Шығарма: Мен атаммен мақтанам “Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат”

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары- майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Ғаламтордағы мәлімметтер мен үлкен кісілердің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы ал,андардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағының өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді.
Отанымызды қорғауға еңбектенген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Осы соғысқа анамның атасы, менің атам да қатысқан екен. Ол кісі 1943 жылы шақырылыпты. Олар Петропавл қаласынан таң ата батысқа қарай алып жөнеліпті. Эшелон тоқтаған әрбір станция бұларға жергілікіті халық қолдарында бар тамақтарын беріп, ақ ниеттерін көрсетіп отырған. Межелі жерге жеткен кезде атамдар бірден ұрысқа кіріскен. Ұлы атам қан майданда отыз жеті ай болыпты. Өйткені, атам елге соғыс біте сала оралмапты. Біз мұны атамның соғыс кезіндегі жазған күнделігінен оқыдық. Күнделік атамның қызында сақталған екен. Мен атаммен мақтанамын! Менің үлкен атам –Құрмансейіт соғыс басталғанда ер азаматтармен бірге соғысқа аттанған екен........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ардагерлер-естелігі соғыстың

Ұмыт болған , ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын ,бітпейтін,
Ардагерлер-естелігі соғыстың
Соғыс атты суық сөздің аты өшіп, бейбіт өмір кешіп отырғанымызға 71 жыл толады. Ел басына күн туып, етігімен қан кешкен сол бір сұрапыл жылдарда мыңдаған қазақстандық майданға кеудесін от пен оққа төсеп, отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғады. Қаншама боздақ азаттық үшін жандарын пида етті. Өмір мен өлім белдескен алапат айқаста халқымыздың Отанға қажымас қайраты мен жарасты ынтымағының арқасында Ұлы Жеңіс келді. Осыдан 71 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!

Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің қайғы қасіреті, ащы азабы, тәтті арманы, ой-қиялы сыйып жатыр.
Жеңіс! Кімде болса жеңіс туған сәтті өз өмірінің ең бақытты күніне санайды. Жеңіс! Сенің жолыңда қаншама қанды лайсаң қалды, сенің жолыңда қаншама қаһармандар қалды. Сол обаларда отыздап, қырықтап жауынгерлер жатыр. Сол обаларда жанып тұрған жұлдыздар - ер ұлдар мен қыздардың жүрек қандары емес пе!? Сол обалар етегінде оттай жанып тұрған гүлдер мәңгі өшпес ел махаббатының белгісі емес пе?
Майдан кешкен окопта сан түнеген,
Батыр туған бабалар салтыменен.
Қаруластар ел үшін ұрандаған,
Намыс болып шайқаста алаулаған
От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн... Оның әр минуты, әр сағаты қауіп-қатерге толы болғанын сол жылдары қолына қару алып,Отан қорғауға аттанған майдангер ағаларымыз бен апаларымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Жұдырықтай жұмылып, анталаған жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Асқан ерлік көрсетіп, Жеңіс күнін жақындатқандардың ішінде қазақстандықтар да көп еді. Олардың арасында соғыс техникалары мен құралдарын ұршықша үйіріп, жете меңгерген жандар да көптеп шықты. Оған ұшқыш, танкист, артиллерист, барлаушы, байланысшы, партизан, мерген сияқты сан түрлі мамандықтарды игеріп, жаудың бетін қайтарған ер-азаматтардың ерлігі куә бола алады. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Естен кетпес отты жылдар

«Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ!
Дұрысы тірлік қылып, ізденейік.
Шынайы даңқ - еңбекпен келген атақ.
Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын».
Ги де Мопассан
Совет үкіметі орнағалы ауырлықтан бойын жаза алмаған ел үшін Ұлы Отан соғысының басталуы қиындықты тағы да еселей түсті. Совет халқы төңкерісті, одан кейінгі Азамат соғысын, аштықты, колхоздастыруды, саяси қуғын-сүргінді басынан өткізіп, енді ғана бойын тіктеп, біршама жақсы өмір сүре бастаған кезде басталған соғыс, әрбір шаңыраққа қиындықтармен бірге қайғысын қоса әкелді. 1941-ші жылдың 22-ші маусым күні таңғы сағат 4-те опасыздықпен совет мемлекетінің бүкіл шекара бойында соғыс өртін тұтатқан неміс фашистеріне айтылған лағынет шексіз еді. Соғыс басталған күні және одан кейінгі 20 күн бойы Жамбыл облысының бүкіл елді мекендерінде, мекеме мен ұйымдарында, партия, совет және комсомол ұйымдарында митингілер өтіп, санаулы күндерден кейін фашистерді совет жерінен қуып шығатындарына сенген, әрі сендірген жалынды сөздер, Ұлы қолбасшы Сталиннің ақ гвардияшыларды Азамат соғысы жылдарында күл талқан еткендей, фашистерді де жеңетініне ұрандаған сөздер барлық жерден естіліп жатты. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!

«Екінші дүниежүзілік, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті... Осы соғыста ата-бабаларымыз ерлік көрсетіп, Отанымызды жау қолынан қорғап қалды. Әлемді оқ пен отқа ораған бұл соғыс адамзат жүрегіне жазылмас жара салды. Бұл шайқаста ажалдан тайсалмай жауға ұмтылған ерлер есімі тарих беттерінде мәңгіге жазылып қалды. Бұл жеңіс осы күнге жетпей қыршынынан қиылған сан мыңдаған боздақтардың аманаты еді. Бес жылға созылған соғыстың аяқталуын зарыға күткен халық арманының орындалғанын, қанды қырғыннын аяқталғанын білдіретін соңғы нүкте ол – Жеңіс еді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында ел басына төнген қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды. Қазақстан өзінің барлық мүмкіндіктерін – адамдар, өндірістік қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындырды. Майданға Қазақстанның әрбір төртінші азаматы аттанды. Фашистик Германиямен соғыста 55 миллион боздақ құрбан болды. Әсіресе, Кеңестер Одағы халықтары орны толмас адам шығынын тартты. Майдан даласында 8668,4 мың офицер мен жауынгерлерден айырылдық, уақытша басып алынған аумақтарда, концлагерлер мен каторгалықжұмыстарда 18 миллион бейбіт тұрғындар жау қолында қаза тапты. Біздің Республикамыздың да адам шығыны зор болды. Бұл соғыста Қазақстан 602 939 адамнан айырылды. Әрбір екінші қазақстандық майдан даласынан қайтып оралмады.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ел қасиеті-ер қасиеті

Соғыс күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізеді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл соғыс кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне
Бірі күтіп әнекей жағада тұр, -деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыз қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да ,туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ғасырды көрген данышпан

Сан қилы саяси және әлеуметтік қайшылықтар мен дүрбелең үстінде өткен ХХ ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстарымен де сақталары сөзсіз. Өйткені, бір ғана Екінші дүниежүзілік соғыстың өзі қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітті. Жалпы, үлкен тарих тұрғысынан алғанда азғантай мерзім болғанымен ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап айтқанда бір мың төрт жүз он сегіз күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзінің ауқымы мен қилы-қилы оқиғаларға қанықтылығымен тұтас бір дәуірге тең. Өйткені, ол сан миллион адамдардың өмірін қиған, жер бетінде бұрын - соңды болмаған ең зардапты, әрі қантөгісті зор соғыстың бірі болған еді.
Өткен ғасырдың басында он бес одақтас республикадан құралған «мызғымас» одақ едік. Оны бәрімізге ортақ Отан дедік. Қазығын Германияда қаққан фашизм тұтқиылдан шабуыл жасағанда, қиырдағы Қазақстан жұртшылығы да сол Отанды қорғауға өре түрегелді. Мәскеудегі басшылар мұны Ұлы Отан соғысы деп жар салды. Тарих беттеріне солай деп жазылды. Коммунистік идеология «Әділет біздің жақта біз жеңеміз!» деп ұрандатып, қан майдандағы жауынгерлерді, тылдағы еңбеккерлерді жігерлендірді. Иә, ауыр азапты бес жылдан соң біз жеңдік. Бірақ, қандай шығынмен десеңізші?! Қаншама жас қыршын кетті?! Тіптен, бір отбасынан 4-5 жанды майданға аттандырғанда, кейін солардың тым болмаса бірі елге дін аман оралмаса, не дейсіз?! Қаншама шаңырақ қаңырап, күйреп ортасына түсті?! Ана жесір, бала жетім қалды. Олар отағасы қапияда кетті дегенге сенбеді. Үнемі ұзын жолдың бойына телміре қарап, күндерін, айларын, жылдарын зарыға күтумен өткізді. Қашан оның қабірін көздерімен көріп, көңілдері суығанша үміттерін үзбеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік өшпес отты жылдар

1941 жылдың 22-маусымында қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы Кеңес Одағына соғыс ашты. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1млн 196 164 адам қатысты. 12-атқыштар дивизиясы, 4-ұлттық әскери дивизиясы, 7-атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды. Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушыларының қатарында 3 мыңдай Қазақстандық қатысты.
8-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында 28 панфиловшы батыр Мәскеу түбінде бүкіл дүние жүзін таң қалдырған ерлік жасады. Қазақстандықтар София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы, жүздеген, мыңдаған қалалар мен селоларды азат етуге қатысты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, жауынан тайсалмайтындығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді. Қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екенін дәлелдеді.
Мәскеу түбіндегі шайқаста саяси В.Г.Клочков басқарған бөлімше 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп асқан ерлік көрсетті. 1941 жылы 17-қарашада дивизияға «8-гвардиялық» деген атақ беріліп, кейінірек «ҚызылТу», «Ленин» ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін «Екінші дәрежелі Суворов» орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Жеңіс – ата-бабам ерлігі

Соғыс. Бұл сөзді естісем бойымды қорқыныш билей бастайды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Қазақстан тарихында да «Ұлы Отан соғысы» деген атпен қалған, 1941 жылы басталған соғыс бүкіл дүние жүзі үшін оңай болған жоқ. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл соғыста қаншама адам мерт болды. Неміс фашистері 4 жыл бойы Кеңес Одағына өз үстемдігін жүргізбекші болғанымен, күйретпекші болғанымен, елін сүйген ержүрек батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Жерім деп, Отаным деп, ұрпағым деп өз жанын қиюға дейін барған батырлардың ішінде қазақ ұл-қыздары аз болды ма?! «Соғыс» деген сөзді ести салысымен ұл демей, қыз демей барлығы да Отан қорғауға ат салысты. Сол қиын кезеңде соғыс атаулыны жеңу үшін тылдағы халықтың өзі ерлікке, Жеңіске өз үлестерін егіс даласында, зауытфабрикаларда, үйде өз үлестерін қосып отырды. Ұлы Отан соғысында атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалып, ұрыс даласына жіберіліп отырды.
Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.
Қазақ халқының ер мінезді қыздары Отаным деп өз жанын құрбан етуге де дайын болды. Оның бірден-бір дәлелі кешегі жас шағын соғыста, елім, жерім деп өткізген Әлия мен Мәншүк секілді әпкелеріміздің ерлігі айқын дәлел болып отыр. Германияның КСРО–ға жасаған бұл соғысы қаншама ананы баладан, қаншама әйелді ер азаматынан, қаншама баланы әкеден айырды емеспе?! Сұм соғыстың зардабынан қаншама адам азап шеккен еді ғой!.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Батырлар әкелген бейбітшілік заман

Міне, сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл. Сол бір кезде батырлық пен төзімділікті паш етіп, тарихта мәңгілік қалатын күн. Сол сұрапыл соғыс 1941-жылы 22-мамыр күні таң алдында басталды. Сол жылдары біздің халқымыз көп қиын күндерді бастарынан өткізді. Барлық соғысқа жарамды ер азаматтар соғысқа аттанды. Ал, әйелдер соғысқа аттанған азаматтардың тамағы мен киімдерін жеткізіп тұрды, ерлердің істейтін ауыр жұмыстарын істеді. Ұлы Отан соғысының тарихына үңілсек, жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі зор екендігін байқаймыз. Майданға Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды.
Соғыстан 394 мың қазақ сарбазы қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы – қасірет әкелмеген отбасы кемде – кем. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Сұрапыл соғыс 1945-жылдың 9-мамырына дейін жалғасты. Елін, жерін, халқын қорғаған ержүрек батырлардың арқасында біз бейбітшілік заманға жеттік. Фашистік Германия тізе бүкті. 500-ге жуық жерлесіміз батыр атанып, аттары аңызға айналды.
Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабул жасауға қатысты. Оның төбесіне Жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы - Рақымжан Қошқарбаев тікті. Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бегильдиновтың және көптеген жерелестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылды. Біздер олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз! Мен, әрине, соғысты ұнатпаймын, қаншама адам қан төгіп, көз жұмады. Қазіргі таңда еліміздің тыныштығын сарбаздар қорғайды. .....
Шығармалар
Толық
0 0