Реферат: Құқық | Заңды тұлғалардың түрлері

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, олар жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.
Заңды тұлғалардың түрлері
1.Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын көтеруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Интеренет желісі

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалықтармен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзі тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық ресурс тәрізді ертектегі “ханшлардан” күнделікті “күңіңізге” айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар – кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адамдар жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі бекер емес те шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Қорқыт

Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII—IX ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың қыпшак нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек.
«Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды»,— дейді В. В. Бартольд. Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы, Қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Оның күйлерінде айқын байқалатын стилдік тұтастық, өмірді бейнелеу тәсілінің тұрақтылығы, әуен-сазындағы бақсы сарындарымен үндес қарапайым көнелік, сөз жоқ, дара тұлғаның қолтаңбасын айқын аңғартады. Бұл орайда, Қорқыт туралы аңыз-әңгімеден де бұрын, Қорқыттың бейітінен де бұрын, тіптен, «Қорқыт ата кітабынан» да бұрын, оның тарихта болған нақтылы тұлға екеніне музыкалық мұралары дәлел.
Қорқыт күйлері: «Қорқыт» (үш нұсқасы бар), «Аққу», «Әупбай», «Башпай», «Желмая», «Елім-ай, халқым-ай», «Сарын» (екі нүскасы бар) «Тарғыл тана». ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Зейін туралы жалпы ұғым

3ейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердіц бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Жүсіпбек Елебеков

Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) - әнші (тенор). Қазақстанның халық артисі. Қарағанды облысында туған. Елебеков бес жасынан ән айтуды бастаған. Ән өнеріне оны ағасы Ж. Балғабайұлы баулиды. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады. Халық композиторларының шығармалары (“Ардақ”, “Айтбай”, “Құлагер” және т. б.) Елебеков репертуарының негізін қалайды. Абай әндерін де ол аса шеберлікпен орындаған. Қазақ драма театрының сахнасында ол Жапал бейнесін (М. Әуезов “Еңлік-Кебек” ) , музыкалық театр сахнасында Әлібек (М. Әуезов пен И. В.Коцыканың “Айман-Шолпаны”), Төлеген (Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегі”) бейнелерін сомдады. Елебеков өнері көңіл - күй иірімдері, сезім байлығымен ерекшеленеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Зигомициттер саңырауқұлақтар

Зигомицеттер (Zygomycetes)- саңырауқұлақтардың бір класы. 4 қатары (Mucorales, Endogonales, Entomophthorales, Zoopagales), 500-ден артық түрлері белгілі. Табиғатта кең тараған. Топырақта, көңде, сондай-ақ өсімдіктердің құрамында, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлар мен адамдардың денесінде паразитті тіршілік етіп, қоректік заттардың құрамында ақ ұнтақ түрінде кездеседі. Зигомицеттердің талломы өте жақсы дамыған көп ядролы жіпшумақтардан (мицелийлер) құралады. Клетка құрамында хитин және хитозин, кейде глюкан заттары болады. Зигоспора түзіп, зигогамия жолымен жынысты көбейеді, аты осыған байланысты қойылған. Зигогамия жолымен жынысты көбею кезінде әр түрлі жынысты екі жіпше түйісіп, перделермен бөлініп, екі жыныстық мүше гаметангийлер түзіледі. Гаметангийлерде жыныстық клеткалар түзілмейді. Екі гаметангийдің түйіскен жерінде қабықтары еріп, зигота түзіледі. Зигота 2-3 қабаттан тұратын қабықпен қапталып, ұзақ бұйығу кезеңінен өтеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Зат есімнің көптік категориясы

Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар. Олар: көптік жалғау, тәуелдік, септік, жіктік жалғау. Осы төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол мағыналарына орай, арнаулы грамматикалық формалары және сол грамматикалық мағыналары мен формаларына сай, олардың өздеріне тән ерекше қызметтері бар.
Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал, осы екі категория бірдей емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы- онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі.; лексикалық тәсіл арқылы да, морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады.
Сөз атаулының қай қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды білдіреді. Мысалы, ағаш, шөп, жылқы, ет, қазы деген әрбір сөз саралауға болатын біртектес көптеген заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымды білдіретін сөздердің өздері де біркелкі емес. Олардың ішінде ешқандай қосымша формаларсыө-ақ тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар. Мұндай сөздерге жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттары, ру, халық, ел аттары, әр қилы жәндіктер, аң аттары, өсімдік аттары, қоғамдық өмірдегі әр алуан әлеуметтік ұғымдардың аттары т.б. жатады.
Міне, көптік ұғымды осылайша сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Заңды тұлға

Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғаларда азаматық – құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы),
Заңды тұлға дегеніміз – бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық - құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға инстиутын практикалық маңыздылығы мынада: “заңды тұлға құрылташыларының өз кәсіп керлік тәуеклін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеуе мүмкімдігі бар”.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Дінтану | Имандылық- инабаттылық мұраты

Имандылық араб тіліндегі нану, сену деген мағынадағы иман сөзінен шыққан. Ислам дініндегі бес парыздың бірі. Оның мәнісі - Алланың біреу екеніне, одан басқа алланың жоқтығына сену. Әдетте, ол дін жолынан қия баспауды, ар-ождан тазалығын, обал-сауал талаптарын сақтауды, қылдай қиянат жасамауды, қайырымдылықты, адаляықты жинақты түрде көрсететін адамгершілік ұғым атауы болып табылалы.
Имандылық пен әдептілік бір-біріне балама ұғымдар емес.
Бірақ олардың арасында тығыз байланыс, табиғи шарттылық бар. Өйткені екеуінің негізінде де ізгілік пен ар-ұят жатыр.
Иман дегеніміз — сенім. Имансыз сөзі — сенімі жоқ дегенді білдіріп, мұсылмандарда, соның ішінде біздің түбі бір, діні бір бауырлас халықтарымызда ар-ұяттан ада, азғын мағынасын береді. Шынында да, еш нәрсеге сенбейтін, яғни сиынбайтын, ешбір шарапаттылықты, ізгілікті мойындамайтын адамнан асқан азғын, қауіпті нәрсе бола ма? Адамға керегі ішу, жеу ғана емес. Бір нәрсеге сеніп, сиынып өмір сүру оның табиғатына тән. Ол солай жаратылған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Заттың үш күйі

Қыстыгүні көлдер мен өзендердің беттеріндегі су қатып, қатты күйге – мұзға айналады. Мұздың астындағы су сұйық күйінде қалады. Біз мұнда судың әр түрлі екі күйін – қатты (мұз) және сұйық (су) күйлерін бір мезгілде қатар көре аламыз. Судың үшінші – газ тәрізді күйі де болады: көрінбейтін су буы бізді айнала қоршаған ауаның ішінде де бар.
Сұйық сынапты термометр резервуарынан көруге болады. Сынап бетіің үстіңгі жағында оның буы болады, ол сынаптың газ тәрізді күйі болып табылады. - 390С –та сынап қатады – қатты күйге ауысады.
Буды және сынапты мысалға алып, зат үш күйде – қатты дене, сұйық және газ түрінде кездесетінін көрдік. Әр түрлі күйде денелердің қасиеттері түрліше болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0