Реферат: Шымкент Түркестан Тараз Отырар қалаларының мәдениеті
Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірінші бірегей ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы облыстың барлық жер-суы — шығыста Талас — Шуға дейін, солтүстік-батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты.
Испиджаб жазба деректерде сонау VII ғасырдың бас кезінен белгілі, Сюань — Цяньнің Сапарнамасында ел «Ақ өзендегі қала» деген атаумен еске алынған. Өзге емес, дәл осы Испиджабтың атауының аталу сыры көп кейінірек Махмуд Қашқаридың XI ғасырдағы деректері арқылы айқындала түсті. «Сайрам — деп жазды ол,— Испиджаб аталып жүрген ақ қаланың (Ал — Мединат ал — Байда) атауы. Мұны Сайрам деп те атайды». Испиджаб атауы соғды ішінде «Ақ су» мағынасын береді деген де пікір бар, олай болса «Ақ өзендегі қала»— «Испиджаб» — «Сайрам» деген атауларының түп-төркіні бір екеніне осының өзі айғақ бола алады.
Орта ғасыр дәуіріндегі Испиджаб — Сайрам X ғасыр мен XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстанның оңгүстігіндегі ең ірі қалаға айналады.
Испиджаб округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын; Қаратаудың солтүстік бөктеріндегі Баладж мен Берукей қалаларын; Жетісудың Тараз, Құлан, Мирки (Мерке), Суяб қалаларын қамтыды.
X ғасырдың географы Ибн Хаукаль былай жазады: «Испиджаб — шамамен Бинкеттің үштен екісіне тең қала. Ол мединадан (орталықтан), қамал мен рабадтан (керуен-сарай) тұрады. Қамал күйреген, ал медина мен рабадта тұрғындар тұрады, медина дуалдармен қоршалған рабадты да ұзындығы фарсахқа таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабадтың өз бағы мен суы бар. Ол тегіс жерде жатытын оны мен ең жақын деген таулар арасы үш фарсахтай (20 км). Мединеннің төрт қақпасы — Нуджкет қақпасы, Фархан қақпасы, Шакван қақпасы және Бұхара қақпасы бар. Оның базарлары медина мен рабатқа, ал басқару үйі, абақты мен бас мешіт мединаға орналасқан. Бұл адамы құжынаған, ауқымды қала, бүкіл Хорасан мен Мавреннахрда осы Испиджабтан басқа харадж (салық) төлемейтін бірде-бір қала жоқ». Испиджаб аса ірі әкімшілік орталығы ғана емес, сонымен бірге өтпелі сауда орталығы ретінде де мәлім. Қалада сауда құрылыстары — керуен сарайлар мен «тимдер» көп болды. Керуен сарайлар (рабаттар) Нахшеб, Бүхара, Самарқант көпестерінің иелігінде еді. Халықаралық сауда Орта Азия мен Шығыс шығарған және Испиджабтың өзінде XI—XII ғасырларда шекілген жергілікті теңгелермен жүргізілді. Испиджабтан басқа жерлерге ақ маталар, қару-жарақ, семсерлер, мыс пен темір жеткізіліп тұрды. Қала құл сату орталығы ретінде де бүкіл Шығысқа әйгілі еді — одан сол кездегі қырқысқан қыруар соғыстарда әр түрлі түркі тайпаларынан қолға түскен тұтқындар сатылып, әкетіліп жатты.....

Рефераттар