Реферат: Экономика | Мемлекет экономикасындағы шетел инвестициялардың ролі

Бұрынғы КСРО-ның табиғи ресурстарының 60%-ын иемдеп, Қазақстан осы қорларлың көмір, мұнай, газ және металлдарды пайдаланудан табыс алуды көздеп отырған көптеген халықаралық ұйымдардың назарын аудартты. Қытай мен Батыс арасындағы пайдалы сауда жолы болып табылатын бұрынғы Жібек Жолының тоғысында орналасқан Қазақстан Азия Жолбарысы мен Батыс Еуропаның демократиялық мемлекеттер интеграциясының табиғи орталығы бола алады.
Кең мүмкіншіліктеріне қарамастан, еліміз жоғары деңгейге жету үшін көптеген кедергілерден өтуге мәжбүр болды. Бұрынғы КСРО-ның құлауы мемлекеттің реттеуші жүйелердің күйреуіне, бақыланбайтын инфляцияға және қаржы қорлардың таусылуына әкеліп соқты. Сондықтан, Қазақстан ескі Кеңес бюрократиясына және әлсіз заң негізіне тап болды.
Бірақ, соған қарамастан, реформалау саласындағы прогресс бүкіл әлемде мойындалды: критиктер сыртқы қаржы және нарықтық өзгертулер арқылы Қазақстан экономикасының қарқынды дамуын байқады. Реконструкция және дамудың халықаралық Банкі, Әлем Банкі, Азиялық Даму Банкі, халықаралық ақша қоры және шетел инвестициялардың үздіксіз ағымы халықаралық қаржы әлемі Қазақстан экономикасына сенетінін көрсетті. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Саясаттану | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Мұнда рыноктық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз.
А) Табыс құрылуының рыноктық механизмі және әлеуметтік саясат.
Табысты рыноктық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктық механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, ХХ ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде “берек елі мемлекет” (welfare state) деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамтамассыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Рыноктық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Мемлекеттік билік

Мемлекет териясының барлық бағыттары мен мектептері мемлекетті құдіретті мемлекеттік билікте деп санайды, ол ұйымдастырудың нақты түрі және бірлігі бір немесе өзге де міндеттерді орындайды, мемлекеттің сыртқы және ішкі қызметі мемлекеттік билікті қолдану арқылы жүзеге асырылады дейді. Билікті ұйымдастыру, мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруда оны пайдалану жолдары кейінректе сөз етілетін болады. Бұл тарау мемлекеттік билік түсінігіне , билікті бөлістіруге, мемлекеттік биліктің тұтастығына, содай-ақ мемлекеттік билікті ұйымдастырудың қазіргі тұжырымдарына арналады.
1.Мемлекеттік билік түсінігі
«Билік» сөзі күнделікті әңгімеде және ғылыми әдебиетте жиі айтылатыны белгілі. Ұлы Абайдың өлеңдерінде де болыс болудың қиындығы, ұлы Жамбылдың шығармашылығындағы Сәт, Мәңке болыстарды іс-әрекеті, сондай-ақ басқа да ғұламалар, ақын-жазушылардың мұраларында да биліктің дәмі көп жазылуы да бұған дәлел бола алады. Бір қызығы, ата-ана, шаруашылықты басқару, аңдарды үйрету, табиғат заңдары билігі туралы айтып жатамыз. Орыс заңгері А.С. Алексеев өзіне еліктіріп әкететін сұлулық та, кемеңгерлік ой да, өркемдік дарын да бізге билігін жүргізеді дейді. Егер біз күнделікті күйбеңнен әңгіме арқауына айналып кететін «билік» терминінің мазмұна үңілер болсақ, оның неше түріне тап боламыз.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Парламенттің қалыптасу тарихы

Қазақстанда Омбудсмен институтының құрылуы - осы бағытта үздіксіз атқарылған қыруар жұмыстың жемісі. Талай жылдар бойы мамандар осы құрылымның адам құқықтарын қорғаудағы маңызын анықтап, оны құрудағы әлемдік тәжірибені жинақтауға бар күшін салған. Әсіресе, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі ұйым секілді халықаралық органдарды ерекше атап өткен жөн. Осы және басқа да құрылымдардың барлығы Омбудсменнің халықаралық стандарттарға, әсіресе, Париж қағидаларына сай заңнамасын жасауға қажетті шараларды жүзеге асырды.
Жаңа институтты құру идеясы 1995 жылы ұсынылды. Сол жылдың қаңтарында бір топ қазақстандық ресми тұлғалар Женева қаласына барып, онда БҰҰ Даму Бағдарламасының ҚР-дағы тұрақты өкілі Найджел Рингроуз және БҰҰ ДБ бағдарламаларының реттеушісі Е. Тищенкомен бірге арнайы семинарға қатысты. Қазақстандықтардың ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінің халықаралық бөлімінің меңгерушісі Ыдрысов Е. А., ҚР Жоғарғы Кеңесі Төрағасы хатшылығының меңгерушісі Колпаков К. А. және ҚР Президенті жанындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Байқадамов Б. К. болды.
Бұл топ БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасында болған келіссөзде Қазақстан Республикасында Омбудсмен институтын құру туралы тұңғыш рет ұсыныс жасаған болатын.
Бірақ, ол кездегі басты мақсат – бұл идеяны нақтылап, оны толықтыру еді. Осы орайда, 1997 жылды ерекше айтып өту керек.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ортаңғы таптың қоғамдағы маңызы

Ортаңғы тап. Осы терминмен АҚШ-ты сипаттасақ жөн болар. Шынында да, көптеген ғалымдар таптық стратификацияның принциптері түгелдей дерлік жүзеге асқан мемлекетке мысал келтірсе, бірінші орында АҚШ-тың болуы айдай анық. Егер Еуропада XX ғасырдың басына қарай сословиелік бірлестіктердің қалдығы қалса, АҚШ-та таптық қоғамның пайда болуы жаңа парақтан басталған болатын. Өйткені бұл мемлекетті әр елден келген эмигранттар құраған болатын, олар өздерімен бірге ақшаны, үй заттарын, білім мен ғылымды, тіпті дәстүрін әкелсе де, стратификация жүйесін әкеле алмаған еді. Олар жаңадан пайда болды.
Ортаңғы тап деп- жоғарғы және төменгі орын алатын қоғамдағы статустық позицияны айтамыз. Көп жағдайда, осы тап социалдық таптың ең көбін құрайды, қоғамдағы реттеуші және мамандандырылған жұмыс күшін береді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Мемлекеттік несие

Мемлекеттік несие яғни қарызға алынган ақша мемлекеттік билік органдарының қарамағына олардың қосымша қаржы ресурстарына айнала отырып түседі. Олар, әдеттегідей, бюджет тапшылыгын жабуға багытталады. Мемлекеттік қарыздарды (заемдарды) өтеудің және олар бойынша пайыздарды төлеудің көзі бюджет қаражаттары болып табылады. Алайда, мемлекеттік берешектің едәуір өсуі және үдей түсіп отырған бюджет қиыншылықтары жағдайында ел мемлекеттік борышты қайта қаржырандыруға да баруы мүмкін. Қаржыландыруды жаңарту деп жаңа займ шығару арқылы ескі мемлекеттік берешекті етеулі айтады.
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны мемлекеттік займдар болып табылады, ол облигациялар және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және өткізу (сату) жолымен жалпықоғашық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін халық пен занды тұлғалардын акдіасы тартылатындагамен сипатталады.
Қазақстан Республикасында алғашқы мемлекеттік ішкі займ 1992 жылы шығарылып, кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға ( 2012 жылға дейін) шамаланған мемлекеттік ішкі ұтыс займының бондары шығарылды. Займдар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 100 және 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы резидент және резидент емес занды және жеке тұлғалар арасында Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ішкі займының Ұлттық жинақ облигациялары таратыла бастады. Ол номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
1999 жылдан бастап атаулы құны 100 АҚШ доллары болатын айналыс мерзімі бес жыл арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларды (АБМЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы активтерін қорғау мақсатында Қазақстан республикасы Үкіметінін атынан Қаржы министрлігі (эмитент) шығарады. Бұл облигациллар иелеріне етеу кезінде олардың атаулы құнын алуға және жылына 6,14 % мөлшерінде сыйақы (мүдде) алуға құқық береді.
Сонымен бірге Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын құралдардын түрлерін кеңейту мақсатанда теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайында айналыс мерзімдері үш, алты. Тоғыз, он екі ай болып табылатын мемлекеттік қазынашылык, валюталык, міндеттемелер (МЕКАВМ) шығаруды бастады. Ол құжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукциондык әдіспен анықталған дисконтталған баға бойынша орналастырады. Қазынашылык міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де, резиденттері емес те болып табылатын заңды және жеке тұлғалар бола алады. Инвесторлардың сатып алынған қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы төлеуі мен Қаржы министрлігінің қазынашылық валюталық міндеттемелердің нақты құнын өтеуі толеуі күні мен отеу күнінің қарсаңындагы әр эмиссияның шарттарын жариялау кезінде Қаржы....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: РЫНОКТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ

Өтпелі кезең экономикасындағы мемлекеттің ролін жаңаша ойластыру қажет. Бұл кезде мемлекеттің экономикалық сфераларға тікелей араласуы кеміп, бірте-бірте жанама реттеумен алмастыратыны айқын. Расында, әрбір кәсіпорынға жоспар белгілеп берудің қажеттігі жоқ. Мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарының өкілдіктерін кеңейтіп, оларға дербестік берген, мемлекет өзіне тән іс – дамудың стратегиясын анықтаумен шұғылдануға мол мүмкіндік алатыны тәжірибеден белгілі.
Қысқаша айтқанда, рыноктық экономика жағдайдағы мемлекттің рөлі әкімшілдік-әміршілдік жүйедегі жағдайдан мүлдем басқаша болуы тиіс. Азаматтер, жеке кәсіпкерлер немесе еңбек ұжымдары шешім қабылда процесінде дербестік пен жауапкершілікті өз мойнына алып, «бәрін» мемлекет органдарына мойынсұнудан арылуы қажет. Мемлекет рөлінің күшейюі оның жаңа заңдаржасап барлық азаматтарды бірдей, тең жағдайлы мүмкіндіктердің алдына қоюынан көрінеді. Мұның өзі демократиялық мемлекеттің дамуы мен кемелденуінің кепілі.
Осы негізде, мемлекет қоғамға пайдалы, іс-әрекеттерді жүргізу үшін өзінің әр түрлі функцияларын пайдаланады. Олардың ішінен заң шығару, кәсіпкерлік пен халықаралық байланыстарды нығайту функцияларын атап айтуға болады.....
Рефераттар
Толық
0 0