Өлең: Фариза Оңғарсынова (Бір құдірет бар дейді)

Бір құдірет бар дейді асқан дана,
қайда онысы Жерде ме, аспанда ма?
Құрығы ұзын деседі сол біреудің
дөп тиетін бұққанға, қашқанға да.
Қайда өзінің мекені? Ұлы ма анық?
Жарылқағыш адам ба нұры жарық?
Тірі жанға көрінбей отыр ма әлі
жалғыз өзі аспанға шығып алып?
Қүнге қызып жатыр ма, қарап Айға,
әлде бір кез жерді де аралай ма?!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға)

Дұғай да дұғай сәлем айт,
«Айқап» пенен «Қазаққа».
Кекеу, сөгіс сөзден қайт,
Кез боларсыз мазаққа.
Қарап жүріп қақтығып,
Қатынша сөзбен шаптығып,
Менікі жөн деп аптығып,
Неге түстің азапқа? ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Оғыланды)

Адасып келем,
дала асып келем елсізде
түн менен ойға қамалып,
Жусан иісінен нәр алып.
Жұлдыздар көктен қарайды самсап қадалып.
Алдымда тұтас көкжиек құшып тау жатыр
ықтын болардай жолаушы жетсе жаны арып.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ақын мен Мақым)

Мақым деген бақсы болды,
Тамыршы, құмалақшы болды.
Ақ тоқымды жаяр еді,
Бір ысқырып қояр еді.
Қырық бірді шашар еді,
Бір сарынға басар еді.
Бұлдыр тұман бірдемені
Отырар еді тантып тегі......
Өлеңдер
Толық
0 0