Өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен қорықпаймын)

Мен қорықпаймын
сұсты тұлғаларыңнан, асқарларым,
жанартаулардан лапылдап шашқан жалын.
Көңіл-сұңқар емес пе - келеді ылғи
асқарлардан да әрі асып аспандағым.
Өршіп қайта жаныма от алмасам,
мен, әйтеуір, құздардан жасқанбадым.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ашыну)

Құртқым келмейді ешкімді,
Не дейді маған осы жұрт?
жер бетінен көшіріп
не жазықсыз өшігіп,
жек көргем жоқ еш тілді.
Отырып көрмедім көсіліп,
не деп шулайды осы жұрт?
Түйрейді оғын кесірлі үн,
ешбір нәсілдесімнің ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қасірет пен ерлік жыры)

Аспан мен Жер арасын
өрт қаптады жалыны жаландаған,
көңірсіді құйқадай адал далам.
Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,
тыншымастай сұстанды адамға адам.
Түндер келді жарыңның құшағында
рахаттың орнына алаңдаған.
Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
тамайын деп тамбаған, тама алмаған.
Алмасты ілез күрсіну, күңіренумен
жүректерден шарықтап таралған ән.
Түнде соғар дүлейін жасырғандай,
күліп атып қылымсып таң алдаған. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жақсылар жаман болып шықты бүгін)

Жақсылар жаман болып шықты бүгін.
Тұнжырап тұрып алды бұлтты күнім.
Әулие дегендерім арамза екен,
салды ма біздің елге жұт құрығын?
Айналды жын-ойнаққа құт тұғырым,
менің де жалған екен мықтылығым.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен осы не істесем екен бүгін?)

Мен осы не істесем екен бүгін?
Жатқандай мәнсіз өтіп бекер күнім.
Жүйріктің құйрығындай ғұмырымда
жанымды жаңбырлатқан жетер мұңым!
Жалғанды жарқыратып күміс қары,
тағы бір жыл-жапырақ тұр ұшқалы.....
Өлеңдер
Толық
0 0