Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ізденіс)

Жалаңаяқ шарқ ұрып, шеңгел басып,
кезіп келем өмірді кеудем жасып:
болады екен адамдар арманы – қан,
қиянаттың қорықпай зардабынан
адалдықты аттаған белден басып.
Қайда, қайда кетерсің Жерден қашып…....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ер-тұрман)

Өртейді бір өкініш жиі мені…
Киіз үй. Мекеніміз қиыр еді.
Анамның алданышы, сүйінері –
әкемнің ер-тұрманын күніне бір
тазалап, қайта-қайта иіледі.
Көзінің тірісінде қайран әкем
қастерлеп қадір тұтқан бұйымы еді. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ұмытсын көңілім ұмытсын!)

Болар де елең дап - дайын,
Тыңдамай - ақ бұлбұлды.
Білмей - ақ сұлу мән - жайын
Жазар едім бір жырды.
Өсіп, өмір сүргенім,
Өз көргенім өзіме;
Өз өткізген күндерім,
Көрінеді көзіме.
Өткізген күн, өткен күн,
Көз алдымда бұлаңдап,
Неткен жақын,
Неткен сұм,
Алдай ма, тым жылмаңдап?.....
Өлеңдер
Толық
0 0