I Алайма, султан, алайма, Астыма мінген арғымақ Аяңдай түсіп қарай ма? Арғымақ дейтін жығыл Найза бойы жар келсе, Жабыдайын жалтаңдап, Түсер жерін қарай ма?! Арғымақ атқа алтыннан таға қақтырса, Кілегей қатқан көкше мұз Ол көкше мұздан таяр ма?! Атаның ұлы асылға, Малынды бер де, басын қос, Басыңа тарлық іс түссе, ....
Өз-өзімнен өртеніп барам жанып, жүректен жас ағады тарамданып. Менде жай жоқ бұл күнде тым болмаса ақтарылар алдыңда саған барып. Жасқа ғана толады жанар налып, мен үшін тұр дүние қараң қалып......
Қыран бүркіт бір күні Алып қызыл түлкіні, Масаттанып қайтып ед, Иесі бастап әңгіме Жиналған жұрттын, бәріне Жыр ғып кешке айтып ед. Қасына кімдер ергенін, Түлкіні қалай көргенін, Өзекпен сұмның зытқанын, Томағасын сыпырып, Алғанда қыран құлпырып, Шарықтап көкке шыққаңың.....