Реферат: Әдебиет | Міржақып Дулатов

Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы,Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында,қазіргі Торгай облысының Жанкелдин ауданында, «Қызбел» совхозының жерінде туған.
Әкесі Дулат әжептеуір ескіше оқыған,өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар тауфихты адам болса керек.Балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша,сонсоң орысша оқытып,заң қызметіне бейімдеп үлгірген Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол дәстүрмен әлдегенде ауыл молдасына береді.
Бірақ Жақаңның (Міржақыпты кейін ел осылай атап кеткен) өз айтуынша,екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін,әкесі молдадан шығарып алып,ауылдық мектепте орысша оқытатан Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді.
«Менің алғаш білімге көзімді ашқан сол кісі еді» - дейтін Жақаңның тағы бір сөзі оның өнер - білім жолындағы ұзақ жылдар бойғы жемісті ізденістерінің бастауы дәл сол Торғайдың өз топырағында жатқанын аңғартса керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы

Нарықтық экономикалық қарым-қатынастар жүйесін орнықтыру – Қазақстан Республикасында, тағы да басқа бұрынғы социалистік елдерде атқарылатын реформаның түп қазығы іспеттес. Нарықтық экономиканың әміршілдік-жоспарлықтан басты айырмашылығы-өндірісті дамытудың негізгі қозғаушы күші және реттеушісі ретінде бәсекелестіктің пайда болуы.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бәсекелестік қарым-қатынастарды қорғау және өркендету, монополияға қарсы заң және соған негізделген мемлекеттік реттеу мемлекет белсенді түрде кірісетін негізгі аясының бірі болып табылады. Әміршілдік-жоспарлы жүйеде монополизм әлеуметтік бағдардың кепілі және негізгі сипаты да, ал монополияға қарсы саясат жоқтың қасы болболды, сондықтан да мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жасақтау- мемлекеттің өтпелі кезеңдегі ең маңызды ұйымдық-басқарулық парызы болмақ..
Монополияға қарсы саясат мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамдас және қажетті бөлігі болып табылады және оның басқа да әдістерімен, түрлерімен тығыз байланыста, сондай-ақ бұл өзара әрекет пен өзара кірігу жылдан-жылға күрделі де сан алуан боп барады. Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, кәсіпкерлікті дамыту ең ақырында бәсекені дамытуға арналған. Бұл жерде монополияға қарсы саясат үйлестіруші буын боп шығады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Н.И. Илминскийдің өмірлік жолы және педагогикалық жүйесі

Николай Иванович Ильминский 1822 жылы 21 сәуірде Пенза қаласында дүниеге келді. 1836-42 жылдарда Пензада семинарияда оқыған. Оны бітіргенен кейін 1842 жылы Қазан қаласына келіп, Академияға оқуға түседі. 1846 жылы оны үздік бітірген Николай Иванович осында жаратылыстану түркі- татар тілдері пәндерін жүргізетін мұғалім ретінде қалдырылады. Жұмысқа деген ынтасы мен ғылыми - зерттеу ісіне ас қабілеттілігінің нәтижесінде оған 1847 жылы осы академияның ағаминистірі және бакалавры атағы беріледі.
1851 жылы 26 маусымнан 1854 жылдың 14 маусымға дейін Серияда, Пакистанияда және Египетте болып , Константинополь, Дамаск, Каир сияқты қалалардың үлкен кітапханаларымен оқу орындарының және ғылыми мекемелерінің жұмысымен танысады араб-парсы тілдерін үйренеді. Бұл ғылыми командировкаға Н. И. Ильминскийдің шығысты терең білуіне үлкен көмегін тигізді, бұрыннан татарша білетін ол енді шығыс халықтары мәдениетін этнографиясымен тілдерін тереңірек зерттеуге кіріседі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Монополияның мәнi түсiнiгi және оның түрлерi

«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнi» тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де. Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ

Кәсіпорын жүйе ретінде өзара байланысты және өзара келісілген басқарылатын және басқарушы бөліктердең тұрады.Осы жүйе тармақтары арасында және олардың ішінде қатынастар пайда болады.
Менеджменттің міндеті – бұл қатынастарды басқарудың функциясын белгілеу және солардың негізінде басқарудың заңдылықтарын ескертіп, басқарушы жүйенің құрылымын жасап шығару.
Басқарудың функциясы мен құрылымы – басқарудың мазмұны мен пішіні.
Функция / латынның – “атқару, қызмет ” деген сөзі / қызмет сияқты анықталады, ал басқаруға сәйкес бұл басқару бойынша қызмет болады.Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі – басқару функциясын атқару процесі.Шынында, басқарылатын жүйеге кез келген әсер ету белгілі бір, осы жүйелерге ортақ басқару процесінің пішінінде, ал нақты айтсақ басқарудың функцияларында жүзеге асуы мүмкін.Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін оған тән белгілерді білу қажет.
Басқаруда әр түрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті басқару проблемасын ғылыми талдаудың ыңғайын табуда негізгі кезең болды.Алғаш рет басқарудың функционалды талдаудың Ф.У. Тейлор мен А. Файоль жүргізді.
Басқарудың функционалды тәсілінің басты белгісі – басқару функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.Басқарудың функциясы басқарудың өз мәнін көрсететін басқару қызметінің бөлігі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

Салықтар дүниежүзіндегі барлық адамзаттық өмірінде күнделікті кездесіп отыратын қүрал болып келеді, себебі эрбір түлғаның сатып алатын, түтынатын заттарының барлығының құрамында салықтың белгілі бір мөлшері тұрады. Мемлекет қоғамның қызығушылықтарын эр-түрлі салада қолдай отырып, сэйкесінше белгілі бір саясатты үхтанады. Мүнда элеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеуінің объектісі мен субъектісінің ара-қатынасының құралы ретінде қаржы-несиелік жэне баға механизмі қызмет атқарады.
Қаржылық-бюджеттік жүйе мемлекеттің қаржылық ресурстарын, яғни бюджеттік жэне бюджеттен тыс қорларды құру мен қолдану жөніндегі қатынастарды қамтиды. Бұл қорлар мемлекеттің элеуметтік, экономикалық, қүдықтық, діни жэне қорғаныс сияқты басқа да қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал осы қорлардың ҚР-да бүгінгі таңда көп үлесі салықтар мен бюджетке төленетін міндетті телемдерден құрылатындықтан қаржылық-бюджеттік жүйенің негізгі қорлану көзі салықтар болып келеді.
Барлық салықтық жэне салықтық емес түсімдер, басқа да капиталмен жасалатын операциялардан түскен түсімдердің барлығы мемлекеттік бюджетте шоғырланады, ал мемлекеттік бюджет өз кезегінде республикалық жэне аумақтық бюджеттерге бөлінеді. Біз алдымыздағы жұмысымызда аймақтық бюжеттердің кірісінің негізін құрайтын жер, келік, мүлік салықтары туралы бар мэліметті беруге тырысамыз. Бірінші бөлімде біз салықтарға жалпы сипаттама беріп өтеміз: салықтар ұғымы, мазмүны, экономикалық мэні, жүйесі, механизмі жэне меншікке салынатын салықтардың мэні туралы. Екінші бөлімде меншікке салынатын салықтарды жекеше қарастырып, олардың түрлерін, жалпы сипаттамасын, жүмыс істеу механизмін қарастырып өтеміз.
Ал соңғы бөлімде біз меншікке салынатын салықтарды жетілдіру жолдары мен даму перспективаларына шолу жасаймыз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ

Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:
• жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;
• әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;
• сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;
• сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;
• өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.

Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Артықшылықтары:
• қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
• тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;
• тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
• өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері: ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Мерзім ұғымы

Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемеларды шешуге уақыт факторы маңызды рөл атқарады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне немесе уақыт мезетіне байланысты болады.
Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықты мерзім – деп аталыды.
Мерзімнің маңызы - оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтарын мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім –бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууы байланыстырады. Құқық теориясы курсынан білетініміздей, заңдық фактілер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді.Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтық субъектілерінің еркіне тәуелсізсипатта болады. Брақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Міндеттеменің субъектілері

Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға / ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттемеде оның әр тарабы - несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады.
Міндеттеме қабылдаудың мақсаты - борышкерді өз міндетін уақтылы және сапалы орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | МІНЕЗ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды ....
Рефераттар
Толық
0 0