Біздің халық, біле-білсең, бір ғажап! Сүйе тұра, Бірін-бірі жүр қажап. Қанша жақсы көрсе-дағы әйелін Білдірмеуге тырысады бұл қазақ. Ақ матаға қай бояу да жұғады, Жұққаны үшін кінәлі боп шығады. Кейде қазақ әйеліне "Әй!" дейді, Әйелі оны "Ай!" деді деп ұғады......
Құдіреттеніп құйылғанда ұлы ақын, Гераклдей күшті әрі ірі — ақыл. Күңіренеді қобыздайын аңырап, Тебіренеді теңіздейін сұрапыл! Көздерінен Күн шашырап маздаған, Сөздерінен мұң шашырап боздаған. Туғызады таң ғаламат суреттер Сикейростар, Сальвадорлар жазбаған. Аспан жақтан шабыт қонған шақта оған, Ақ қағазға құйылады аппақ ән.......
Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға Қас үлектен туған қайтіп Қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бір - біріндеп сөксе де, ....
Кеудемізде кек қайнаған, Кекпен өзен отқа айналған, Қаһарлы айқай салған шуды, Дүниеде кім ашулы?— Біз жігіттер— біз ашулы! Біз ашулы, намыс оты Бойды өртеген, жалын қысқан. Ашындырды, арға тиді .....