Өлең: Күләш Ахметова (Медсестра)

Өткен жылдар, өткен күндер есімде,
Есімде сол ізгі ниет шешім де.
Қос бұрымды, шыт көйлекті ұяң қыз
Оқып жүрген Жамбыл медучилищесінде.
Кетпейтін ол кеше кезіп безектеп...
Келмес бәрі сөз ет, мейлі, сөз етпе.
Сабақтан соң емханаға барады......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Құс қайтқанда)

Жырға ораушы ең, қаласаң, құла түнді,
Қабақ түйсең, қара жел тұратын-ды.
Жақсы көрген кезіңде дүниені
Жанарыңа жасыл жас тұнатын-ды.
Ерлік жырмен шығардың шын атыңды,
Ескіртпедің ежелгі мұратыңды.
Елі-жұртың іздейді енді бүгін......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Теңдік үшін мұхитқа қайық салдық)

Дүниеде мұң ғана мұңнан да ауыр —
Мұңайғанда жол таппай тұрған бауыр,
Кегі кеткен
далама
келдің бе есен,
Тарихи әділетті туған дәуір!
Еске түсіп, езіліп отыр ішім,
Тарих қойны қан мен жас — өкінішім.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова ("Айнакөл" "Ақкөл" "Билікөл")

Маздақ от маңдайымды сүйді менің,
Басымды қасиетіңе идім, елім.
Басылмай сағынышым келгенімде,
Алдымнан шықты мұңлы Билікөлім.
Айдының мейрам еді, сайран еді,
Әдемі аймалаған майда лебің...
Алдымда жатты тағы жаутаң қағып,
Айрылған айнасынан Айнакөлім.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Алатау)

Алатау, айбатты тау, өр еңселі,
Таң сайын тереземнен көрем сені.
Көктемде сел тасытқан сен туралы
Келеді ағытылмай өлең селі.
Батты ма сені сүймей бір рет Күн,
Мәңгілік даламызды тұғыр еттің.
Өлмейтін күй шығарса Құрманғазы,
Мен саған басымды ием, құдіреттім.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа)

Туған ел!
Қайдан сендей жай табылсын?
Ақының асылыңды айта білсін.
Сарыарқа!
Басқа алтынға қызықпаймын,
Сен менің шексіз алтын байтағымсың.
Көріндің маған ыстық өзің бірден,
Мен бұрын Жезқазғанның жезін білгем.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Таң)

Төгіл, шуақ!
Даланың көркін құрап,
Желмен ойнап желбіре, желпін, құрақ!
Жұмыр Жердің жүрегін дүрсілдетіп
Жүгіріңдер, еркін жел, еркін бұлақ!
Суы — сылқым даланың, бұлты — сылаң,
Бәрі ғажап өлкеде бұлқысын ән!
Құстар әнін тыңдатып үй тұсынан,
Алма бақтар оянсын ұйқысынан!
Таңның нұры!
Ай жүзін жасырасың.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ой)

Қай дәуір,
Қола яки тас дәуірі,
Адамдар болған дейді асқан ірі.
Ол кезде ағым басқа,
Адамдардың
Жүретін қола менен тасқа әмірі.
Жасыра алмас тарих та болған істі,
Ол кезде
Жердің тау мен орман үсті,
Алдымен шабуылды көріп,
Адам......
Өлеңдер
Толық
0 0