Реферат: Әдебиет | Қабанбай батыр

Мәмбет – Қожақұл, одан Қабанбай батыр туылған. 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген. XVIII ғасырдың бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожақұл батыр аз адаммен қоршауда қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он бірге жаңа толған кезі еді. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап өлтіреді. Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын жарып, шалажансар күйінде далаға тастап кетіпті. Есенбай жалғыз інісі Ерасылды маңдайынан шертпей, қатты еркелететін. Соның арқасында әкесінің де жоқтығы білінбей, жетімдік көрмей, бұла боп өскен еді. Аға өлімінен кейін, он алтыға жаңа толып, әлі оң-солын танып үлгермеген Ерасыл көзге қамшы тигендей мәңгіріп қалды. Әсіресе, қорлағаны, азаптап өлтіргені жанына қатты батты. Есенбайдай азаматтың қаны текке кетпес, қалмаққа қолма-қол аттанармыз, қарымта қайтарармыз деп ойланған. Жоқ, олай болмады. Бәрінен де елдің етекбастылығы, асықпайтын ағайынның керенаулығы көңіл ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | КҮРДЕЛІ СӘУЛЕ АУРУЫ

Сәуле шарпуы жасуша құрамына кіретін атом мен молекулаларды иондап қалыптасқан заттар алмасу процессін бұзады. Сонымен клетканың тіршілігін өзгертіп адамды сәуле ауруына шалдықтырады. Аз мөлшермен ұзақ сәулеленуге ұшырағанда созылмалы сәуле ауруы өршеленеді. Оны сәулеленуге ұшыраудың жиынтық мөлшері және сол мөлшердің ағзаға таралу сипаты бойынша, бүкіл дене мүшелері мен жүйкелер қызметінің бұзылуы арқылы анықтауға болады. Созылмалы сәуле аурудан ішек-қарын қызметі бұзылып, қызыл иектен, мұрыннан қан кетеді, сүйектері ауырады.
Сырттай сәулелендіруден өрістейтін жиі сәуле ауруы (ЖСА) ерекше қауіп туғызады ауру барлық мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуына негізделе дамып орталық жүйке жүйесі, қан жасау жүйесі, асқазан жолының зақымдануымен қалыптасады.
ЖСА-ы сәулеленуге бір дүркін ұшыраған кезде 100 рентген мөлшерден бастап білінеді. Сәулеленуге ұшыраған адам алғашқы кезеңде оны сезбейді. Шарпу мөлшері бір мезгілде 5000 Р-нен асқан кезде ЖСА күрт дамиды, оның жасырын мезгілі болмай, организм алғашқы күндерінде-ақ өледі.
ЖСА-ның 4 мерзімі болады;
- бірінші мерзімде организмнің алғашқы реакциясы бірнеше сағаттан үш тәулікке созылады; адам тез арада әлсіреп қалады, жүрегі айнып құсуы мүмкін, артерия қысымының ауытпалығы білінеді, басы ауырады, көңіл-күйі төмендейді;
- екінші мерізімі (латент мерзімі) 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін, бірақ неғұрлым шарпу мөлшері көп болса, соғұрлым мерзім қысқа, адам өзін уақытша сауықтанып қалғанын сезеді, сонда да тамаққа тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, аздап терлеуі сақталады, қан құрамы өзгере бастайды;
үшінші мерзімде, температурасы көтеріледі, ішкі ағзаларға және теріден сыртқа қан ағуы басталып, қан қысымы төмендейді, шашы түсуі мүмкін, қан ұйысууы бұзылады, эалпы организмның қорғаныс күштері бәсеңдеп инсфекциялық және басқа ауруларға жол ашылады; қанның жалпы қағындысы дамиды, дене өте әлсізденеді; ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | Қазақ тілінің фразеологиясы

Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады.Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады.Екіншісі- бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім.Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар.
Олар: 1. даяр қалпында жұмсалу белгісі
2. мағына тұтастығы
3.тіркес тиянақтылығы
1.Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады.Оның сыртқы құрылым- құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де,сол қалпында сөйлемнің құрылымына енеді.Демек, фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі екенін көреміз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Көлік логистикасының экономикалық тиімділігін анықтау

Көлік логистикасы нақты бір аймақтағы немесе өндіріс саласының экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларын орындау барысында маңызды орын алады. Ал көлік логистикасының тиімділігі сол экономикалық-әлеуметтік бағдарламаны орындау барысында нақты автокөлік кәсіпорыны үшін қаржыдай тиімсіз болуы немесе болмауы мүмкін. Демек қаржыдай тиімсіз болатын болса, автокөлік кәсіпорын сол арнаулы бағдарламаның есебінен бағдарламаны орындаушы тұлғадан, жіберіп алған пайдасының орнын толтырады. Күнделікті қатынастар көрсетіп отырғандай егер арнаулы бағдарлама бірнеше жылға арналған болса, оған жауапты тұлға өз ішінен, яғни құрама автокөлік кәсіпорынын ұйымдастыруы мүмкін. Ал егер арнаулы бағдарлама қысқа мезгіл арасында орындалуы тиіс болған жағдайда, бұрыннан жұмыс істеп тұрған автокөлік кәсіпорындарымен келісім шартқа отырып, нақты тасымалдау көлемінің бағасына келіседі. Бұл жағдайда тасымалдау бағасына автокөлік кәсіпорынының жоспарлы пайдасы міндетті түрде қосылады.
Сонымен қатар автокөлік кәсіпорыны қандай деңгейде тасымалдау жұмыстарына қатынасқанына қарамастан, өзінің ішкі нақты және келісімді тасымалдау бағаларының ең төменгі мөлшерін анықтауы міндет. Өйткені тасымалдау жұмыстарының түрлеріне, көлеміне қарамастан, автокөлік кәсіпорыны әрбір автомобильдің маркасына қарай өзін-өзі ақтау бағасын немесе ең төменгі тасымалдау бағасын білуі тиіс. Осындай дұрыс есептеулер негізінде автокөлік кәсіпорындары тізімдегі автомобильдерді пайдалану тиімділігін алдын-ала біліп отырады [1].
Мысалы үшін автокөлік кәсіпорынына бір маусым ішінде тасымалдауға берілген тапсырыстың уақытына қарай автомобильдерді пайдалану жоспарын орындалық. i–жүктің s-түрін k-көлемде r-қашықтыққа d-уақытта тасымалдау керек. Сонымен қатар осы жүктің түрін келесі жерге h-қашықтыққа d1 –уақытта тасымалдау жұмыстарын атқару жоспарлансын. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қ Р ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бүгінгі ақпараттың, ғылым мен техниканың, технологияның қарқындап жатқан дәуірінде инновация - дамудың орталық мәселесіне айналып отыр. 2003 жылы ел Президентінің жарлығымен қабылданған дамудың инновациялық жолын таңдау туралы бағдарламаға сәйкес инновациялық іс-әрекетті қалыптастыруда қаржының мәні зор екендігі белгілі. Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, дұрыс таңдалған инновация кез келген салада өз жемісін береді. Мысалы білім беру, денсаулық сақтау, банк жүйесі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы. Алайда кез-келген инновациялық процесс сәтті аяқтала бермейді. Ал Қазақстанның жағдайында инновацияның қажеттігі экономиканың кез келген саласының өңдеу жүйесінен көрініп отыр. Өйткені экономикамызда біраз жылдар бойы үстемдік еткен дамудың шикізаттық бағыты соңғы жылдары өзінің тиімсіздігін, болашағының жоқтығын, жақын арада экономиканың дағдарысқа ұшырау ықтималдығын, ресурстардың шектеулі екендігін еске түсірді. Ғалымдардың пікірінше, дәл қазіргі темппен пайдаланылып отырған шикізат ресурстары алдағы 25-30 жылға ғана жетеді екен. Осы орайда 2003 жылы 30 мамырда “Инновациялық қызмет туралы”Қ.Р. Үкіметінің қаулысы, сондай-ақ 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық Даму Стратегиясы қабылданды. Стратегияда көзделген басты мақсат – елде инновациялық белсенділікті дамыту, жаңашылдық аясындағы мүдделі тұлғаларға жағдай жасау, осылайша дамудың шикізаттық бағытынан біртіндеп бас тарту. Қаулы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған, 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен “Ұлттық инновациялық қор” акционерлік қоғамы құрылды. Инновациялық қор – басты даму институты болып табылады және коммерциялық пайда табу мақсатын көздемейді. Қордың акционері Қ.Р. Үкіметі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Кубадағы әлеуметтік жұмыс

Кубадағы әлеуметтік қызметкерлер «жан ашитын әскер» болып саналады.Нақты айтқанда көмекке мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызметкелер жан тәнімен көмек беруге тырысады.Кубадағы әлеуметтік қызметкерлер әр өз клиенттерін жақсы танып,олардың қиыншылықтарын,проблемаларын терең түсінуге және әр дайым көмек беруге әрқашанда дайын.

Кубалық әлеуметтік қызметкерлер ең бірінщі орынға көмекке 15 жастағы балаларды қояды.Олардың тамақтарын,сабаққа баруларына үлкен көңіл аударады.Және де әлеуметтік қызметкерлер 16-29 жас аралығындағы адамдарға көп көңіл аударады.Өйткені, оларда бұндай жастағы адамдардың 40-50% мүгедек адамдар.Шың мәнінде кубалықтар өздерінің әр түрмелерінде әлеуметтік қызметкерлер үлкен жұмыс атқаратындарына мақтантұтады.Олардың мақсаты түрмеде отырған жас өспірімдер мен олардың ата-аналарының арасындағы ара-қатынасын жақсартып,күшейту.Солай да мектепте оқитын оқушы балалар мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынастарын жақсарту және де еркін ара қатынасқа көмек беруге тырысады.

Қазіргі уақытта Кубада 4 әлеуметтік жұмыс мектебі бар.Олар өз системаларымен білім береді,олар ТБО және PHD проблемаларын қолданады.Бірақ сол уақытта да олар психология мамандығын меңгереді.

Көп Кубалықтар өздерінің жақсы оқулық тәжірибелерімен мақтан тұтады.Олардың бойынша бүкіл әлем бойынша әлеуметтік жұмыс мамандығы Кубада жақсы,әрі терең дамыған деп санайды.Өйткені, оларда әлеуметтік жұмыс мамандығының магистратурасы және докторантура программасы әлі де жетіліп,дамып және де әр түрлі қазіргі уақытқа сай программаларын қолдануда.Кубалық халықтар әлеуметтік жұмыс маманың жақсы бағалайды және халықтың жақсы хал-ақуалын әлеуметтік қызметкердің арқасында деп санайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің образдары

Балабақша тәрбиешісіне жүктелер міндет көп. Солардың бірі жас ерекшеліктеріне байланысты балалармен ойын өлеңдерді бірге жатқа айтып, бірлесе ойнай білу, көркем әдебиет үлгілерімен таныстыратын сабақтарда бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамытатын ойлы өлендерді бой сергіту сәттерінде орынды қолдана алу. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі казақ халқында, өзге халықтарда болсын, көркем сөзбен келетін кандай ойыңдар бар екенін, әсіресе, өз елінің мұрасында, тіпті ақындардың жаңа туындыларында қай шығармасын ойында пайдалануға болатыңдығын жақсы білу шарт.
«Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы» сериясымен шығарылған «Асыл сөз» жинағына пікір жазған белгілі балалар ақыны Бүркіт ЬІсқақов ойын өлеңдерге «Жасырынбақ», «Куырмаш», «Айгөлек», «Ақтүш», «Ак серек, көк серек» деп аталатын өлеңдерін жатқызады да, олардың балаларды қимыл-әрекетке баулып, денелерін ширата түсуге арналғандығын айтады. «Бөбектің буыны бекіді, бұғанасы қатты, бұрынғыдай қаз-қаз басып, тәй-тәй жүретін уақыттан өтті. Еңді белін бекем ұстап, екі аяғын тең басып, зыр жүгіретін болды. Ол өмірді танып, өзін қоршаған ортаны білуі қажег. Демек, оның бойымен бірге ойы да өсуге тиіс. Міне, ата-ана осыны ескеріп, ойын өлендермен бірге түрліше ойлы өлеңдер де ойлап шығарған. Солардың бірі — «Санамақтар». Ойын өлеңдер мен ойлы өлеңдерді өзара ажырата талдап, балаларға ұсынылатын барлық шығармаларда ойын элементтері ұшырасатының жақсы түсіндіріп, зерттеулер жазып келе жатқан белгілі ғалым Ш.Ыбыраевтың сыныптамасында балаларға арналған поэзиялық туындылар былайша жіктеледі:
а) Санамақтар (считалки);
ө) Бесік жыры (колыбелъная);
б) Төрттүлік жыры (про животных);
в) Ойын өлеңдер;
г)Өтірік өлеңдер;
ғ) Тақпақтар;
д) Қаламақтар (жеребьевки);
ж) Арнау-тілек (заплички);
з) Мазақтама (дразнилки).
Бұлайша жіктеудін негізінде өлеңдердің түр-сипаты, мазмұны алын-ғаңдығын ескерткен балалар әдебиетінің сыншысы: «Қаламақ», «Санамақ» тақпақтары жекелеген қызметтерді, ойын жүргізушіні тағайыңдау үшін айтылса, «Соқыртеке», «Үй артыңда қол ағаш», «Кім ұшты?» ойын процесінде тұтастық тауып, әр түрлі кимыл-қозғалыстармен бірлікте, ырғақта айтылады. Олардың танымдык, тілдік маңызы зор»
Екі жастан он үш жасқа дейінгі бала негізінен кимыл, ойын баласы.
«Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Күңдей нұрлы шағымда,
Күнге жетем өрмелеп!» — деп келетін елең шумағын қай жастағы бала дөңгелене айтсаң, жарасымды.
Тәрбиешілер арасыңда «бой сергіту өлеңдері» деген термин бар да, «тақпақ» тек қана сабақта жаттатылатын өлеңдер деген түсінік қалыптасқан. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы

Зерттеуде таспа құртар тек жабайы көк көгершіндерден анықталды және сирек кездесетіні белгілі болды. Анықталған бірінші таспа құрт Aporina delofondi - Cestoda класының Cuclophyllidea отрядына, Anoplocephalidae тұқымдасына, Aporina туыстасына жатады. Европа, Азия, Африка және Америка құрлықтарында мекендейтін көгершінтектес құстар арасында таралғаны белгілі. Оның ішінде жабайы көк көгершіндер мен үй көгершіндерінен де анықталған. Қазақстанның оңтүстік өңірінде мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен К.И. Скрябин [1905-1911] анықтаған. Бұл құрт биогельминт, аралық иесі құрлықта тіршілік ететін бақша ұлуы Linax cinereus-деп жазды. Ал, Қазақстанның шығыс өңірінде мекендейтін жабайы көк көгершіннен алғаш рет анықталып отыр. Барлық сойып тексерілген 52 жабайы көк көгершіннің 4 - еуінің аш ішегінен бір-бір данадан бөліп алынды. Сөйтіп ИИ - гі 1 - ге, ИЭ - гі 7,6 % - ды құрады. Анықталған құрттардың ұзындықтары 60-70 мм, ең жалпақ бунақтарының ені 4,7 - 5,0 мм аралығында болды. Сколексі қарусыз, 4 сорғышы бар. 1 - ші микрофотосуретте қос жынысты (гермофрадит) бунағы көрсетілген. Онда жыныс тесігі бір жақты ашылатыны көрінеді. Жатыры түтік тәрізді және соңғы жағы біртіндеп кеңейіп одан көптеген өсінділер тарайды. Аталық бездерінің пішіндері домалақ, саны 100 - дей. Олар қос жынысты бунақтың өне бойына созыла, жатырды қоршай орналасқан.

Микрофотосурет 1 - Aporina delofondi таспа құртының қос жынысты бунағы

Жабайы көк көгершіндерден анықталған екінші таспа құрт Weinlandia sphenocephala. Ол Cuclophyllidae отрядына, Hymenolepididae тұқымдасына, Weinlandia тустасына жатады. Европада және Азияда (Индияда) үй көгершіндерінен анықталған. Қазақстан аумағында көгершінтектес құстардан анықталғаны туралы деректер кездеспеді. Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы көк көгершіндерден алғаш анықталып отыр. Барлық сойып тексерілген 52 жабайы көк көгершіннің 9 - ның аш ішегінен бөліп алынды. ИЭ - гі 13,4 % - ды құрайды. ИИ-гі бір көгершінде 2 - 7 паразитке тең болды. Құрттардың ұзындығы 70 - 80 мм, ең жалпақ бунақтарының ені 1,7-2 мм аралығында. Сколексі қарусыз, 4 сорғышы бар. 2 - ші микрофотосуретте қос жынысты бунағы көрсетілген. Жыныс тесігі бунағының бір жағынан ашылады. Жыныс тесігінің мойыны етті жиырылғышпен (ретрактор) жабдықталған және ол айқын көрінеді. Жатыр көптеген төмпешік-бұдырлар түрінде бүкіл бунақтың ішін толтырып жатыр. Аталық безі 3 - еу, ірі және бүйрек пішінді. Бірінің үстінде бірі ретсіз орналасқандықтан әртүрлі пішіндегі біртұтас орган түрінде көрінеді. Таспа құрттарды анықтағанда К.И. Скрябиннің сипаттамалары пайдаланылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | КҮНГЕ ЖАҚЫН ЖҰЛДЫЗ

Күн энергиясы. Күн — Күн жүйесінің орталық және ең үлкен денесі. Күн массасы Жер массасынан 333 000 есе артық және қалған барлык, планеталардың жиынды массасынан 750 есе көп. Күн — энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектінің барлық бөлігінде — рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді.
Сонымен қатар, Қүн — бізге ең жақын жұлдыз, өзге жұлдыздардан оның айырмашылығы, біз оның дөңгелек шарасын бақылай аламыз да, телескоптын көмегімен өлшемі бірнеше жүз километр шамасындағы ұсақ бөлшектеріне шейін зерттей аламыз. Күн — нағыз жұлдыз,. сондықтан оны зерттеу жалпы жұлдыз атаулының табиғатын түсінуге көмегін тигізеді.
Жер орбитасының эллипстігіне байланысты Күннің көрінетін бұрыштық диаметрі едоуір өзгеріп тұрады. Орташа алғанда ол 32 немесе 1/107 радиан. Ендеше Күн диаметрі 1/107 а. б., яғни 1 400 000 км-ге жуық, Жер диаметрінен 109 есе артық деген сөз.
Жер атмосферасының шегінен тысқарыда күн сәулелеріне перпендикуляр орналасқан 1 м2 ауданға Күннің 1,36 кВт сәулелік энергиясы сәйкес келеді. Осы санды радиусы Жерден Күнге дейінгі қашықтыққа тең шар бетінің ауданына көбейтіп, Күннің толык сәуле шығару куатын (оның жарқырауын) табамыз, ол 4 • 1023 кВт-қа жуық. 6 000 К (Күннің эффектілі температурасы) температураға шейін қыздырылған дене осындай куатты сәуле шығарады. Жердің Күннен алатын энергия ағыны шамамен оның толық энергиясынын, 1/2 000 000 000-іне тең.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Түркітану | Көне Рим әдебиеті

Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды.
Римде құл иеленушілік қоғамның дамуы Грекия қоғамының дамуындай болды. Рулық құрылыстың күйреуі, құлиеленушіліктің өркендеуі, таптық қоғамның пайда болуы, құлдардың еңбегіне негізделген өндіріс, полистің (қала-мемлекет) дамуы мен күйзелісі – осының бәрі Грекия мен Римге тән болған. Экономикалық және саяси дамудың ұқсастығы болғанымен, Рим тарихының көптеген ерекшелігі болды. Ол тарихи және географиялық жағдайларға байланысты болды. Рим құрып жатқан Грекияның орнына келді. Римде грек қоғамының өтіп кеткен өмірі қайталанады, бірақ ол күрделі және өзге түрде болады.
Рим әдебиеті өзінің сұрақтарына дайын жауаптарды грек әдебиетінен тауып тұрды. Грек тарихының әр кезеңдерінде пайда болған дүниетану мен идеология рим қоғамының дамуына пайдаға асты. Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты.
Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездерде грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған, ал еуропалық эпостан Гомердің поэмалары емес, Вергилийдің «Энеидасы» көбірек танылған. XVIII ғ. ғана грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал ХІХ ғ. рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу әдебиеті деп қараған. ....
Рефераттар
Толық
0 0