Реферат: Психология | Іс әрекет психологиясы Ойын іс әрекеті
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп санамен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып огтырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Ойын- өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар. Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттілігі- адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Адам еңбек ету кезінде өзіне қажетті әрекетпен бірге істегісі келмейтін әрекетті де жасайды.....

Рефераттар