Реферат: Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит – ұйқыбез паренхимасының, түтіктерінің зақымдануымен дамитын және этиологиялық фактордың тоқтауына қарамастан өрістейтін, соңында бездің склерозына, экзо-, эндогендік функцияларының жетіспеушілігіне әкелетін ұйқыбездің созылмалы қабыну-дистрофиялық ауруы.
Этиологиясы.
1.Ішкілікке салыну(90%). Күн сайын 100-ден алкогольді немесе 2 –л ден сыраны ішу 3-5 жылдан кейін ұйқыбезде гистологиялық бұзылыстарды дамытады.
2.Барлық гипертензия – бауырдан төмен биллиарлық түтіктерде қысымның биіктеуі (Фатер емізігінің стенозында, Одди сфинктерінің түйілуінде, холедохта тастың тірелуінде, және онекелішектік гипертензияда болатын).
3.Дуоденобиллиарлық рефлюкс (Одди сфинктерінің шамасыздығынан, дуоденостаздан болатын).
4.Алиментарлық фактор- майлы, қуырған тағамды асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдер, әсіресе А витаминінің тапшылығы.
5.Вирустық инфекция (Коксаки В, гепатиттің вирустары).
6.Дәрмектердің әсерлері (ұзақ қолданған цитостатиктер, эстрогендер, нитрофурандар, қабынуға қарсы дәрмектер, тиазидтік диуретиктер, холинэстераза ингибиторлары).
7.Гиперлипидемиялар (ұйқыбездің паренхимасы мен тамырларына шамадан тыс май жиналуы және бос май қышқылдарының улық әсер етуі).
8.Гиперпаратиреоз (ұйқыбездің түтіктерінде тастардың түзілуі, кейіндеу-кальцинозы).
9.Жедел панкреатиттің созылмалыға ауысуы.
Патогенезі.
Алкоголь ұйқыбездің секрециясын күрт күшейтеді және сөлінде белоктың мөлшерін арттырады. Бөлінетін сөл белокқа аса қаныққан ерітінді болғандықтан, құрамындағы белок ұсақ түтіктерде уыз тәрізді ұйып түтіктердің өтімсіздігіне әкеледі. Қысымның биіктеуінен, түтікшелердің немесе ацинустардың базальдік мембраналары жарылады, бездің паренхимасына өткен ферменттер оны бейтараптайды. Қанға «тасып»түскен ферменттердің әсерінен өзге ағзаларда жүйелі зақымданады. Бездің өз-өзін бейтараптауынан химиялық некроздар дамиды. Бездің секрециясы неғұрлым күшті болса, деструкцияның көлемі де соншалықты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Социологиялық зерттеу

Социологиялық зерттеуге – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтыры жатады.
Социологиялық нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін социологиялық зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу – зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.
Социология – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.
Социологияны қоғамдық өмірдің бір ғана саласымен шектеуге болмайды. Социологияның зерттеу нысаны – индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.
П. Сорокин ұзақ жылғы ғылыми ізденістерінің барысында социологияның пәні мәселесіне әлденеше рет қайта соғып, «Түрлі теориялық методологияның шекарасы мен пәні» (1913) атты арнайы жазылған көлемді мақаласында, «Қылмыс пен жаза» (1914), «Социология жүйесі» (1920) кітаптарының жеке тарауларында бұл мәселеге кеңінен тоқталды. Оның бұл мәселе туралы зерттеулері пікірлерінің сабақтастығымен, жүйелілігімен, талдауларының жаңашылдылығымен ерекшеленеді. П. Сорокин «Социология жүйесі» атты еңбегінде «әрбір социология теоретигінің бірінші міндеті бұл – пәннің анықтамасын айқындап алу, бұлай болмаған жағдайда айтқандардаң бәрі анық емес, бұлыңғыр деген кінә тағылуы мүмкін» деп жазды.
Қазіргі заманғы социология ғылымының зерттеу нысаны мен пәні бұл ғылымның ұзақ тарихи дамуының нәтижесі, ғалымдардың толқын-толқын ұрпақтары зерделеген ғылыми ізденістердің жемісі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары

Ғасыр дерті аталған дерт төңірегінде қалыптасып отырған тауқымет әр жерде әр түрлі. Бұл ретте Теміртау мен Павлодар өңірлері көш басында тұрса, Астана да қауіпті дертке ауыздықтала бастапты. 1997 мен 2005 жылдардың арасында Астанада 55 адамның ВИЧ індетін жұқтырғаны анықталған.

– Алматыда ВИЧ індетін жұқтырғандардың динамикасында қандай өзгерістер бар?
– Алматыда СПИД дертіне ауыздықталғандардың қалғандардың динамикалық өсімі 2000-2001 жылдары ерекше байқалды. Ал 2002-2003 жылдары жағдай тұрақтала бастағандай сыңай байқалды. ВИЧ-тің ең жоғарғы сатысы – СПИД-ті жұқтырған 7 адам о дүниелік болып кетті. 2003 жылы ВИЧ індетін жұқтырған 183 науқас тіркелсе, 2004 жылы олардың қатары 196-ға жетті. Соңғы екі жылда ғана ВИЧ індетін жұқтырған әйелдерден туған баланың саны – 10, олардың 5-уі туыла салысымен профилактикалық ем қабылдап, індетті жұқтырудың ықтималдылық мүмкіндігін 10 пайызға төмендетсе, қалған 4-уі дәрігерлердің бақылауында тұр, ал 10-шы бала өзбекстандық анасымен бірге еліне қайтарылды.
Ал жалпы есепте, Алматы қаласында 668 диагнозы дәлелденген науқас ресми түрде тіркелген. Науқастың таралу көзі бұрынғыдай – нашақорлар, жезөкшелер және кездейсоқ жандармен сақтанбай жыныстық қатынас жасаған жеңіл жүрісті жандар. Ал олардың өз еркімен орталыққа келіп, «мені тексер» демейтіні белгілі. Науқасқа шалдыққаны кездейсоқ тексерілген кезінде ғана анықталады. Демек, біздің есебіміздегі 668-ден әлденеше есе көп, 4-5-мыңның шамасында болуы да мүмкін.
Ертеректе індетті тасымалдаушылардың 50 пайызы сырттан келгендер болса, ол қазір 20 пайызға кеміді, қазір дертті жұқтырушылардың 80 пайызы алматылықтар, бұл дегеніңіз ғасыр дерті «алматылық» бола бастады деген сөз. Көңілге медеу тұтатынымыз, індетке шалдыққандардың арасында жасөспірімдер жоқ.
– Індетті ауыздықтау мақсатында қандай шаралар қолданып жатырсыздар?
– ВИЧ індетін тасымалдаушылардың 80 пайызы ортақ шприцті қолданатын нашақорлар. Оларға көмек көрсету мақсатында 10 жерден жедел жәрдем кабинеттерін аштық, олардың 3-уі көшпелі. Онда нашақорларға бір ретті шприцтер беріледі, бұған қоса індеттің зардабы туралы әдебиеттермен танысады.
Қуыс-қуыстарда, үй аулаларында қан дағы бар уколдардың шашылып жататыны ешкімге таңсық емес. Біраз ата-аналар ойын балаларының сол уколдарды қызық көріп, ауыздарына салатыны, тіпті денелерін түйреп көруге әрекеттенетіндері жөнінде шағымданып жатады. Түрлі қайырымдылық орталықтарынан тартылған (волонтерлер) еріктілер нашақорлармен әңгіме жүргізу барысында, қолданылған шприцтердің қайтарылуына да баса көңіл бөледі.
– Медицина терапиясы ВИЧ індетін жұқтырғандардың өмірін қанша жылға ұзарта алады, соңғы жаңалықтары не дейді?
– Әлемдік медицина қауымдастығында СПИД созылмалы дерт ретінде ғана қаралады. Дәрі-дәрмектердің СПИД вирустарына қарсы тұра алатын құрамы олардың мөлшерін қысқартып, адам өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Қазір ВИЧ індетін жұқтырғандардың жағдайы үнемі инсулинмен жүретін қант диберіне шалдыққан науқастардікімен бірдей.
Қазір әлемдік қауымдастық «үшке-бес» деген ұсыныс төңірегінде көбірек айтып жүр. Таратып айтар болсақ, 2005 жылы 3 миллион адамның өмірін арашалау. Ал Қазақстан жағдайында 250 адамға медициналық жәрдем көрсетіледі. ДСҰ ұйымынан да, әлемдік қауымдастық қорынан да 2008 жылға дейін жететін жеткілікті қаржы бөлінді.
Құрамына ВИЧ вирустарын алатын дәрілер Үндістанға жеткізіледі. Індетке байланысты үнді терапиясының ерекшелігі, ем қабылдаушы науқастан аса дәлдікті қажет етеді. Егер грамынан қателессе – соған дейін қабылданған дәрілердің дәрулік қасиеті жойылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: СЫЗЫҚТЫ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІНДЕГІ ӨТПЕЛІ ПРОЦЕСТЕР

Активті кедергісі және индуктивтігі бар реал катушка кернеу көзіне қосылған (1,а-сурет). Тізбектегі кернеулер Кирхгофтың екінші заңы бойынша
(1)
Мұндағы индуктивтік кернеу өздік индукция ЭҚК-не тең де

Ал активті кернеу

Кернеудің осы мәндерін (1) теңдігіне қойса
(2)
Электр көзі кернеуінің мөлшерлі мәні бар шама. Мысалы, пәтерлердегі электр желісінің кернеуі 220 В – тұрақты шама. Осындай мөлшерлі кернеудің әсерінен тізбекте ток кенеттен секіріп өзгерді делік, яғни өте аз уақыт ішінде ток мөлшерлі шамаға жеткен. Ендеше нольге ұмтылғанда токтың уақытқа қатынасы өте үлкен мәнге ие болады, яғни

Токтың өзгерісінің осы мәнін (2) теңдігіне қойса, оң жағы мөлшерлі шама да, сол жағы өте үлкен шама болып, Кирхгофтың екінші заңына қайшы келеді. Олай болса токты өте аз уақыт ішінде секіріп өзгереді деп есептеу қате: ток индуктивті катушкада кенеттен секіріп өзгере алмайды. Мұның себебі катушканың индуктивтігінің болуында – онда пайда болатын өздік индукция ЭҚК-і тудыратын токтың тізбектің тогына кері бағытта болып (Ленц заңы бойынша), оны тез өсірмейтіндігінде. Бірақ катушкада кернеудің секіріп өзгеруі мүмкін.
Енді активті кедергісі (астарларының арасымен аздап ток жүретін) және сыйымдылығы бар конденсатор кернеу көзіне қосылған екен делік (1,б-сурет).
Кирхгофтың екінші заңы бойынша

Немесе
(3)


1-сурет. Реал катушка (а) мен реал конденсатордың (б) орынбасарлық схемалары

Тізбектегі ток сыйымдылыққа және ондағы кернеудің өзгерісіне байланысты, яғни

Токтың осы мәнін (3) теңдігіне қойса
(4)
Қарастырылып отырған тізбекте кернеу кенеттен секіріп өзгеріп, өте аз уақыт ішінде мөлшерлі шамаға жетті десе, нольге ұмтылғанда кернеудің уақытқа қатынасы өте үлкен мәнге ие болады, яғни

Кернеудің өзгерісінің осы мәнін (4) теңдігіне қойса, оң жағы мөлшерлі шама да, ал сол жағы өте үлкен шама болып, Кирхгофтың екінші заңы орындалмай қалады. Ендеше кернеуді кенеттен секіріп өзгереді деп есептеу қате: конденсаторда кернеу өте аз уақыт ішінде секіріп өзгере алмайды. Мұның себебі конденсатордың сыйымдылығының болуында – оның кенеттен зарядталып не зарядсызданып бітпейтіндігінде. Біра конденсаторда токтың секіріп өзгеруі мүмкін. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Теміржол көлігіндегі құрылғылар мен құрылыстар

Теміржол көлігі  күрделі көп салалы шаруашылық. Оның құрамына темір-жол мен кәсіпорындар, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық, мәдениет-тұрмыс, медициналық мекемелер, ғылыми және оқу институттары, техникумдар, мек-тептер кіреді.
Тасымалдау процестерін орындау үшін жылжымалы құрамнан және құры-лыстар мен құрылғылардан тұратын теміржолдың техникалық құралдары бар Олар: бөлім бекеттеріндегі жол тарамдары. Олар пойыздарды қабылдауға, жөнелтуге, қарсы қабылдауға, басып озуға, вагондарды таратуға,және сұрып-тауға, т.с.с. операцияларды орындауға арналған; жолаушыларды мінгізуге, түсіруге және т.б. қызмет көрсетуге арналған құрылыстар; жүктерді түсіруге, тиеуге, сақтауға арналған құралдар; пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін қамта-масыз етуге және өндіріс процестерін жеделдетуге арналған автоматика, те-лемеханика, байланыс және есептеу техникасының құрылғылары; локомо-тивтер мен вагондарды жабдықтау мен жөндету құрылыстары; электрмен қамтамасыз ету құрылғылары ( бұған қосалқы жетек стансалары және электр-лендірілген жолдардағы түйіспе жүйелері кіреді); сумен қамтамасыз ету құ-рылғылары; материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету құрыл-ғылары.
Теміржол қарамағындағы өнеркәсіп орындарына қызмет көрсететін ( вагон-дарды беру, қайтару және тиеп-түсіру операциялары және басқалары орында-лады) аймақтық көлік салаларының аралық қатынасының (шаруашылық есепті) бірлестіктері мен өнеркәсіп орындары кіреді.
Теміржолдардың барлық аймақтарда орналасуына, пойыздардың барлық жағ-дайда жүйелі түрде жүруін және теміржол конвейерінің барлық бөлімдерінің нақты түрде өзара бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету керектігіне байла-нысты, олардың жұмыс ерекшеліктеріне лайықты басқару құрылымы да өзіне тән ерекше болады. Бұл құрылымның теміржол көлігін басқаруда негізгі принциптері бар:
а) бір орталықтан басшылық етуді (төменгі органдар жоғарыға бағынады), жол бойындағы бөлімшелерге үлкен хұқықтар мен дербестік беруді үйлесті-ру ;
б) дара басшылықты сақтау;
в) өндірістік-территориялық принциппен басқаруды ұйымдастыру....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Якобиншілдер диктатурасы

Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке якобшілдер келді. Революция жаңа күштерді жинай бастады. Елде революциялық диктатура өкіметі құрылды. Ол буржуазиялық-демокра-тиялық революцияның жетістіктерін нығайтуда батыл шаралар қабылдады.
Монтаньярлар аграрлық мәселелерді шешу арқылы якобиншіл Конвенттің халық бұқарасымен байланысын нығайтуға тырысты. 1793 жылдың 3 маусымында шет елге қоныс аударғандардың иеліктерін мүмкіндігінше ұсақ бөліктермен 10 жыл көлемінде өтей алатындай етіп несиеге сату жөнінде заң қабылдайды.
10 маусымда қабылданған заң бойынша барлық қауымдастық жері қауым шаруаларының жеке меншігі деп жарияланды. Шаруалар кезінде мырзалар олардан тартып алған жерлерін қайтаруды талап етті. Егер бұл шешімді тұрғындардың үштен бірі қолдаса, онда барлық қауымдастық жер әр шаруаға жеке иелікке бөлінуге тиіс. Ақыр соңында, 1793 жылдың 17 шілдесінде қабылданған декрет барлық феодалдық қалдықтарды толығымен жойды.
1793 жылдың маусымында Конвент Францияның жаңа конституциясын қабылдады. Конституция республика өкіметінде бір палаталы жиналыс болуын, төтенше сайлау жүйесін және де сайлануға қатысатын ерлердің жасы 21-ден темен болмауын қарастырды. Сондай-ақ демократиялық құқықтар мен еркіндіктер жарияланды. Революцияның өрлеу кезінде пайда болған якобшілдердің буржуазиялық-демократиялық конституциясы халықтың барлық талаптарын қанағаттандырды.
Бірақ та осының барлығына қарамастан, шілде-тамыз айларында республиканың жағдайы қиындай түсті. Коалиция әскері республикаға қарсы шықты, сөйтіп, экономикалық жағдай нашарлап, азық-түлік дағдарысы басталды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Судың ластану мәселесі

Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың, әсіресе аузы судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтай ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам (негізінен балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн.-нан 1 млрд.-қа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады.
Судағы химиялық элементтердің жиынтығы жануарлар мен адамның қанының құрамына жақын болады. Бұл өмірдің суда пайда болғандығының дәлелі бола алады (1 кесте).
Судың тұздылығы әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Аталған көрсеткіш бойынша судың мына категорияларын бөліп көрсетеді:



Химиялық элемент

Еріген заттардың жиынтығынан 
Мұхит суы Адам қаны
Хлор 49,3 55,0
Натрий 30,0 30,6
Оттегі 9,9 5,6
Калий 1,8 1,1
Кальций 0,8 1,2
• Тұщы су – 1 г/л дейін;
• Тұздылау – 1-3 г/л;
• Аз тұзды – 3-10 г/л;
• Тұзды және өте тұзды – 10-50 г/л;
• Рапа - 50 г/л артық.
Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз (3,5 немесе 35 -промилле) болады. Суларда органикалық заттар мен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады.
Адам суды оны пайдалану мақсатына байланысты бағалайды: ауыз су, техникалық қажеттіліктер үшін, ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін және т.б.
Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар (ЗЖЖК) қолданылады.
Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар бак-териологиялық және органолептік қолданылады.
Судың бактериялық жағдайы төмендегідей анықталады:1) судағы бактериялардың жалпы саны, ол судың 1 миллиметіріне 100-ден аспауы керек; 2) ішкі таяқшасы тобының бактерияларының саны арқылы. Ол коли-индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен көп болмауы керек) немесе коли – титрмен анықталады: Бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл-ден кем болмауы керек) анықталады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Темперамент туралы жалпы теориялары

Еш уақытта бір адам екінші адамға ұқсамайтыны белгілі, әйтеуір бір өзгешелігімен ажыратылып тұрады. Себебі, генетикалық, әлеуметтік және интеллектуалдық негіздерінің қоспасы ғана әрбір жеке тұлғаның толық бейнесін жасап береді. Сондықтан кез-келген азамат өз психикалық қасиеттерінің, оның ішінде темпераментінің жақсы жақтарын дамытып, ал әлсіз жақтарын жұмсартуға, яғни басқа адамдармен қарым қатынасында барынша «көркем» көрінуі ғанибет емес пе?! Осының өзі осы тақырыпта игерудің өзектілігін көрсетіп отыр деуіміз орынды. Темпераменттердің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайьш оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның одан алатын әсері де мол болады. Осыған орай темпераменттердің өзгеріске түсетін ерекшеліктері буркемеленеді. Дамудың жоғары деңгейінде темпераменттерді анықтаудың қиынға соғатынының тағы бір себебін бұлардың мінез сапаларымен араласып, қарым-қатынастың жаңа формаларының ішіне еніп кететіндігінен деп ұғыну қажет. Сондықтан да біз кейде темперамент көріністерін - мінез бітімі деп, керісінше, мінез бітімдерін - темперамент ерекшеліктері деп шатастырамыз.
Жүргізілген зерттеулер жүйке қызметімен темпераменттің типтері өте ерте көріне бастайтындығын аңғартқан. Мәселен Е.П.Ересь үшінші сынып оқушыларының темпераменттерін зерттегенде (9-10 жастағылар), бұлардың арасынан темперамент айқын ажыратылған барлық типтерін тапқан. Бұл жөнінде И.В. Страхов зерттеулерінде де айтылады. Зерттеу объектісі болған 39 оқушының 33-інде темпераменттің анық түрлері кездескен де, бұлардың алтауы - аралық темпераментке жатқызылған. Сангвиниктердің таза типтері - 9 адам, холериктер - 10, флегматиктер - 9, меланхоликтер - 6 адам болған....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сүт өнімдері

Сүт-адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенуді үйренген секілді.
Сүт шаруашылығын өркендетуде оны барынша дұрыс ұйымдастыру мен орналастырудың маңызы өте зор. Мұны жүзеге асыру – малды жер-су жағдайларына, табиғи ерекшеліктерге және жем шөптің жеткілікті болуына қарай орналастыру деген сөз.Осылай орналастырғанда еңбекті және басқа ресурстарды аз жұмсап, өнімді көп алуға мүмкіндік туады.
Сүт өндірісін ұйымдастыру,орналастыру және пайдаланудың өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар. Олар- сүт бағытындағы мал шаруашылығы, сүт өнеркәсібі және тұтынушылардың алыс-жақындығы, ауа райының ыстық-суықтығы, транспорт пен арнайы ыдыстардың жеткіліктігі, т.б. факторлар. Осыған байланысты мамандандырылған сүт шаруашылықтарының көбісі ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарына жақын орналасқан.
Сүт-тағамдардың ішіндегі ең құнарлы,әрі таңдаулы түрі.Оның құрамында жүзден астам витаминдер, қант, минералдық тұздар, гормондар, т.б. түрлі элементтер бар. Мұның бір ерекшелігі – сол элементтердің бәрі адам организмі үшін өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағамдар, шипалы сусындар жасауға болады, демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.
Сүт тамағы азық түлік рыногының құрамдас бөлігі ретінде экономикалық жүйе қандай болса да, күнделікті сұранысқа ие және кез келген мемлекеттік рыногында тұрақты орын алады. Қазақстан бұрын осы бір аса бағалы тағамдық өнімді өте көп өндіру, көп тұтынуы мен ерекшеленетін.
Сүт – табиғатының ең құнды өнімі. Адам организмі оның құрамындағы қоректік заттарының 98-99% пайдаланады. Сүттің жоғары қоректік қасиеттерін келесі деректерге қарап білуге болады: 1 литр сүт құрамындағы белок мөлшері- 15 грамм сиыр еті, немесе тауықтың 5 жұмыртқасы, немесе 1 кг. нан құрамындағы белокқа тең. Сүттің жарты литрі адамның амин қышқылдарына деген тәуліктік қажеттілігін қанағаттандырады, ал сүттің 1 литрі адамнвң май, кальций, фосфор, рибофлавинге қажеттілігін толық, белокқа қажеттілігін жартылай, ал аскорбин қышқылы, ретинол, тиаминге қажеттілігінің 1/3 бөлігін қамтамасыз етеді.
Сүт адамның жүрек қызметіне қолайлы әсер етеді. Ағылшын дәрігерлері 10 жылдан астам уақыт ішінде жүргізілген ғылыми ізденісте 45-59 жастағы 5000 ер адамды бақылыған. Нәтижесінде сүтті жақсы көретін адамдар оны ішпейтін адамдармен салыстырғанда жүрек ауруларымен 10 есе сирек ауыратындығы анықталған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ

Жүректің туа біткен ақаулары қауіпті патология болып табылады, ол жас нәресте өлімімен, әсіресе өмірінің бірінші жылында ұласады. Жүректің туа біткен ақауларының жиілігі түрлі авторлардың деректері бойынша 0,7-1,7% құрайды. Салыстырмалы деректерге қарағанда, кеңестер одағында жыл сайын туылған 5,5 млн нәрестенің 44000- да жүректің түрлі ақаулары анықталған.
Жүректің туа біткен ақаулары эмбриогенез процессінің бұзылуынан және постнатальды кезеңде қалыпты дамудың тежелуінен дамиды. Барлық жүрек сырқаттарының арасында туа біткен ақаулар 1-2% жағдайда кездеседі. Жүректің туа біткен ақауларының 90 түрі және олардың көптеген үйлесулері анықталған.
Туа біткен ақаулар арасында қарынша аралық перденің дефекті (15-20%), магистральды тамырлардың транспозициясы (9-15%), Фалло тетрадасы (8-13%), аорта коарктациясы және сол қарынша гипоплазиясы синдромы (7,5%), ашық артериальды өзек (6-7%), ашық атриовентрикулярлы каналдың түрлі формалары (5%) кездеседі.
Жүрек ақауларымен туылған нәрестелердің 14-22% алғашқы 1-апталық өмірінде өліммен ұласады, 1-айда 19-27%, 30-38% бір жасқа дейін жетпейді.
Бір жасқа дейінгі өлім 40% құрайды, яғни нәрестелердің басым көпшілігі емшек жасында, ал олардың 70% алғашқы айда өледі екен. Тірі қалған науқастардың басым көпшілігі өкпе гипертензиясы, ОЖЖ зақымдалуы, септикалық эндокардит сияқты асқынулардың немесе ақаудың әлсіздігі арқасында операциялық емге келмейді. Үлкен жастағы науқастардың шағын тобы ғана оперативті емге мүмкіншілік алады.
Жүректің туа біткен ақауларын шартты түрде мынадай топтарға біріктіруге болады:
Веналық қанның артериялық өзекке түсуімен сипатталатын (оңнан солға, біріншілік-көк) жүрек ішілік патологиялық қатынастары бар ақаулар. Бұл топқа: Фалло триадасы, тетрадасы, пентадасы, үш жармалы қақпақша атрезиясы, үш жармалы қақпақшаның оң қарыншаға қарай ығысуы және жүрекше аралық перденің дефекті, тамырлардың транспозициясы.
Артериялық қанның веналық өзекке түсуімен сипатталатын (солдан оңға, біріншілік-ақ) жүрек ішілік патологиялық қатынастары бар ақаулар: жүрекше аралық перденің дефекті (бітпеуі), қарынша аралық перденің дефекті, ашық артериалды өзек, аорта-өкпе жыланкөзі, митральды қақпақша тарылуы мен жүрекше аралық перденің дефекті.
Қанайналым бұзылыстары жүректің магистральды тамырларының тарылуымен сипатталатын туа біткен жүрек ақаулары: өкпе артериясының жекеленген тарылуы, аорта ұшының тарылуы, аорта коарктациясы.
Туа біткен жүрек ақауларына ортақ бір себеп жоқ. Олар генетикалық жүйенің көптеген факторларының және сыртқы әсерлердің қатынасында дамиды.
Мысалы, жүктілік кезіндегі қызамық, нәресте туылған соң бір қатар дефекттерге (саңырулық, катаракта, микроцефалия), сонымен қатар жүрек ақауларына (қарынша аралық перденің дефектіне, өкпе артериясының
тарылуына) алып келетіні анықталған. ....
Рефераттар
Толық
0 0