Реферат: Синусоидалық ток


Синусойдалы токтармен жанынырақ танысу. Синусоидалық ток және оны сипаттайтын негізгі шараларды зертеп әр қайсысына толық тоқтау. Синусоидалық токток тізбегінде индуктивтілік элементін зерттеу ары қарай практикада есеп шығару сол сияқты синусоидалық ток тізбегіндегі сыйымдылық элементімен жақын танысу есеп шығару.
Әр қайсысына міндетті түрде өзіне байланысты схема құрастырып байланысты формулалар жазу тиіс. Бастапқы анықтама аяталған соң оған қорытынды жазу керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Темекіге қарсы күрес

Никотин - өсімдіктерде кең тараған у. Темекі түтінінің негізгі бөлігі. Таза күйінде сарғыш келген май сияқты сұйықтық, өзіне тән қолайсыз иісі болады.
Темекі шегудің денсаулыққа тигізер зияны орасан зор. Темекі тартқанда зат алмасу үрдісінің барлық түрлері зардап шегеді. Оттектің жеткіліксіздігі, қан ұю, холестерин деңгейінің өсуі, барлық ішкі секреция бездері қызметінің үрдісі бұзылады. Ер адамдардан жыныстық әлеуметтік кетеді. Бойжеткендер мен жас әйелдерде етеккір циклі бұзылады. Әсіресе, темекі түтіні ұрық және нәрестеге зиянды, никотин туар баланың жаңа шығып жетіліп келе жатқан орталық жүйке жүйесінің жасушаларына зиянын тигізеді. Жүктілік токсикоздың дамуына әкеп соғатын факторлардың бірі – темекі түтіні.
Кейінгі кезде темекі тартатын адамдардың саны өте көбейіп кетті. Осыған байланысты өлім-жітім де көбейіп тұр.
Темекі түтінімен созылмалы уланудан өлетін адамдардың саны басқа себептерге қарағанда бірнеше есе көп.
Осылайша біздің Жер деп аталатын планетамызда тұратын адамзат баласының миллион өлетіндері әрбір 4 күн сайын маскүнем, әр 3 күн сайын автокөлік апатынан 1 құрбан, әр 3 күн сайын темекі түтінімен созылмалы уланудан 1 адам өмірмен қоштасып отырады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі

Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы қоғамды зерттеу барысында қалыптасқан дәстүрлер негізінде өрбіді. Ежелгі грек және ежелгі шығыс ойшылдарының еңбектерінде жалпы философиялық мәселелермен бірге қоғамның тууы мен мәні, оның ұйымдасуы мен дамуы туралы мәселелер қарастырылады. Ежелгі оқымыстылар шынайы қоғамға тән сипаттамаларды анықтап қана қоймай,әлеуметтік процестерді “улгілеу” принциптерін қалыптастыруға негіз қалап , жекеленген әлеуметтік фактілер мен процестерге, қоғам құрылысына, адамдар, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы байланыстар мен қатынастарға нақты эмпирикалық талдау жасауға тырысты.
Әрбір дәстүр социологияға қоғам мәселелерінің, социологиялық білімді жетілдірудің, құру және қолданудың, зерттеу пәні мен нысанын анықтаудың өзіндік зерттеу әдістерін әкелді.
Социологияның ғылым ретінде тууы XIX ғасырдың ортасында француз оқымыстысы Огюст Конт (1798-1857) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш рет “Социология” терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропа (Г.Спенсер,
К. Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер және т.б.) мен Американың
(А. Смолл, Дж. Винсент, В.Томас, П.Сорокин, Т.Парсонс және т.б.) көптеген оқымыстылары айтарлықтай үлес қосқан.
Социология пәні мен нысанын негіздей отырып, О. Конт сол кездегі ғылым жүйесіне иерархиялық баспалдақ түрінде түсінік береді, оның ойынша, бұл білімнің қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға жалпыдан өзіндік ерекшелікке қарапайым дамуының тарихи процесін логикалық жүйемен бере алады. Білім дамуындағы әр басқыш, Конт бойынша, -өзінің алдыңғысының алғы шарт ретінде есептейтін – жоғары тәртіптегі ғылым болып саналады.
Онда негізгі ғылымдардың иерархиясы төмендегіше көрінеді: математика, астрономия, физика, химия, биология (соңғы терминде- О.Конттың үлесі) және социология.
Берілген сызбадан көрінетіндей, социология басқа да ғылымдардың заңдарына негізделеді. Конт социологияның өзіндік, бұл заңдардың түрін өзгертеріндей және индивидтердің бір-біріне өзара әсерінен шығатындай қасиеті бар екендігіне айрықша мән береді. Бұл өзара әсер адамзат қауымында әр ұрпақтың келесісіне өтуі нәтижесіенде күрделене түседі.
Осылайша, социология ғылыми білімнің дамуын қорытындылай отырып, қай кезде де өмір сүрген нысандардың ең күрделісін зерттейді. Мұндай нысан қоғам және индивидтердің бір-біріне әсері болып табылады.
Қоғам жағдайы лайықты әсер еткенде ғана адам өзін жеке тұлға ретінде таниды. Адамның қоғамда бірнеше әлеуметтік ұстанымы болады , оның әрқайсысының белгілі бір құқығы, міндеттері болады, ол мәртебе (статус) деп аталады. Қоғамда алған әлеуметтік мәртебесіне сәйкес, адам қоғамда әлеуметтік роль атқарады. Роль дегеніміз- адам мәртебесімен көрінетін күтілетін мінез-құлық. Әр мәртебеге бірнеше роль енеді. Берілген мәртебеге әсер ететін рольдердің жиынтығы рольдер жиынтығы деп аталады.
Белгілі бір әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған рольдер мен мәртебелердің ірі бірлестігі әлеуметтік институттар (отбасы, дін, білім беру, экономикалық , саяси жүйелер және т.б.) деп аталады. Арнайы институттар (латынша –institutum-нұсқама, мекеме) мен ұйымдар құра отырып, қоғам сол арқылы өзінің өмір сүруінің маңызды салалары мен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым- қатынас түрлерін нақтылап, бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Үнді мұхитының физикалық географиялық орны

Үнді мұхитының физикалық – географиялық орны. Бұл мұхит планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысы жоқ. Үлкен Зонд аралдары мен Австралия оны Тынық мұхиттан бөліп тұрады. Атлант мұхитымен шекарасы Игольный мүйісінің меридианы арқылы, ал Тынық мұхитпен шекарасы -— Тасмания аралының меридианы арқылы өтеді.
Мұхиттың жағасы аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары, Аравия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Мұхитта вулкандық және маржан аралдары бар.
Мұхитты зерттеу тарихынан. Үнді мұхитының жағасы — ежелгі цивилизация дамыған аудандардың бірі. Ғалымдар онда теңізде жүзу басқа мұхиттардағыға қарағанда шамамен 6 мың жыл бұрын басталған деп жорамалдайды. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497 — 1499 жж.) бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.
XIX ғасырдың соңында мұхитты комплексті зерттеу жұмысы басталды. «Челленджер» кемесімен шыққан ағылшын экспедициясы аса ірі зерттеулер жүргізді. Алайда XX ғасырдың соңына дейін Үнді мұхиты жеткілікті зерттелмеді. Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу кемелерін пайдаланатын ондаған экспедициялар оның байлықтарын ашуда. Олардың ішінде—«Михаил Ломоносов», «Океан» және басқа ғылыми кемелер бар.
Түбінің жер бедері. Мұхиттың орташа тереңдігі шамамен 3700 м, ал ең терең жері — Ява шұңғымасында 7450 м-ге жетеді. Мұхитта қайраң онша үлкен емес. Шарасы басқа мұхиттардағы сияқты, мұхит түбінің ең үлкен бөлігін алып жатады. Оны толып жатқан жоталар кесіп өтеді. Батыс бөлігінде су асты жотасы созылып жатыр, ол Африканың оңтүстігінде Атлант мұхиты ортасындағы жотамен жалғасады. Мұхит түбіндегі терең жарықтар, жер сілкіну және вулканизм аймақтары жотаның орталығына қарай шоғырланған. Кер қыртысының жарықтары Қызыл теңізге дейін жалғасып, одан құрлыққа өтеді. Қазіргі кезде олардың құрылысын орыс ғалымдары зерттеуде. Олар сүңгуір аппаратпен теңіз түбіне түсіп, жас базальт лаваларын бақылады. Бұл лавалардың пайда болуы мантиядан заттардың жоғары көтеріліп, Қызыл теңізде жер қыртысының ажырағанын, сөйтіп жаңа мұхиттық жер қыртысының түзілгенін көрсетеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сүлеймен Бақырғани

Хакім ата (туған жылы белгісіз – 1186 жылы қайтыс болған) сопылық диадктикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ислам дінінің «жахрия» («йассаушиілік») деп аталатын ағымын қыпшақ даласына уағыздап, таратушы көрнекті діни қайраткер. Болашақ ақын қазіргі Қарақалпақстанға қарасты Қоңырат қаласына жақын жердегі көш қамал – қала Бақырғанды туған. Түркі әлеміні ғылым және өнер ошақтары – испиджаб (Сайрам), Фараб (Отырар), Йасы (Түркістан) шаһарларында ұзақ жыдар оқып, ислам дінінің аса көрнекті ғұламаларынан дәріс алған.
Кезінде «ұстаздардың ұстазы» атанып: «ұлы Шайхы» дәрежесіне жеткен ғұлама ақын Ахмет Йассауидың ең қабілетті шәкірті, ізбасары болған.
Бұл туралы Сүлеймен Бақырғани:
Йассы өзені жағасы
Жатыр гауһар асылы
Машайықтар сарайы
Шейхым Ахмет Йассауи
Қарашығымен қыстаған
Сұңқар, лашын ұстаған
Сансыз шәкірт бастаған
Шайхым Ахмет Йассауи
Шариғаты – шапағат
Таризаты - қанағат
Хақизаты парасат
Шайхым – Ахмет Йассауи –
дейді.
Бақырғани жасы ұлғайған сайында ел арасында Хакім ата деп аталып кеткен. Бақырғанидың сопылық – дидактикалық мазмұндағы хикмет - өлеңдері кезінде ұлан – ғайыр қыпшақ даласы мен Орта Азияның түркі тілдес тайпалары арасында кеңінен тарағаны тарихтан жақсы мәлім. Алайда мұрасы тек ХІХ ғасырда ғана қайта жинақталып, Қазан, Ташкент және Стамбұл бапаларынан «Бақырғани кітабы» деген атпен бірнеше рет (1846, 1877, 1898 жж.) басылып шықты.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Студенттердің құқықтары мен міндеттері

Кредиттік жүйеде оқитын Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттерінің төмендегідей құқықтары бар:
• Жалпыға бірдей міндетті стандарттық мамандықтар шегінде білім алуға;
• Жеке траектория шегінде оқуға;
• өздерінің қабілеттілігі мен қажеттеліктеріне сәйкес қосымша білім алуға, оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
• бекітілген заңдар бойынша бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысуға немесе қайта қабылдануға, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуға;
• ҚазҰТУ кітапханасының ақпараттық қорын және техникалық орталықтарын тегін пайдалануға;
• Барлық оқылатын пәндер бойынша силлабустарды тегін пайдалануға;
• Жеке пікірі мен ойларын еркін айтуға.
Экономика және экология мамандықтары бойынша ғылыми білім кешенінің түлектерінің магистратураға түсуде және жұмысқа бөлуінде тең құқықты болады.
Мемлекеттік грантта оқитын студенттер ҚР Үкіметі белгілеген стипендияны алуға ұсыныс жасай алады.
Мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес және ақылы бөлімде оқитын студенттер жатақханада орынмен қамтамасыз етіледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі

Диплом жұмысының зерттеу объектісі – Шығыс Қазақстан облысының тарихи көрнекі жерлерін дамытудының алғышарттары мен кездесетін проблемалары. Ал зерттеу пәні – қазіргі кездегі тарихи көрнекі жерлердің жағдайы.
Жұмыстың негізгі мақсаттары.
1. Аймақтағы туристік потенциалды дамуына қажетті Шығыс Қазақстан климатын, табиғаты мен мәдени және тарихи ерекшелерін атап көрсету.
2. Шығыс Қазақстан тарихи көрнекі жерлерге жалпы сипаттама беру.
3. Шығыс Қазақстан тарихи жерлеріне туристік маршрут ұйымдастырудағы туристік фирмаға сипаттама беру.
4. Жалпы туризмді дамыту барысында кездесетін проблемалар мен перспективаларды анықтау, «Туризмді дамыту және Мәдени мұра бағдарламасына талдау ».
Диплом жұмысының келесі зерттеу әдістері қолданылады:
- тарихи талдау;
- туристік фирмалар қызметін салыстыру;
- статистикалық зерттеу ;
Бұл диплом жұмысында тарихтық материалдар, әдеби мұралар, газет-журнал мақалалары, заң актілері қолданылады.
Диплом жұмысының зерттеу нәтижесі өлкеде тарихи көрнекі жерлерді дамытудың мол мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол үшін бірнеше іс шараларды дәл қазір қолға алған жөн. Олар:
- тарихи көрнекі жерлерді зерттеу;
- « Тарихи көрнекі жерлерді қорғау » заңын қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орындау;
- оларды мемлекеттік бақылауды ұстап, қорғау;
- қалпына келтіру шараларына мол қаражат бөлу;
- өлкедегі туристік инфроқұрылымды дамыту;
- отындық туристік фирмалардың ішкі туристік өнімді жарнамалау қызметін арттыру;
- тарихи жерлерге ұйымдастырылатын туристік маршруттар санын ұлғайту;

Егер отандық іс-шаралар уақытында жүргізілсе, тарихымызды танитын және басқаға танытатын кезде келіп жетті.
Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін халқымыздың көне тарихқа деген
қызығушылығы арта түсті. Осымен қатар төл тарихымызды тереңнен тартып түгендеуге бүгінгі күні мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалып отыр. Мүмкіндік жасалып қана қоя салған жоқ, көне тарихымыздың қайталанбас мұраларын жинап, халқымыздың рухани қазынасын байытуға белсене бел шешіп кірісті. Иә, біздің тарих – шаңы қалыңдап кеткен тарих. Ғасырлар қойнауынан инемен құдық қазғандай қиындықты бастан кешіп, жоқ іздеп, шым – шымдап шыңыраудан тамшы аулағандай, көз майын тауысып зерделеп зерттеп, өз тарихына шөлдеп отырған оқырманға ұсыну бүгінгі ғалымдардың мойындағы борышы. Неге бұлай киелі, неге азапты деген сұрақ туындауы мүмкін. Өйткені, тарихымыз біздің ұлттық изеалогиямыздың бір алтын арқауы. Ал біздің ұлттық идеалогиямыз – тарихымыз, дініміз, тіліміз, діліміз, ғасырлар сынынан өтіп, уақыт пен болмыс қалыптастырған ұлттық дәстүріміз. Бүгінгі тарихшылар, зерттеушілер – ұлттық идеалогияны қалыптастырушылар. Сондықтан да, тарих жүгі ауыр да азапты, жауапты да ұжданды, қасиетті де киелі [1].
Қазақстан - туған жеріміз, ал туған жеріміз – тұнып тұрған байлық. Оған дәлел, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Мысалы: Дүние жүзіндегі «Алтын адам» аса құнды қазынаға тек Египет Фараоны Тутанхаманның қызғылт алтын табыты мен маскасы ғана теңесе алар немесе 4000 жылдыққа жуық тарихы бар таңбалы ескерткіші ЮНЕСКО- ның қол асындағы көне галерея, сондай –ақ «Екінші Мекке» атанған Қожа Ахмет Иассауи мавзалейі туристердің Қазақстан жеріне деген қызығушылықтарын туғызады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сұлтанмахмұт Торайғыров

1893 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. ХХ-ғасырдың басындағы Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ ақын – жазушы. Кедей отбасында туған. Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) жасында жоқшылықты көп көріп, кісі есігінде жалшы болған. С.Торайғұров үш жасқа шыққанда шешесі Зұфұннан жетім қалды. Алғашқыда үйде жүріп, әкесінен оқып қара таныған С.Торайғыров ауыл молдасы Мұқан деген кісіден сабақ алды. Ол араб, парсы қисса – хикаяларын өзінше аударатын, әрі жанынан қиыстырып өлең шығара алатын кісі болған. Оған еліктеп Торайғыров өлең жазып, мышықтана бастайды. 1902-11 жыл аралығында түрлі мектеп, медреселерде оқыды. 1911 жылы Троицк қаласынан оқып келген Нұралы деген жаңашыл мұғалімнен дәріс тыңдады. Ол қазақ, татар тілінде шығатын газет, журналдарды, әдебиет, тарих т.б. пән кітаптарын жаздырып алдырып, оқып тұратын болған. Сол арқылы Торайғыров қолына түскенін құныға оқып, қазақ, татар әдебиетінің бірқатар нұсқаларымен танысты. Өнер-білімге құлшына бас қойып, өлең, әңгіме жазуға қызу кірісті. Осы кезде ол «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Оқу», «Кезек қашан келеді» т.б. өлеңдерін және «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Бұл шығармаларында жас ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, оқудың, өнер-білімінің пайдасы, дін, байлық, кедейлік, еңбек т.б. туралы сөз етеді.
1912 жылы қараша айында Торайғыров оқу іздеп, Троицк қаласына барды. Онда оқуда жүріп, «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Қандай», «Зарлау» т.б. өлеңдерін жазды. 1913-14 жылдың қасында т.б. өлеңдерін жазды. 1913-14 жылдың қысында "Айқап" журналының редакциясында қызмет істеді. Ол осы кезде шығармашылық жұмыспен құлшына шұғылданып, "Қамар сұлу" романын, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптар жайынан", "Өлең жөне айтушылары", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?" атты мақалаларын және бірқатар өлеңдерін жазды. "Тентектің жинаған шоқпары", "Тамшы" деп аталатын кітаптарын баспаға ұсынды. 1914 жылыжазда Торайғыров туған елі Баянауылға оралды. Кузде Семейге барды. Орысша оқуға туспек болды, бірақ түсе алмады. Қатонқарағайда мұғалім болып, сонда 1916 жылдың күзіне дейін бала оқытты. Мұнда жүргенде "Кім жазықты?" романын жазды. Ол 1916 жылдың күзінде Томскіге барып, курста оқып жүріп, орыстың классикалық әдебиеттерімен танысты, тарих, философия, география пәндерін үйренді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тістерді таңдап егеу шықшыт буыны ауруын емдеуде бағытталған комплексті шаралар тіс жақ жүйесінің бұзылуы

Пародонт ауруларын комплексті емдеуде тістерді таңдап егеу негізгі шаралардың бірі болып табылады, окклюзиялық бұзылыстарды қалпына келтіру және тістерің тірек тіндерін жарақаттаушы окклюзияны реабилитациялау және алдын алу үшін стимуляциялы, функциональды қысымды қалпына келтіру болып табылады.
Жарақаттаушы окклюзия – бұл бір тістің немесе бір топ тістердің функциональды қысымынан болатын тіс қатарының патологиялық жағдайы, ол пародонт тіндерінің өзгерісіне, бұлшық ет дисфункциясына, самай – төменгі жақ буынының ауруларына алып келеді.
Жарақаттаушы окклюзия интакті пародонт кезінде де болуы мүмкін, тым көп немесе бағыты бойынша дұрыс емес окклюзиялық қысымнан және пародонт ауруларында тістің тірек тіндерінің әлсіздегенде болуы мүмкін. Бұл кезде қалыпты окклюзияның өзі де тіс тіндерін қоршаған толеранттылыған жоғарылап қарапайым окклюзияның өзі жарақаттаушы факторларға айналады. Комбинирленген жарақаттаушы окклюзияның жоғары қысыммен пародонт ауруларының бірігуінен пайда болады.
Клиникада көбінесе тістердің ерте түйісуінен болатын травматикалық окклюзиямен науқастар кездеседі, ол керексіз бүйір қысымға алып келеді( горизонтальды және қисық), ол пародонт ауруының негізгі патогенетикалық факторы болып келеді.
Окклюзиялық түйісудің үш класын ажыратады. Бірінші класс- төменгі моляр және премолярдың ұрт төмпешіктерінің вестибулярлы бетіндегі локализациясы, тағыда төменгі күрек және сүйір тістердің вестибулярлы бетінде. Екінші классқа жоғарғы моляр және премолярлардың таңдай бетіндегі таңдай төмпешіктерінің алдын ала түйісуі жатады. Үшінші класс- жоғарғы моляр және премолярлардың ұрт бетіндегі таңдай төмпешіктердің ерте түйісуі.
Ерте түйісу дара тістердің немесе топ тістердің қажалуының болмауынан, тағыда породонттың зақымдалуынан тістердің орнының өзгеруінен болады. көрші тістің болмауы, антогонист тістің окклюзиялық бетінде пломбаның қатты қажалуы, жақтың дамуының аномалиясы тіс қатарының окклюзиялық бетінің деформациясына алып келеді. Бұл кезде тістерді таңдап егемейді оның орнына окклюзиялық бетті өзгертетін тіс бөліктерін егейді.
Тістерді таңдап егеу тістемнің ақауында, тіс қатарының ақауында, тістің қатты тіндерінің бір қалыпты қажалмауында, төмпешіктердің физиологиялық қажалуының болмауында көрсетілген. Тістерді таңдап егеудің көрсеткішіне пародонт тіндеріне қысымның артық түсуінің клиникалық және рентгенологиялық әдістердің болуы: бөлек тістердің қатты қозғалғыштығы, тіс мойынының және түбірінің жалаңаштануы, жоғарғы немесе төменгі күрек тістердің алға шығуы, желпігіш(веер) тәрізді орналасуы, жақтардың түйісуінің орталық, бүйір және алдыңғы окклюзия кезінде тістердің ерте түісуі кезінде, жақтардың қозғалысына кедергі жасайтын тістердің окклюзиялық бетінің бөліктерінің болуы. Тістерді таңдап егеуді тіс қатарының көптеген түйісу нүктелері болу үшін жасалынады, пародонт тіндеріне функциональды көп қысымның түсуін жою үшін және төменгі жақтың свободной кинематикасы үшін жүргізіледі.
Тістерді таңдап егеудің уақыты аурудың клиникалық суретіне байланысты. Жарақаттаушы окклюзиясы бар және пародонттың айқын қабыну симптомы бар науқастарда тістерді таңдап егеуді тек қабыну үрдісін жойғаннан кейін жүргізу керек. Егер клиникалық суретте сүйек қалталары бар сүйек тінінің деструкция симптоматикасы алда тұрса онда тістерді таңдап егеу операция алды кезеңінде немесе хирургиялық ем кезінде жүргізіледі. Себебі репаративті процесс кезінде окклюзиялық жарақатты болдырмау үшін.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Топырақ- табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың Түзілу үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады. Бұл құбылысқа табиғат күштерінің әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше.
Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Физикалық жолмен үгілу деп – тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі әсерінен тау жынысынын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір Біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады.
Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың клмат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.....
Рефераттар
Толық
0 0