Өлең: Қалижан Бекқожин (Күте бер мені келер деп)

Күт мені, сәулем, ұзақ күт,
Қайтармын, сау келермін,
Көңіліңе сеуіп ой күңгірт,
Өтсе де күт, нелер күн.
Қар жауар мүмкін бұрқырап,
Өрті бар мүмкін кез келер,
Күте түр, сәулем, сен бірақ,
Ұмытса да өзгелер.
Хат келмей менен қажытар,
Кетер талай күн ұзап,
Ұмытса мейлі басқалар,
Күте бер мені өзің - ақ......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Мазақтамалар)

Ерке
Сарнап тұрып ертесін,
Сұрайтын қант, бөлкесін
Сен бір жаман еркесің!
Әкеңнің де желкесін,
Көкеңнің де желкесін
Жауыр қылған еркесің!

Сотқар
Сотқар,сотқар, сотқарсың!
Кішілерге шоқпарсың,
Үлкендерге көкпарсың!
Сотқар болсаң, сотқар бол,
Бір таяқ жеп тоқтарсың!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Іргетас)

Шежіреміз қию-қию,
Шырғалаң.
Шырғалаңды ұқпай менің жүр балам.
Жер үстінде бір шаһарым ер жетіп,
Жер астында шөгіп жатыр бір қалам!
Ерім менің!
Жерім менің шерменде.
Жырта қалсаң,
Жыр шығады көрден де!
Қырық эпос -
Қырық батыр жайында........
Өлеңдер
Толық
0 0