Реферат: Тарих | ЖЕТІ ЖАРҒЫ

Уақытша болса да, бар қазақтың бірігуіне әсер еткен, атақты заңы – Жеті Жарғының өмірге келуіне мүмкіндік жасаған Ұлы Тәуке хан еді. (1680-1715) Тәуке хан кезіндегі жетістік деп – қазақтардың 1695жылға дейінгі жоңғарлардан 32 қаланы азат еткенін мысалға келтіре аламыз.
Есімнің немересі - Жәңгірдің бел баласы – Тәуке хандық құрған XVIIғасырдың аяғы мен XVIIIғасырдың басы-қазақ елінің абыройы асып, көсегесі көгерген ерекше бір кезең болды. Бұл жайында белгілі тарихшы А.И.Левшин былай деп жазды:”Тәукенің атын атаса-ақ ,бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп ,мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликургы , Драконты-сол адам. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Химия | ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ ДИНАМИКАСЫНЫҢ НЕПЗДЕРІ

Жер асты су лары ауырлық күшінің әсеріне байланысты қоректену аймағынан арылу аймағына қарайқозғалады. Алдыңғысында судың биіктік деңгейі барынша жоғары, ал кейінгісінде едәуір келеді. Жер асты суларының кқоректену аймағы болып may жоталары және оларды қоршаған тауалды шлейфтері (жаймалары), суайрық жазықтықтары т.б. бедердің биік бөліктері саналады. Жер асты суларының қоректену аймағы бөгендердің, жер суаратын каналдардың аймағында орналасуы мүмкін.
Жер асты суларының арылуы өзен аңғарларында (грунт суларын қоректендіретін жазық өңерлер өзендерінің сағаларын қоспағанда), жыралар мен сайларда, әдетте, суды жақсы өткізетін жыныстар мен суды нашар өткізетін жыныстар алмасатын, жер бетіне шығатын су жиылып қалатын may бөктеріндегі бедердің күрт иілетін орындарында байқалады. Жер асты суларының жасанды арылуы скважиналардан, құдықтардан, құрғатушы кәріздерден су тартумен байланысты. Грукнт суларының қозғалу бағыты бедердің еңістену бағытына сәйкес келеді. Борпылдақ және қатты жыныстарды саңылаулары мен жарықтары сумиен бүтіндей толған жағдайдағы осыларды бойлай қозғалуы фильтрлену (сүзілу) деп аталады. Егер су may жынысының бүтіндей толып бітпеген саңылаулары мен жарықтары арқылы қозғалатын болса, оны инфильтрлену деп атайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Технология | Жұмыртқа өнімінің қолдану аймағы және мәні

Құс шаруашылығы пәнінен мен құс өнімі «Жұмыртқа» тақырыбы туралы курстық жұмыс жаздым. Курстық жұмыс 20 беттен құралған. Онда мынадай тақырыптар қарастырылады. Негізгі бөлімде: Жұмсыртқа өнімінің қолдану аймағы және мәні, жұмыртқа өнімінің сапасына қойылатын талаптар, жұмыртқа өнімінің қасиеттері мен оларға сипаттама деген тақырыптарды қамтиды. Техника қауіпсіздігі мен қорытындыға да толық түсінік берілді. Бірінші кестеде - жұмыртқаның химиялық құрамы туралы жазылған. Екінші кестеде - жұмыртқаның сапасын бағалау әдістерінің жіктелуі туралы жазылған. Жұмыртқа өнімі туралы суреттер қосылды. Осы тақырыпқа байланысты қолданылған әдебиеттер тізімі жазылған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Жошы хан

Жошы хан — Шыңғыс ханның үлкен үлы, моңғол крлбасшысы. Алтын Орданың негізін салушы. Шешесі — коңырат тайпасының қызы Бөрте.
Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте түтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан өйелін Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен түтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның үлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Физика | Жер асты суларының құрылу процестері құрамы және қасиеттері

Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. Сондықтан грунт сулары деңгейінің маусымдық, жылдық және көпжылдық ауытқулары және тұмалардың өнімі жерге сіңген жауын-шашын мөлшерінің шамасына байланысты болады. Сондықтан инфильтрациялық қоректенудің шамасы тек түскен жауын-шашын мөлшері мен олардың жыл маусымдарына қарай бөлінуінен ғана емес, сонымен қатар буланудың, су өткізгіштіктің, аэрация аймағы қалыңдығы мен оның температуралық режиміне байланысты болу себебінен грунт сулары деңгейінің ауытқу сипаттары да түрліше болуы мүмкін Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген жағдайларында түскен жауын-шашын және еріген қар мен мұз суларының инфильтрациясы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында жоғарылайды. Бұдан кейінгі уақытта (күзге дейін) күшейе түскен булану мен транспирация әсерінен су деңгейі төмендейді, тек ерекше мол жауын-шашын түскенде су деңгейі жоғарылай бастайды. Аталған аймақтарда жазғы жауын-шашын грунт суларының деңгейіне дейін барып жетпейді деуге болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Жергілікті жердің гидронимі

Топонимика – географиялық атаулардың шығу тегін, дамуын, формасы мен мағынасын, грамматикалық безендірілуін зерттейтін ғылым саласы. Қазақстан жерінде түрлі топонимдер бар. Ұлан-байтақ территорияны алып жатқан,табиғаттың сан қилы өлкеміздің жер-суына ерте замандардан бері сан алуан атаулар қойылып, олар түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жобалық қаржыландыру

Қаржыландыру, мұның қайтарымы ақша айналымынан түсетін қаржы болып табылады. Ол шевестициалық жобаны дұрыс ұйымдастыру арқасында жүзеге асады.Онығ кепілі ретінде жобалық тек заттай құндылық емес сонымен бірге құрлыққа қатынасушылардың арасындағы келісім шартқа негізделген құқықта болады. Осы орайда ережеге сәйкес, жобаны жүзеге асыратын компания құрылады, оның функциясы ретінде негізгі кәсіпкер рөлін орындау болып табылады. Бұл жағдайда демеушілер міндетті түрде несиелік ресурстарды алу үшін кепілдік бермейді, сондықтан мұндай қаржыландыруды регрессіз қаржыландыру деп атайды.
Басқа жағдайда демеушілер мынадай кепілдік береді: құрылысты сияқтау кепілдігі:....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Желтоқсан батыры Қайрат Рысқұлбеков

Бүкiл әлем алдында құдiретi күштi «Қызыл Империяның» қаһарынан қаймықпай оның озбырлы - үстемдiк саясатына қасқайып, қарсы тұрған қазақ жастарының 1986 - жылғы Желтоқсан көтерiлiсiндегi жанкештi ерлiктерi қай елге де, қай мемлекетке де болмасын тағылымды да ғибратты үлгi - өнеге.
Әйгiлi Желтоқсан көтерiлiсiнде Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбирадай боздақтар қыршынынан қиылса, жүздеген жастар темiр тордың ащы дәмiн татып мыңдаған азаматтар жазықсыз қудаланып, бiлiм ордаларынан шығарылып, қызметтерiнен қуылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жер саулығынан – адам саулығына

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық».Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде «Валеология» пәнінің маңызы зор. Валеология сөзі грек және латын сөздерінен алынған. «Валео» - денсаулық , «логос» - ғылым. Оның негізін алғаш рет қалаған Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология терминін ғылымға енгізді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Жер асты суларының пайда болуы

Жер асты суларының пайда болуын бірінші болып талаптанғандар көне грек философтары- Платон мен Аристотель. Платон жер асты сулары теңіздің тұзды суларының есесінен түзіледі деп болжады. Оның топшылауынша тау жыныстарының қуыстарын бойлай қозғалған теңіз суы өзінің тұзынан арылып тазарады да жер бетіне тұщы бұлақтар түрінде шығады. Аристотель жер асты суларының тау жыныстарының қуыстарындағы суық ауаның қоюлануы нәтижесінде пайда болады деп санады.

Римдік Марк Витрувий Полий жер асты сулары жаңбыр мен қар суларының топыраққа сіңуі есесінен түзіледі деп болжады. Кейінірек жер асты сулары су буларының аса үлкен тереңдікте қоюлануынан немесе жер бетіндегі сулардың тау жыныстарына сіңіп төмен қозғалуынан пайда болғандығы жөніндегі түсініктер басымырақ айтылып жүрді. 1902 жылы австралиялық геолог Э. Зюсс жер суларының магмалық жолмен жаралғаны жөніндегі теорияны ұсынды.....
Рефераттар
Толық
0 0