Шықты еліріп Сұм буржуйлар. Қолын созып Аспан-көкке, Жинал, жолдас, Пролетарлар, Отырыңдар Самолетке? Шегін кері, жаулар арсыз! Жұмысшы мен шаруалардың, Елі ұшырған сұңқарлармыз! Атты әскерлер өтпес жерден, Табан тимес, Қиын белден, Қуған талай Жау құзғыным, Ер канатты Туғызды ұлын.......
Көремісің күн сүйген шың басынан, Таңғажайып әлемді тың ашылған? Көремісің теңіздің құдіретін, Толқындаған айбынды тұлғасынан? Құзыңнан да биікке астым міне, Қалың толқын қауыммен бастым бірге, Көріп тұрмын әлемді таң-тамаша, Ертегідей көрінген жас күнімде. Толқыныңнан айдында тез есемін, — Шақырып тұр алдымда келешегім. .....
— Бала мешін қаршадай Бос белбеу боп өседі. Жұмыс істеп шаршамай Жеңіл тұрмыс кешеді. Суық ұрып лезде Сойқанды бір салады. Талай мешін сол кезде Талғажаусыз қалады. Сендер бірақ секеңдеп, Сүзілмеңдер басқаға. Туған жерді мекендеп, Тұрғызыңдар баспана......
Жүректе оты жанған жігіт едің, Атаның алып қалған үміт – кегін, Жөнелдің қарсы бастап қалың жауға, Қазақтың қайсар ноян жігіттерін. Еріндей ертегінің қайта туған, Ашуың атқан толқын айбатыңнан; Кегінен қалың қазақ қайнап жігер, Тасыған қайратыңмен жауға атылған. .....
Ашыңдаршы тар қапасты, Көрсет күнді, соқсын жел. Қара көзді қарындасты, Қара жалды атты әкел! Жас сұлуды сүйейін де, Құмарта бір құшайын, Ырғып атқа мінейін де, Қырға жел боп ұшайын.......
Құрымдай қап-қара бұлт түр көгінде, Қорғандай құм төбелер түнеруде. Келеді керуендеп бір қалың топ, Мамырлап Маңғыстаудың түбегінде. Керуен атты және түйелі де, Келгені кеше ғана құм еліне. Артқаны, асынғаны қару-жарақ, Өзгеше бұл әскери бір бөлімде. Теңделген түйелерге зеңбіректер, Қақиған қапты тиеп теңбіл көктер. Әскери — орыс, қазақ, татар, башқұрт, Жау көрсе жалындаған ер жүректер. .....
Бір сәт шықпай ойынан Бұйра толқын, Ақ жазық, Атыраудың бойынан Отыр Дюма хат жазып: "Кітап болып ермегі, Қанша білім игерсін, Бірақ Дала көрмеген Түк көрмедім дей берсін! Армансыз бір демалып, Аунау қандай жаз құмда. .....
Актуальность темы дипломной работы. В настоящее время планирование инвестиций является стратегической и одной из наиболее сложных задач управления предприятием. При этом процессе важно учитывать все аспекты экономической деятельности компании, начиная от окружающей среды, показателей инфляции, налоговых условий, состояния и перспектив развития рынка, наличия производственных мощностей, материальных ресурсов и заканчивая стратегией финансирования проекта. Инвестиционное планирование заключается в составлении прогнозов наиболее эффективного вложения финансовых ресурсов в земельные участки, производственное оборудование, здания, природные ресурсы, развитие продукта, ценные бумаги и другие активы. Планирование инвестиций на предприятии – очень важный и сложный процесс. Важность этого процесса заключается в том, что, планируя инвестиции, оно закладывает основы своей работы в будущем. Если хорошо спланирован и реализован проект инвестиций, то предприятие будет работать успешно, плохо - в будущем оно может стать банкротом. В общем плане можно сформулировать следующие правила, которые необходимо учитывать при планировании инвестиций. Инвестировать средства имеет смысл: - если предприятие получит большую выгоду, чем от хранения денег в банке; - если рентабельность инвестиций превышает темпы инфляции; - в наиболее рентабельные, с учётом дисконтирования, проекты; - если обеспечивается наибольшая экономическая выгода с наименьшей степенью риска;....
Алдымда тұр көрініс жан шошырлық, Ошағы бұл дозақтың жаңа сөнген. Мұнда өртелген жас өмір, миллион тірлік... Жандар рухын бұл жерге күлмен көмген. Күнәсіз қандар иісі мұнда аңқыған, Құпия ыңырсыған мұнда өліктер. Адамдардың сүйегі шала жанған .....