Реферат: Химия | Металдардың сипатталу

Осы кезге дейін белгілі болып отырған 105 химиялық элементтердің 80-нен астамы металлдарға жатады.
Д.И.Менделевтің периодтық системасында орналасқан барлық S-элементтері
(І және ІІ негізгі топшалар),барлық
-элементтері үшін (ІІІ-VІІІ) қосымша топшалар, барлық
f-элементтер латиондар мен актионидтар мысалдар,
р-элементтері ІІІ-VІІІ негізгі топшаларында орналасқан.
Бұл топшалардың жоғарғы жағында бейметалдар, ал төменгі жағында металдар орналасқан. Егер бордан астатқа дейін түзу сызық жүргізсе ІІІ-VІІІ негізгі топшалардың р-бейметалдардың шамамен сызықтық жоғарғы жағына, ал төменгі жағына металдар орналасқан, олардың бейметалдық қасиеттері бар. “Металл” деген атау металл элементі үшін де, олардың қасиеттерін көрсететін металл жай заттары үшін де қолданылады, ал техникада бұл атау металл жай заты үшін ғана емес, сонымен қатар металдардың қасиеттерін көрсететін барлық металдарға құймаларға да қолданылады.
Металдардың және олардың қосылыстарының қасиеттері периодтық системадағы олар орналасқан топшалар бойынша қарастырылады. Металдардың ішкі құрылысы мен физикалық қасиеттері: металл жай заттарының өздеріне тән жалпы қасиеттері болады. Оларға металлдардың соғылғыштығы, созылғыштығы, электр тоғын, жылуды жақсы жақсы өткізгіштігі жатады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | МАХАТМА ГАНДИ

Мохандас Карамчанд ГАНДИ (02.10.1869-30.01.1948 ж.ж.) - Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.
М.Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде бейбіт жолмен қарсыласудың теориясы мен тактикасын белгілеп, оны сатьяграха (Шындық үшін тайсалма) деп атады. 1899-1902 және 1906 жылғы ағылшын-зулус соғыстары кезінде М.Ганди сол жақта тұрып жатқан үнділерден ағылшындарға көмек көрсететін санитарлық жасақтар құрады. Бурлар мен зулустардың күресін әділ күрес деп есептегенімен, ол үнділердің ағылшындарға жәрдемі Үндістанға өзін өзі басқару құқығын беруге септігін тигізеді деп үміттенді. М.Ганди осы тәсілдің арқасында өз халқын ағылшындық отаршылдық езгіден аман сақтап қаламын деп те ойлады. Ол заманда үнді халқын аман сақтап қалудың бірден бір жолы осы тәсіл екені де даусыз еді.
1915 жылы қаңтарда Үндістанға қайтып оралғаннан кейін М.Ганди Үндістан ұлт-азаттық Конгресі партиясымен жақындасып, 1916 жылы оған мүше болып кіреді. 1917-1918 жылдардан бастап ол ұлт-азаттық қозғалысында неғұрлым көрнекті қызметтер атқарады. Бұл тұста елде ағылшындарға қарсы бұқаралық қозғалыс кеңінен етек алған болатын. Сол жылдары М.Ганди өзі редакторы болған "Жас Үндістан" газеті мен жетісіне бір рет шығатын "Навадживан" журналы арқылы өз идеясын насихаттап отырды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Диагностикасы | Мерез

Мерез- қайталамалы эндемиялық ауру. Ол АҚШ-та гетеосексуалды адамдардың арасында көп тараған. Сол үшін жүкті әйелдерде перинаталды кезең мен үшінші триместрінде серологиялық реакция жүргіземіз. Осы кезде рекомендация береміз.
Этиология мен оған әкелуші факторлар.
Мерездің қоздырғышы спирохета тобындағы Пнеропста palliclum. Бұл ауру 1986ж мен 1990ж арасында екі еселеніп, саны-49000-ға жеткен, оның ішінде 1747-сі - анасынан берілген іштен туа біткен сифилиспен ауыратын ауру нәрестелер саны.
Диагностикасы.
Диагностика үшін ең басты әдіс-қанды зерттеу,сонымен қоса, VDRL. RPR немесе FTA-ABS-ті қоса қолданады.
Перинаталды кезеңде мерезге профилактикалық зерттеу жүргізіп тұрады.VR RL немесе RPR- спецификалық емес әдіс. Ол кезде егер әйел жүкті болса, реакция жалған «оң» болуы мүмкін.
Ал, FTA-ABS-мерездің спецификалық әдісі. Бұл әдіс VDRL немесе RPR әдісінің оң болғанын дәлелдеу үшін қолданылады.
Емдеу
Емі жүкті әйел мен жүкті емес әйелдерде де бірдей жүргізіледі. Негізгі қолданылатын – бензатин пеницилиннің G тобының препараттары. 1 айлы емделуден кейін тексеру жүргіземіз. Егер үшінші тесттен кейін титрі төмендесе, онда емнің жақсы нәтижесін көрсетеді.
Анаға, феталға, неонаталға әсері.
Жүктіліктің кезеңінде инфекция ұрықтың дамуына әсер етуінен-туа пайда болған мерездің дамуына әкеледі.
Инфекияның жоғары жұғу қаупі анасының ауру дәрежесіне байланысты болады.
Жұғу қаупі жоғары туа пайда болған мерездің І-к немесе ІІ-к түрлері -50%, кеш мерездік түрі-10% құрайды.
Хорион қабығының гестрациясы кезінде инфекцияның ұрыққа берілуі 16-18 аптада тоқтайды немесе кешігеді. Бірақта қабығы атрофияланып, ұрыққа берілуі мүмкін.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | МИКHООРГАНИЗМДЕР ГЕНЕТИКАСЫ

Адамның көзі ең алғаш бактерияларды көргеннен бері үш ғасыр уақыт өтті. Ал микробиологияның өз алдына дербсс ғылым болып бөлінуі үшін тағы екі жүз жыл қажет болды.
Аса ұсақ тіршілік иелеріне биохимия, биофизика, микробиологиямен қатар генетика да ерекше көңіл бөліп отыр. Молекулалық биология молекулалардың өзара қарым-қатынасын зерртеу үшін, вирустар мен бактериялардың өте жақсы модель болып табылатынын анықтады. Кейбір вирустардан және бактериофагтардан басқа барлық микробтар клеткалы организмдер болып табылады. Егер жануарлар мен өсімдіктердің басым көпшілігі көп клеткалы организмдер болса микробтар әлемі әдетте бір клеткалы болып келеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Мінез туралы жалпы ұғым

Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен; біреудің қатал, не тымыр болуының кезінде адамды менсінбеу, тәкәппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Монако князьдығы

Оңтүстік Европадағы мемлекет , жерорта теңіз жиегіне , жер жағынан франция аумағымен қоршалған. 1.95 шаршы км жер алып тұр( оның 0.4 шаршы км соңғы жылдарда теңізден қайтарылып алынған аумақты орынға ие болады ). Әкімшілік қатынаста 4 жаланған округ – қалаларға бөлінеді : Монако , Монте - Карло , Ла - Кондамин және Фонвьель . Астанасы- Монако қаласы болып келеді. 1997ж. халықтың саны 31,9 мыңға жуық адам , олардың тұрғындар тұрғындар - монегаски - 6 мыңға жуық адам , француздар – 13 мыңға жуық, итальяндықтар - 5 мыңға жуық, ағылшындар – 1 мыңнан жоғары. Ресми тіл - француз, бірақ сонымен қатар монегасский көп таралған , итальян , ағылшын тілдер. Олардың 95% дінге сенгушілердің - католиктер. Ақша бірлігі - француз франкі , айналдыруда франкілер монегасские сонымен қатар ( ақшаның туристілерге арналған және нумизматтар негізінде Қаражаттық операцияларға арналған Монако кең қолдану жеңілдік салық тәртіп ірі халықаралық банкілерге рұқсат етеді ( жанында 800 халықаралық компаниялардың және 50 банкі ).....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Тектоникалық көлдер

Қазакстанның кең-байтақ аумағында көлдер көп. Мұңда ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) - көлемі 1 км2-ден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік - ағынсыз тұйық көлдер.
Көбінің суы тұзды, соңдықтан тұңба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 км2-ден астам 21 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстіке қарай кемиді. Мысалы, Солтүсгік Қазақстанда 21580 көл бар (еліміздегі көддің 45%-ы). Ал Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында 17550 көл (36%) кездеседі. Алып жатқан ауданы жағынаы солтүстік көлдерінің үлесі бүкіл көлдердің 35%-ын, ал орталық және оңтүстік көлдершің үлесі 10%-ын кұрайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Меншік экономикалық категория ретінде және меншік қатынасының теориялық негіздері

XXI ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің коғамдық дамуындағы аса маңызды мәселелердің бipi – меншік қатынастарын жан-жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу бүгінгі таңда негізгі мәселе . Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп қырлы. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің терең және өте мәнді қатынастарын қамтиды. Бүгінгі танда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бipi және пікір-талас туындайтын тақырыпқа айналып отыр.
Нарықтық экономикаға көшу – меншік қатынастарына тікелей байланысты. Өйткені қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір меншік формасы жатыр. Сондықтан нарық қатынастарына көшу кезеңінде оның көптеген объективті мәселелері өз шешімін күтуде.
Қазіргі таңда айқындалып отырғандай, бұрынғы көзқараспен социализм орнату жолында деп есептелінген елдердегі элеуметтік-экономикалық жүйенің күйреуiнің басты себептерінің бipi – мемлекеттік меншік қатынастарының үстемдікке ие болуы. Сол себепті де оларды өзгерту және түбегейлі құру туралы қортынды жасалды. Сөйтіп, бұл проблемаларға қоғам тарапынан өзіндік көзқарас білдipy мәселесі алға тартылып отыр. Бүгінгі таңдағы меншік ұғымының төңірегіндегі пікір-таластарды талдау мен меншіктің нақты әр түрлі формаларын өндірудің мәнін түсіну үшін аталған күрделі проблеманың теориялық негізін анықтау қажет.
Қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінде меншік мәселесі, даму перспективасы ең алдымен көтеріліп, жалпы қозғалыстың, дамудың өзіндік өзегін құрайды. Қоғамның, мемлекеттің, жеке адамдардың болмысының даму заңдылықтары, өндірістің материалдық және рухани негіздері барлығы да меншік жүйесіндегі маңызды өзгерістерге тәуелді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Қазақстан Республикасының егемендік қатынасқа өтуіне байланысты нарықтық қатынастардың қалыптасып, күннен күнге дамуының алғышарты жоспарланған мемлекеттік меншікті жеке немесе ұжымдық меншікке айналдыру қажеттігі болып табылады.
Меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айрықшылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ

Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.
Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енеді.
«Абай», «Таң», «Шолпан» журналдарында жарияланған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ өзін қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0