Реферат: Түйсiктің рефлекторлық табиғаты

Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атаймыз. Түйсік тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті – сезгіштіктің ең маңызды көрінісі.
Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты-жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Ол бiлiм атаулының алғашқы көзi. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оның алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады.
Түйсiктер заттар мен нәрселердiң тек жеке қасиеттерiн ғана мида бейнелейдi. Мәселен, адам секундтың 1/10 бөлiгiнде жалт еткен жарықты көрдiм деп айта алады, бiрақ оның қалай деп аталатынын бiлмейдi.
И. П. Павловтың жүйке қызметi туралы iлiмi түйсiктердiң пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсiндiредi. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөлiктен құралады. Олар: бiрiншi сезiм мүшесi (рецептор). Сезiм мүшесi сырттан келген тiтiркендiргiштердi жүйкелiк қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екiншi бөлiгi — миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездiкпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлi бөлiктерiне жеткiзiп отырады. Анализатордың үшiншi компонентi (құрамы) — мидағы түрлi жүйке орталықтары. Олар тiтiркендiргiштердi айыра алуға қабiлеттi нейрондардан тұрады.
Егер осы айтылған анализатордың үш бөлiгiнiң бiрiне зақым келсе, (мәселен, көзге зақым келсе) көру түйсiгiне нұқсан келедi. Анализаторлардың мидағы ядролары тиiстi аймақтарға орналасқанмен, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бiрiнiң қызметiн екiншiсi атқара алуға да қабiлеттi. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды. Сезiм мүшелерiнiң мимен байланыстылығы жәйлi Шәкәрiм “Тән сезiп, көзбен көрмек, мұрын-исi, тiл — дәмнен хабар бермек. Бесеуiнен мұндағы ой хабар алып, жақсы жаман әр iстi сол тексермек”,— деп мидың жетекшi, басқарушылық рөлiн ерекше атап керсетедi.
Кейбiр философтар мен психологтар адам түйсiктерi заттардың объективтiк қасиеттерiн бейнелемейдi, олар тек осы заттардың әсерiнен сезiм мүшелерiнде пайда болатын өзгерiстердi ғана бейнелейдi дейдi. Олардың айтуынша, түйсiктердiң мазмұны сыртқы тiтiркендiргiштердiң, яғни сыртқы дүниедегi заттар мен құбылыстардың қасиеттерiне байланысты емес, түгелдей сезiм мүшелерiнiң өздерiнiң қасиеттерiмен белгiленетiн болып шығады. Осы тұрғыдан қарағанда түйсiктер сыртқы дүниедегi заттардың бейнесi емес, қайдағы бiр шартты белгiлер, символдар, иероглифтер болып шығады. Бұл түсiнiк бойынша бiз түйсiктерiмiздiң ненi бейнелейтiнiн, оларға не сәйкес келетiнiн де, заттарды қалайша танып бiлуге болатынын да түсiндiре алмаймыз. Мұндайда тiптi бiз заттардың өзiнiң қандай нәрсе екенiн де бiле алмайтын боламыз. Өйткенi белгi дегенiмiз қандай затты болса да, қандай оқиғаны болса да таңбалай алады, бiрақ оның өзi таңбалайтын затына ұқсас бола бермейдi. Түйсiк жөнiндегi осы теориялардың қай қайсысы да сезiм мүшелерiнiң көрсеткенiне сенбейдi, заттар мен құбылыстардың бiзден тыс өмiр сүретiндiгiне күдiк туғызады, егер түйсiктер заттардың объективтi қасиеттерiн бейнелемейтiн болса, онда адамдардың табиғат пен қоғамды танып бiлудегi табыстары мен олардың белгiлi бiр мақсатқа сай еңбек етуi мүмкiн болмас едi.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Үй жылуын сақтайық

Жобаның мақсаты парниктік газдардың, басқа да зиянды заттардың қалдықтарын тұрғын үйлерде және қоғамдық ғимараттарда тұтынуды төмендету, тұрмыстық қалдықтарды қысқарту, қалада экологиялық қолайлы орта жасау есебінен азайту болып табылады.
Таяу күндерге дейін тұрғын үй мен коммуналдық қызмет үшін төленетін ақыны мемлекет белілеп келді. Бүгіндері тұрғындардың бұл қызметке толық ақы төлеуі қарастырылуда.
Салынған ғимараттардың көпшілігін пайдалану мерзімнің өтіп кеткендігі қиындық туғызуда. Қазақстандағы қалалардың тұрғын үй қорының 50 – 60 проценті жер сілкінуге төзімділік талаптарына сәйкес келмейді. Жаңа орталық – Астананың құрылысын салуда жер асты сулары қиындық келтіруде, бұл өте сапалы, тез арада өзін-өзі өтейтін технологияны талап етеді. Каспий теңізінің деңгейі көтеріліп, су астында қалу қаупі көбейді. Атырауды салу жобасына ұқсас проблемалар мұнда да туындап отыр. Сонымен қатар бір шаршы метрдің өзіндік құны 90 – 100 долларға дейін, одан да төмендетілетін табиғи экологиялық материалдардан энергияны сақтайтын тұрғын үйлер салудың әлемдік тәжірибесі де бар.
Қазақстанда жылу сақтау деңгейі төмен бұрын салынған 250 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануда. Тұрғын үй қорында жылудың ысырабын төмендетудің республика үшін маңыздылығы ерекше. Ғылыми-зерттеу институттарының мәліметтері бойынша пайдаланудағы тұрғын үйлердегі жылу энергиясының шығыны есептелген мөлшермен салыстырғанда 25 – 30 проценттен асады.
Жобада энергияны үнемдейтін құрылыс технологиясына маркетингтік зерттеу жүргізу қарастырылған. Жекелей энергиямен жабдықтаудың жағдайға байланысты жүйені таңдау жүргізіленді. Бұл жүйеге жел, күн қуатын, биогаздың органикалық қалдықтарынан, мұнай кеніштерінің қуалай соққан газы, мұнай өнімдерінің қалдықтарын, көмір шахтыларынан шыққан метанды, т.б. ұқсатудан алынған қуатты пайдалану енеді. Жылыту мерзімі барынша ұзақ солтүстік аймақтардағы бағдарламаны жүзеге асыру көзделіп отыр.
Экологиялық тауарлар мен тұрғын үй салуғаарналған жабдықтарды сатып алу мен өндіру жолға қойылады.
Экологиялық қоныстар Көкшетаудағы эксперименттік ғимараттарды жылылау немесе қайта қалпына келтіру және жабдықтары мен технологиясын сататын және жасайтын сауда орталығын салу қолға алынады.
Негізгі жауап кершілік ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігіне, энергетика, индустрия және транспорт министірлігі жанындағы тұрғын үй мен құрылыс саясаты жөніндегі комитетке, Сәулетшілер одағына, Дизайнерлер одағы жанындағы жобалық болжамдар лабораториясына, Алматы энергетика және байланыс институтына, тұрақты қоныстар ассоциациясына және фирмасына (Новосібірдегі Академқалашық), қазақ құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу институттарына жүктелген. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Стилистика және жалпы халықтық тіл

Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанның оқу-тәрбие саласында білімнің жаңа жүйесі қалыптасуда. Ол әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі.
Мемлекеттік әлем кеңістігінде басқа елдермен тең тұрып, өркениетті ел ретінде танымал болып, халықтың әлеуметтік жағдайы, білімі мен ғылымы, өнері, мәдениеті дүниежүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында мағыналы да маңызды жұмыстар атқару - әрбір педагогқа үлкен сын және парыз.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-педагогикалық технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету. Сондықтан болашақ ұрпақ қазіргі ғылым мен білімнің тұтқасын ұстап отырған ғалымдар мен ұстаздарға ерекше жауапкершілік артады. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе”, - деп ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынов айтқандай, жаңа қоғамдық формацияның болашақ маманы ғылымның өзекті мәселелерге сай зерттелуіне, білімнің сапасы мен тиімділігіне, практикалық тәжірибенің нәтижелігіне байланысты қалыптасады және тәрбиеленеді. Жаңа қоғам жаңа маманды қажет етеді.
Жас ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сана деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Тарихи кезең жүктеген зор міндеттерді ойдағыдай орындау әрбір пән иесінің азаматтық санасы мен жауапкершілік сезіміне, қызметін сүюі мен қажырлы ізденісіне, оқу-әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігіне, жеке басының ой-өрісі мен мәдениетіне тікелей тәуелді. Білім беру саясатының тұжырымдамасына сай, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын танымдық мәдениеті биік, ұлттық мәдениетті жете меңгерген, интеллектуалдық өрісі жоғары, өзін-өзі үнемі дамыта алатын белсенді, қабілетті жастарды тәрбиелеуде стилистика пәнінің, соның ішінде көркем әдебиет стилистикасының рөлі ерекше екені сөзсіз.
Әдеби көркем туындыда халықтың өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері, тұрмыс- салты, әдеп-ғұрпы, психологиясы, менталитеті, адамгершілік-эстетикалық-философиялық ұғым-түсінігі, арман-мұраты – баршасы көрініс тапқан, тілдік бай қазынасы жинақталған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Су мәселесі

Қанша қиюластырғың келгенімен, әу бастан қиюы қашқан нәрсенің икемге келіп, иліге кетуі екіталай. Ал икемге келтіру үшін амал-тәсілдің сан түрін ойластырып, мәселеге жан-жақты байыппен қарағанда ғана бұрыннан түйіні шешілмей жүрген түйткілді дүниенің түйіні тарқап, күрмеуі біраз да болса шешілер еді. Әйтпесе...

Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және саяси мәселе сипатына көшетін сыңайы бар.

Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы

Көтерілістің ең басты көсемі, деревняның қолөнершісі, үй төбесін жабушы Уот Тайлер болды және әдетте көтерілістің бәрі де соның атымен аталғанды. Ол соғыс ісімен әбден жете таныс, шебер ұйымдастырушы және ке-терілісшілердің арасында үлкен беделді адам болды. Эссекс пен Кенттің үлкен екі отрядтарымен шаруалар Лондонға таяп келіп жетті. Олардың мақеаты II Ричардпен кездесіп одан шаруалардың хал-жайын жеңілдетуді өтіну болған еді. Шаруалардың басым көпшілігі «Қайырымды корольге» сеніп, өздерінің бастарына түскен бәле-жаланың бәрін де оның ақымақ советниктерінен көретін еді. Мэрдің берген жарлығына қарамастан қала кедейлері көтерілісшілердің алдындағы қақпаларды жаптыртпады. Лондонға кіргеннен кейін шаруалар халықтың ең жексұрын дұшпандары — корольдің советниктерінің үйлерін өртеп қиратты және түрмелерді талқандап, тұтқындарды босатып жіберді. Лондон шаруалардың билігіне алынып, іс жүзінде ко-роль олардың тұтқыны болып шықты. Шаруалар халықтың ете-мөте жек көретін вельмождарын, соның ішінде ағылшын шіркеуінің бастығы және сонымен қатар Англияның канцлері архиепископ Кентерберийский Садбериді «опасыздар» ретіңде елім жазасына тартты. Шаруалар корольмен алғаш рет Майл-Эндте кездесті. Олар корольге «Майл-Энд программасы» деп атақ алған талаптар қойды. Олар корольдің алдына крепостнойлықты және барщиналықты жойып, біркелкі төмендеу ақшалы рента (акрадан 4 пенс) орнатып Англияның барлық қалалары мен селолық жерлерінде сауда бостандығын беру және бүкіл кетерілісшілерге кешірім жариялау талаптарын қойды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Үмбетей Тілеуұлының өмір жолы

Үмбетей жырау 1706 жылдар шамасында туады. Болашақ жыраудың әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка мұрасына да жетік даулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы алған дәріс болды. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей өз ауылдастарының, кейде тіпті, ағайын – туғандарының теріс істерін (ерте байқаған) әшкерлеген өткір тілді өлеңдер авторы ғана емес, ескі эпикалық жырлардың білгірі ретінде де танылады. Алайда өзіне көне жырауларды үлгі тұтқан Үмбетей уақыт оза келе философиялық – дедактикалық толғауларға ден қояды.
Сонымен қатар сырт жауларымен күресте аты шыққан батырларды мадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды және осы реттегі жырлары Үмбетейге үлкен даңқ әкелді.
Үмбетей 1778 жылы қазіргі Целиноград облысының Ерейментау ауданында қайтыс болған.
Үмбетей жырау – дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жылдағы алғашқы ұстазы өз әкесі болған. Ол халықтың ауыз әдебиетби, ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болған. Сонан соң халық шежірелерінен шешендік сөздеріннен халық дастандарынан көп тағлым алған. Үмбетей жырау елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында ол Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеген.
Үмбетей жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін танаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке, «темір жұмсап, оқ атқан қорғасынға», балайды.
«Болмашыдай анадан болат тудың, Бөгембай», - деп қастерлейді. Атамекенін жаудан қорғап қалған, салқымыздың ұлан – байтақ жерін Баянаула, Қызылтау, Арбасы, Шыңғыстау бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей жырау сонда:
Қашақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп
Алтай тауға асырдың.
Ақ шәугімге қос тігіп
Ауыр қол желдіріп алдырдың
Қашаққа ойран салдырдың, - деп халқына Бөгембайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді.
Жырау тек Бөгембайдың (елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді) ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы, батырлардың – Қаракерей Қабанбайдың, Қаз дауысты Қазыбектің, Керейде батыр Жәнібектің, Сары, Баян мен Сағымбайдың ерліктерін де өлең жолдарын қосқан. Үмбетей жырау «бәкеге», «жауқашарға» өлеңдерінде жаман қылықтан сақтандырған, жақсы қылыққа, адамгершілікке адалдыққа үндеген ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тағамда және суда микроорганизмдердің жетіспеушілігі

Тәуліктік тағам құрамында қоректік заттар теңестірілген түрде болуы тиіс. Тағам құрамында белоктардың, майлардың және көмірсулардың арақатынасы болуы керек. Айырбасталмайтын амин қышқылдарының витаминдердің арақатынасы теңестірілгені жөн. Тағам ішінде компоненттердің ағзаларға сіңірілуі, тамақ ішу режиміне байланысты болуы керек. Ішілетін тамақтың мөлшері адамның бойына және массасына сай келуі керек.
Егер біз дұрыс тамақтансақ, онда еске ұстау қабілетіміз артып, деніміз сауығып, көңіл күйіміз көтеріле түсетіні сөзсіз. Қандай да аурулар болмасын, біз олардың алдын алар едік. Дұрыс түрде тамақтанған адамзат баласы 150-200 жыл жасар еді, деп жазды Дж. Гласс өзінің әлемге әйгілі еңбектерінде.
Тағамдардың құрамында орасан көп күн сәулесі жиналады. Ұлы ғалым К.А. Тимирязовтың сөзімен айтқанда консервіленеді. Тағамдардағы байланысқан химиялық энергия зат алмасудың негізгі құрамды бөлігі. Сонымен біоге тағамдарда бірнеше қосылыстар бар. Олар: белоктар , майлар, көмірсулар, витаминдер, су және минералды қосылыстар. Осылардың барлығы жасушаның құрылысын құрауға қажетті заттар. Тіршілік тірегі белоктар, майлар , көмірсулар ыдырағанда ондағы жиналған химиялық энергия бөлініп шығады. Олэнергия ағзаларға өте қажет. Биохимиялық тағамдар дегеніміз осы.
Тағамдардың химиялық құрамының әртүрлілігі адам денсаулығының ең басты кепілі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Темперамент жөніндегі түсінік

Темперамент - 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызық-тырған мәселелердщ бірі. Оған деген қызьнушылыктың төркіні - адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның кайталан-бастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологаялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметпк ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамньщ биологиялық сипатынан көрінеді Адамдар арасындағы көптеген психика-лық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, түрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бэрі осы темпера-мент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қыр-лары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарас-тардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындай-гыны: темперамент - жеке адамның әлеуметгік тұлға ретінде қалыптасуыньщ биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Тем-яерамент кобіне адамға тума берілген әрекет-қылығының үдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда түрактанған, өзгеріске келе бермейді Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераментгің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізіяде түрлі темпераментгің бежілі қүрылымын түзедг
Сонымен, темперамент - адамның психикалык. әрекеті-нің накты динамикасын айкындайтын психиканың дара касиет-теріяің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске туспей, езара байланыста темперамент кейпін өрнектейді
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды.
Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондық-тан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс әрекетге оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орны-мен пайдаланудың жолдарын табуға бағытгалғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналык бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан тем-перамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бүл бірігімдік (типологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағ-дайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның бола-шақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ТАУАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛДЕРІ

Өзгеріс бар жерде даму, ілгерілеу де бар. Олай болса, тауардың өзіндік ерекшеліктері ретіндегі өмірлік циклі — онық физикалық қасиеттерімен қатар, ең алдымен нарықтық айналымға қатысқан мерзіміне сәйкес қарастырылады. Ал тауардың айналымдағы уақытының ұзақтығы: оның сапасына, бағасына, оған қажеттіліктіқ дайындық дәрежесіне, жалпы сұраныстың көлеміне, нарықтық конъюнктураның қалпына байланысты және бұл қайбірде тауардың өз қасиетінен алшақтау — жалпы конъюнктуралық жағдайдың нәтижесі болып көрінуі де мүмкін. Сондықтан белгілі бір тауардың нарық айналымындағы әрекет ететін уакыты әр түрлі деңгейде байқалатынын күтпеген окиға деп санаудың орны жок,
Тауардың өндірілуінен бастап, оның дайын күйінде тұтынушысына ұсынылуына дейікті циклі бес кезенңге бөлінеді. Алғашқы (нөлдік) кезең. Болашақ тауар жөніндегі идея дүниеге келіп, бұл бастаманың жүзеге асуын мақұлдау, қабылдау және қажет саналса, сол өндірілетін тауарды тәжірибе арқылы сынау процестері қолға алынады. Міне, тап осы сынақтан сүрінбей өткен тауар ғана оған деген мұқтаждықты тудыра алады. Сөйтіп, оның тауарлық бәсекеге төзімділігіне сенім оянады да, ақырында сол тауарды ендіру процесі басталатын болады.
Өндіріс — тауардың дүниеге келуіндегі бірінші әрі шешуші кезеңі, осы кезеңде келешектегі тауар өтімдігінің сәтті немесе сәтсіз болуы анықталады. Енді дайын тауарды зерттеуге, өндіруге, жарнамалауға және өткізу жағын ұйымдастыруға жұмсалған алғашқы шығындардың орнын толтыру үшін тауар сатыла бастайды. Бірақ бұдан бастапқы кезде бәлендей пайда, табыс түсе қоймағанымен, тауар өндіру жалғаса береді яғни ол өзінің келесі кезеңіне көшеді деген сөз.
Бұл тауардың өсу және даму кезеңі деп аталады. Ол кезеңде әр ұсынылған тауарлар тұтынушылардың ойынан шығып, жоғары бағалануы мүмкін. Міне, сонда ғана сатылымнан түскен табыс арта түсіп, өндіріс шығындарын жабумен қатар, біршама пайда түсіретін болады. Бұл — тауар дамуының ушінші кезеңіне бет алғанының нышаны.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тілепбергенұлы Қазанғап

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.
Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады.
Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы , шабыт тұғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклі қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Жалпы, Қазанғап эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы «Ноғайлы босқыны» деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып «Жұртта қалған», «Окоп» деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп «Қызыл керуен» деп бебеулейді.....
Рефераттар
Толық
0 0