз салтанаты болды, жоғары ерлік пен өзін өзі құрбандыққа әкелу үлгісін көрсетті.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толғалы отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бейбітшілік мәңгілікке орнасын

«Айда аяқ жоқ, жылда жілік жоқ», - дегендей, желдей есіп, «Ұлы Жеңістің 71 жылдығына» да аяқ бастық. Ұлы Жеңіс күнін жанқиярлық ерліктерімен, қорқыныш сезімі билемей жақындатқан, Отаны үшін жан қиған жауынгер ата-апаларымызбен мақтанамын. Иә, Ұлы Жеңістің бізге оңайлықпен келмегенін тарих беттеріне салған соғыстың бедерлі-іздерінен айқын да анық байқауға болады. 1941 жылдың 22 маусымының мамыражай күні фашистік Германия шырт ұйқыда жатқан елімізге тұтқиылдан өзінің жасаған жоспарымен шабуыл жасады. Бұл соғыс ешкімді де елеңдетпей қоймады. Жауға тойтарыс беру үшін Республиканың түкпір-түкпірінен жауынгерлер «Өліспей, беріспейміз!», «Отан үшін қаныңды төксең де, арыңды төкпе», - деген ұранмен соғысқа аттанды. Отанды қорғау үшін Кеңес Армиясының қатарына үстіне сұр шинелін киген қаншама қаракөз боздақтарымыз да майдан даласындағы оққа кеудесін тосты.
Бұл жауынгерлер әр отбасының тірегі: бірінің сүйген жары, бірінің қимас бауыры, бірінің бауыр еті баласы, енді бірінің асқар тау әкесі еді. Арқа сүйер азаматтарын соғысқа аттандырарда сол ата-апаларымыз осылардан қаралы хат келеді-ау,- деп ойлады ма екен? Жоқ, олай ойлай қоймаған шығар. Қайта жігерлендіріп, сенім білдіріп, аман-есен елге жеңіспен оралуын жандарын шүберекке түйіп, тілеген болар.
Ел басына осылай күн туған шақта тылда қалған апа-аналарымыз белді бекем буып, білек сыбанып қара жұмысқа кіріскені, бейнетпен иығы иіле жүріп, майдандағы ер-азаматтың тілегін тілеп, сұрапыл жаудың бетін қайтарып отырған әскерлерді киіндірген де, азықпен, тіпті, оқ-дәрімен қамтамасыз еткеніне өзіміз оқыған көркем шығармалар мен ардагер атаәжелеріміз айтқан естеліктері дәлел. Елде қалған шал-кемпір, қатын-қалаш та бір кісідей жұмылып , «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін!» - деп, тыным таппай күні-түні еңбек етті. Бұрын үйден шықпаған аналарымыз соқамен жер жыртты, өгіз айдады, трактор рөліне отырды.......
Шығармалар
Толық
0 0