Реферат: Тарих | Мезолит дәуірі

Мезолит (б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар дәуірі)-орта тас ғасыр, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл кезең аз зерттелген. Бұл терминді 19 ғасырдың 70 жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О.М.Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9-5 мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б 10-7 мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып табылады, бірақ бұл бұл дәуіріде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар археологтар бұл термин орнына эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке протонеолит сөзін қолданып келді. Кейбіреулері жоғарғы палеолит пен мезолитті қосып миолит деп те атады. Мамандардың көпшілігі тас өңдеу техниасындағы ерекшеліктер арқылы мезолитті басқа дәуірлерден ажыратуға болады деген пікірді ұстанды. Тас құралдарын дайындау мезолитте одан әрі жетіле түсті. Сегмент, трапеция, үшбұрыш түріндегі ұзындығы 1-2 см ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы

Мәншүк Мәметова Жеңсікәліқызы (Жиенғалиқызы) 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды да, бес жасар баланы оның тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтті.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқып, соңымен бір мезгілде республика Халық Комиссарлары Советінің секретариатында қызмет етіп те жүрген. 1942 жылдың авгусында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады. Алғашында бригада штабында қызмет етті, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тіршілік қауіпсіздігі | Қауіпті табиғи құбылыстар

Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі (ТӘҚ) адамзат әрекетшілік саласының бірі болып табылады; бұл көп жақты ұғымға саяси, әскери, заңдық, әлеуметтік, медициналық, ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және тағы басқа аспектілер кіреді.
Мемлекеттің міндеті, оның функциясы ретінде қарағанда, тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу обьектілерді төтенше жағдайлардан, олардан туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекет саясатын жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Практикалық мағынада ТӘҚ алдын ала ТЖ-дың пайда болу қатерін мүмкін болғанша азайтуға, халықты дайындау және жаппай оқытуға, ал ТЖ кезінде адамдарды қорғауға, залал мен материалдық шығынды кемітуге, сондай-ақ, ТЖ-ды шектен шығармауға, түбінде салдарын жоюға бағытталған, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген шаралардың үйлесімді жиынтығы деп жобалап түсінуге болады.
Ал енді төтенше жағдайларға біраз тоқталып өтсек. Төтенше жағдайлар деп табиғи ортаға, адамдардың өмір сүруіне, экономиаға, әлеуметтік өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізетін және қалыпты жағдайдан тез арада ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте ғимараттардың қирауына, адамдардың өліміне, құралдар мен материалдық құндылықтардың жойылуына және биоөрісіне әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын жою үшін) шұғыл шараларды өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін авариялық – қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Төтенше жағдайлар үш ортада пайда болады: өндірісте (техногендік), табиғатта және экологиялық ортада, сонымен бірге болуы мүмкін қарқынмен (көлемділігімен) сипатталады да, жеке (бір кәсіпорынның жекелеген жүйесінде), обьектілік, жергілікті, аймақтық және глобальды болып бөлінеді, сонымен авария (сәтсіздік) немесе апат (катастрофа) деп аталады.
Ал енді табиғи сипатта болатын төтенше жағдайлар туралы айтып кететін болсақ. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың көбеюі байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер сілкіністер тым көбейіп кетті, ал топан су басу мен қатты даулдар мен тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын соғу әлі де жалғасуда. Осы факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп, тұрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда.
Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы былай жіктеуге болады:
- геологиялық құбылыстар – жер сілкіністер, жанартаулар атқылауы, жер және қар көшкіндері, селдер;
- метеорологиялық құбылыстар – дауылдар, боранда, құйындар;
- гидрологиялық құбылыстар – топан су басуы, цунами, өзендегі мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкепек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі;
- табиғи өрттер – орман, дала, шым тезе өрттері;
- жаппай көпшілік аурулар – эпидемиялар, эпизоотиялар, эпифитотиялар, жалпы жұқпал аурулардың кең таралуы.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағы

Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ітттінде 35% -ы кесілген екен. Кейін адамзат кауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат корларын есепке альш, оларды тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар кабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.
Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат корғауға ғылыми түрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.
Табиғат корғаудағы негізгі мақсат — оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз калпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.
Соңғы жылдары елімізде табиғат корғау мәселесіне үлкен мән берілуде. 1997 жылы 15 шілдеде "Қоршаған ортаны қорғау туралы", ал 1997 жылы 6 тамызда "Ерекше корғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдар қабылданып, оларды жүзеге асыру жөнінде игі істер атқарылуда. Еліміздегі ерекше қорғалатын аумақтарға: мемлекеттік қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, республикалык мәні бар табиғат ескерткіштері, табиғи қорықшалар (заказник), халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар, зоологиялық, ботаникалық, дендрологиялық бактар, экологиялық тұрғыдан ғылыми, мәдени жөне тарихи құнды табиғи нысандар жатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Қазақстанның улы өсімдіктері

Қазақстан Республикасында улы өсімдіктер флорасы алуан түрлі болып келеді. Улы өсімдіктердің құрамында түрлі ауыр металдар, химиялық қосылыстар, ционид, кофеин сияқты заттар кездеседі. Негізінде улы өсімдіктерді ежелден бері халық және батыс медицинасында дәрі дәрмек, ауруларды емдеу барысында қолданып келді.
Қазақстанымызда өсетін адыраспан өсімдігін адамдар улы қасиетінің бар екенін сірә біле қоймас. Алайда зерттей келе өсімдік құрамында өте улы ционид және ауыр металдар бар екені анықталды. Адыраспанды жаққанда ауыр металдар қосылыстары ауаға түтін түрінде ұшады, жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда, тұмау аурулары кезінде пайдаланғанда ол вирустар мен патогенді бактерияларды жоятын қасиеті бар.
Солтүстік Қазақстанда көптеген улы өсімдіктерді – улы саңырауқұлақтар алады. Олардың бірқатары мухоморлар, мицендер тұқымдастарына жатады. Улы өсімдіктер алуан түрлі болып таралған: оңтүстікте шөптесін, ал орманды жерлерде қалпақты түрлері көптеп таралған.
Қазақ халқы шай, кофе сияқты өсімдіктерді күнделікті сусын есебінде пайдаланады. Оларды өте улы зат-кофеин бар. Ол жүйке жүйесін зақымдап, адам оған тәуелді болады. Ішек жолдарында токсиндері, улы заттары қабырғаларға жабысып қалады. Кофеинді нашамен теңеуге болады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Музыка | Қазанғап күйші

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.
Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады.
Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Қан физиологиясы

Қан жүйесі ұғымын Г. Ф. Ланг (1939ж) ұсынған. Жүйеге қан, қан жасайтын және оны бұзатын органдар, сондай- ақ реттеуші аппарат кіреді.
Қан сұйық бөлім плазмадан және формалы элементтер- эритроциттнр, лейкоциттер, тромбоциттерден тұрады. Ересек адамның қанының формалы элементтері оның 40-48%-ін, ал плазма 52-60%-ін құрайды. Бұл қатынас гематокриттік сан деп аталады.
Қанның негізгі қызметтарі: Қан сұйық болып есептеледі. Ол қан жүретін тамырларды толтырып, әр- түрлі заттарды бір органнан екіншілеріне жеткізу арқылы барлық органдар арасында сұйықтық ( гуморальдық) байланысты қамтамассыз етеді.Қанның қозғалуы нәтежиесінде тканьдарға оттегі мен қоректік заттар үздіксіз келіп тұрады және көмір қышқыл газын басқа да алмасу өнімдерін тканьдардан сыртқа шығару органдарына- өкпегк, теріге, ішекке апарады яғни қан транспорттық рөл атқарады. Бірақ, тек мұнымен ғана қанның физиологиялық маңызы шектелмейді.
Қан лимфа мен клеткаларды қоршап жатқан ткань (интерстициальдық) сұйықтығымен бірігіп организмнің ішкі ортасы болып табылады.
Бұл ортаның негізгі бөлігі судан тұрады. Судың үлесіне адам денесі массасының 75%-і тиеді.Дене массасы 70 кг кісіде ткань сұйықтығы мен лимфа 30%-тей болады, ал,клетка ішіндегі сұйықтық 40%-тей және қан плазмасы 5%-тей болады.Плазма қанның сұйық бөлімі.Қалыпты тіршілік процестері үшін ішкі орта тұрақтылығы( гомеостаз) қажет.К.Бернар1878ж «біздің ішкі ортамыздағы тіршілік жағдайларының тұраұтылығынсақтау-еркін және тәуелсіз өмірдің қажет элементі»- деп жазған болатын. Американ физиологі У Кеннон 1928ж « гомеостаз» терминін ұсынды. Оның пікірінше, организмнің өз ішкі ортасы тұрақтылығын сақтай алушылық қабілеті ондағы жүйелердің салыстырмалы ( относительді) тұрақтылығының нәтежиесі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Мәтін

Бұл тарауды жазудағы мақсат функционалды стиль мәтіндерінің интонациялық құрылымын, әр стиль мәтінін түзудегі кідіріс, қарқын, әуен, үдемелілік тәрізді просодикалық тәсілдердің рөлін анықтау болып табылады. Негізгі мәселе төңірегінде сөз қозғамас бұрын мәтін туралы түсінікті айқындап алуды жөн көрдік. «Қазақ тілінің энциклопедиясында» мәтін туралы және мәтін лингвистикасы туралы жазылған негізгі тұжырымдарды келтіре отырып, сонда айтылған басты қағидалар негізінде ой дамытсақ: мәтін (текст) латынша - байланыстыру, бірігу, тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстылығы негізінде түзілген ізбе-ізділігі. Мәтіннің құрылымы мына талаптарға жауап бергенде ғана жүзеге асады: сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мазмұнға және дер кезінде қабылдана алу мүмкіншіліктеріне ие болуы, қарым-қатынас жасаудың іске асуы т.б.
Мәтін - жазудың шығуымен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамып отыратын тілдік құрылым. Мәтіннің маңызды белгілерінің бірі - оның аяқталғандығы. Мәтіннің негізгі категорияларына хабарлау, қосымша хабар біртұтастығы, уақыт бірлігі, модальдық т.б. жатады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортиментің зерттеу қағидалары

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen», BISAM, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақтар

Қазақтар— ұлт, Қазақстан Республикасының байырғы және негiзгi халқы. Қ-дың ҚР-дағы саны 8,3 млн. (1999), әлемде 12,4 млн. Түркi тiлдерiнiң солт.-батыс қыпшақ тiлдерi тобына жататын қазақ тiлiнде сөйлейдi. Ислам дiнiнiң сүнниттiк бағытын қабылдаған. Оған дейiн шаман дiнiнiң негiзi болған тәңiрге, аруаққа сиыну нанымдары орын алды. Қ. тұрантектес расаның негiзгi өкiлi. Өз алдына тұтас халық болып қалыптасқанға дейiнгi этн. тарихы аса күрделi. Қазақ даласын қоныстанған әр түрлi тайпалар Қазақстан жерiн ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орт. және Шығ. Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш к. маңынан ұшырасады. Археол. жұмыстар нәтижесiнде палеолит дәуiрiне жататын 500-дей ескерткiш орындары анықталып, олардың саны жылма-жыл артып келедi. Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының (жалпы саны 50 шақты) зерттелуi мардымсыз.

Қазақстанның неолит (тұрақтар мен қоныстарының жалпы саны 800-дей), қола дәуiрiнен қалған ескерткiш мұралар аса бай, алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастағанын және ол тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал, Едiл бойы, Орт. Азия халықтарымен тығыз байланыста болғанын көрсететiн археол., антропол., этнол. дәлелдер көп (қ. Дала өркениетi; Көшпелiлiк; Қазақстанның көне заман мен орта ғасырдағы тұрғындарының антропологиялық сипаттамалары). Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан аумағында өмiр сүрген ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып, олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңт.-шығыс беткейдi мекендедi. Арал т. мен Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына бiрiктi. Сақ тайпалары Солт. Қара т. өңiрi мен Днепр бойын мекендеген скифтердiң және төм. Едiл бойы мен Оңт. Орал өңiрiндегi савроматтардың, Кир мен Дарий I және Александр Македонский дәуiрiндегi гректердiң тұсында өмiр сүрген. ....
Рефераттар
Толық
0 0