Реферат: Әдістеме | Тілді үйрету әдісінің түсінігі

Тілді үйрету әдісінің түсінігі. Ана тілін үйренудің заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қабілеттердің даму процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті – сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез – құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым безірек байиды және оның психикасы жан – жақты дамиды. Лингвистикалық – дидактикалық принцптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Орманды мемлекеттік бақылау басқару талаптары

Кәзіргі алаңдатаралық экологиялық мәселелердің бірі осы орман шаруашылығы болып отыр. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттердің жиынтығы, негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған орта мен өзара байланысты және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешеннің бірі болып табылады. Орман шаруашылығын келешек ұрпаққа сақтап қалу, оларды жаңарту, керекті шикізат көзі ретінде ұтымды пайдалану, біздің парызымыздың бірі.
Орман шаруашылығы – орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: “Пациент” туралы түсінік

 Дәрігер мен пациент заң алдында тең.
 Дәрігер пациентпен “сыпайы, ұқыпты,мейірімді” болу керек!
 Гиппократ этикасы- бұл моральді-этикалық жүйе, дәрігерлік практиканы реттейтін, дәрігер-пациент қатынасын анықтайтын, дәрігердің басқа дәрігерге деген қатынасын айтады.
 Дәрігер мен пациент әлеуметтік денсаулық сақтау институтының шегінде теңқұқылы болып келеді.

Емделудің ең тиімді жолы – квалификациялы специалистерге көріну. Пациенттерді емдеу процесі бірнеше тізбектелген этаптардан тұрады: пациентті зерттеу, диагнозды қою, емдеу тактикасы мен схемасын таңдау, емдеу тәсілін пациентпен бірге талқылау, емдеуді жүргізу және реабилитациялық іс-шаралар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Орындаушылар және олардың репертуары

Халық композиторларының бізге жеткен күйлері арқылы екі ішекті домбыра кеңінен таралып, кеңінен зерттелсе, халкымыздың музыкалық мұрасына үлес болып табылатын үш ішекті домбырада және шертерде ойналатын күйлерді зерттеу, үйрену енді қолға алына бастады. Соның бізге жеткен бір куәсі, Республикалық Музыка Аспаптар Музейінде үш шекті домбыралардың және шертердің бірнеше үлгілері сақталған.
Шертер аспабының көне түрлері Қазақстанның шығыс өңірінде, оңтүстікте (археологиялық қазба жүмыстарының нэтижесінен), Маңғыстауда (Б.Залесскийдің суретінен) болғанын білеміз.
Үш ішекті домбыра Қазақстанның шығыс өңірінде кеңінен тараған. XIX ғасырда А.Алекторов, Исаев, Юдин тэрізді этнографтар үш ішекті домбыра жөнінде деректер жазып келтірген. Әсіресе 1891 жылы жарык көрген «Оренбургские ведомостиіндегі» Юдиннің, Готовицкийдің мақаласы өте қызықты.
XIX ғасырда өмір сүрген халық композиторы Қүлыншақтың үш ішекті домбырасы Ықылас атындағы музейде сақтаулы. Құлыншақтың домбырасы бір тұтас ағаштан ойып жасалынған, беткі кақпағы ағаш шегемен бекітілген. Бүл домбырада ол табиғатты, түрмысты, махабатты, азаттықты паш етіп шығармаларымен елге танылды.
Қазақтың Үлы ақыны Қүнанбайүлы Абай үш ішекті домбырасын 1885 жылы Семей қаласының өлкетану музейіне тапсырған. Бәлкім дәл осы домбырада ол өз музыкаларын, эндері мен күйлерін шығарған болар. ^ Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Жидебай жерінде Ибраьимнің (Абайдың) өзі тұрған үйінде, қазір музей, үш ішекті екі домбыра бар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Мемлекеттің формалары

Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады. Мем¬лекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мем¬лекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді: 1.Формациялық; 2. Өркениеттік.
Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типолгия негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда — мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдар

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімсн (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты — "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Мемлекет функциясының түсінігі оның белгілері

Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Радиоактивті изотоптарды шығарып алу және оларды қолдану

Табиғатта кездеспейтін элементтер. Жоғарыда айтылғандай ядролық реакцияның жәрдемімен табиғатта тек тұрақты күйде кездесетін химиялық элементтердің радиоактивті изотоптары алынған. Нөмірлері 43, 61, 85 және $7 элементтердің тұрақты изотоптары жалпы кездеспейді, олар жасанды түрде бірінші рет алынған. Ал, технеций деп аталған 2 = 43 элементтің ең ұзақ өмір сүретін изотопы бар, оның жартылай ыдырау периоды мил-лион жылға жуық.
Сондай-ақ, ядролық реакциялар және жасанды радиоактив-тіктің көмегімен трансурандық элемеңттер алынған. Нептуний мен плутоний туралы сендер білесіңдер. Олардан басқа тағы мынадай элементтер алынған: америций (Z = 95), кюрий (Z = 96), берклий (Z = 97), калифорний (Z = 98), эйнштейний (Z = 99), фермий (Z = 100), менделевий (Z = 101), нобелий (Z = 102), лоуренсий (Z = 103), курчатовий (Z = 104), нильсборий (Z = 105). Курчатовий, нильсборий және қазірше жалпы қабылданған атауы жоқ 106, 107 және 108-элементтер алғашқы рет СССР-де Дубна қаласында синтезделген. (Элемент 108 бір мезгілде ФРГ-де синтезделген.)
Таңбаланған атомдар. Қазіргі уақытта әр түрлі химиялық элементтердің радиоактивті изотоптарын ғылымда да, өндіріс те де қолданудың маңызы артып келеді. Әсіресе, таңбаланған атомдар методының маңызы зор. Бұл метод радиоактивті изо-топтардың химиялық қасиеттерінің сол химиялық элементтердің радиоактивті емес изотоптарының қасиеттерінен айырма-шылығы болмайтындығына ңегізделген. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Қабілет туралы жалпы ұғым

Күнделікті ауыз екі сөзде «Қабілет» деген атауды жиі қолданамыз.Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып,осы баланың математика пәніне, қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктеледі олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық,үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып,бұған ерекше мән беріліп отырылады.Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатын байқатады. Мұндай ерекшеліктер әс - әрекетті орындау үстінде, әсәресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимиылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бүл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдістеме | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері
Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі — Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры — өз халқының тілінде.
Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет саласына ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттың ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қазақ тіліне үйрету маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі:
• адамдардың рухани өмірінің үйлесімді болуы барлық халықтың қазақ халқының мәдени құндылығына қол жеткізуі үшін мүмкіншіліктерді кеңейтеді;
• білім мен мәдениеттің одан әрі көтерілуін қамтамасыз етеді;
• Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың жақындасуының жан-жақты дамуына, Қазақстан халқының тарихи қауымдастық ретінде ынтымақтастығының нығаюына мүмкіндік туғызады.
Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0