Өлең: Қасым Аманжолов (Ұқсас ұрандар)

Жауынгерлік өтті он жыл.
Өшкен жоқ әлі жау үні,
Мүмкін тағы
Жақында,
Жорықты күндер керуені
Шаңдатар
Қырды, жондарды —
Жауынгерлік
Жолдарды.
Дайындалып
Жаулар тұр,
Қырғын соғыс......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Гвардияшылар)

Кездесті олар көкше белде, кең үстін
Жапқан жасыл желеңдері егістің.
Гвардия туын көкке көтеріп,
Бейбіт қырда қалықтады Жеңіс күн.
Құшақтасты,
Ер жүздері жайнады.
Жалауындай жеңістің сол майдағы.
Алдарында Есіл жатты ойнақтап,
Ойларына түсті Шпрее майданы.
Естерінде сұрапылы соғыстың,
Үстерінен зымыраған оқ ұшқын.
Гвардия, қанды өзеннен асырды
Жеңіс тапқан кереметін сол күштің. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Кездесу)

Кездесті бұл екеуі
Түн ішінде құмда бір.
Бұрылып қалай өтеді?—
Қалың оба, сұр дауыл.
— Ей, бұрыл да, тұра тұр,
Мен өтейін, жолды бер.
— Жоқ, өзің-ақ бұра тұр,
Асығыспын, бол, жібер.
— Бұрыл, уақыт кетірме,
Суыт жүрмін мен тіпті
Мал жайлымы шетіне,
Алып келем бұл жүкті.
— Я, мен де солаймын...
Бетпақ шөлдің өрінен,
Жүріп келем талай күн,
Моторлармен, темірмен.......
Өлеңдер
Толық
0 0