Реферат: Құқық | Қазақстан Республикасының Конститутциясы бойынша халық билігі

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан - ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
Демократия - халық билігі. Ол өз билігін еркін сайлау арқылы жүзеге асырып, өкілдерін билік орындарына сайлайды, солар арқылы мемлекетті басқаруға қатысады. Конституция өте ұтымды тілде билік көзі халық екенін, тек көптің тілеуі, соның мүддесі биік екенін норма түрінде жан-жақты баяндайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақ халқының тарихында Төле би Қазыбек би Әйтеке би

Халқымыздың ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы біздің арғы-бергі тарихымызға,қажырлы хандарымызға, қайратты батырларымыз бен қабырғалы билерімізге, азуы алты қарыс ақын-жырауларымызға ерінбей-жалықпай қалам тартқан. Олардың елдің жаны сүйсінерлік ғибратты сөздерімен бірге, жаның күйінерлік осал тұстарын да қағаз бетіне түсіріп кетіпті. Әсіресе Төле биге жоғары баға бере келіп: «Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның жерін жау араламайды»-деп тамсана айтса, халқымыз да осы бір халық деп жаны-тәні елбіреп тұрған би туралы «бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бүтін билікке Төле би жеткен»- деп ағынан жарылыпты
Біздіңше ұлы бидің атын, атағын биіктеткен бір жағдай адам тануында жатқан сияқты, халық қатты күйзеліп жан-жақтан қысым көріп, не істергн білмей дағдарып тұрған заманда Төле бидің өзі баласындай күтіп-баққан Сабалақтың елі үшін істеген ерен еңбегі тарихымызға алтын әріппен жазылатын керемет уақиға. Бұл жағдай Шәкәрімнің «Түрік,қырғыз һәм қазақ хандар шежіресі» атты атақты кітабында соншама дәл жазылған: «Әбілмансұр жетім бала күнінде Қазақ-елім,Сарыарқа-жерім деп іздеп,Үйсін Төле бидің қолына келді. Төле би басында түйе бақтырып, одан соң жылқы бақтырып, ақырында әртүрлі мінездерімен ұнап бала қылып күтіпті.”Кімсің” десе, “білмеймін” деп, “атың кім” десе “сіз қойған ат атым болсын” деген соң, шасы өскен, киімі жыртық балаға”Сабалақ” деп ат қойыпты.
Бір күні Әбілмәмбет хан қазақты жиып, қалмақпен ұрысқалы жатыр деген естіп келіп, Төле биден соғысқа баруға рұқсат сұрапты. Төле би:
- Балам, саған соғыстан жылқы жақсы емес пе? – десе:
- Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалғанша жігіт адамның өлгені жақсы, - деген соң, Төле би рұқсат беріпті.
Барса қазақ пен қалмақ екі төбеге жиылып, ортасында қалмақтың,
ортасында қалмақтың Ғалдан Церен деген ханның күйеуі, Қоңтажы деген ғаскер басының баласы – Шарыш деген қазақтан жекпе-жекке батыр сұрап жүр екен. Әбілмәнсұр Әбілмәмбет ханға барып: “Тақсыр, бата берсеңіз, мынаған мен барайын” – дегенде, хан бата берген соң, Шарышқа қарай “Абылай! Абылай!” деп ұран салып барып, Шарышты өтіріп, басын кесіп алып, “Жау қашты” деп айғай салған соң, қалмақтар қашып, бір мезгілде бір жерге келіп, хан шатырын құрып, Әбілмәмбет Әбілмансұрды қасына отырғызып:
- Мен қанышер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған атамның атын ұран қылдым, - дейді. “Абылай” атанғаны жоғарыда Абылайлап шапқанынан болды. Абылайдың хан болғаны 1735-інші жылдың маңайы болар. Сонан біздің Орта жүздің жақсылары бұрын үлкен хандар Ұлы жүзде болушы еді. Бұл ханды өзіміз сақтаймыз, қалмақпен көп ұрысатын да біз деп, Төле биге сый алып барып, Әбілмансұр – Абылай ханды алып келіпті”, десе, Әз Төле биді күллі қазақ халқы қадыр – құрмет тұтқан, әділдігін, қанағатшылдығын, “елім-жұртым” деп еңірегенде етегі толған аппақ жанын сыйлаған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының ұғымы

«Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы- цивильді (juscivile) құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан «civil» атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына (
Zivilrecht, droit civil, civil law) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды-цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке (jus pablicum ,jus privatum) деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді».
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтыққұқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда «біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияна көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгер. Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс –тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік –аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәні анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы

Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы. Мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы өкілетті мемлекеттік биліктік құрылымдардың қалыптасуынсыз мүмкін емес. Құқықтық мемлекет құру жағдайында мемлекеттік биліктің үш тармағы бірдей күшті болуға және өз функциясын қалыпты орындайтындай жағдайда болуға тиіс. Дегенмен, заң шығарушы және атқарушы билікті байланыстырушы звено тек Президент болуы мүмкін.Мемлекет басшысы институты тұңғыш рет Қазақ ССР-інің Президенті ретінде 1990 жылдың 24 сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру түрінде енгізілді.Президенттік институт 1991 жылы 25 тамыздағы «Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заң)» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңымен одан әрі дамытылды. Онда өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын қызметтен босату рәсімі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белігіленді.Сөйтіп, президентік басшылық идеясын жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер қалана бастады. Алғашында Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңнын 10-бабында «Қазақстан Республикасының басшысы және оның атқарушы өкіметі Президент болып табылады» деген ережені бекітті. 1991 жылдың 01 желтоқсанында жалпы халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Респубикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Одан әріде Президенттік институттың да, Президенттің жеке басының да көзқарасы қоғамдағы рөлі мен маңызы бірден бірге арта түсті. Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап Президент қызметінің құқықтық негіздері қаланып, оның мемлекетік билік органдары құрылымындағы жағдайы сараланды. Президенттік институтқа қатысты заңдылықтардың даму барысына қысқаша қайырым жасасақ, мынандай ой түюге болады: Президенттің барынша байыпты тұлғасы пайда болды, ол нақтылап айтқанда биліктің барлық үш тармағының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі міндеті жүйе ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайына сәйкес оның саяси және құқықтық рәсімдеуін таңдау болып табылады. Мұндай таңдау мемлекетті қалыптастыруда саяси және құқықтық негізін және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының сипаттамасын анықтайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстан түркі дәуірінде (VІ-ХІІ ғғ..)

VІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлексттер Көне жене Батыс түрік қағанаттары еді. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кен байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдьң солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған) басқаруымен тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға (жуань-жуань) карсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы көктемде түріктер аварлардын ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.
Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енисей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты. 563-567 жж. Эфталит патшалығын басып алды. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксан Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары билік үшін кырқыс басталды. Өзара қыркыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.
Түрік қағанатындағы өзара қырқыс 603 жылы оның екі дербес Шығыс жөне Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы — Жетісу жеріндегі Суяб қаласы (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде).
Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттын негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - "он тайпа" (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен катар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы баска қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Қазақстан республикасының ордендері

«Отан» ордені
«Отан» ордені 1993 жылы тағайындалған. Аталған орденмен мемлекеттік және қоғамдық қызметінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, мемлекеттік құқық қорғау және әскери қызметтегі демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады.

І-ші дәрежелі «Барыс» орденінің жұлдызы
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. «Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады. Орденнің 1-ші дәрежесі жұлдызша мен аспалы жолақтан тұрады.

І-ші дәрежелі «Барыс» ордені
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени-қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. І-ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады.

ІІ-ші дәрежелі «Барыс» ордені
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы ғылыми, мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. ІІ- ші дәрежелі «Барыс» ордені жұлдызша және аспалы жолақтан тұрады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстандағы көп партиялықтың қалыптасуы

ХХ ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық , саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшее берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның бес облысының «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, агрорлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А.Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Қазақ» газентінің 1917 жылғы 256 – санында арнайы мақала шықты.
Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау жіне қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.
1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасынның жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда теңдік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспа сөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін месмлекетен бөлінеді, барлық діңдер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуітиіс, барлық оқй орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалары.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | Қазақ тілінің сөзжасам негізі

Тіл-қатынас құралы ретінде ойлаудың тікелей шындығын, болмысын сөйлеу, жазу арқылы білдіреді. Тілдің ең кішкене бөлшегі — сөз болса, сөздердің өзара тіркесіп келуі арқылы ғана тілдік ұғым жасалады. Олай болса, тілдің заңдылығы, өз ішінде сала-салаға бөлінетін алуан түрлі тармақтары бар.
«Сөздердің жасалуы» деген бөлім тілдік материалдың қарастыратын мәселелеріне қазақ лексикасындағы сөздердің қандай амал-тәсілдер арқылы жасалатынын анықтайды. Морфология бөліміндегі сөз таптарының жасалуы, тұлғалық көрсеткіштері, сөздердің құранды бөлшектерінің бәрі сөздердің жасалу заңдылықтарымен ұштасып жатады. Сол себепті «Сөздердің жасалуын» лексикадан соң, сөз таптарынан бұрын жеке тарау етіп танып, өз алдына категория етіп оқыту дұрыс ойластырылған. Сөздердің әрқилы жолдармен жасалу ереже-анықтамалары негізінен әр сөз табына қатысты, сондықтан сөздердің жаралуын орфография заңдылықтарымен ұштастыра оқыту оқушының сөйлеу, жазу тілін дамыту, сауаттылығын арттырудағы іскерлік дағдыларын қалыптастырады.
Сөздердің жасалуындағы нақты амал-тәсілдерді білдіру, оны жүйелі оқыту он жылдық орта мектептің 4-5-класс программаларында «Сөздердің жасалуы» бөліміндегі тілдік материалдар жетілдірілген жаңа программада мынадай жүйемен берілген.
Сөздердің жасалуы мен орфография. Қазақ тілі сөздерінің жасалуы. Түбір сөз. Қосымшалы сөз. Жұрнақ және оның турлері. Туынды сөз. Түбір сөз. Жалғау және оның түрлері. Дара және күрделі сөздер.Қосымшалар мен күрделі сөздердің емлесі. Сөздердің жасалуынан өткенді қайталау.
V класта өтілген сөздердің жасалуын қайталау. Біріккен сөз туралы түсінік. Біріккен сөздердің жасалуы. Біріккен сөздердің емлесі. Қос сөз туралы түсінік. Қос сөздердің түрлері: қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер. Қос сөздердің емлесі. Қысқарған сөз туралы түсінік.Қысқарған сөздердің емлесі.Сөздердің жасалуынан өткенді қайталау! (5-класс, 15 сағат).
Қазақ лексикасындағы сөздердің жасалуындағы амал-тәсілдер орфозпия, орфография заңдылықтарымен ұштастырыла оқыту жетілдірілген программада нақты көрсетілген. Сөздердің жасалуындағы обьектілер оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 4-5-класта оқытылады.
Жаңа программада сөздердің жасалуына бұрынғыдан біраз сағат арттырылған. Сөздердің жасалуының жолдары өз ішінде жүйелі беріледі. Лексикадан алған білім негізінде сөздік құрамындағы сөздердің жасалуын өз алдына жеке бөлім етіп оқыту өте ұтымды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Қазақ елінің қоғамдық ой-санасының даму сипаты

Тәуелсіздіктің көк туы желбірегелі бері тарих қойнауының талай қалтарыстары ашылып, халықтың рухани қазынасының пайдаланылмай келген талай жәдігер мұралары бүгінде кәдеге жарап жатыр. Сондай ұмыт қалған қазынамыздың бірі - ұлттық білім беру мен тәлім-тәрбие мәселесі. Бүгінгі таңда ғылымның қай саласына болсын, жаңаша көзқараспен қарайтын уақыт жетті.
Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды. Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жатты. Мұжықтарын лек-легімен әкеп төгіп, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-тасқа қарай тықсырды. Шекараны нығайта түсу үшін бекіністер салды. Патша өкіметі осы әрекеттерімен ғана шектеліп қалған жоқ, іле-шала жергілікті халықтың тіліне, діліне, дініне шабуылын күшейтті. Халықты бірден үркітіп жібермеу үшін " бұл саясатын " аса сақтықпен жүргізді. Патша өкіметі ең бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты. "Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін" ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. " Ислам дініне бой ұрады" деген ниетпен татарларды қазақтарға жолатпауға тырысады.
Патша өкіметі тек орыс мектептерін ғана ашып қойған жоқ, жер-жерлерде қазақ балаларын шоқындырып, оларға орысша ныспы беру рәсімдерін де жасады. Бұның бәрі бүгінгі күж ғана тұрғыдан айтылып отырған шындық.
Халықты тарихынан жаңылдыру үшін бірнеше рет жазу графикасы ауыстырылды. Бұның өзі бүгінге дейін ел тарихын зерттеуге үлкен қол байлау болып отырғанын жасырып, - жабудың қажеті жоқ.
Патша өкіметінің "жымысқы" саясатының нәтижесінде ашылған "орыс-қазақ" мектептерінде оқыған қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында көкірек көзін ашып, ХХ ғасырдың басында саяси аренаға шықға бастады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резерфтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары.
Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға көшцге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және әшкә товар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0