Реферат: Биология | Кемірушілер

Жұмбақ дүниені танып – білуіміздің табиғи көздерінің бірі – хайуанаттар әлемі. Жалпы табиғатта 2 миллионға жуық түрлері бар – микроскоп арқылы ғана көрінетін организмдерден бастап алып Піл, дене тұрқы 30 метрлік Кит сияқты хайуанаттар кездеседі. Ендеше сол хайуанаттар ішіндегі «Кемірушілерге» тоқталсақ. Кемірушілер (Rodentia) – сүт қоректілердің бір отряды. Бұған жер жүзіндегі сүт қоректілердің төрттен үш бөлігі, ал СССР-дегі сүт қоректілердің жартысы дерлік жатады. Кемірушілердің қазба қалдықтары- полеоцен дәуірінен белгілі. Кемірушілер Бор дәуірінде, сірә, насеком қоректілер мен бір ата-тектен дамыған болса керек. Кемірушілерге осы кезде туыстығы жағынан жақын топ қоянтәрізділер отряды жатады. Кемірушілердің ең ұсақ түрінің тұрқы 5 см, су шошқасы 1,25 м. Кемірушілердің тісі қатты қорек жеуге бейімделген. Күрек тістері (әр жақ сүйегінде бір жұп) күшті дамыған, доға тәрізді имек келген және үнемі өседі, әр тістерінің эмалы мен дентиннің қаттылығы әр түрлі болғандықтан, тісі өзінен-өзі қайралып, өмір бойы мұқалмайды. Кейбір кемірушілердің азу тістері де үнемі өседі. Ит тістері болмайды, күрек тістері мен азу тістері арасында тіссіз бос жер – диастема болады. Азу тістерінің беті бұдырлы, қырлы не қатпарлы. Бұл тістері де тіс эмалының қалыңдығы әр түрлі болғандықтан өзінен-өзі қайралады.
Кемірушілер жер жүзіне түгел таралған. Осы кезде тіршілік ететін 30 тұқымдасқа, 400-ден астам туысқа бөлінетін 2000-дай түрі бар. СССР-де 11 тұқымдасқа, 50 туысқа жататын 130-дан астам түрі белгілі. Бұдан басқа антропоген дәуірінен 70 түрі, оның ішінде 15-ке жуық өліп біткен туысы табылды. Кемірушілердің қазір тіршілік ететін түрлері әдетте үш отряд тармағына бөлінеді. Бұлардан тиін тәрізділердің(Sciuromorpha) осы кезде тіршілік ететін 5 тұқымдасы (құндыз,америка тау құндызы, тиін, қапшықты егеуқұйрық, гетеромитдер) және өліп біткен 5 тұқымдасы бар. Жайра тәрізділер отряд тармағына(Hystrcomorpha) осы кезде кездесетін 12 тұқымдас (кәдімгі жайра,ағаш жайрасы,теңіз ақ тышқаны,су шошқасы,агути,саз құндызы,шиншилла т.б.) және өліп біткен үш тұқымдас жатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | КЕЙБIР 0МЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ДАМУЫ

Ұрықтану және майдалану. Ланцетниктің эмбриологиясын толық зерттеген орыстың ұлы ғалымы А.О.Кавалевский болды. Ланцетниктерде ұрықтану сыртқы ортада өтеді. Жыныс продуктыларын суға шашу тәуліктің белгілі бір мерзімінде (кешке қарай) болады. Жұмыртқасы гомолецитальды типке жатады. Сперматозоид жұмыртқаға пісу дәуіріндегі бірінші бөлінудің соңында енеді. Жұмыртқаның екінші бөлінуі сперматозоидтың ядросы жұмыртқаның протоидазмасында орнын ауыстырған кезінде өтеді. Ұрықтың толық және біркелкі майдалану қуысы ортасына орналасқан қабырғасы бір қабатты, биіктігі бірдей пластинкалардан тұратын целлобластула түзілуімен аяқталды.
Сегізінші бөлінуге өтерде (128 бластомералы кезеңнен соң) майдалану толық емес түрге ауысады. Соның, нәтижесінде мөлшері біркелкі емес клеткалар түзіледі. Бластуланың қабырғасынан майда және ірі клеткалардан тұратын әртүрлі екі бөлім пайда болады. Сонымен қатар вегетативтік жартылай шеңбер қабысып, шарт тәрізді бластула күмбез түріне айналдырады. Нығыздалған вегетативтік бөлімі бластуланың түбін, ал жоғарғы анимальды бөлімі қақпағын құрайды. Бластуланың түбі келешекте шектің, энтодермасын түзетін ірі клеткалардан құралады. Ал бластуланың қақпағын келешекте эктодерма түзетін ұсақ клеткалар құралды. Түбі мен қақпақшасының аралығында мезодермаға дамыйтын клеткалар жартылай шеңберлі орналасады. Келешек мезодерманың клеткалары тез қарқынмен бөлініп, өзінің майда мөлшерімен, қасындағы майдаланудың баяулығын сақтаушы энтодермалық ірі клеткалардан тез ерекшеленеді. Егер бластулаға вегетативтік жартылай шеңбер жағынан қарасақ, түбіне жақын энтодерманың үстінде хорда және нерв жүйесі дамитын клеткалардың бірнеше қатарын көреміз. Бластуланың қалған басым көпшілігін жануарлардың келешек жамылғысын дамытатын клеткалар құрайды. Бластула кезеңінде-ақ клеткалар бір-бірінен осылай ерекшелене бастайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қаржы | Коммерциялық банктің сенімгерлік операциясы

Сенімгерлікпен қызмет көрсету –меншікті, клиентке тиесілі басқа активтерді басқару жөніндегі операция. Бүгінгі таңда сенімгерлік операциясының маңызы жоғары болғандықтан банк нарық пен клиенттің арасында өкілетті делдал ретінде алға шығады және оларды орындаудан өзіне көптеген пайда түсіреді.
Әлемдік банк іс-тәжірибиеде коммерциялық банктердің өз клиенттеріне көрсететін әр алуан комиссиялық делдалдық қызметтердің бір түрі ретінде сенімгерлік операцияның пайда болуын және олардың шапшаң дамуын мынандай бірнеше обьективті себептермен байланыстырып түсіндіруге болады:
-банк өтімділігінің проблемасы, дәстүрлі ссудалық банк операция түрлеріне тәне құбылыстың кемуі, сондай-ақ шешуші міндеттердің бірі болып табылатын өтімділіктің қолайлы деңгейін сақтап отырып, операция табыстылығын арттыруға банктердің ұмытылысы;
-банк клиентурасының, әсіресе, өнеркәсіп кәсіпорындарының банктен қызмет көрсетудің кең ауқымды жиынын пайдалануға өсе түскен ынтасы;
-ссудалық капитал нарығындағы бәсекелестіктің клиент үшін банктердің арасында жүріп жатқан күрестің күшеюі, жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да көрсететін жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы мен дамуы;
Банктер үшін қызмет көрсетудің басқа түрлерімен салыстырғанда сенімгерлік операцияның артықшылықтары.
Сонымен бірге спенімгерлік операциясын жүргізу персоналдан көптеген салаларда жоғары біліктілікті талап етеді: заңды білу, инвеститциялық қызметке машықтану, меншікті басқару.
Сенімгерлік тараптардың бір-біріне сенімді болғанын, өзара қарым-қатынасын сенім негізінде құруын ұйғарады.Тараптардың бірі меншікке (мүлікке, ақшалай қаражатқа, құнды қағаздарға, мүліктік және басқадацй құқықтарға) қалай өкімгерлік ететініне жауап беретін болса, екіншісі әлдекімнің пайдасына жауапты болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылыгымен жасаган көтеріліс

Е. И. Пугачсвтің басшылыгымен болған, қазақтар оған белсенді қатысқан 1773-1775 жж. Шаруалар согысы басып-жаншылганнан кейін жеті жылдан соң 1783 ж. Кіші жүзде шаруалардың көтерілісі тагы бұрқ ете қалды. Котерілісшілерге ру агаманы Сырым Датов басшылық жасады.
Бұл қозгалыстың феодалдық пен отаршылдыққа қарсы сипаты болды, ол 1773—1775 жж. шаруалар согысының жалгасы еді. Осы котерілістен кейін қазақтарга жер мен су проблемаларын ішінара бо;іса да шсшіп алудын, соті түсті. 1775 ж. 7 қарашадагы жарлыгымен, Сыртқы істер коллегиясы қазақтаргы қысқы уақыттары Жайық псн Еділ озендсрі аралыгындагы, Каспий теңізі жагалауындагы, Ергіс, Жайық озендсрінің оң жағалауындагы, Ембі, Сағыз өзендері аудаш.індагы жайылымдарды пайдалануга рүқсат етті. Бірақ, пат-ша укімстінің бул конімпаздыгы амалсыздықтан туған еді, сопдықтан аіімақтагы позициясын ныгайтуына қарай ол осы жсңілдіктсріи жошга немесс шсктеугс талпынды. Қазақтардың жер
мсн суга деген қүқыгының ксңейтілуіне Орал казактарының оскері белсенді қарсы шықты. 1782 ж. 27 желтоксанда үкімілтің жоғарыда корсетілген аудандарга қыста мал аіідауга қазақтардын, ші жерлерді тск жалға алган жагдайында гана рүқсат етілетіндігі туралы жарлыгы шықты1. Орал казактары бүл жарлықты өз мүдделерінс пайдаланып, казак жерлерінін, қазақтарга жалга берілуіне тиым салды. Бекіністің Орал желісінде кордондық күзет күшейтілді, оның үстінс жалга алатын жері үшін қазақтар ақысын тшіеумен бірге, аманаттарын қалдыруга тиісті сді.
Пугачевтің шаруалар соғысына қазақтардың қатысуына Кіші және Орта жүздрдегі тоуелділік қагынастардың одан урі ыдырауы маңызды себеп болды. Айталық, Кіші жүзде Нүралы хан мек. сүлтандар китерілісшілерден бірте-бірте іргслсрін аулақ салып, па ша үкімстін қо.ідау нозициясмиа кішпі. Қазақ ақсүйсктсрі арасын да котерілкке сснбсушілік псн оншснділік арта түсті, мүның өзі феодалдықбытыраңк.ылык,ты күшейтті. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Кандалакаш қорығы

Европалық бөлікте көптеген қорықтар кездеседі, олардың ішінде бұрыннан келе жатқандары: Астрахан, Воронеж, Лапланд, Кандалакш, Орталықорманды, Орталыққаражерлі, Окс, және т.б. Бұл қорықтардың жұмысы жақсы, жақсы дәстүрлі, ғылыми қоры көп және тағыда басқа жақсы жақтары өте көп. Оған қоса осы аймақтың жеті қорығы биологиялық мониторингтің глобальді жүйесіне кірді. Олар: Лапланд, Печеро-Илыч, Орталықорманды, Приокско-Террасный, Орталыққаражерлі, Воронеж, Астрахань.
Сол қорықтардың бірі Кандалакш қорығына тоқталайық. Бұл қорық солтүстік теңізінің бағалы жүнімен атақты болған ірі үйрегі – қарапайым гагаларды қорғау мақсатында құрылған. Бірнеше ғасыр бойына Ресей гаганың жүнін экспортқа көп мөлшерде шығарған. Бірақ ол кезде оны жұмыртқалау уақытында жинайтын еді. Өндірісшілер жүнді ғана емес, сонымен қатар гаганың жұмыртқасын да дайындауға тырысып, құстардың өзін өлтіретін еді. Осындай жыртқыштық өндірістен кейін гаганың саны бірден төмендеп кетті. ХІХ ғасырдың екінші жартысындагагалық ұяларды сақтауға ұмтылғанымен, олар оң нәтиже бермеді.
Құстарды аулау мен гаганың жүнін жинаудан қорғаумен қатар қорық Кандалаш бұғазысының орнитафаунасын зерттеу үшін ғылыми база болды. Соғыс жылдары қорықтың жұмысы тоқтаған жоқ. Кандалаш қорығы соғыс уақытысында фронттық сызықта болғанымен, қорықты қорғау тоқтатылған жоқ. Нәтижесінде 1945 жылы ггалардың ұя саны 1940 жылға қарағанда 1,5 есе өсті. Соғыс біте салысымен уақытша тоқтаған зерттеу жұмыстары өз жалғасын тапты. Бірінші кезде оны Мәскеу институтының Жануартану институты орындады. Осымен қатар 1945-1950 ж.ж. қорықта ғылыми қызметкерлердің штаты құрылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Капитал және операция шотына сипаттама

Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген ұғымды білдіреді.
Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық жағынан тозған, ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары амотизация жолы арқылы өтеліп отырады.
Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін орындайды.
Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола алады.
Ақша ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.
Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші тауары жатады....
Рефераттар
Толық
0 0