Реферат: Әдебиет | Қамар сұлу романы

Сұлтанмахмұт Торайғыров – екі дәуір тоғысында,аса күрделі кезеңде тіршілік кешті.Ол Россия тарихының,Россияға біріккен қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес-көтерілістер,қиян-кескі соғыстар,дүрбелеңді революциялар дәуірінде жасады.
Сұлтанмахмұт 1893 жылы,29октябрь күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып,төрт-бес жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі.Ақынның арғы атасы – Торайғыр би,ел аузында аты аңызға айналған көптеген шешендік, билік,сөздері халық жадында сақталған адам.Ақынның өз әкесі, Әубәкір аты ұмытылып,Шоқпыт, Шоқа атанған момын кедей шаруа екен.
Болашақ от ауыз, орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып ,хат таниды.Қара таныған баланы осыдан кейін кейде Шоқпыт өзі оқытып,кейде ауыл арасындағы молдаға беріп оқытып,
баласын оқудан үзбейді.Молдалардың ішінде Мұқан біраз оқыған, әдебиеттен хабардар,өзі де жадынан өлең шығаратын көңілінің желі бар жан екен. Ол араб,парсы ертегілерінен қазақша өлең етіп жазады;біреуді мақтап,біреуді мазақтап өлең шығарад ды. Дәріс беретін молдаға еліктеуші шәкірттің бірі – Сұлтанмахмұт. Ол Мұқан молдаға еліктеп он үш жасында өлең жаза бастайды.Тұңғыш жазған өлеңі – «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. Тырнақалды өлеңінде Сұлтанмахмұт өзін оқытушы молдаларды,оқуы туралы,ақындыққа талпынып жүргені жайында сыр айтады.Сол кезде Баянауыл қаласында медресе ашылып,Сұлтанмахмұт 1908-1910жылдары сонда оқиды.
Өкініші – Сұлтанмахмұт бұл медреседе көп оқымайды.Бір қыс оқыған соң, «аузың асқа тигенде мұрның қанар»дегеннің кебі келіп,көз ауруына ұшырап,медреседен шығып қалады. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей осы кезде жөтел пайда болады,өкпесін дерт шалғаны байқалады.Ақынның теңіздей толқыған көңілі басылып,жадап-жүдейді.
1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің ауылы – Баянауылға кайтады.Ондағы мақсаты – ауылда біраз уақыт болып,қаржы жинап алып,үлкен қалалардың біріне тағы да оқуға кетпек болады.Осы оймен ол елде бала оқытады.ел жастарын оятпақ,оқуға, мәдениетке талпындырмақ әрекетіне кіріседі.
Сұлтанмахмұт әлеумет өміріне тереңдеу қазақ оқығандарымен араласады.Солар құрған қазақ комитетінің кіші хатшысы болып қызмет істейді,солардың газетіне өлең,мақала жазып тұрады.Бірақ,ол тап болған ортада ұлтшыл-алашордашыл оқығандар басым еді,олардың әсеріне ерді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тіршілік қауіпсіздігі | Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау

Терең ұңғымаларды бұрғылау практикасы көрсеткендей бақытсыз оқиғалардың бір себебі болып ұңғыманы тұрғызуда технология мен техниканың жеткіліксіздігі болып табылады.
Ол үшін жобада келесі жағдайлар қарастырылады:
- мұнай-газ білінуін ескерту;
- мүмкін басқа шиеленістерді ескерту;
- ұңғыма тұрғызуда апат болдырмау үшін жағдай жасау.
Бұрғылау жұмыстарына дайындықтан бастап оны пайдалануға беруге дейінгі цикл ішінде бұрғылау бригадасының жұмысшыларына және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін шақырылған бригадаларға (монтаждау, цементтеу, қабат сынағыш) әр түрлі қауіп түрлері төнеді. Осы қауіп көздерін бірнеше топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа әр түрлі ауырлықтарды қозғалту-көтеруге байланысты қауіптерді жатқызуға болады. Бұрғылау процессі кезінде бұрғылау бригадасына әр түрлі ауырлықтағы, көлемдегі, өлшемдермен жұмыс жасауға тура келеді. Мысалы: ұңғыға бұрғылау, шегендеу құбырларын көтеріп-түсіру, қашаулар, қабатсынағыштар, түптік қозғалтқыштар және т.б. Құбыр тасығыш көліктерден бұрғылау қондырғыларының көпірлеріне жеткізу, свечаларды свеча жинағышқа жинау. Әрине бұл аталған жұмыстардың бәрі ауыр салмақтармен байланысты, сондықтан жұмыс істеу барысында осылардың біреу адам үстіне түсіп немесе басып қалатын болса ауыр жарақатқа әкеліп соғады.
Бұрғылау құбырлары жиналып тұрған мұнара үлкен желкенділікке ие. Сондықтан қатты жел тұрғанда мұнара жан-жағына дұрыс немесе жақсы бекітілмеген болса аударылып құлауы мүмкін.
Екінші топқа айналу механизмдерімен болатын қауіп түрлері жатады. Мысалы: ротор, лебедка, сораптар, трансмиссия, механикалық араластырғыш және т.б. егер олар керегінше қорғалып, жабылып тұрмаса.
Үшінші топқа үлкен қысымдармен немесе жұмыс істеу барысында үлкен діріл тудыратын қондырғы тораптарымен болатын қауіптерді жатқызуға болады. Мысалы: бұрғылау және цементтеу сораптар, компрессорлар, үлкен қысымды құбар желілері, сағалық жабдықтар, бұрғылау шлангалары және т.б. Осыған құбыр сыртында болатын мұнай-газ атқылаулары және грифондарды да жатқызуға болады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Қан құрамы

Қан — омыртқалы организмдердің аса маңызды ткані. Клеткалар өзін қоршаған ортадан тек қанның көмегімен ғана қоректiк заттар алады. Сол сияқты зат алмасудың қажетсіз өнімдері де клеткадан қанмен бөлініп шығады.
Қаның мөлшері дененің 8% шамасындай. Ол плазмадан және плазмаға араласқан пішінді заттардан құралады. Ондай пішінді заттарға эритроциттер (қанның қызыл түйішікрі), лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады. Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда пішінді заттардын шамасы барлық қан көлемің 35— 54% мөлшердей.
Эритроциттер — ядросыз және ішкі мембранасыз ұсақ клеткалар. Оның іші оттегін байланыстырушы белок-гемоглобинге толы. Қан құрамының 1 мм3 мөлшерінде 5000000 эритроцит бар. Эритроциттің орташа үлкендік ересек адамда 7,5 мкм, әдепті пішінді екі жағы да қушиған дискіге ұқсайды. Осындай пішінің арқасында, шар тәріздес пішінмен салыстырғанда, сыртқы аумағы үлкен келеді. Эритроциттің осындай ерекше пішіні негізгі қызметің — тыныс алуға қажетті газдарды жеткізуге тиімді атқаруға жәрдемдеседі. Эритроциттің мұндай пішіні газдармен байланысатын аумарын улгайтады.
«Хромопротеидтер алмасуы» деп аталатын бөлімде баяндалғандай, эритроциттердің тipшiлiгi— 110—130 күн. Есептеулерге қарағанда әр тәулік сайын ересек адамдарда олардың 0,8% мөлшepi жаңарады, әр минут сайын 160 млн эритроцит ыдырайды және қайтадан түзіледі.
Лейкоциттер — құрамында ядросы бар, 6ipaқ гемоглобині жоқ клеткалар. Ересек адам канының, 1 мкл мөлшерінде 4000— 10.000 лейкоцит болады. Дені сау сақа мал мен ересек адам канындағы эритроциттер саны біршама тұрақты. Ал лейкоциттер саны организм күйне, тәулік мезгіліне байланысты өзгepiп отырады! Лейкоциттердің бірнеше түрі бар. Олардың пішінде негізгi екі Tүpi — полиморфты ядролы лейкоциттер мен лимфоциттер организмді табиғаты бөтен, зиянды заттардан корғайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Марксизм философиясы тууының әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары

Диалектикалық және тарихи материализм деп аталатын марксизм философиясының тууы философиядағы революция болып табылады, өйткені табиғатты, қоғамды және ойлау дүниесін қамтитын ғылыми-философиялық көзқарас жасалды. Ол XIX ғасырдың 40-жылдарында Германияда туды. Не себепті ол ерте емес, не кеш емес, XIX ғасырдың 40-жылдарында Германияда туды? Бәлкім, Карл Маркс дүниеге 500 жыл бұрын келгенде, марксизм де 500 жыл бұрын туар ма еді? Бұл сұрақтарға дұрыс жауап қайыру үшін алдымен марксизмнің тууының әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын қарастыру керек.
Марксизмнің тууын әзірлеген адамзаттың әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуының бүкіл барысы, әсіресе капиталистік құрылыстың дамуы, оның ішкі қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың буржуазияға қарсы күресі болды.
XVII – XVIII ғасырлардағы буржуазиялық революциялар бірқатар европалық елдерде ғасырлар бойы мызғымас берік сияқты болып келген феодалдық қоғамдық құрылысты қиратқаны белгілі. Буржуазияның саяси өкіметті жеңіп алуы капитализмнің дамуы, әсіресе XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы өнеркәсіптік революцияның нәтижесінде жылдамдата дамуына жол ашты. Мұның қажетті нәтижесі, бір жағынан, ірі машиналы индустрия, екінші жағынан, ең революцияшыл тап пролетариаттың дамуы болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Мәліметтер үлгілерінің түрлері

Мәліметтер үлгісінің ұғымы дегенде мәліметтерге қолданылатын амалдарды және мәліметтердің сақталған мәндеріне шектеулерді айтуға болады.
Жалпы мәліметтер қоймасында мәліметтерді бейнелеп сипаттаудың екі деңгейі бар. Ол ақпараттық үлгі және мәліметтердің физикалық үлгісі.
Ақпараттық үлгі бағдарламалық жабдықтауды қолданушыға түсінікті болатындай түрде бейнелеуі тиіс. Ондай ақпарат қолданушыны қызықтыратын жағдайлар мен олардың өзара байланысы, қасиеттері болып келеді.
Мәліметтер базасын басқару жүйесін (МББЖ) қолдайтын мәліметтер үлгісінің өз құрылымы, оларға қолданылатын амалдар жиыны болады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесінің жабдықтарымен қолданылатын логикалық деңгейдегі мәліметтер үлгілерін даталогиялық үлгі деп атайды. Бұл үлгі мәліметтердің элементтері арасындағы қисынды байланысты олардың мазмұны мен сақталу орындарынан тәуелсіз түрде сипаттайды.
Даталогиялық үлгіні тұрғызу барысында бейнеленгелі отырған пәндік саланың ерекшеліктері ескеріледі. Мәліметтер базасы мәліметтердің біріктіріліп және өзара байланыстық сақталуын қамтиды. Сол себепті де, ондай үлгіні жобалауда пәндік саланы сәйкестендіріп сипаттаған дұрыс.
Егер Мәліметтер базасын тұрғызғанда пәндік сала туралы ұқсас ақпарат қажет болса және сол пәндік саланы сипаттау – қолданылатын бағдарламалық, техникалық жабдықтардан тәуелсіз болса, ондай үлгіні пәндік саланың инфологиялық үлгісі деп атайды. Пәндік саланың инфологиялық үлгісі даталогиялық үлгіге қарағанда, бастапқы кейіптегі үлгі болып саналады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қаржылық жағдайды талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылык талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл турлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай – ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субьектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдынғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сиқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы таңдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстанның климаты

Қазақтанның климаты шұғыл континентті.Қазақстан климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес,батыстан шығысқа қарай да өзгереді.Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.(1-сурет)
Қазақстан климат қалыптастырушы негізгі факторлар (1-сурет)
Қазақстан географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе,оңтүстікке қарай бірітіндеп артады.
Сондықтан Қазақстан солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, ал оңтүстігінде қыс онша болмайды.Жазда Қазақстанның солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып,ауа температурасы едәуір жоғары болады.
Қазақстан бойынша жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімі әртүрлі.Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Қазақстандағы Батыс Алтайда,жалпы алғанда Қазақстан көпшілік бөлігінде,әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте құрғақ.Бұл құрлық аумағының өте үлкен болуына, ауа массаларының қасиеттеріне,жер бедерінің сипатына байланысты.
Қазақстан батысы мен солтүстігінде жазық өңірлердің басым болуы Атлант мұхитынан келетін жылы,ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүстікке қарай еш кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.Мұхиттардың Қазақстан климатына әсер ету дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне,қысым аймақтарының орналасуына,басым желдерінің бағытына да байланысты.
Қазақстан шамалы аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеулер бойынша өзгереді.Биіктік климаттық белдеулер Тянь-Шань,Алтай тауларында айқын байқалады. Тянь-Шань мен Алтайда жылдың басым бөлігі аязды,ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Химия | Қанықпаған көмірсутек

Жоғары температураның әсерімен мұнайды өңдеуді термиялық өңдеу процестері деп атайды. Оған күрделі көмірсутектерді жоғары температура әсерінен қарапайым көмірсутектерге ыдырату (термиялық крекинг),ауыр мұнай қалдықтарын кокстеу (қортқылау), құрамында қанықпаған көмірсутектер көп болып келетін газдар қоспасын алу үшін жүргізілетін пиролиз процестері жатады.
Көмірсутектердің термиялық ыдырауы 380-400 0С-та басталады. Күрделі реакциялардың – термиялық полимерлену мен конденсациялану – нәтижесінде қанықпаған және ароматты көмірсутектерден шикі мұнайдың құрамына кіретін заттар – көмірсутекті газдары, сұйық мұнай өнімдерінің қосымша мөлшері, сонымен бірге мұнай коксы (қатты көмірсутек қалдығы) түзіледі. Мұнай шикізатын термиялық өңдеу жүйелері шарттарға және тағайындалуына байланысты крекинг, кокстеу және пиролиз аталымдарын алды.
Шикі мұнайлардың ауыр фракцияларының белгілі температурадан аса қыздырылуы жағдайында қосымша бөліну икемділігі крекинг жүйесін пайдалануда үлкен жетістіктерге әкелді. Мұнайдың жоғары температурада қайнайтын фракцияларының бөліну кезеңінде, С-С байланыстары бұзылады,сутегі көмірсутегі молекуларынан үзіліп, нәтижесінде бастапқы шикі мұнай құрамымен салыстырғанда, түрлі өнімдер спектрі шығарылады.
Мысалы, 290-400 0С температура интервалында қайнайтын дистилляттар, крекингтеу нәтижесінде газ, жанармай және ауыр шайірға ұқсас қалдық өнңмдерін шығарады. Крекингтеу жүйесі шикі мұнайдан бастапқы айдау нәтижесінде құрылған аса ауыр дистилляттар мен қалдықтарды деструкциялау жолымен жанармайдың шығарылуын ұлғайтады.
Бүгінгі таңда қазіргі қозғалтқыштардың талаптарына сәйкес келмейтіні және шығарылатын өнімнің төменгі сапалылығы үшін (жанармай), термиялық крекинг басқа, мұнайды қайталау өңдеудің қазіргі әдістерімен шегерілген. Бүгінгі таңда термиялық крекингтің жаңа құрылғыларын енді жаңадан орнатпайды, ал әрекеттегі құрылғыларды каталитикалық крекинг және басқа қазіргі жүйелер құрылғыларын қайта жабдықтайды. Ал термиялық крекинг негізінде кокстеу қондырғының дистиллятты шикізатын термодаярлау, оның бір түрі – висбрекинг процесі ретінде іске асады. Висбрекинг – қазандық отынның тұтқырлығын төмендету мақсатында мұнай шикізатын термиялық өңдеу процесі.
Кокстеу немесе көмірді жартылай қортқылау және қортқылау процесіне – ауасыз қыздыру арқылы жүретін термиялық деструкция процестерін айтады. Жартылай қорқылау процесін 500-550 0С, ал қортқлау – 1100 0С дейін жүргізеді.
Термиялық крекингте қортқы көмірдің түзілуі әрекеттің тереңдеу мүмкіншлігін шектейді.Гудрон немесе мазут крекинггінде ашық түсті өнімдердің қозғалысы 35-40 %-дан аспайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Қазақстанның су ресурстары

Табиғи ресурстар таусылмайды дейтін көрінер көзге аңғал ұғымның мәні қалмай барады. Жерден өндіріп алатын қорғасынның, қалайының, мырыштың, мыстың, және күмістің қорлары таусылды десе де болады. Оның үстіне, күні кеше ғана таусылмайтындай көрінген, тегін пайдаланып келген табиғат байлығы тапшылыққа айналды. Мұны әлемдегі тұщы судың азайып бара жатқанын байқауға болады. Су планетамыздағы табиғи ресурстардың ішінде айрықша орын алады. Белгілң болғандай, жердің беткі қабатының 30%-інен азын құрлық алып жатыр, ал қалған бөлігі әлемдік мұхитқа тиесілі.
Жер шарында су мол болғанымен, ол Жердің аудандары мен елдер бойынша біркелкі емес. Бұл арада мынаны ескеру керек, планетамыздағы жалпы су ресурстарына қатысы бойынша Арктиканың, Гренландияның және Антарктиданың мұздақтарын қоса алғанда тұщы судың қоры өте аз – шамамен 3%. Тұщы сусыз өмір сүрудің мүмкін еместігі бәрімізге белгілі.
Адамдарға қанша су қажет? Егер тек щөл басу үшін қажет болатын суды ғана ескерсек, онда оған аз ғана су кетеді екен. Шындығына келсек, ғалымдардың есептеуінше, планетадағы барлық өзендерде ағатын бір тәулік ішіндегі ағынды су бүкіл адамзатқа кем дегенде жарты ғасырға жетеді екен. Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге сәйкес, әр түрлі елдерде сутартқысы адамдардыңсанына қарағанда жылдам өсіп келеді. АҚШ-та ғасырдың басынан бері суды тұтыну 8 есеге артқан, ал халықтың саны мұның екі есесіне де жетпей отыр.
Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи ресурстың бұл түрі мыналарға арналған:
- адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік қажеттіліктерін өтеуге;
- өндірістік-шаруашылық қажеттіліктерге (жуу, материалдар мен құралдарды суыту, өсімдіктерді суару);
- гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға;
- өзіндік ерекшелігі бар технологиялық процестерді қамтамасыз етуге (электр энергиясын өндіру);
Су биосфераның барлық қабатында болады. Дәлірек айтсақ, ол тексу қоймаларында ғана кездееспейді, сонымен қатар, оны ауадан да, топырақтан да және бүкіл тірі жан иелерінің бойынан да ұшырастырамыз. Біз жыл сайын өз денеміздің салмағынан 5 есе суды ішеді екенбіз! Ал өз өмірімізде шамамен 25т суды ішеді екенбіз. Адам тамақ ішпей 40 күн өмір сүре алады, ал шөлге бар-жоғы 8-ақ күн шыдайды екен. Оттегінсіз тіршілігін жалғастыратын бактериялар бар, ал, сусыз өмір сүре алатын ешқандай тіршілік иесі жоқ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Қатты аяз қарлы боран және дауыл

Желдің табиғи жету нәтижесінде жер беті қабатына түскен қар желдің әсерінен, қозғалады. Түскен қар түйіршігі қар жамылғысын ұру нәтижесінде жаңа көптеген бөліктердің қозғалысына әсерін тигізеді. Желдің күшейіп, қар қиыршықтарын, бір ауданнан келесі бір ауданға ұйытқыта ұшыра соғуын қарлы боран деп атайды.
Жер қыртысының жоғарғы қабатының желдің әсерінен қармен үрленуі қарлы боранның бір түрі дефляция болып есептеледі.
Ағылшын тілді еледерде дефляция сөзінің орнына жел эрозиясы термині қолданылады. Бұл термин осы жердің отандық мамандарының еңбектерінен алынған.
Дефляция латын сөзі “deflare” – ұшыру немесе сөзбе – сөз құбылыс мағынасын береді. Эрозия сөзі де латын тілінен шыққан erodere – шіріту, шаю мағынасын білдіреді.
Қарлы борандар қардың жауу, күшті жел және қардың үрлеу нәтижесінен болады. Қарлы боранның ұзақ уақытқа тасымалдануы қардың артық қорына, дефляция мүмкіндігіне, желдің күші және ұзақтығына байланысты. Қарлы борандар, қарды бір ауданнан келесі бір ауданға тасымалдап, оны тығыздау арқылы қар жамылғысындағы су ресурстарының біркелкі таралмауына және топырақтың біркелкі қатпауына себепші болады. Қар қиыршықтары горизантальды бағытта ұшып, көріну қашықтығын азайтады. Қарлы боранның нәтижесінде қар басушылық әсерінен автамобиль, темір жол қатынастарының және самалеттердің ұшып қонуы қиындап, қауіпті жағдайлар туады. Күшті борандар телеграфты және телефонды байланысты үзіп, жұмыс істеуіне кедергі туғызады. Сондай – ақ егістікке көктемде еріп, ылғалға айналатын қарды, сай салаға суырып әкетеді. Ұзаққа созылған қарлы боран отардағы малға да қауіпті.
Жел жылдамдығы айтарлықтай күшті және дефляцияланатын материалдар жеткілікті болса, қарлы боран қардың түсуі кезінде немесе ол құбылыс болмаған кезде де байқала береді. Қарлы боранның тасымалдануының уақыттық ұзақтығы дефляцияға қабілетті қардың артық қорына және желдің күші мен ұзақтығына байланысты болады.
Қар белгілі бір кедергінің айналасына жиналып, қардың көп мөлшері жинақталады. Кей кезде төселме беттің бірлік ауданына келетін қалыпты тығыздықтағы жауын-шашындар басым болады. Бұл жерде рельефтің әртүрлі формасына байланысты қардың аккумуляциясы болады.
Үлкен дефляция аумағына қар жамылғысы жел әсерінен сыпырылып, грунт пен мұздың беттігінен толық жалаңаштанады.
Алаңдардың екі түрін ажыратамыз: қардың таралу процесі немесе алаңның дефляциясының басымдығы және қардың жиналу процесі немесе алаңдағы аккумуляцияның басымдығы.
Осы екі алаңның арасында қардың көшу алаңы немесе қардың тасымалдану процесі жатады. Яғни қар тасымалдану процесі дефляция мен аккумуляция процестерінің аралығын қамтиды. ....
Рефераттар
Толық
0 0