Мақал - мәтел: Ұстаз, мұғалім, оқытушы

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби

Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Еңбек

Қазақтың әрбір сөзі асыл әрі ерекше. Себебі тілдегі мақал-мәтелдердің астарлы айтары, олардың берер мәні-мағынасы тереңде. Әр мезгіл, әр уақытқа, әр жағдайға байланысты айтылған ұлағатты сөздер мен мақал-мәтелдер қазақ әдебиетінің қорында көптеп жиналған. Соның бірі "Еңбек" тақырыбына арналған мақалдар мен мәтелдерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Құс

Қаз орғанына семіреді.

Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.

Қоянның қарамын көр де, қалжасынан түңіл.

Алпыс қарсақ ат болмас.

Қашқан қоян, жатқан қоянды ала кетеді.

Құлан қырда, құндыз суда.

Өлі бөріден ит аттамас.

Құстың қуы сауысқан.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Жас, жасөспірім, жаңа буын, жеткіншек

Жақсы жастан шығады,
Темір тастан шығады.

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Мал, жануар

Мал саусаң — сүт,
Жер саусаң — құт.

Мал семіз —
Төл егіз.
Жер семіз —
Дән егіз.

Елге мал көптік қылмайды,
Жерге тал көптік қылмайды.
Тарыға май көптік қылмайды,
Күрішке су көптік қылмайды.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Өлең: Арман Сәбитбекұлы (ІҢКӘР СЕЗІМ)

Жанымды жалын сезім жандырғасын,
Іңкәрлік өзегімді талдырғасын,
Ғашықтық әнін жаздым өзің жайлы,
Көркіңе көз тоймайтын талдырмашым.

Бақыты бал махаббат сағыну ма,
Суретін сөзбен салып....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары: 1: Сыныпты қадағалау әдістемесі. 2: Мұғалімдерге нені білу міндет? Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.

Тақырыбы 1-сабақ: Сыныпты қадағалау әдістемесі.
2-сабақ: Мұғалімдерге нені білу міндет? Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.

Мақсаты
Мұғалімдер сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесіне талдау жасайды және ғаламдық мәдени айырмашылықтар, қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы қорытынды шығарады.
Оқу нәтижесі
Сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Арман Сәбитбекұлы (Танысым бар)

(әзіл-шыны аралас)
Танысым бар, келіңдер, танысыңдар,
Байлық жетсе жарасып табысыңдар.
Кедей болсаң қол созып, сәлем беріп,
Көмектес деп жақындап, жабысыңдар.

Салған үйі үш қабат зәулім сарай,
Ғажап екен, еріксіз бердім қарай.
Ала білген Алладан....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Арман Сәбитбекұлы (Қазақ елі)

Қазақ елі - құдіретім, байтағым,
Шежірелі дергің бар сан ғасыр.
Аңыз етіп адамзатқа айтамын,
Самұрықтай деген оймен,самғасын!

Тәй-тәй басып Енесай мен Орхоннан,
Әр қадамнан даналығы даритын.
Елін бастап болашаққа....
Өлеңдер
Толық
0 0