Өлең: Қадыр Мырза Али (Менделеев кестесі)

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын.
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Шарапат)

Өтпейді өмір жалғыз-ақ жыршылықпен.
Айдайды уақыт күндерді бір шыбықпен.
Талай-талай кез болды
Талай-талай
Түңіліп-ақ кететін тіршіліктен!
Аспанымда күлімдеп тұр сұлу ай,
Бірақ мына тағдырдың қырсығуы-ай! .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ауыл және жұмақ)

Тақпаймын астананың бағына мін,
Тұрмыстың ағымына бағынамын.
Әйтсе де
Көкті сүзген мүйіз үйді
Көргенде
Киіз үйді сағынамын.
Асыққан уақыт бізбен кеңеспейді,
Сағыну — менің шаруам емес дейді. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қаздар қайтқанда)

Жапырақ боп сары күз түсті, міне,
Қайтты қаздар өзінің түстігіне.
Қазағың мен қаздардың түбірі бір
Түсінеді көшпелі ел құс тіліне.
Артқа салып неше күн,
Неше түнді,
Сағыныштың шамы да өшетін-ді.
Көктем келіп, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің пірім)

Ойлануды бізден бұрын бастадың.
Ойынды да елден бұрын тастадың.
Сен алдымен қалқып алдың қаймағын,
Біз білімнің жеп жүргенде қаспағын.
Арман қуып,
Үміт күтсек алдан біз,
Ұлы ұстаздай сенен үлгі алғанбыз.
Сен тартты деп,
Ұстап қолға домбыра;
Сен салды деп,
Біз де сурет салғанбыз. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Кәрі бұлбұл)

Бұл тірлікте махаббат пен от егіз.
Бірақ оны түсінбей ғой өтеміз.
Алпысында,
Жетпісінің өзінде
Әлденеше ғашық болған Гетеңіз.
Бұл арулар кімге де бас игізген.
Тап осындай табылар ма күй бізден! .....
Өлеңдер
Толық
0 0