Реферат: Тарих | Нұрсұлтан Әбішұлы

1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ

Казак ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.
Солай бола тұрса да осындай біртуар тарланбоз жайлы енбектер бізде жоқтық қасы. Оның өмірі жайлы деректер де аз, ғалым шығармашылығына мемлекеттік тұрғыдан мән беріп зерттеп-бідіп жаткан ғылыми мекемелер де көрінбейді. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и-Рашиди» де қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып дүние жүзіне шашырап кеткендігінен де болар. Сондықтан да біз осы бір, қайталанбас дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқтап өтуді жөн көрдік. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Мұрагерлік құқық ұғымы және оның маңызы

Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.
Мұрагерлік Азаматтық Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.
Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.
Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтық Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды түлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
5) мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Назарбаевтың еңбектерінің Қазақстан тарихнамасындағы орны

Болашақта Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында адамзат тарихындағы ең алпауыт империялардың бірі – Кеңестік социалистік республикалар одағының күйреуі нәтижесінде әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандыңы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мың жылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихтың басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады.
Қазақстан секілді жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, дәлірек айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді болса да қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол ұлт тағдыры шешуші роль атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешек ұрпағы үшін қымбат. Уақыт өткен сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылыұтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихының терең зерттеліп, шынайы түрде объективті жазылу ісіне дайындық осы бастап жүйелі де ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Бұл біз секілді болашақ тарихшылардың үлесіне тиетін міндет.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Микроэкономика пәні методологиясы әдістері

Микрос грек сөзінен шыққан. Оның мәні «шағын» сондықтан ми- кроэкономика кәсіпорынның, фирманың экономикасын зерттейді. Яғни, тұтыну сұранысы мен кәсіпкерлік ұсыну жағдайларындағы олардың эко- номикасын зерттейді.Яғни, тұтыну сұранысы мен кәсіпкерлік ұсыныс жағдайларындағы тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қа- рым-қатынастар.Нарықтық жағдайда тұтынушылар ретінде төмендегілер айтылады:
1.Үй шаруашылығы;
2.Іскерлік кәсіпорындар;
3.Мемлекет;
Осы жоғарыда көрсетілген экономикалық әрекеттің негізгі субъектісі .
Үй шаруашылығы: бір немесе бірнеше кісіден құралған бірлік. От- басы материялдық өндіріс сферасының, қызмет саласының өндіріс өнім- дері тұтынылады. Олар экономикада өндіріс факторларын жеткізіп беру- шілер болып табылады. Қызметтерді өтеуден еңбек капиталынан алынған ақшалар жеке тұтынуды қанағаттандыру үшін жұмсалады.
Іскерлік кәсіпорындар- Фирмалар, корпорацилар т.б тіркелуі. Бұ- лар тауар өндіру және қызмет көрсету мәселесімен айналысады. Негізгі мақсаты- пайда табу. Ікерлік қатынастары нарықтық шаруашылықта та- уарлар мен қызметтерді жеткізіп береді.
Мемлекет- микроэкономиканық жағдайда түрлі бюджеттік бұйым -дар ретінде әрекет етеді.
Бюджет. Олардың мақсаты пайда алу емес, үкіметтің экономиканы реттеу міндеттерін атқарады.
Микроэкономика тауарлардың бағасы және олардың сұраныс пен ұсыныс көлеміне әсер етуін зерттейді. Микроэкономика нарықтағы тепе-теңдік жағдайын зерттейді. Микроэкономиканы үйренудің мақсаты: жеке тұтынушының, фирманың, капитал иелерінің, жұмысшылдықтың эконо- микалық құқығын зерттейді. Олар экономика саласында шешім қабылдауға көмектеседі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Микроорганизмдерге әсер ететін физикалық факторлар

Ылғалдылықтың микроорганизмдерге әсері: Табиғатта су бос және байланысқан күйінде кездеседі. Байланысқан суды ерітінде ретінде қолдануға болмайды. Сондықтан микроорганиздер ортада бос күйінде су болғанда ғана тіршілік ете алады. Мұндай суда еріген қоректік заттар микроорганизмдер ене алады. Ортада судың мөлшері неғұрлым азайған сайын, солғұрлым микроорганизмдер тіршілігі баяулай береді. Сондықтан кептіру микроорганиздер үшін аса қауіпті. Дегенмен ылғал тапшы болған жағдайда да микроорганизмдердің тірі қалатындары да бар. Бұған олардың спора түзетін қасиеті дәлел бола алады.
Ыдғалдың микроорганизмдерге әсерін анықтау мақсатында ылғалы әр түрлі ақ нанның тілімдерін алады. Кейбір тілімдерін қолдан кептіреді де осыларды Петри табақшасына салып, 20 минут бойына 1атм.қысыммен залалсыздандырады. Бір тілімнің үстіне ілмешікпен сапрофит бактерияларды «Sarcina lutea, Acheomobackter pradigiosum» жұқтырады, басқаларына зең саңырауқұлақтарының спорасын салады. Табақшаларды бөлменің ішінде немесе температурасы 25 градус террмостатта ұстайды. Келесі сабақта бактериялар мен зең саңырауқұлатардың әр түрлі ылғалда даму дәрежесін анықтайды. Сөйтіп бактерияларға қарағанда зең саңырауқұлақтарының қуаңшылыққа төзімділігі жөнінен қорытынды шығарады. Мерзімі жағынан ұзақ болғанымен осындай тәжірибені топырақтарда жасауға болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Геометрия | Геометриялық және механникалық өлшеулер

Тәуелсіз Мемлекетер Достастығының стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық Кеңес – Тәуелсіз Мемлекетер Достастығының үкіметаралық ұйымы құру мен ұйымдасқан саясаттың өткізілуі стандарттау, метрология және сертификаттау.

Мемлекетаралық Кеңес «стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ұйымдасқан саясаттың өткізілуі туралы Келісім» 13 наурыз 1992 жылдан (кейінде Келісім) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы жұмыстарды реттеу үшін, келтірілген салалар қызметіндегі басты стандарттау, метрология және аккредитациялау бағыттарын анықтау.

Мемлекетаралық Кеңестің жиналысы Мемлекетаралық Кеңестің негізін құрайды. Жиналыс жылына екі рет тізбектей өткізілуі және осы жиналысқа Келісім құраушылары алмасып қатысады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | НЕМАТОДТАР КЛАСЫ

Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін ортасы жоқ„ Мүхиттар мен теңіздер түбінде, түщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, пара-зиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде тсездееедіг Қүстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан шіру щгоцесінің барлығы осы нематодтардың қатмсуы арқылы жүреді. Кеңістікке таралуы түрғыдан оларды бактериялар мен бір-клеткалы организмдермен салыстыруға болады.
Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып келуіне қарамастан қүрылыстары бірдей.
Құрылысы мен физиологиясы. Нематодтардың дене мөлшері мен формасы (пішіні) эволюция барысында түрлі тіршілік орталарына бейімделу нәтижесінде (бентос қабатында сырғуға, суда жүзуге, топырақ аравына енуге) қалыптасқан ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Сана-адам миының функциясы

Адам –аса тамаша қасиеттің –сананың ,сонау алыста қалған
заманға да , болашаққа да ойша шарықтайтын ,сыры беймәлім,
армандар мен қиял дүниесіне көз жүгірте алатын парасат иесі.
Сана деген не, ол қалай пайда болады , оның ерекшеліктері қан-
дай? Бұл – аса қиын да күрделі ғылыми проблемалардың бірі.
Өз санасының сыры жайында адам аса көне замандардың
өзінде-ақ ойлай бастады . Адамзаттың озық ойлы өкілдері қөптеген ғасырлар бойы сананың табиғатын ашып қөрсетуге тырысты ,өлі материя өз дамуының белгілі бір дәрежесінде тірі материяны ,ал тірі материя сананы қалай туғызады сананың құрлымы мен функциясы қандай түйсіктен , қабылдаудан ойлауға өтудің механизмі қандай,сананың адам миының қыртыстарында жүріп жатқан материалдық , физиологиялық процестермен қатынасы
қандай? – деген сияқты мәселелерге жауап іздеді. Бұл мәселелерге және олармен тығыз байланысты басқа көптеген проблемаларға , олар аса күрделі болғандықтан , ұзақ уақыт бойы мейлінше ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі және макорэкономикалық үлгілер

«Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі.
Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.
Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0