Реферат: Экономика | КЕҢЕС ҮКІМЕТІ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» — 1880, «Бала зар» — 1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды; қараңыз: Әдеби байланыс.
20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ халық поэзиясы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Дене шынықтыру | КАРАТЭНЫҢ ТАРИХЫ

Каратэ тарихының тамыры жекпе-жек өнерінің жүйесі ретінде тереңде жатыр. Ұрыс өнерінің жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың сақалды бодхидхарма (жапонша Да Мо) « Сақалды варвар» Қытайға келеді. Ұзақ уақыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына тоқтайды, онда ол әрбір тірі жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы туралы өзінің білімін үйретеді. Бодхидхарма Будда әрбір адамда, кез-келген затта болады. Оны тек өмірге ояту керек деп тұжырымдайды. Бірақ монахтар негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы қабырғамен ойласып және өзін-өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргендігі баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт қимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен айырылады, бірақ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын қалпына келтіреді.
Да Мо монахтардың денсаулығының әлсіздігінен көп сағатты медитацияларға шыдай алмайтындығын байқады, содан кейін «ар хат қолдарының 18 қимылы» атты психофизикалық жаттығулар жүйесін енгізуді шешті (архат – Оңтүстік Үндістандағы Будда пантеонының жартылай бұты). Кешен әдісі монархтардың күші мен рухын ұзақ діни лауазымдарда сутра оқу кезінде және рухани-медитациялық тәжірибе дене жаттығуларымен ауысып жатқанды, сондай-ақ аспан астында жолында сенімді қорғаныс құралымен қызмет етуі қатаюға бейімделді.
Бодхидхарма бүгінгі күнге жеткен әйгілі қоян-қолтық ұрыс өнері у-шу жүйесін жасаушы болып саналады. Кейінірек XI-ғасырда: жылан, айдахар, тырна, бағылан және жолбарыс.
Бодхидхарманың Үндістаннан Қытайға әкелен тәсілінің түрлері «Шаолинь кэмпосы» атымен таралды және бірте-бірте қытайшаға айналды.
Монах жекпе-жекшілері туралы сөз Шаолинь монастырынан бүкіл аспан астына аты шыға бастады, артынша сол жерге басқа жақтардан монахтар келе бастады.
Шаруалар соғысы және азаматтық бүлік кезінде Бодхидхарма орт үстікте қаза болады, ал тірі қалған бірнеше «Бес Баба» Фукиен провинциясында қайта құрылған Оңтүстік Шаолиньге кетеді.
Осылайша «Шаолинь кэмпосы» ұрыс өнері Империя төріне шығады және ешқандай да құпиялылығын қалдырмады.
Осылайша екі бағыт дүниеге келді. Біріншісі «Тэ» деп аталады, оның жергілікті аристократтар мен қалалықтар тәжірибеледі. Екіншісінің алғашқыда ешқандай да аты болмады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Кездейсоқ сандар

Кездейсоқ сандар түрлі желілік қосымшаларын шифрлеген кезде маңызды рөл атқарады. Криптография шараларына негізделген кейбір желілерді қорғау алгоритмдері кездейсоқ сандарды пайдаланғанды дұрыс деп табады.
Криптографиялық қосымшалар әдетте кездейсоқ сандарды алгоритмдік генерирлеу тәсілі көбіне қолданылады. Сәйкес алгоритмдер детерминирлі болып келеді, сондықтан сандардың жүйелігінен туындатады, ал олар өз кезегінде статистикалық кездейсоқ емес. Бірақ, егер алгоритм жеткілікті жақсы болса, онда одан туындайтын сандардың жүйелілігі кездейсоқтыққа көптеген тесттерді шыдай алады. Кездейсоқ сандар ретінде детерминирлі алгоритмдерді генерирлеу қолданылады. Бұл философиялық қарсылықты туындататын болса да, ол жалпы жұмыс істейді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Кенесары Қасымұлы

Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі, қазақ халқының соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп, 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік - Сеңгір аңғарында шәйіт болды. XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейінгі бабаларымыздың елі мен жерінің біртұтастығын қорғап қалудағы қатты наразылығы, қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы оқиға болды.
Ғұлама ғалым Шоқан Уәлихановтың жазып қалдыруынша (шығармалар жинағы, III том, 486 бет), Абылай хан он екі әйелінен қырық қыз, отыз ұл сүйген. Ұлдарының бізге белгілері: Сағындық - Шуақбай атты Қарақалпак бегінің қызы - Сайман ханымнан: Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім; Қашғар бегі Кенже Сарттың қызы - Бабақ ханымнан: Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбі-тай, Әбділда; Қалмақ ханы Қалдан - Сереннің туысы - Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым; Сырғалдақ қожаның қарындасынан: Тоқ, Қасым, Арық; Атығай - Қарауылдың қызы Тоқта ханымнан: Сығай, Тоғай, Сүйік, Әли, Құлан, Тоғым; Орыс сұлудан (тұтқын): Шама; басқа әйелдерінен: Ғұмыр, Байыр, Жәңгір, Сыпатай. Кенесары Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен: Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай мен бірге 6 алты ағайынды болып туған. Ал Кенесарының інісі Наурызбай Қасым сұлтанның екінші әйелінен өмірге келген.
Абылай хан 1781 жылы 69 жасында қайтыс болғаннан кейін оның ең үлкен ұлы Уәли (1738-1819 ж.ж.) әкесінің орнына хан болып сайланады. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі өзінің шырқау шегіне жеткен кезде Уәли 1774 жылғы 2 маусымда Орынбордың генерал-губернаторы Рейнсдропқа былай деп хат жазады: «Сізге дұғай сәлем жолдай отырып айтатыным төменгідей: Жоғары мәртебелі Сіздің Шыныят мырза арқылы жіберген хатыңызды алдық, тек әкем Абылай хан болмады, ол қалың қолмен сырттағы жауға аттанған еді, жауымыздың тас-талқанын шығарғандығы жайлы хабар алып отырмыз. Ал, мұнда елді оның орнына мен басқарып отырмын. Сіздер де қандыбалақ қарақшыны ұстапсыздар, бұл хабарды естіп мен қуанып қалдым. Себебі ұлы мәртебелі императордың біз жауына жау, досына доспыз ғой!» (А.И.Дмитриев-Мамонов. Орал мен Сібірдегі Пугачев көтерілісі. Санкт-Петербург. 1907, 139-140 бб.). Орыс бақылаушысы Чучаловтың айтуынша, «Уәли әкесі Абылай сияқты өркөкірек, алған бағытынан қайтпайтын қайсар, әрі құбылмалы» жан болған (ХVIII-ХІХ ғ.ғ. қазақ-орыс қатынасы. Алматы, 1964, 106 б.). 1782 жылғы 25 ақпанда Ресей патшасы II Екатерина Уәли ханды Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы әмір еткен грамотаға қол қояды. Петропавл бекінісінде Уфа мен Симбирск генерал-губернаторы генерал-поручик Якобийдің қатысуымен Уәлидің хан болып таққа отыруының және ант беруінің рәсімі өткізіледі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері

ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері кокругтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады.Олар қазақ жерінде “бөліп ал да билей бер” деген отаршылдық ұранды бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны (1802 жылы туған) Ташкент түрменсіне қаматты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Кәспорынның қаржылық тұрақтылығы

Қазіргі уақытта мемлекет кәсіпорынның дамуына және тұрақтылық жағдайына көп көңіл аударылып жатыр. Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызы өте зор. Кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижесі экономиканың дамуына тікелей әсерін тигізеді.
Ал кәсіпорынның қаншалықты дамуын, тек кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын дұрыс талдау арқылы көруге болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау мен бақылау, объективті ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін нақты ұсыныстарды орындау қажет. Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем қабілеттігін кепілдендіретін белгілі бір шоттар жағдайы. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршенділігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып, оны қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау жұмысын біліктілікпен жүргізу арқасында, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығын дұрыс талдап, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, жоғарыда көрсетілген елімізді ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жетуге болады. Осы курстық жұмысымның мақсаты: кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын толық зерттеп ашу. Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы қазіргі кезде еліміздің экономикасына ең үлкен әсерін тигізеді. Бұл тақырыптың өзектілігі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бақылап талдамаған жағдайда кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауына әкеліп соғады, ол әрине мемлекет экономикасына үлкен әсерін тигізеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қаржы | Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні

Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу үшiн олардың қызметтерiн қарастрырайық:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына берiлiп , өндiрiстiң кеiеюiн қамтамасыз етедi.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор. Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.
Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | КЛЕТКААРАЛЫК БАЙЛАНЫСТАР

Көпклеткалы жануарлар организмдерінің органдары мен ұлпаларының
Құрамындағы клеткалардың өзара байланысы клеткааралықбайланыс
деп аталатын күрделі арнаулы құрылымдар құрайды.Қабат құрайтын

клеткалар ерекше құрылымдарды құрамастан өзара байланысады.Мұн-
дағы клеткалардың байланысы жай байланыс арқылы қамтамасыз еті-
леді.Екі клетканың плазмалеммаларының арасында 15-20 нм клеткаара-
лық кеңістік болады. Жай байланыстан басқа клеткаларды өзара байла-
ныстырып бекітетін арнаулы құралдар болады.Ол құлып деп аталатын
құрылым.Бұл әдісті бір клетканың плазмалық мембранасы екінші клет-
каның мембранасының ойысына сәйкес келетін өсінді құрайды.Құлып
тәрізді немесе тісті байланыс эпителиальдық ұлпаларда көп кездеседі.
Тығыз байланыстар.Екі көршілес клеткалалардың плазмалық мембранала
ры мейлінше жақындап , бір-біріне жабысып,қалыңдығы 2-3нм бір
жалпы қабат құрайды. Байланыстың аймағы макромолекулалар мен
иондарды өткізбейді.Тығыз байланыс ми капиллярларының эпителий-
лік клеткаларының арасында ми клеткаларына қаннан заттардың еркін
диффузиялануына кедергі болып гемато-энцефальдық тосқалыл құрай-
ды.Тығыз байланыс клетканың апикальдық жиегінде болады.
Десмосомалар- эпителийлік клеткалардың көбіне тән. Десмосома грекше
десмос –байланыс, сома- дене, ара қашықтықтары 30-50 мкм екі көршілес
Клеткалардың плазмалық мембраналарының диаметрі 0,5 мкм-ден екі
дөңгелек немесе сопақша участоктерінен түзілген .Мембрананың астын-
да клетканың ішінде орналасқан тонофибриллалар бекитін тығыз пласр-
тинка болады. Тонофибриллалар тірек қызметін атқарады. Көпшілік
Жағдайда жанасатын клеткалардың десмосомалары бір-біріне тығыз
беттеспейді, арасында сұйық ағатын клеткааралық кеңістік болады.Элек-
трондық микроскопта десмосома аймағы көршілес клеткалардың плаз-
малық мембраналарында орналасқан күңгірт дақ болып байқалады.
Десмосомалардың функциясы –клеткаларды өзара бекіту.
Саңылау тәрізді байланыс,нексустар.Клеткадан клеткаға химиялық зат-
тарды тікелей жеткізуге қатысатын құрылым.Көршілес клеткалардың
мембраналары коннексондар деп аталатын құрылымдармен байланысқан.
Коннексон- ортасында ені 2нм каналы бар,молекулалық массасы 20мың-
дай коннектин белогінен тұратын цилиндр тәрізді агрегат.
Саңылау тәрізді байланыстың зоналарында клеткалардың функциялық
ерекшелігіне байланысты 10-20-дан бірнеше мыңға дейін плазмалық
мембрананы тесіп өтетін коннексондар болады.
Коннексондар иондар мен төменгі молекулалы заттардың бір клеткадан
екінші клеткаға өтетін клеткааралық каналдардың міндетін атқарады.
Синапстық байланыс. Байланыстың бұл түрі нерв ұлпасына тән.Екі
нейронның арасында және нейрон мен рецептор немесе эффектор ара-
сында кездеседі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы

Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады.
Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей тәртіп бойынша бір жүйеге келтіруге болады:
- жоспарлау – стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды, түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды;
- баға саясатын анықтауға және өнімді сату жоспарын құруға қатысу;
- өзге кәсіпорындармен қосылу немесе бөліну нәтижесінде мүмкін болатын капитал құрылымының өзгеруін бағалау;
- қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету: қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздестіру; олардың оңтайлы құрылымын қалыптастыру;
- қаржы ресурстарын басқару: есеп шоттардағы және кассадағы ақша қаражаттарын басқару; құнды қағаздар қоржынын басқару; қарыз қаражаттарды басқару;
- қаржылық есеп, бақылау және талдау: есеп саясатын қалыптастыру; қаржылық есеп беру түріндегі ақпараттарды өңдеу және пайдаланушыларға ұсыну; қаржылық нәтижелерді талдау және сараптау; есептік көрсеткіштерді жоспарлық және стандарттық көрсеткіштермен салыстыру; кәсіпорын ішіндегі аудит. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Капитал экспорттаушы және импорттаушы елдер үшін капитал ауысуының салдары

Капиталды шетке шығару қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды нысаны.
Капиталды шетке шығару дегеніміз- капиталдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығарып,тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік процесі мен айналымына кіргізу. Капиталды шығарудың негізгі себебі және алғы шарты елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы және шамадан тыс қорлануы. Сондықтан іскерлік пайда немесе процент табу мақсатында ол шетке шығарылады. 90-жылдардың басындабүкіл дүниежүзілік капиталдың шамадан тыс қорлануы 180-200 млрд. долларға жеткен. Капиталды шетке шығару көлемінің жедел өсуі оның халықаралық ауысуын күшейтті.Капиталдың халықаралық ауысуы дегеніміз- капиталдың меншік иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағықарама-қарсы қозғалысы. Мұның өзі әрбір ел бір мезгілде капиталды экспорттаушы да, импорттаушы да болатын жағдай, яғни қарама-қарсы инвестициялар.
Капиталды шетке шығарудың негізгі себептері:
1. шетке шығарушы елдегі капиталдың мол қорлануы
2. дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы
3. жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі
4. капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы
5. саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуал
Капиталдың ауысуы мен шетелдік инвестициялардың айырмашылықтарын ажырата білу қажет.
Капиталдың ауысуы - шетелдік әріптестермен бірігіп жасаған операциялар үшін төлемдерді, капиталды орналастыру мақсатында шетелдік компаниялардан акциялар мен облигациялар сатып алуды, басқа да құнды қағаздар портфелін диверсификациялауды айтамыз.
Шетелдік инвестиция – қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.
Тікелей инвестиция – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруы.....
Рефераттар
Толық
0 0