Реферат: Туберкулезге жалпы сипаттама

Туберкулез патоморфозы.

Туберкулез созылмалы инфекциялық сырқат, ол өкпеде және басқа ағзаларда тек өзіне тән морфологиялық өзгерістердің дамуымен сипатталады. Туберкулез латынша-tubercula-төмпешік, бұдыр деген мағынаны білдіреді. Осы аурумен сырқаттанған кісілерді ашып көргенде өкпесінде әртүрлі төмпешіктер табылған.
Туберкулез қазіргі күнге дейін кең тараған жұқпалы аурулардың бірі болып отыр, оның Қазақстан Республикасы үшін маңызы өте зор. 1993 жылы Қазақстанда 100000 халыққа шаққанда көрсеткіш165,1 жетті. Халықаралық ұйымдар мәліметінше 100000 адамның 50 адам ауырса, бұл ауру эпидемия болып саналады. Тек 2002 жылы Қазақстанда туберкулезден 3592 адам өлген. БДҰ мәліметтері бойынша дүние жүзіндегі туберкулезбен аурушылар саны 15-20 млн. Әр жылы туберкулезден шамамен 3 млн. Адам өледі.

Этиологиясы. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет француз дәрігері Вильман (1865) анықтаған болатын. Ол теңіз шошқалары мен үй қояндарына туберкулезден өлген адамдардың ағзаларынан алынған материалды егіп, осы жануарларда туберкулезге тән өзгерістер дамитындығын көрген. 1882 жылы Р.Кох науқас қақырығынан туберкулез қоздырушыларын тапты. Микробактериялардың адамда, ірі қара малдарда, құстарда және салқын қандыларда туберкулез қоздыратын түрлері бар. Адам туберкулезін осы бактериялардың ьбірінші және екінші түрлері қоздырады. Инфекцияның қайнар көзі науқас адам. Ауру негізінен тыныс жолдары арқылы да жұғады. Тамақ арқылы да жұғуы мүмкін. Қазақстанның солтүстік аймақтарында және Батыс Сібір ірі қара мал арасында туберкулездің кең таралуына байланысты осы аурумен ауыратындардың 10-20 %-на туберкулез жоғарыда айтылған алиментарлы жолмен жұғады. Кейбір жағдайларда кәсіпке байланысты туберкулез организмге жарақаттанған тері арқылы өтеді. Өте сирек жағдайда анадан бала жолдасы арқылы балаға өтуі мүмкін.

Патогенезі. Туберкулез патогенезі макро- және микроорганизмнің өзара қарым-қатынасына байланысты. Микробактерияның вируленттігінің, оның организмде көп мөлшерде түсуінің маңызы зор болғанымен де организмнің иммундық жағдайда шешуші рөлді атқарады. Организмнің қорғаушы күштерімен микроорганизмнің патогенді арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда ғана туберкулез дамиды. Кейбір жағдайларда туберкулез микробактериялы жергілікті өзгерістер шақырмай-ақ организмге енуі мүмкін. Бұл күйді латнтті микробизм деп атайды. Клиникада ол туберкулез интоксикациясымен көрінеді. Егер организмнің реактивтігі жеткілікті болса, туберкулез микробактериялары бүтіндей жойылып, ауру әрі қарай дамымайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Урологиялық практикадағы шағынинвазивті емдеу тәсілдері

Әлемдік медицинада соңғы жылдары шағын инвазивті және шағын жарақаттың емдеу әдістерін енгізуге көп көңіл бөлінуде.мамандандырылған медициналық көмек құрылымында, әсіресе, урологиялық құрылымда қазіргі заманға сай жағдайларға сәйкес диагностика қою мен емдеудің шағын инвазивті әдістері жақсы дамып келеді.бұл әдістер клиникалық қолданудағы жоғары эффективтілігімен, жарақаттану деңгейінің төмендігімен, экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді.
Емдеуде эндоурологиялық әдістерді қолдану госпитализация уақытын және әлеуметтік реабилитация уақытын біршама төмендетуге, дәрілік препараттар шығынын азайтуға септігін тигізеді.
Қазіргі кезде жоғарғы зәр жолдары ауруларын емдеуде эндоурологиялық операциялар жиі қолданылады. Бұл көбінесе несеп-тас ауруларына, бүйректің кистозды ауруларына, жедел-созылмалы обструктивті қабыну ауруларына, абсцесстерге және құрсақ қуысы гематомасына, жарақаттарға, бөгде денеге, жоғарғы зәр шығару жолдарының капиллярлы ісігіне қатысты айтылады.
Клиникалық тәжірибеге дистанционды соққы толқынды литотропсияны енгізу белгілі бір дәрежеде нефроуретералитиазды емдеуге басқаша қарауға мүмкіндік берді. Бұл әдіс бүйректегі тастардың өз бетімен шығуына әкеледі.
Бүйрек тастарын емдеудің негізгі принципі- шағынинвазивті әдісті қолдану.Емдеу әдісін таңдау емдеу тәсілінің эффективтілігіне және опреациядан кейінгі кезеңге әсер ететін факторларға тікелей байланысты.
Монотерапия ретінде ДЛТ «инфицирленбеген», көлемі 1,5 см-ден аспайтын тастарда тиімдірек және эффективті болады. Бұл әдістің ерекшеліктерін ескерсек, 2 см-ге дейінгі тастардың максмальды толық бұзылуына мән беру керек.
«Клиникалық» және «техникалық» ДЛТ-ға қарсы көрсеткіштерде, тастың көлемі мен санының өсуінде, пішінінің күрделенуінде, бактериурия деңгейінің өсуінде (104 колония/ мм-ден көп) және бүйректің функционалды мүмкіншілігінің жетіспеуінде (30 %-дан көп), сонымен қатар обструктивті уропатия болған жағдайда және “асқынған” бүйрек зәр-тас ауруларында (аномалия, жалғыз және бірнеше рет операцияланған бүйрек, патологиялық жылжымалы бүйрек және т.б) рентгеноэндоскопиялық араласудың (деңгейі) рөлі өсе түседі және ол ДЛТ-мен бірге жүруі мүмкін.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тілендіұлы Нұрғиса

Тілендіұлы Нұрғиса (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т.б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Толғау жанрының табиғаты

XV-XVIII ғасырлардағы поэзиямыз өзінің барша сәбилік, балаңдық болмысымен, халқымыздың бай фольклорымен бірге әдебиетіміздің кейінгі кезеңдері үшін бастапқы бұлақ арнасы қызметін атқарды. Мұндай халқымыздың бірнеше ғасырлық көркемдік, поэзиялық тәжірибесі жинақталып, іріктеліп, сан ұрпақтың ақыл-ойы арқасында ауызша өмір сүріп біздің дәуірімізге жетті.
Қазақ поэзиясының алыстағы бұлақ-бастаулары алғашқы шығармалар біздің заманымызға көбіне көп толғау арқылы жетті. Бұл оның ауыз әдебиетінен жеке авторлар творчествосының ұзақ бөлініп шығу процесі бойына бірден-бір көркемдік түр ретінде белсенді қызмет атқарғанының белгісі.
XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы әдеби тілді сипаттайтын мұраларға ақын-жыраулардың шығармалары жатады. Қазақ жеріне келіп жатқан көптеген саяси, әлеуметтік, мәдени шаруашылық өзгерістермен байланысты рухани байлықтың, мәдениет өндірісінің құралы болып табылатын ана тілдің, әдеби тілдің өресі өркендеп, шоқтығы биіктей түсті. Ол, ең алдымен, сол тұста жыраулар мектебінің шарықтау биікке көтерілуімен, олардың алдында ел қорғау, халық бірлігі, отанды сақтау мәселесінің тікелей күн тәртібіне қойылуымен байланысты. Бұқар жырау сияқты ел қамын жеген, халық данасы болған қайраткердің дүниеге келіп, қиын кезде ел басқарған адамдарға адал, әділетті, көреген ақылшы бола білуіне де тікелей қатысты. Бұқар жырау өткен өмірге ынтық болып, соны көксеп, өкси жыламай да, одан біржола безбей де, әдебиеттің де, мәдениеттің де, қоғамдық ойдың да рухани қазынасын жақсы игеріп, оны жаңа заманға жалғастыра отырып, келешегін көрегендікпен болжай, бағдарлай білді. «Бұқар – халықтың өнеге-оқуы – дидактикалық поэзия мен азаматтық поэзияның жыршысы...» Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет жыраулардан басталған азаматтық поэзияны тақырып әр түр жағынан жетілдіріп, кемелденген поэзия үлгісін жасады. Поэзияның өз дәуірі мәселесіне араласып, жалпы халықтық ой-пікірдің, заман тынысының көрінісі ретінде қоғамдық құбылысқа айналуына зор ықпал етті. Жырау шығармаларының, толғауларының шоқтығы биіктігі ойды көркем де образды етіп, айналадағы болмысқа, өмір шындығына негіздеп беруінен байқалады. Мысалы, жиырма жасты ағып жатқан бұлаққа, отыз жасты жарға ойнаған лаққа, қырықты ерттеп қойған құр атқа, елуді көшкен елге, алпысты қайғылы мұңлы күнге, сексенді қараңғы тұман түнге, тоқсанды ажалға, тоқсан бесті торға, өрге, шөлге теңеуінде көшпенді елдің, сахара даласының өз шындығы, өзінше философиялық даналығы бар. Ол теңеулер сол тұстағы әлеуметтік өмірдің алаулаған қызуы мен шөге бастаған салқынын көз алдыңа анық елестетеді. [7, 165]
Қазақы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық сипатымен өзге түрік халықтарына қарағанда өте бай. Ең бастысы байырғы рухани құндылықтарымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Қазақы сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық жағынан түрленіп, мазмұны тереңдеп, өлең жүйесі күрделеніп отырды.
Жыраудың ең сүйікті жанры – толғау. Толғау, осы сөздің өзінен көрінетіндей, толғану, толғаныс деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ойға да, сезімге де қатысы бар.

Осы орайда, толғаудың тууы мен өмір сүруі, дамуы жайында белгілі ғалым, әдебиетші Әнуарбек Дербісәлин мынадай анықтама береді:
«Мұны зерттеу екінші жағынан қарағанда жалпы жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен бөлініп шығуы мен өзіндік өсу жолына да зер салу, содан ой қорытындылау сияқты.
Жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен ұзақ бөліну процесінде туып, өлшеусіз көп қызмет атқарған толғау жанрының негізгі төркінін оның сол шыққан арнасынан – ауыз әдебиетінен іздеуге тиіспіз. В.Белинскийдің айтуына қарағанда, әдебиеттің органикалық дамуында бар құбылыс бір-бірімен сабақтас өмір сүреді, олардың араларында тарихи жанды байланыс бар. Яғни, жаңаның өзі ескіден туады, кейінгі нәрсе өткендегімен танылады, еш нәрсе кездейсоқ емес.
Қазақ ауыз әдебиеті жанр жағынан мейлінше бай. Осы бай әдебиеттің ішінде толғау қай жанрға жақынырақ, ол оның қайсысынан бөлініп шығуға лайық деген мәселеге келер болсақ, ең алдымен батырлар жырын айтуымыз керек. Мұның екі түрлі басты себебі бар. Ең алдымен толғау өзінің бүкіл тарихы бойына өлеңдік түрі жағынан, негізінен, жырға ұқсас болса, екіншіден мазмұны жағынан да сол жырдан, әсіресе, батырлар жырынан алшақ кетпейді, көбіне-көп елдік, ерлік тәрізді қоғамдық, әлеуметтік маңызы зор мәселелер негізінде туып, өріс алды. Екеуенің арасындағы айырма мынау: бірінде аталған мәселелер жеке адамдарға олардың іс-әрекеттеріне байланысты, белгілі бір сюжеттік линияда көрінсе, екіншісінде автордың өмір, дүние, адам жайындағы ойлары жан тебіреністері арқылы, тура бастапқы қалпында көрінеді. Мұның аты – батырлар жыры мен толғауға негіз болған қоғамдық үлкен мазмұн біреу ғана, тек екеуінің көркемдік жолымен дәлелденуі, тыңдаушысына жеткізілуі ғана екі түрлі деген сөз.
Қазақ арасында кең тараған эпикалық жырлардың біразы ХІІІ-ХІV ғасырларда туса немесе сол тұстағы оқиғаларға байланысты бола тұрып, сәл кейін дүниеге келсе, толғау жанрының алғашқы нұсқалары ХV ғасырдың орта тұсынан бермен қарай белгілі бола түскені мәлім. Демек, хронологиялық жағынан алғанда да батырлар жырының толғауға негіз болуында айтарлықтай қайшылық жоқ. Бұл арада ескеретін тағы бір мәселе – толғаудың Асаннан да бұрын өмір сүруі және сол ежелгі үлгілердің біздің заманымызға жетпеуі ықтимал. Біздің топшылауларымыз бүгінгі таңда қолда бар шағын әдеби деректердің негізінде жасалып отыр – дейді. [3, ]
Оқырман жұртшылықты ойландыратын бір мәселе бар. Ол ақын-жыраулардың шығармаларына толғау тақырыбы қайдан берілді. Неге мұны толғау деп атаймыз? Осыған тоқтала кетсек. Толғау сөзіне Ә.Дербісәлин мынадай анықтама береді:
«Толғау» деген сөз қайдан шыққан? Бұл атау әуел баста «толға» (немесе «толғап жібер») деген бұйрық рай түріндегі етістіктен шыққан (мұның өзі екі түрлі компоненттен – «тол», «ға» - құралған). Түрі жағынан да, атқарған қызметі жағынан да мұның кәдімгі «сөйле» деген бұйрық рай етістігінен ешбір айырмасы жоқ. Айырма тек оның ақындық өнері бар адамға арналуында. «Толға» дегенде, «жырла» не «жырлап жібер» деген ұғым туады. Яғни, «толға» дегенде қара сөзбен сөйлеу мүлде ұғылмайды. Сол толғаған тұста айтылып, кейін жатталып кеткен жырларды атау үшін оны заттандыру қажет болғанда «толғаға» «у» қосу арқылы жаңа сөз жасалған. Тіліміз үшін атау сөз жасаудың бұл түрі табиғи құбылыс ( мысалы «ата» (бұйрық рай) + «у» - «атау», «еге» + «у» - «егеу», т.б. Профессор Қ.Жұбанов та «толғау» атаулының «толға» дегеннен шыққанын көрсете келіп: «тол» деген түбірден «толқын» сөзі жасалған, түрікмендерде толқынды «толға» дейді. «Түрікмендер жырламақ, толғамақ дегенді «долломақ» дейді, «доло» қазақшалап айтқанда «толғау деген сөз», - дейді. Осының қайсысы да «толғау» атауының ауызша шығарылған өлең туындыны алғаш орындағанда да, кейін жаттап ап сақтағанда белгілі әуен арқылы жүзеге асу заңдылығын айқындай түседі. Толғау өлеңді ауызша әуенмен шығарып, әндетіп айтатын елде ғана туып, дамыған жанр деуге болады. Оның сахналық сипатының молдығы да содан. Жазба әдебиеті өріс алған елде мұндай өнер түрінің болуы мүмкін емес. [3, 102-103]
Ал, Ахмет Байтұрсынұлы толғауға мынадай анықтама береді:
Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін, мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау, қысқасынан айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда.
Әуезі тысқарғы ғаламның жыры, толғау ішкергі ғаламның күйі деп айырғанымызбен, екі ғаламның ісінің арасында зор іліктік бар нәрсені танығанда, сол тануымыздың өзі екіжақты болады. Әр нәрсені саңлап, санамызға алған уақытта ол нәрселер турасындағы ұғымдарымызға көңіл кіріспей тұрмайды. Адам дүниедегі көрген білген нәрселерін тек байқап, тек пікірлеп, тек саңлаулап қана қоймайды. Ол нәрселермен қатар адамның көңіліне күй жасалады. Адам көрген-білген нәрсенің я ісінің біріне күйінеді, біріне сүйінеді, бірінен сескенеді, бірінен шошынады. Сезіліп тұрған тысқарғы ғаламмен, сезіп тұрған ішкергі ғаламның екі арасы санаға келіп түйіскен жерде жыртылып айырғысыз болып бірігеді. Тысқарғы ғаламнан санаға түскен саңлау мен сана жанында тұрған көңілдің күйін бір-біріне қатыстырмай бөлектеп қоюға мүмкін емес. Адамның санасы фотография емес, нәрсенің тұрпатын ғана түсіріп қоятын нәрсенің саңлауы келіп даамның санасына түскенде, адамның ойында да, көңілін де бірдей оятады. Адамның көңілін оятпаған нәрсе тіпті сезілмей дерексіз өтеді. Бірақ адамның ілтипаты тысқарғы ғаламға, бірде ішкергі ғаламға көбірек ауатын орындары болады. Мәселен, бір нәрсе, яки іс қандай көркем, әдемі болса, сондай оған сүйінеміз. Қанша сүйкімсіз жаман болса, сонша жек көреміз.
Ертек тысқарғы ғаламның жыры деп, толғау ішкергі ғаламның күйі деп екіге бөлгенімізде тіпті сорпасы қосылмайтын бөлектік бар деп ұқпасқа керек. [6, 347]
Толғау дегеніміз қандай көркем түр? Оның негізгі еркшеліктері неде?
«Толғау – қазақ әдебиетіндегі сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі, белгілі тақырып бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіру пішіні», делінеді поэзиялық сөздікте. «Қысқаша әдеби энциклопедияда» мұндай да анықтама жоқ. Қазақ әдебиетін зерттеушілердің толғау туралы пікірлері жоғарыдағы анықтамаға саяды.
Толғау жанрын іштей жіктеу жайында С.Мұқанов былай деп жазады: «Бүкіл дүние жүзі фольклоры лирикалық және эпикалық болып екіге бөлінеді. Лирикасы – жан сырын шертетін өлең-жырлар, эпикасы – ұзақ өлең жырлар. Қазақ фольклорында осының екі түрі де бар... Ол қазақта: толғау, айтыс, жорық жырлары және қисса деп төртке бөлінеді. Толғау нақыл толғауы, ереуіл толғауы және тіршілік толғауы болып үшке бөлінеді. Нақыл толғауында бұрын соңды болған өнегелі істерді жырлау арқылы замандастарына өсиет айтады». Бұл жіктеуді толығымен қостау, әрине, қиын. Алайда автордың толғаудағы ерлік сипат пен дидактикалық қасиетті атап көрсетуі орынды. Толғау жанрын зерттегендердің қай-қайсысы да оның осы белгілерін әрдайым атап айтып келеді. [3, 103-104]
Толғау жанрының табиғаты З.Ахметовтің еңбегінде едәуір тереңдей ашылды. «Толғау» - шындап келгенде ән емес, бірақ әуенмен айтуға лайықталып шығарылған халықтық лириканың бір түрі, - деп жазады ғалым. - өлеңдердің тирада-тирада боп бөлінуі әсіресе толғауға тән. Толғау халық нақылдарының афористік стиліне жақын және жұтынған, жарқын афоризмдерге бай. Дыбыстық қайталау мен безендірудің өзгешелігі мен молдығы да содан, толғау термедей әзіл оспаққа бара бермейді: мәнді-маңызды мәселелерді сөз етеді... Толғау -өлең түріндегі ой қозғау, толғану. Толғау деген атынан көрініп тұрғандай-ақ шығарманың ойлану, толғану түрінде туатындығын байқатады. Толғау деген сөз эпикалық туындыларда сөйлеу, монолог мағынасында қолданылады. Бұл әдетте эпосқа тән ұзақ та тұтас сөз. Толғау – ақындық поэзияның түрі, мұнда әр ақынның творчестволық ерекшелігі молырақ көрінеді. Сөздің әлеуметтік, азаматтық әуенінің артуы – толғау ерекшеліктерінің бірі. Толғау үшін айтылмақ жайдың өзара байланысты болуы шарт емес, шығарманың тұтастығы мұнда суреттелмек құбылысқа автор қатынасының бүгіндігі арқылы, сондай-ақ, кейбір тұрақты композициялы тәсілдерді қолдану нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Ойдың өрістілігі, тақырыптың тереңдей ашылуы, лирикалық және эпикалық бастаулардың біте қайнасуы, өмір құбылыстарын мол қамту сияқты қасиеттерінің арқасында толғау халық арасында кең қанат жайып, ең өнімді жанрдың қатарына жетті... Толғаудың жанрлық түр ретінде қалыптасуы халықтың дидактикалық поэзия дәстүрімен байланыста болса керек.» Әсіресе, көне дәуірден келе жатқан толғаудың сипаттары осы сөздерде мол және білгірлікпен қамтылған. Толғау жанрының өлең табиғатына байланысты ерекшеліктері мен әр алуан құбылыстары, жалпы қозғалысы нақты және жан-жақты ашып көрсетілген.
Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар «санат-насыят ырлар», құмықтар «ойлы йырлар», башқұрттар «қобайыр» деп атайды. Ноғай мен құмықтың «қазақ йырлары» ерлік толғауы мағынасында қолданылады. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген, ХІІІ – ХІV ғасырларға сәйкес келеді.
XV-ХІХ қазақ поэзиясында толғау ерекше өркендеп, өзінің ең жоғары даму сатысына жетті. ТОлғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты.
Толғауда маңызды қоғамдық-әлеуметтік, саяси-философиялық тақырыптар, азаматтық әуендер кеңінен орын алады. Әрбір даму кезеңінде толғау мазмұны жағынан да, бейнелеу тәсілі жағына да бірталай өзгеріп, жаңаша сипат алды. Толғау кейде күрделі, көлемдік лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алды. Ырғағы жеті-сегіз буында тармақтарға негізделеді, олар еркін, әр мөлшерде топтасып, түйдек-түйдегімен шоғырланып келеді. Бұл ерекшелігі ауызша поэзиялық өлеңді суырып салу дәстүріне сәйкес қалыптасқан. Белгілі бір мақаммен лирикалық аспаптың сүйемелдеуімен айтылады. [2, 348]
Ой толғауларда жырау – ең алдымен философ. Мұндай толғаулар нақыл, тақпақ, афоризм түрінде келеді. Атақты жыраулардың толғауларында кездесетін афористік сөздердің көбі мақал-мәтелге айналып кеткен. Сонымен бірге жырау өзінің замана жайындағы түйгендерін, мораль, этика хақындағы ойларын баяндайды, қоғамдық мәселелерді көтереді. Сол сияқты, әлем, болмыс, тіршілікте, табиғатта болып жататын өзгерістер, оның мән-мағынасы жайындағы түсініктерін де білдіруі мүмкін.
Мұндай толғаудың үлгісі ретінде Шалкиіздің «Шағырмақ бұлт жай тастар...», «Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор қоян, ор қоян».. Бұқардың «Айналасын жер тұтқан», «Аңсаңнан биік тау болмас», «Ай заман-ай, заман-ай...» сияқты туындыларын келтіруге болады.
Ал, сыр толғаулардағы негізгі жүкті көтеретін – сезім, эмоция. Бұл топтағы шығармаларды жалпы жырау поэзиясына тән үгіт, насихат, дидактика мүлде дерлік ұшыраспайды. Жырау ел басына түскен ауыртпалыққа немесе басқадай белгілі бір оқиғаларға өзінің реакциясын білдіреді. Мұндай толғаулардан жыраудың өзіндік «мені» де бой көтереді.
Лирикалық толғаудың үлгісі ретінде Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын Шалкиіздің «Балпаң, балпаң басқан күн», Бұқардың «Кіші қара қалмақ бүлерде» сияқты жырларын атауға болады. Толғаудың бұл түрі эпоста кеңінен қолданылады. Мәселен «Ер Тарғындағы» Тарғынның мертігіп жатқанда айтатын толғауы осындай [2, 143]
Бірыңғай ипровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып келген сол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде өзіндік елелулі өзгешеліктері бар. Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып отырса, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман жағдайын сипаттайтындай ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беріледі. М.Әуезов кезінде дәл басып танып: Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі – шығармасы – толғау». [1, 143]
«Нағыз толғау мен күй (яки ән) арасы жақын: екеуінің де зейінге айтары аз, көңілге айтары көп», – дейді А.Байтұрсынұлы. Толғау әдемілігі, әуелі айтуға алынған көңілдің күйіне қарай, екінші оны айтып жеткізетін сөйлеу түріне қарай болады. Сөйтіп, толғау әдемі болып шығуы үшін екі түрлі шартты орнына келтіру керек. Толғаудың мазмұн жағына қойылатын шартты ішкі деп, сөйлеу түріне қойылатын шартты тысқы дейміз.
1. Ішкі шарты: а) Толғау жалпы сырлы болу керек. Ақын толғауы да өз көңілінің күйін айтады, бірақ ол күй өзгеге түсінікті болуы тиіс. Күйі түсінікті болмаса, өзгелерге әсер ете алмайды.
б) Толғау шын сырлы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге де жараспайды. Толғау сияқты сырлы шығармаға өтірік жараспақ түгіл бүлдіреді. Сондықтан күйлі толғау көңілде шын болған күйден шығуы керек. Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау, құттықтау өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі шын көңілден, шын толғау болып шықпағандықтан.
В) Толғау таза болуы тиіс. Нас, былғаныш, нәжіс әдемі нәрседен шықса, көңілге қандай әсер етеді. Толғау сөзге былғаныш сөз, былғаныш пікір қатысса, о да сондай әсер етеді.
Г) Толғау көңілдің тереңдігі күйінен хабар беруі тиіс. Көңілдің бер жағынан шыққан толғаудың әсері оқушының көңілінде терең із қалдыра алмайды.
2. Тысқы шарты. А) Толғау сөзі көңіл күйінің бейне билеуі сияқты болуы тиіс. Күй де, би де бір-біріне үйлесіп келгенде, сұлу болып шығады. Күй мен бидің үйлесуі.
Б) Толғау қысқа болуы тиіс. Көңіл-күйнің көбі-ақ бір қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл-күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды дан Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен аспайды.
В) Толғау әуезді сөзбен айтылуы тиіс. Адамның көңілінің күйін жақсы білдіретін – күй мен ән. Әннен соңғы көңілге көбірек әсер беретін әуезді сөз. Әуезді сөздің әдемісі өлең толғау көңіл сөзі болғандықтан әсері күшін көбейтетін өлең түрде айтылуы тиіс.
Толғаудың құны қанша деген мәселеге келсек, толғау сөз өнерінің барып тұрған жері деп саналады. Толғаудағы көңіл-күйлерінің бәрі өмір жүзінде адам біткеннің бәрінің басында бола бермейді. ТОлғау көңілдің көркем сырларын өрнекті сөздермен білдіріп, адамның көрік-сезімін күшейтеді. Әдемі толғаудан алатын адамның көрік ләззаты басқа сөздердің бәрінен де артық болады. [6, 348]....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Су шаруашылығының геоэкологиялық аспектілері

Әсер етуші факторларға байланысты жер асты суларының табиғи режимдері климаттық, ғидрологиялық, жер астының үстеме ағысты және кешенді режимдерге бөлінеді.
Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. Сондықтан грунт сулары деңгейінің маусымдық, жылдық және көпжылдық ауытқулары және тұмалардың өнімі жерге сіңген жауын-шашын мөлшерінің шамасына байланысты болады. Сондықтан инфильтрациялық қоректенудің шамасы тек түскен жауын-шашын мөлшері мен олардың жыл маусымдарына қарай бөлінуінен ғана емес, сонымен қатар буланудың, су өткізгіштіктің, аэрация аймағы қалыңдығы мен оның температуралық режиміне байланысты болу себебінен грунт сулары деңгейінің ауытқу сипаттары да түрліше болуы мүмкін Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген жағдайларында түскен жауын-шашын және еріген қар мен мұз суларының инфильтрациясы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында жоғарылайды. Бұдан кейінгі уақытта (күзге дейін) күшейе түскен булану мен транспирация әсерінен су деңгейі төмендейді, тек ерекше мол жауын-шашын түскенде су деңгейі жоғарылай бастайды. Аталған аймақтарда жазғы жауын-шашын грунт суларының деңгейіне дейін барып жетпейді деуге болады. Тау жыныстары тоңының жібуі мен температуралық жоғарылауы едәуір кеш басталатын солтүстік аймақтардың дала, орманды дала, орманды аймақтарында грунт сулары өздерінің ең жоғары деңгейіне тек мамыр мен маусымда, ал көпжылдық тоң дамыған аудандарда шілдеде жетеді. Жазғы жауын-шашын су деңгейін жоғарылатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР Жошы хан (1187 -1227 жж.)

Жошы хан — Шыңғыс ханның үлкен үлы, моңғол крлбасшысы. Алтын Орданың негізін салушы. Шешесі — коңырат тайпасының қызы Бөрте.
Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте түтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан өйелін Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен түтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның үлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды.
1211-1215 жылдары Солтүстік Қытайға жасалған жорыққа қатысады.
1218 жылы Жошы жасағы Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттерді қуа отырып, Ырғыз өзенінің бойында Хорезм шаһы Мүхаммедтің алпыс мың әскерімен шайқасады. Жошы өзінің шебер қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. Осы шайқастан кейін Мүхаммед шаһ әскерлері Жошыға қарсы соғыс әрекеттерінен бас тартты. Осы шайқастан кейін Жошы Жетісудағы барлық қалаларды өзіне бағындырды.
1220-1922 жылдар аралығында Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жанкент т.б. қалаларды бағындырды. Осылайша ол Хорезм мемлекетін толығымен жаулап алды.
1223 жылы әкесінің үйымдастыруымен өткен Қүланбасы жазығында өткен қүрылтайға қатынасты. Осы қүрылтайда Шыңғыс хан көзінің тірісінде жаулап алған үланғайыр өлкені үлкен әйелі Бөртеден туған төрт үлына бөліп береді. Жошының еншісіне Ертістен батысқа қарай, Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, "моңғол атының түяғы жеткен" төменгі Еділ бойына дейінгі жерді коса, бүкіл Дешті Қыпшақ аймағы тиеді. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты.
Қүрылтай аяқталғаннан кейін Шыңғыс ханның басқа балалары әкелерімен бірге мемлекеттің астанасы Қарақорымға қайтқан кезде Жошы ілеспей өз ордасында қалып қояды. Жошы үлысының негізін бүрын Дешті Қыпшаққа кірген түркі тілдес тайпалар қүрады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.
Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдануылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, бұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр.
Инфекция көзі. Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:
— жыныстық қатынас;
— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);
—анасынан нәрестеге жүғу арқылы.
Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық қатынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық қатынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.
ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өңдеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сталинград шайқасы Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссаронович

Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экон. маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23 – інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару – жарақтардың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62 (қолбасшысы – генерал – лейтенант В.И.Чуйков) және 64 (қолбасшысы – генерал – мойор М.С.Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қоршауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1945 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбііне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал – полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г.К.Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді. Неміс – фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері біршама шығынға ұшырағанына қарамастан, 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15 – іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Топырақ түрлері (режимі) және оларды ретттеу

Өсімдіктер үшін топырақ фаунасы мен флорасы ең алдымен топырақтан алынатын су – олардың өмір сүруінсіз негізі.
Өсімдіктер үшін тағы да бір қажеттілігі – ол болмаса өсімдік басқа факторларда пайдалана алмайды.
Топыраққа су ат мосфералық жауын- шашын түрінде, жер асты суларынан, атмосферадағы су буының конденсациялануынан (сұйық түрге айналуынан), егінді суару кезінде келіп түседі.
Топырақтың су жүргісі (режимі) – ылғалдық топыраққа келіп енуі, онда қозғалуы, шығындалуы (жұмсалуы) және судың физикалық қасиеттерінің өзгеру процестерінің жиынтығы.
Өсімдіктерге су өте көп мөлшерде керек. Тамыры арқылы алынған судың олар аз ғана (0,15-0,5 пайыз) бөлігін сіңіреді. Қалған анағұрлым көп бөлігі өсімдіктердің жапырағы және басқа органдарынан буланып ұшып кетеді. Бұл процесті транспирация деп айтады. Белгілі бір аумақтан барлық шалғын болған судың көлемін осы жерден алынған өнімге бөлгенде, шығатын өлшеулі транспирациялық коэффициент дейді.
Транспирацияның арқасында топырақтағы ылғал өсімдік тамырына еніп, одан оның сабақтарына, бұтақтарына желгісіне және жапырақтарына тарайды, әрі қарай буланып атмосфераға кетеді.
Топырақпен бірге байланысқан су – бұл гигроскопиялық деп аталатын физикалық байланысятағы немесе сорбцияланған судың бір түрі. Бұл су түрі топырақ бөлшектері (көбіне коллоидтық) ауадан су буын өзіне тартқанда (сорбция) түзіледі немесе ылғалды топырақ «құрғақ ауалы» халге жеткенде байқауға болады.
Гигроскопиялық ылғал топырақ бөлшектерін жұқа, 2 - 3 дәл бағытталған су молекуласымен жамылып және өте зор күшпен ұсталып тұрады. Осы берік байланысқан ылғалдық бір түрі максималды гигроскопиялық су. Ол – су бумен толық қаныққан (96 – 100 пайыз) ауадан топырақ өзіне сіңіре алатын ылғалдың ең жоғарғы мөлшері.
Бос (болбыр) байланысты су. Бұл физикалық байланыстағы, яғни сорбцияланған (молекуланың тартылыс күшінің әсерімен топырақ бөлшектерінің беткі қабатына жиналған) жарғақ ылғал.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ұлы жұт

1932 жылдың дүрбелеңінен кейін арадағы бірнеше оңжылдықтардан соң, ақиқатқа көзді енді ашып қарап отырмыз. Алайда, ащы шындықтардың құпия сырына үніліп, нақты шығындарын есептеп шығу қиынға соғуда. Оның үстіне бірде-бір архивте, түрлі қорларда бір жүйеге түсірілген деректер жоқтың қасы. Сұрапыл жылдардың куәгерлері естеліктері өткенді танып білудің құнды айғағы екендігі екендігі рас.
Мәселен, осыған орай “Қазақ әдебиеті” газеті жазушы Ө.Қанахиннің “Көрген көзде жазық жоқ” атты естелігін жариялады. Онда жазушы: “қазір мен 65-темін. Ашаршылық жылдары 9 жаста болатынмын. Мен 1931, 1932, 1933 жылдары өзім куәсі болған оқиғаларды айтпай тұра алмаймын.” – деп жазады. 9 жасар жетім баланың көз алдында адамдар, көп адамдар өліп жатады. Балалар үйінде, ол тәрбиеленген жерде 57 баланың екеуі- ақ ажал құрығынан аман өтіпті. Ал, жазушының от басындағы 12 адамнан ашаршылықтан жалғыз оның бір өзі ғана аман қалады. Жазушы З.Ақышев аштық туралы өзінің “Білсін мұны ұрпақтар” деген естелігін жазады. Онда автор: “Бұл зауалға тек қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И Голощекин ғана кінәлі емес. Ол кезде онымен қатар 1925-1929 жылдары екінші хатшы болып О.Исаев, 1930-1933 жылдары И.Құрамысовтар қызмет істеген.”-дей келіп, 1935 жылдың мамыр айында Қазақстан мәдени-ағарту мекемелері қызметкерлерінің съезінде сөз сөйлеген О.Исаев: “Өткен жылдардың қиыншылықтарын әркім әр түрлі түсінеді. Оған кім кінәлі? Қазақ халқының өздері кінәлі. Қазақтар еңбек ете алмайды. Сондықтан, қиындықтарға кезігіп, социалистік құрылыстың қарқынына ере алмай қалды” деп соқты. Сонда, шынымен мыңдаған жылдар бойы көзі еңбекпен ашылған қазақтар айналдырған екі жылдың ішінде жатыпішер, арамтамаққа айналғаны ма?” деп ашына еске алады өткен күндерді жазушы.
Ал, С.Байжановтың “жариялауға жатпайды” атты мақаласы архивтік құжаттарға негізделіп жазылған. Онда Т.Г Невадовскаяның альбомы туралы сөз болады. Москва түбінде тұратын Т.Гаврилованың мамандығы дәрігер-хирург. 1932-1933 жылғы ашаршылық кезінде ол дәрігер әкесі, профессор Г.С.Невадовскиймен Алматы түбінде орналасқан “Шыңдәулет” ауылындағы “союзсахар” аймақтық тәжірибе станциясында жұмыс істейді. 19 жасар қыз сол кезде қазақ арасындағы ашаршылық зардабын бар жан-тәнімен сезіне білген. Оның барлығы да кейіннен өзі құрастырған альбомнан орын алған. Альбомда ашыққандардың 23 фотосуреті, естеліктер, 19 жолдан тұратын “Қазақстан қасіреті” деген өлең бар. ....
Рефераттар
Толық
0 0