Реферат: Экономика | Қаржы жүйесінің мәні

Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рол атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік атқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Қаржы жүйесі мемлкеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды.

Қазіргі несие жүйесінің құрылымы

Қазіргі несие жүйесі ұзақ тарихи дамудың нәтижесі және ол рыноктык экономиканың талаптарына сай өзгеріп отырады. Егер институционалдық жағынан қарасақ кредит жүйесі валюта – қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлкет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдық орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.
Батыс елдеріндегі бүгінгі несие жүйесі мынадай маңызды процестердің әсерімен қалыптасты: банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы, несие – финанс жүйелерінің мамандануы мен кредит жүйесінің функционалдық құрылымы күрделенуі, банк және өнеркәсіп монополиясының қосылуы мен бірігуі, банктік істердің интернационалдануы, трансұлттық банктер мен финанс топтарының пайда болуына әкеледі.
Қазіргі кредиттік жүйеде мынадай негізгі үш буын бар: орталық банк, коммерциялық банк, маманданған несие финанс институттары.
Кредиттік жүйеде жетекшілік орынды банк атқарады, ол капитализмінң бастапқы сатысында ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда коммерциялық банктерден бөлініп шықты. Тек орталық банкке ғана мемлекет ақша шығаруға ерекше монополдік құқық берді. Көптеген орталық банктер бірден мемлекет институттар болып құрылды, басқалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекет иелігіне айналды. Бірқатары осы күнге дейін аралас мемлекеттік жеке меншік негізінде жұмыс істейді. Мысалы: АҚШ – тың федералдық – резервтік жүйесі бұрынғы КСРО – да орталық банк – КСРО Мемлекеттік банкі болды. Қазақстанда қазір Ұлттық банк осындай рөл атқарады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Маркетингілік зерттеу жүйесі

Нарықты зерттеу - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы.
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда – саттық көріністерге кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1 - Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне – көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы калыптасады. Құнның субстанциясы әлі де болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан “таза” құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе – теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1 - Т2,, балама Т2. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түріне тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым тауарлардың ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде “таза” құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын “шығындық емес” деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыштар

Соның ішінде мезгіл пысықтауышқа берілетін анықтама әр оқулықта әр түрлі. Көбіне бұл анықтамаларды жинақтап берсек, оның негізгі мазмұны мынаған саяды. «Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? т.б. сұрауларға жауап беріп, мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді сөздерден және тіркестерден негізгі сөз бен кейін, соң, бұрын, шейін, таман, бойы, былай, сайын, әрі, бері, қарай сияқты септеулік шылаулардың тіркесінен болған пысықтауыштың бір түрін мезгіл пысықтауыш деп атаймыз», - дейді С. Исаев [16.42].
Сондықтан біз осы күнге дейін қалыптасып, әбден тұжырымдалған қағидалардан басқа грамматикалық заңдылықтар болмайтындай ыңғайда түсінер болсақ, онда тілдің тарихи-диалектикалық дамуын жасанды түрде мойындамаған болар едік. Жоғарыда тұжырымдалған ереже негізінен мезгіл пысықтауыштың мәні, атқаратын қызметі жан-жақты ашуға талпынған.
Мезгіл пысықтауыш қимылдың, яғни белгінің мезгілін білдіреді. Бұл мезгіл қимыл болатын (ертең), болып жатқан (бүгін), болып кеткен (кеше) уақыттарға байланысты болады және қимылдың басталғанын білдіретін (қашаннан бері), созылатын уақыты түрінде (қашанға дейін) көрсетіледі дәл немесе болжалды (ертеңдері, 30-жылдары), қатысты, белгісіз (бір күндері), болымсыз түрінде көрсетіледі. Бұл мағыналық топтарына жеке-жеке тоқталамыз.

2. Мезгіл пысықтауыштың жасалу жолдары мен тұлғалары

Мезгіл пысықтауыштардың жасалу жолдары мыналар:
1. Мезгіл үстеулерден жасалады. Мысалы: Бай Жиреншенің бұрын атын естіп, бір көруге құмар болып жүр екен. (Ш.С.) Мал жазғытұры бір жұма, күзге қарай бір жұма ащылайды екен. (Ш.С.) Ертеде ол қыдырған саудагерлер қазақтан үш түйе алыпты. (Ш.С.)
2. Барыс және шығыс, жатыс септіктеріндегі зат есім мен заттанған басқа сөз таптарынан мезгіл пысықтауыш жасалады. Олар қашан? қашанға дейін? қашанға шейін? деген сұрауларға жауап береді. Мысалы: Биылғы жарыста бұл команда белестер биігінен көрінді. Кешегі әңгімеде ол ерекше мінез-құлқымен сезіктендірді. Кеңшілікте еркін отырып сөйлесерміз. Ол кеткеннен оралған жоқ. Кешеден үйде жоқ. Қараңғыда жолды әрең таптық. Көргеннен таныды. Барғасын келді.
3. Есімшелер жатыс септікте келіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Кейін ауылға қайтарда тап осындай сөнбейтін шам алып қайтуға серт еттім. Осы ренжумен айна қасынан кете алмай тұрғанда ту сыртымнан бақташының бишігі сарт ете түскендей болды. Келерінде Шегенді ерте кел. Кетерде сен маған ескерт. (Ғ.М.)
4. Бірқатар мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (кез, уақыт, мезет, шақ, күн т. б.) атау немесе жатыс септік формасында келіп, әрі алдына анықтауыш салып мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Сол кезде тұра келіп, біраз жер жүгіріп аласың. Бір кезде екі гранатаны құшақтай көтеріп алып, Семен қарғып сыртқа шықты. Мұндай уақыттарда кім өжет қимылдаса сол күшті. (Ғ.М.)
5. Атау, барыс, шығыс септіктегі зат есімдер есімшелерден кейін, соң, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші сөздермен бірігіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Күн бойы жол жүріп, шаршап келіп қатты ұйқыдан қатып қалыппын. Менің олақтығымнан үш күннен кейін қолға түсіп қалдық. Осы күнге дейін бағында жүретін қашанғы бала бола бересің? Ол сен келген соң кетті. (Ғ.М.)
6. Зат есім мен –а, -е, -й тұлғалы көсемшелер бастауыштық-баяндауыштық қатынаста келіп, үйірлі мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы:Базаршылар ел орынға отыра қалаға кірді. Әрі артынан айқай, әрі ит қабырлаған ат құйрықты көтеріп елірген бойы оның ішіне қақпанына тұмсығы тірелгенше шапты.
7. –ғалы, -гелі формалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы: Мында келгелі тек қана осы жұмыспен айналыстым. Кеткелі хабарласқан жоқ. Бұдан бұрынғы, айлар бойы созылған соғыс бейнеті ұмытылып, бүгін майданға жаңа кіргелі жатқандаймыз. (Ғ.М.) ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Қараңғы мезгілде автомобильді басқару

Жүргізуші ақпараттың көп бөлігін көзбен көру арқылы алады. Шамамен (85%-90%-ы) деп есептеуге болады. Күндіз жүргізушіге еркін жүруге ақпарат мол болса түнде қараңғылыққа байланысты жүргізушілерге жол жүруне қиындық туындайды. Түнде жүргізушінің қабылдау қызметі нашарлап, сонымен бірге оның қимылдау қызметі де нашарлап ашушаң болып келеді. Сондықтан түнгі уақытта жолда жүру қарқындылығын 5-10 төмендесе де, автомобиль апаттары күрт өсіп кетеді.
Ресей мамандарының пікірі бойынша түнде жүрру 2 есе қауіпті. Ал ағылшын мамандарының мағлұматы бойынша 2/3-і жолдағы қайғлы апаттар болып есептеледі. Кешкі уақытта апат саны 3% өссе, түнде 30%-ке жетеді, бұл жүргізушінің жұмыс қабілетінің 56% дейін қалыпты жағдайынан түсуіне байланысты.
Францияда да апаттардың көп бөлігі түнде болып, жол апаттарынан қайтыс болған адамдардың саны 57%-ті құрап отыр.
Осыларға қарағанда түнде көлік жүргізу өте қиын әрі жауапкершілігі күшті жұмыс ьолоып саналады.
2. Негізгі апат тудырушы себептері
1. Жүргізушінің көру қабілеттілігінің төмендеуінің бірнеше факторлары бар. Олар:
- географиялық орналасуы.
- айдың жарқырауы.
- бұлттың тығыздығы.
- өңірдің өзгешеліктері.
- жыл мезгілі.
- метрологиялық жағдайлар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Қаздауысты Қазыбек

Тұңғыш рет Қазыбек би 13—14 жасқа толған шағында Жоңғар хандығына Тайкелтір бастаған елшіліктің қосшысы болып барады. Осы сапар барысын-да болған бізге белгісіз мынандай бір оқиға бар. «Ұзак жол қысқарсын» деп, жас Қазыбек Тайкелтірге жақындай келе, атын теңестіріп: «Алдияр, жоңғар ханының алдына барғанда сөзімізді неден бастағанымыз дұрыс, соны ойлансақ қалай болады», — дейді. Сонда Тайкелтір бұғанасы әлі қатпаған баланың бұлай сөйлеуіне разы болмай: «Оған ойланудың қажеті не, аузымызға қандай сөз түссе, содан бастаймыз да», — деп атына қамшы басып, желе жөнелген екен.

Бала... бала болса да—дана...
Жоңғар ханының ордасына келген соң Тайкелтірдің аузына сез түспей, тұтығып: «Өгізімді өлеңді жерге қойыппын, өз алдыңа келіппін» деп міңгірлеп, тоқтап калган көрінеді. Тақ үстінде отырған жоңғар ханы сөздің мәнін түсінбей, «өгізі кім» дегендей жан-жағына қарап, ешкім үн қатпаған соң, бес тал мұртын тікірейтіп, ашу шакыра бастайды.
Дәл сол сәтте қазақ елшілігінің арасынан ең төмен отырған жас Қазыбек орнынан атып тұрып, төсін оң колымен басып, бір иіле:
Ордың жалгыз ағашына таңба салғыздың,
Ол да сенің өнерің
Мұғалжардан тас алғыздың,
Ол да сенің өнерің.
Ертістен арық тартып ат суғарттың,
Ол да сенің өнерің.
Айналада алты хан бар еді,
Өзіңнен артық кім бар еді.
Қатты қарғысың болса,
Қайырлы жарылғасының бар еді,
Сол жарылғасыннан үміт қылып келдік, — деген екен.
Сол сәтте хан күлімсіреп «олай болса, шаруаларыңды айтыңдар», —дейді. Тоқтап қалған Тайкелтірге Қазыбек бір қарап, сөзін одан әрі батылырақ өрбіте келе ханнан шапқыншылықта қолға түскен тоқсан жесірді қайтаруға келгенін баяндайды. Жоңғарлықтардың ханы алғыр жігіттің иығынан кағып: «Елің үшін туған ұл екенсің, дана болуға лайықсың, сен сияқты ерлері бар елді тәуелді ету маған оңайға соқпас»,—деп күң болып жүрген жесірлерді босаткан екен. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары

Олар көбіне-көп тарих қойнауының шырғалаң шатқалдарында шырмалып, цивилизация дамуының сарабдал жолдарының түрлі себептермен тыс қалып қойды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранында жазылғандай:
«Жаралған намыстан қаһарман халықпыз
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз».
Ол мыңжылдық тарихымен ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы Далада, көшпелі цивилизацияның негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен ролінің құлдырамауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың «еркіндік» қабілетінің сақталуымен «оқшау» орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, ортағасырлық қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқыраудың белең алуы, өркендеп өскен басқа елдерден көш-құрым артта қалуы қоғам дамуына да әсерін тигізбей қоймады. Ұланбайтақ Орталық-Азия аумағы тарих сахнасының соңғы шебіне ысырылып тасталды да, ұзақ ұақыт бойына ұмыт қалды. Жат елдердің көшпелілер даласына отарлау саясатының іске асуымен байланысты қазақ қоғамы тарих бетіне қайта ене бастады. Бұл өзгерістер қазақ құқығының кейінгі тағдырында да және оған баға беруден де көрініс тапты.
Ол жоқтан бар етіп, біреулердің ойдан шығара салған қиялы болған жоқ. Сондықтан да халық арасында: «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген түсінік қалыптасқан.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Материалдық ағым туралы түсінік

Материалды ағым түсінігі логистикада негізгі болып табылады.Материалды ағымдар шикізаттың алғашқы көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейін шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды және дайын бұйымдарды тасымалдау, қоймалау және олармен басқа да материалды операциялар жүргізу нәтижесінде пайда болады.
Материалды ағымдар түрлі кәсіпорындар арасында немесе бір кәсіпорынның ішінде жүруі мүмкін.
Материалды ағымдар дегеніміз – логистикалық операцияларды жүргізу барысында қарастырылатын және мерзімдік интервалға жатқызылатын жүктер, бөлшектер, тауарлы материалды құндылықтар.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | ҚАРЖЫЛАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

Қаржылай инвестициялар дегеніміз – пайыздар, дивидендтер, роялти және жалақысы түрінде, инвестицияланған капиталды арттыру немесе коммерциялық қатынастардың нәтижесінде пайда табу мақсатында субъект ие болып отырған актив. Қаржылай инвестицияларға, сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция да жатады.
Мемлекеттік құнды қағаздарға және шаруашылық жүргізуші ұйымның жарғылық капиталына қаржылай инвестициялар салынады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс шетелдерде орналасқан басқа да шаруашылыққа қарыздар (зайымдар) беріледі.
Аудитор қаржылй инвестициялардың есебін тексеруге кірістердің алдында тексерудің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында тексеру барысында анықтауды, назар аударуды, тексеруді талап ететін мәселелер бойынша бағдарлама жасайды:
- баланста инвестициялардың дұрыс көрсетілгендігін тексеру;
- инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін тексеру;
- шаруашылық қаржылай инвестициялардың дұрыс сыныпталуын тексеру;
- инвестициялардың құнын анықтауда бағалану тәртіптерінің қолданылғандығын тексеру;
- нақты қолда бар құнды қағаздардың сақталу орнын анықтайтын бастапқы құжаттармен танысу;
- құнды қағаздарға сатып алу операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;
- қаржылай инвестицияларды қайта бағалаудың нәтижесін қайта бағалаудың қайталану жиілігін тексеру;
- қаржылай инвестицияларды шығысқа шығару операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дұрыс, дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;
- шаруашылықтың басқа заңды тұлғаларға берген қарыздарының (зайымдарының) құжаттарымен танысу. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазіргі несие жүйесінің даму деңгейі

Қазақстандағы ақша – несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі – жуық кезеңде ұлттық валютаны одан ары тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының күрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
Үкіметтің әрекеті. 2000 жылы шамамен алғанда
жылына 5-6% мөлшеріндегі инфляция қарқынына жету үшін ақша – несие және бюджет саясатын қатайтумен қатар ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететін қаржылық тетіктер дамыйтын болады.
Жинақтауыш зейнеткерлік қордағы жинақталған ақша қаражатының айтарлықтай бөлігін тәуекелсіз инвестициялауды қамтамасыз ету қажет.
Үкімет мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың зәрулігін жабу үшін Ұлттық банктің несиесін
пайдаланбайтын болады. Мемлекеттік бюджеттің зәрулігін қаржыландырудың құрылымы,көбінесе,инфлияция қаржынының төмендеуімен,мемлекеттік қарызды басқару тиімділігінің артуымен, бюджеттік зәрулікті қаржыландыруға
инфлияциялық емес көздерді пайдаланумен,мемлекнттік
құнды қағаздар айналымының мерзімін ұзартумен анықталады.
Республиканың қаржылық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қолдау үшін ақшалай- несиелік реттеу рычагтарын пайдалану жетілдіріле түспек.Банк жүйелерінің дамуына орай ақша-несие саясатының құралдарын мейлінше белсенді қолдану жоспарлануда:
ҚҰБ сыйақы(мүдделер) ставкасына бекіту,міндетті резервтердің сараланған мөлшерін реттеу,және,әсіресе,
ашық рынокта операциялар жүргізу.Мүдде ставкасына қатысты Ұлттық банктің саясаты тиісінше инфляция
деңгейінің динамикасымен және инфляциялық тасуға байланысты өзгеретін нақты көріністегі біркелкі оң ставканы қолдауға,сондай-ақ,қаржылық рыноктар жағдайларына бағыталатын болады ....
Рефераттар
Толық
0 0