Реферат: Синтаксис

Синтаксис -¬¬¬¬¬ грамматиканың өзекті саласының бірі, ол сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылымын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: 1.Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады. 2. Сөйлем синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.
Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар олар да синтаксистен байланысын үзбейді.
Сөз тіркесі- сөйлем құраудың материалы да, сөйлем- адам ойын айтудың негізгі формасы.
Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын- сөз. Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болуымен қатар грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздер өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің тіркесе алу қабілеттілігі олардың басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның үстңне тіркескен сөздер тобының сапасы әр уақытта бір түрлі болмайды, әр алуан болады. Мысалы, екі кейде одан да көп сөздер тіркесіп, бір лексикалық түйдек жасалады(аққайың, кетіп бара жатыр); кейде екі не одан да көп сөздер тіркесіп, синтаксистік тізбек жасалады(нұрлы әлем, күн сайын келу т.б.).
Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер «сөз тіркесі» деген категорияға жатпайды. Лексика- грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана «сөз тіркесі» деп есептеледі. Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін оның мынадай белгілеріне қарау керек:
1. Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады.
2. Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады.
3. Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің не түйдекті тіркес пен толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысу нәтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, лексика- грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы- бағыныңқылы сөз тіркесі жасалады, ол сөздердің бұрынғы мағыналары бірігіп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды; мүшелік қарым қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық (анықтауыштық пысықтауыштық не болмаса шақтық, мекендік, мееншіктілік т.б.) мағына пайда болады.
Сөйтіп,синтаксистңік қарым қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесі сөйлем құраудың шоғырланған материалы. Сөз тіркестерін құрауда зат есім мен етістіктердің қызметі ерекше.Олар көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да, сапалық есімдер(сын есім, сан есім, есімше, сілтеу есімдіктері)мен үстеулер, еліктеуіш сөздер мен көсемшелер көбінесе сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ұлы Жібек жолы

«Жібек Жолы» деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай жерден өткен — әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар міне осылар. Жауап қайтару үшін тарихи фактілерге жүгінейік.
629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян «Будданың қасиетті сүйектерін көріп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін» Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халыкаралық жолмен жүрді.
Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, «Ұлы Айдаһар шағылдары» деген атпен мәлім тұзды шедден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері «Мөлдіреген Көгілдір келге» жеткен. Оны «Қайнаған көл» деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл екенін білу қиын емес. Келді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: «Бұл жатжерліктердің жылқьшары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бір чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп ерген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және жұмсак бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған. Түйелер мен атқа мініп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес».
Өзіне қаған жасаған қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің жібек киімдерінің сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді және өзінің сыйлыққа «қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім жиынтығы мен елу тай жібек» алғанын да хабарлаңды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасының негізгі енімі, ертедегі және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын, еріксіз болсын бірнеше рет айтылады. Бұл жолдың қашан «іске қосылғаны» туралы сұраққа осы кезге дейіи түрлі жауап қайтарылады. Егер «Жібек жолының» жекелеген учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас байланыстарының басы уақыты жағынан б. з. б. III—II мыңжылдықтарға барып тіреледі. Бұл байланыстар Бадахшан тауларында көктас және Жаркентдария өзенінің жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында нефрит кеніштерінен кен қазылуы себепті жолға қойылған еді. Бадахшанда өндірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Анадолға, Мысыр мен Сирияға шығарылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Семіру Кахексия

Май тіні мен гипоталамус өзара сигналмен алмасып тұрады.Осыдан адамның тәбеті,тағамның бойға сіңуі,энергияның шығындалуы мен дене салмағының мөлшері байланысты болады.
Дене салмағын реттеуші жүйенің орталық тізбегі болып гипоталамус есептеледі.Оның вентролатералдық ядроларында аштық сезімінің орталығы,ал вентромедиалдық ядроларында тойыну сезімінің орталығы орналасқан.Тойыну сезімінің орталығы тәбеттің орталығына тежеуші әсер етеді. Жануарлардың вентролатералды ядроларын электр ағымымен бүлдіргенде тәбет жоғалып,олар қатты ариды және ашығудан өліп қалады.Ал,олдардың вентромедиалдық ядроларын бүлдіргенде тойыну сезімі болмайды да,олар тамақты көп жеп,қатты семіріп кетеді.
Ішек,әсіресе ұлтабардың гормондары тамақ қабылдауға жауап ретінде өндіріліп,адамның аштық сезімін басады.Ұлтабардың сығындысынан алынған зат осындай әрекет ететіні белгілі болды.Ол зат арэнтерин –деп аталады. Бірақ ол таза күйінде әлі алынған жоқ.Сондай-ақ холецистокиннен де аштық сезімді азайтып,тәбетті төмендетеді.Ол гипоталамустың вентеролатералдық ядроларына тікелей немесе ішек қарын жолдарындағы кезбе нервтің аяқшаларын қоздыру арқылы тежеуші әсер етеді.Біршама аздау болса да осындай әрекет бомбезиннің,соматостатиннің неротензиннің,кортиколибериннің,қан тамырларына белсенді ішектік пептидтің әсерлерінен де байқалады.Олар тойыну сезімінің орталығына әсер етеді.Эндорфиндер мен энкефалиндер және соматолиберин тәбетті ашады. Бұл келтірілген реттегіш заттар ішектерде және орталық жүйке жүйесінде өндіріледі.
Май жасушалары адипоциттер делінеді және олар фибробластардан тарайды.Адипоциттердің сыртқы беттерінде нейромедиаторларды,гормондарды қабылдайтын көптеген қабылдағыштар болады.Солар арқылы адипоциттер денедегі жүйкелік –эндокриндік өзгерістерге өте тез жауап қайтарып тұрады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог ағартушысы, жазушы, фольклоршы, этнограф. Қазақ халқын оқу-білімге, мәдениетке үндеп, халық - ағарту саласында көп енбек сіңірген қазақтың, тұңғыш тамаша педагогі. Бірінші қазақ мұғалімі, қазақ даласында бірінші болып қазақ мектебін ашушы, балаларға арналған алғаш қазақша және орысша тілдердегі кітаптардың авторы.


Үміт еткен көзімнің нұры - балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сөйтіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп сағынарсың,
Оқуға көңіл бөлсең, басырарсың.
Ата-анаңды өнер білсең, асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.

Бұл өлеңді Орынборда оқып жүрген жас Ыбырайға атасы Балқожа би жолдаған екен. Оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген ол 5 жасар баланы (Ыбырайды 1841 жылы 20 қазанда Қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған) Орынборда ашылмақ болашақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты.1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ балаларының бірі - Ыбырай еді. Ыбырай мектепті "өте жақсы" деген бағамен бітіреді. 1859 жылы Ыбырай Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады.
1860 жылы орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, ол өзі мұғалім болуға рұқсат алады. Оның мектебі 1864 жылы ғана ашылады. Онда 14 қазақ баласы оқиды. 1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады. Осы жылы "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, осы Орынборда басылады. Қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақын, әрі жазушы қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесіне көп еңбек еткен Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салған.
Ұлы ағартушы мектеп ашу және оны жақсы мұғалімдермен қамтамасыз ету ісіне баса мән берумен бірге, сол мектептер мен мүғалімдердің хал-жағдайларына, тұрмысына, шаруашылық істеріне де ерекше көңіл бөліп отырған. Бұл жөнінде ол: «Мектептің шаруашылық жағдайлары жаман болса, оның ісі еш уақытта да оңға баспайды, пайдалы еш нәрсе бермейді, оның оқушылары да, оқытушылары да істен күдер үзіп кетеді» деп жазды. Ұлы педагог-ғалымның бұдан жүз жыл бұрын жазған бұл сөздері осы уақытқа дейін өзінің маңызын, актуалдығын жоғалтпай келеді, бәлкім, ол өмір бойы жоғалмас та. Өйткені қазірдің өзінде де халыққа білім беру, мек-теп ашу, оқытушылар дайындау, балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру мәселелері күн тәртібінде тұр. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тігін бұйымдарын модельдеу Иық бұйымдары

Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм т.б. жатады.
Төменгі сыныптарда белдемшелі бұйымдардың түрлерімен, олардың тігілу тәсілдерімен таныстыңдар. Иық бұйымдарының айырмашылығы - мұнда мойын ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына, сәніне қарай ұзын, қысқа, тіпті жеңі жоқ болып келеді, жағасы да түрлі пішінде тігіледі.
Ер және әйел киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады. Әйелдер киімінің үлгісін алып қарасақ, онда кеуде, бел, иық бүкпелерін көруге болады, ал ерлерге арналған үлгіде иығы кең, түймеліктің орны солдан оңға қарай бағытталады.
Иық бұйымдары жүн, жібек, мақта, зығыр және т.б. маталардан дайындалады және адамның жас ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі, мектеп балалары, әйел, ер киімдері деп бөлінеді. Силуэт бойынша - тік, қынамалы және жартылай қынамалы болады. Пішімі -тұтас пішілген, бел сызығы бойынша кесілген, қондырма жеңді, реглан жеңді, құрастырмалы пішілген, қысқа және ұзын жеңді немесе жеңсіз, жағасыз, тік жағалы, шәл жағалы т. б. болып бөлінеді.
Көйлек көбінесе белдемшеден және үстіңгі бөліктен құралады. Үстіңгі бөлік артқы-алдыңғы бөліктерден, жең, жағадан тұрады. Белдемше тұтас пішілген немесе бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.
Белдемшелердің сынасының санына қарай көйлектер бір, екі, көп тігісті болады. Сонымен қатар тік, кең етекті, қатпарлы, бүрмелі, ши бүрмелі, гофре, бедерлі түрінде кездеседі. Белдемше мен лиф бел сызығы арқылы біріктіріледі немесе біртұтас пішіледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Үнді-будда мәдениетінің қалыптасуы

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б.2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңіне тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жасушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері».
Шамамен б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді – арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанищадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән – мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы – упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапты. Брахман – абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда.
Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатнастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Құрбандық шалу – адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсуынан адам еш уақытта да шыға алмайды. Кең мағынада алғанда карма дегеніміз - әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.
Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында құдайды мойындаудың мәні жойылады.
«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. Х1Х ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал ХХғ.Р.Тагор, тіпті мемлекет қайреткері Д.Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстиырады. Бұл күйде Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғарады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Су тасқыны су басу

Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын судан бірнеше көпір бұзылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 27-наурызда Бесерек өзенінің тасқын суы Хантағы ауылындағы (Кентау мыңындағы) көпірді шайып кеткен. Соның салдарынан Назаров көшесіндегі 50 үй ауылдан үзіліп қалды. Құрбан болғандар мен бұзылған ештеңе жоқ. 28-наурызда жауған нөсер жауынның салдарынан Ащысай, Байылды және Қарнақ (Кентау маңындағы) ауылдарында екі көлік жолдары көпірінің қиябетін және құбыр көпірін, сонымен қатар өзен жағалауын су шайып кеткен.
Сонымен қатар, Төлеби ауданының Көксерек округінен, Досалы би көшесінде орналасқан бірнеше үйді арықтан лықсыған су басып бара жатқандығы туралы хабар келді.
Барлық хабарлар бойынша төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барып, Көксерек округінде трактор және басқа техникалардың көмегімен арық тазаланған, қазіргі уақытта су басу қаупі төніп тұрған жоқ.
Су басу негізінен ұзақ уақыт жауған қалың жаңбырдың немесе қысқа уақытқы нөсердің, қардың күрт еруінің, мұз кептелуінің, қатты дауыл желдің теңізден немесе өзеннен суды жағалауға қарай айдауының салдарынан болады.
Өзендердің жоғарғы жағында кептелген мұз немесе топырақ үйінділері жырылғанда ғана су кенеттен қаптайды. Ал басқа жағдайларда су басуға орай әрекет жасауға белгілі бір уақыт болады. Дегенмен көктемгі қауырт қар еру кезінде, ұзақ уақыт ауа райы бұзылғанда, өзеннің төмен жағалауларында мұз жүріп жатқан кезде жағалаудың маңына тоқтамаған жөн. Әсіресе қар еріп жатқан кез бен ұзақ уақытқа ауа райы бұзылған кезде үлкен шалшықтардан өту қауіпті. Судың қосымша мөлшері шалшықтан өтуді едәуір қиындатады, сондықтан бұрын тексерілген учаскенің өзі тез арада аса қауіпті, өткел бермес жерге айналады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сүтқоректілер омыртқалы жануарлар

Сүтқоректілер — омыртқалы жануарлардың жылықанды, ең жоғары сатылы тобы. Бұлардың басқа жануарлардан басты ерекшелігі: ррталық жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің ерекше дамуы: дене температурасының біршама тұрақтылығымен (сүтқоректілердің көпшілігінің дене температурасы — 37—39°) қамтамасыз етілетін жылу алмасу жүйесінің күрделілігі; баласын тірідей туып, сүтпен асырау арқылы ұрпағының одан әрі тірі қалуына қолайлы жағдай жасауы. Бұл топтағы жануарлар баласын сүтпен қоректендіретіндіктен, класс сүқоректілер деп аталады. Сүтқоректілер класындағы жыртқыш жануарлар кейде аңдар деп те аталады. Ең жоғары сатыда дамыған, ақыл-ой иесі адам да осы класқа жатады.
Сүтқоректілер орталық жүйке жүйесінің күшті дамуы нәтижесінде құрлықта да, теңізде де, түщы суда да мекендейді, қазіргі кезде олардың 4 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Адамның шаруашылықтағы әрекетіне байланысты сүтқоректілердің кейбір түрлері табиғатта сиреп барады. Сондықтан олардың 230 түрі және 91 түр тармағы ХТҚО-ның, 26 түрі және түр тармағы бүрынғы КСРО-ның, 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Сүтқоректілердің 300-ден астам түрі бұрынғы КСРО-да, 155 түрі республикамыздың кең байтақ аймағында мекендейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Су ресурстарының экологиясы

Қазіргі таңда тұрғындарды сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету, келеңсіз жағдайлар туғызуда, оның ішінде ауыл тұрғындарын қамту 185 су тасымалдау жүйесінің санитарлық- техникалық қағидаларға сай істейтіні 75. Соңғы жылдары ауыз суының сапасы күрт төмендеп кетті. Халықты таза ауыз суымен қамтамасыз ету төменгі дәрежеде, айта кетер болсақ: Байзақ ауданында 7 %, Жамбыл ауданында 21%, Шу ауданында 20,2%, Мойынқұм ауданында 14 % дейін ғана таза ауыз суымен қамтамасыз етілген. Жамбыл облысындағы негізгі ірі үш өзендер: Шу, Талас және Аса. Негізінен өзендердің көбі Арал бассейініне жатады. Тек Іле Алатауының шығыс беткейінен өтетін кішігірім өзендер ғана Балқаш бассейініне жатады. Бұл Жамбыл облысындағы барлық өзендер Қазақстандағы басқа да өзендер сияқты ластанудың өте жоғары деңгейінде тұр. Соңғы уақытта Шу - Талас бассейіндерінің су ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдары және экологиялық жағдайларының алдын алу шаралары жүзеге асырылуда.
Төрт қала, он аудан орталықтары және жекеленген елді мекендері жер асты суларының есебінен сумен қамтамасыздандырудың сенімді көздеріне ие. Облыс аумағында жер асты сулары фтор мен полифосфат қосылыстарымен ластанған. Оның негізгі көздері жергілікті жердегі химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары. Облысымыздағы тағы бір басты мәселелерінің бірі - лол шайынды сулар болып отыр. Кәсіпорындарда шайынды сулардың оқшауланған немесе қарапайым су тазалағыш құралдардың жоқтығынан, олар тазаланбастан сүзгі алаңдарына түсуде. Сүзгі алаңына түскен шайынды сулар өзен жағасындағы елді - мекендер пайдалану нәтижесінде күрделі экологиялық жағдай туғызып және аймақта эпидемиологиялық жағдайды күрделендіріп отыр. Осыған байланысты ішек аурулары көбеюде. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Статистика

Статистика пәні халықты эеономикалық және табиғи жиынтықтарды зерттейді.Бұл жиынтықты өзгерістің бағытын заңдарын анықтау үшін оның көптеген бірліктерін және ғылыми қағида бойынша іріптеліп алатын өкілдердің зеріттеуге қатыстыру керек.Statistic термині латынның-статус деген сөзінен шыққан,ол белгілі бір заттың белгілі бір орнын айтады.Ең алғаш рет статистика ұғымын неміс ғалымы Ахен Валь өзінің мемлекеттерді басқару деген еңбегінде келтірген.Жалпы статистика ұғымы үш мағынаны білдіреді:
1) Белгілі бір салада қызмет ететін адамдарды білдіреді.
2) Статистика деп-статистика тәжірибесіне қажетті ережелермен мен құжаттарды дайындайтын ғылымды айтады.
3) Статистиканың белгілі бір саладағы мекемелердегі кәсіпорынның әлеуметтік-экономика жағдайы туралы мәліметтер.
Қоғамда болып жатқан процесстердің сандық жағынан сапа жағымен салыстыратын пән статистика пәні боып табылады.Статистика тілі-сан,ал қоғам-статистиканы қамтитын обьектісі.Статистика қоғамдағы құбылыстың процестердің өзгеру көлемін,шамасын,деңгейін,есептеу санақ мәселелерін өркендеу,дамуының қарқынын зерттейді.Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстық өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының өзгеруінің заңдарын оның сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді.Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігін және ондағы еңбеккерлер санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды.Статистикалық әдістерді өздерінің қолданысына байланысты және бірінен соң біріне жалғастырып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді:
1) Статистикалық бақылау-яғни бастапқы мәліметтерді жинау.
2) Жиналатын мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау,өңдеу,жинақтау.
3) Жинақталған,өндірілген,топтастырылған мәліметтерге талдау және қорытынды жасау.
Осы аталатын әдістердің жиынтығын статистикалық әдістемелер және зерттеу кезеңі деп аталады.Сонымен қатар статистика әдісінің құрамына жалпылай және ішнара байқау,топтау және тұжырымдамаға сипаттама жасау ұғымдары кіреді.Белгілі бір жердегі және уақыттағы біртекті нышан иесінің көптілігін статистика жиыны деп атайды.Нышан иесінің бірін немесе шағын тобын зерттеу арқылы статистика заңдарының тұрғысынан тұжырымдап жасағанда болмайды.Халықтың бірлігіне адам тұрғыдан өнеркәсіптің бірлігіне кәсіпорын ауылшаруашылығының бірлігіне фирма жеке шаруашылық иесі жатады.....
Рефераттар
Толық
0 0