Өлең: Күләш Ахметова (Көксеу)

Бұл қалай деп алды-артымды кең ойлап?
Адамдарға сөз сөйледім абайлап.
Іздемеймін жеңіл-желпі қуаныш,
Іздемеймін оңай дәулет, оңай бақ.
Болмаса да сүйенерім, мінерім,
Еркелейтін кезім еді бұ керім.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Мұхит)

Дарындыны жақтадым сөз алдым да,
Даусы қалған далада, бозаң құмда
Мұхит десе,
Мұзды да, Үнді де емес,
Мұңды Мұхит тұрғандай көз алдымда.
Махаббаттың сездіріп демін, өртін,
Жомарт жүрек шынайы егілер тым.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Қырғызбай)

[quote]Әнге бас, Кенеп ақын, ал домбыра,
Көкейден ақтарылған сөзді құра.
Көз көріп, құлақ естіп, бастан өткен,
Тарихи оқиғаның бірін жырла.
Көп көрген шежіре қарт, әңгімеңді айт,
Келешек ұрпағына қалсын мұра.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл-жыр)

[quote]Жамбылды Жамбыл десем, кім білмейді,
Өлеңнің ордасына кім кірмейді.
Елу жыл ертіп жүрген ардақты ата,
Домбыраң құлағымда күмбірлейді.
...Бір күні Жамбылды ойлап қиялдадым,
Көз ілмей, төсегіме сия алмадым.
«Кененжан» .дейтін сөзі еске түсіп,
Өзімді-өзім сөгіп, ұялғаным.........[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Нан мен күн)

Ақ күлшеге қол созады балбөбек,
Алтыннан да, гауһардан да ол бөлек,
Ақ аспандай дастарқанды ашады
Күн сияқты қып-қызыл нан дөңгелек!
Секем алып, кей хабардан, кей күннен,
Анамын ғой, махаббатпен, мейіріммен......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Сырттан)

Сұлтан деген баланың
Болды мойнақ күшігі,
Мойынында қарғысы,
Тап-тұйнақтай үйшігі.
Күндіз кіріп үйшікке
Ұйықтайды, дем алады;
Түні бойы көз ілмей,
Есік алдың бағады. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Бозторғай)

Текеметтің түріндей қанық сөзден қалсын із.
Алашаның түріндей анық сөзден қалсын із.
Қазағының көгінде жану үшін жұлдыз боп,
Қазалының жерінде туған екен әнші қыз.
Қасиетті, құнарлы, дарқан еді Қазалы.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ескі жұртта)

Жол түседі төмен қарай дөңестен,
Өткен өмір...
Шығардық біз оны естен.
Бір кездегі түйе жүрген жерлерде
Түйдек-түйдек түйе жапырақ шөп ескен.
Қақталады қалған ескі қалайы,
Құс сайрайды, болар, бәлкім, бал айы.
Жабайы өмір
Табиғаттың анасы,
Ескі жұртта — шөп те,
Құс та
Жабайы!......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Шағанның жағасында)

Ертеңгі сыйды кім білген,
Бір күнін, артық бір күннен.
Көрмеген Шаған, мінекей,
Жағаңа келіп тұрмын мен.
Салыпсың өрнек нақыштап,
Адаммен адам қатыспақ.
Осылай қарай жүрерде,
Сәлем де деген Ақұштап.
Өрілді өзің дегенде ой......
Өлеңдер
Толық
0 0