Шығарма: Желбіре туы, Жеңістің!

Отан үшін, отқа түс-күймейсің.
қазақ мақалы
Жаз жайлаудың самалы есіп, өлең- жыры төгіліп, көкмайса көк үстінде ойнап күлген бала-шаға мен айлы түн астында алтыбақан тепкен бозбала мен бойжеткен, сүйікті немересіне бар мейірім шапағатын төгіп, еміренетін ақ жаулықты әже, еңбекпен көзін ашып, еңбекпен белдерін иілтіп адал нан тапқан әке мен аталар. Осындай қызу еңбек, асқақ мереке мен бейбітшілік бесігінде тербеліп тұрған қазақ даласына «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің үшінде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «Ұлы» және «Отан» деген сөздерді бөлекбөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды.
Ұлы дала перзенттері Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазылған болатын. Ер жүрек қазақ қыздарының бірі Алматы медицина институтының студенті болған Мәншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін»,— деп әскери комитетке өтініш беріп, өз еркімен қан майдан, соғыс алаңына өзі сұранып барады. Адам сенгісіз ерлік жасап, батылдықпен көзге де түседі. Қазақ қанына сіңген асқақ рух пен ақылды қатар ұстаған Мәншүк Мәметова бүгінгі жас ұрпаққа үлгі өнеге болар тұлғалардың бірі де бірігейі. Өз замандастарының алдыңғы қатарында, бас көтеріп жүрген еңбексүйгіш Мәншүк, майдан шебінде де ерен ерлік көрсетіп, қасық қаны қалғанша қан майдан даласында қыстың қысқан аязы мен дауылды боранына қарамай, қазақ қыздарының тек сұлулық пен әсемдіктің символы емес, патриоттық пен Отансүйгіштік қасиеттерге де ие екенін дәлелдеді. Ерлігі ескерусіз қалмады. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин ордені және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болған.
Тыныш жатқан бейбіт елге бұл соғыс тұрпыдай тиді. Қойға шапқан қасқырдай бала мен ана көздерінен қанды жасты ағызып, ана мейірімі мен әке махаббатынан айырып, жас сәбилерді қара жұмысқа байлады. Күлген күлкісінің сыңғырымен айналасын нұрға бөлеп жүрген ару қыздар, қимастықпен сүйгендерін соғыс қатарына аттандырып, өздері соғыс ауыртпашылықтарын бастарынан өткізді. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі де аңызға айналды.......
Шығармалар
Толық
0 0