Өлең: Қадыр Мырза Али (Мақсат болу керек қой әр адымда)

Мақсат болу керек қой әр адымда.
Шын жиһангер болуға жарадың ба?!
Ауылыңнан қанша ұзап шықтың екен,
Артыңа бір бұрылып қарадың ба?!
Еңгезердей,
Еңселі алып денең
Еткізе алса жақсы ғой халықты елең......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жай сөзді)

Жай сөзді,
Жайдақ сөзді тыңдапты кім?!
Жел сөзге шашылмасын мыңдап пұлың.
Дәулеттен,
Дүниеден гөрі маған
Данадан қалған көне қымбат мұңым.
Көңілде құса барын,
Нала барын
Сендерден жасырмаймын, балаларым. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Дарын екен пәтшағар барып тұрған)

Дарын екен пәтшағар барып тұрған,
Көмекейін күміс үн жарып тұрған.
Сайрайды-ай кеп жас бұлбұл,
Сайрайды-ай кеп,
Қошеметтеп көктемін зарықтырған.
Дарын екен пәтшағар барып тұрған.
Зарлатады арулар,
Зарлатады.
Аунатып бір аруақты,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Көне киім)

Жек көреді бұл өмірдің кім сыйын?!
Еңбегіне бір сыйынба,
Мың сыйын!
Байқап қалдым:
Ұлым менің ысқылап
Ескірте алмай отыр екен джинсиін.
Бойы сәл-пәл қалғанменен ұзарып,
Өзі шынжау,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Мініп жүріп тірліктің қызыл атын)

Мініп жүріп тірліктің қызыл атын,
Кез болады желігіп,
Қызынатын.
Қинайтын да осы өмір,
Қимайтын да,
Ал өлімнің несі бар қызығатын?!
Айтып жүріп тірліктің қызыл әнін,
Алаулаймын,
Асаудай қызынамын. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ғабит Мүсіреповке)

Жыл сана,
Жырлар сана,
Парақ сана...
Өнерде жүрмей жатып бар ақсаған.
Шіркін-ай!
Сылтыр кезде сылтымаған
Мен өзім таң қаламын қарап саған!
Жүректі жетпісте де қартайтпаған,
Көңілді сексенде де ортайтпаған.
Дәл айтқан,
Сәтінде айтқан бар айтарын: .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Тындырмады демесең ісін дөйдің)

Тындырмады демесең ісін дөйдің,
Мен де милы,
Ақылды кісіңдеймін.
Бірақ мына тірлікте,
Өзге түгіл,
Өзімді де кейде мен түсінбеймін.
Өтеді күн зымырап,
Өтеді күн.
Есептесең бойымда жетеді мін.
Кемшілігін көрсетіп үлкендердің,
Жіберемін баланың қателігін. .....
Өлеңдер
Толық
0 0