Реферат: Құқық | Жергілікті өкілді органдар

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» деген 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Аталған мәселелер Республика Призидентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтырулармен қоса алғанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен, сондай-ақ Республика Призидентінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйекте конституциялық заң күші бар Жарлығымен неғырлым толық баянды етіліп, реттеледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Жер табиғи ресурс ретінде

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өндіргіш күштерінің қарқынды дамуы және халық санының өсу жағдайларында, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестік проблемасы ерекше зор маңызға ие болуда. Жаңа басталған XXI ғасырда бұл мәселе асқына түсіп, іргелі зерттеулер обьектісіне және күрделі жалпы мемлекеттік міндетке айналып отыр. Қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінде табиғи ресурстардың зерттелуіне, пайдалануына, ұдайы өндірілуіне, әр түрлі теріс құбылыстардан қорғалуына, олардың пайдалы қасиеттерін бүгінгі және болашақ ұрпақтарға сақтап қалуына зор көңіл бөлінуде. Табиғатты пайдалану және ресурстарды үнемдеу мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде орын алып отыр. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Жұқпалы аурулар

Сондай – ақ, БҰҰ – ның мәліметі бойынша әлемде қазір 40 миллион адамға СПИД кеселі жабысып өмір сүріп келе жатса, дүниежүзінде 2001 жылы ғана 5 миллион адамға жұққан. 2002 жылы бұл дерттен 3 миллион адам қаза болса, соның ішінде 15 жасқа жетпегендердің саны – 580 мың. Мұнымен қатар БҰҰ – ның деректері бойынша 2002 жылға дейін ата – анасы СПИД дертінен қаза болып, 14 миллион бала жетім қалған.
1981 жылы пайда болған СПИД айналасы алты жылдың ішінде, яғни 1987 жылы Қазақстанға жетіп үлгерген. Сол жылы Қазақстанда Теміртау қаласында СПИД – ке шалдыққан бірінші адам тіркелді. 2001 жылы 1 қарашадағы мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 3139 адам СПИД дертіне ұшырапты. Алайда, бұл нақты мәлімет емес. Орталық Азия өңірінде бұл кеселге 50 мыңнан астам адам шалдықса, соның жартысы Қазақстанда. Ең соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда бұл дерттен өлген адамның саны дәл қазіргі күнге дейін 100 адамға жетті дейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Физика | Жердегі күн радиациясы

Жер күн сәулелері тасқыны астында айналып тұрады. Оған күннің шығарған бүкіл сәулесінің екі миллиардтан бір бөлігі ғана келгенімен, мұның өз жылына 1,36*10 кал. құрайды.
Күн энергиясының осындай мөлшерімен салыстырғанда Жер бетіне келетін басқа энергияның барлық кірісі өте мардымсыз. Мәселен, жұлдыздардың сәулелік энергиясы келетін күн энергиясының жүз миллионнан бірін, космостық сәуле шашу-екі миллиадтан бірін құрайды. Жердің ішкі жылуы оның бет жағында күн жылуының мыңнан бір үлесіне тең.
Жыл ішінде Жердегі Күнге дейінгі қашықтықтың өзгеруіне сәйкес күн тұрақтылығы ауытқып тұрады: ол январьдің басына қарай көбейіп, июльдің басына қарай азаяды. Күн тұрақтылығының жылдық +3,5% ауытқуы құрайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Желілердің мәні мен түрлері

Компьютерлік желі дегеніміз – диск, принтр коммуникациялық құрылғыларды тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
Желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді.Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады.Мұндай желілер ортақ, дискіжетек, принтр, сканер және тағы басқа қымбат құрылғыларды тиімді пайдалану мақсатында құрылады.Компьютер желіге желілік тақша, модем, немесе жоғарғы жылдамдықты сандық – телефондық қызмет торабы арқылы қосылады.
Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда пайда болады.Компьютерлік желі аумақтық жағынан бытыраңқы орналасқан пайдаланушыларғабірдей программаларды, жалпы ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕЖИМДЕРІ

Әсер етуші факторларға байлапысты жер асты суларының табиғи режимдері климаттық, ғидрологиялық, жер астының үстеме ағысты және кешенді режимдерге бөлінеді.
Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Желілер

Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда болады. Компьютерлік желі аумақтық жағынан батыраңқы орналасқан пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара апарат алмасуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған, компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға қажетті барлық ақпараттық және программалық қамтамасыз ету кіреді. Желі басқа құрылғылармен өзара әрекеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар немесе желілік құрылғылар деп аталады. Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған санға жетеді.
Бір рангілі желілер. Желі тораптары бірдей коммуникациялық функцияларды орындауда, олар тең деп аталады. Осындай тораптар арасындағы қатынастар әдетте бір рангілік деп аталады. Бір рангілік жүйелердің маңызды ерекшелігі бар. Олар арнайы программалық қамтамасыз етуге мұқтаж.
Оларға қарама-қайшы жұмыс станциялары немесе клиенттер деп аталатын көптеген компьютерден тұратын желілер болады, олар іс жүзінде сервер деп аталатын бір немесе бірнеше компьютермен ғана айырбасталады.
Сервер – басқа компьютер-клиентке (жұмыс станциясына) қызметін ұсынатын компьютер. Сервердің көмегімен басқа компьютерлер серверге қосылған принтерлерге, факстарға, серверде тұрған мәліметтер базасына жетеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жоспарлаудың жалпы түсінігі

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы « Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы». Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде жалпы жоспарлаудың түсінігімен мәні, әдістері мен қағидалары, Қазақстандағы жоспарлаудың жағдайы мен жүзеге асырушы органдар туралы толық мәлімет тиісті бөлімшелерде жазылған. Жоспарлау дегеніміз ұлттық экономиканың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын басқару нысаны. Макрожоспарлау кез келген мемлекеттің саясатында үлкен роль атқарады.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасының өнеркәсібіне арналады. Өзіне барлық салалар мен олардың салалық құрылымын қосатын елдің өнеркәсіптік кешені мыналарды да қамтиды: көптеген шаруашылық субъектілер, ірі корпорациялар, қаржылық институттар, өзінің жеке қызығушылығы, мотивы, мүмкіндіктері бар акционерлік қоғамдар мен күшті шаруашылық құрылымдар. Мұнда қазіргі Республикадағы өнеркәсіптің жағдайы, даму беталысы нақты статистикалық мәліметтермен көрсетіледі.
Үшінші бөлімдеөнеркәсіптің дамуының бірден – бір себепкері,соңғыкезде актуальды проблемалардың негізгісіне айналған кластер ұғымы туралы айтылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Физика | ЖЕРДІҢ ПІШІНІ ЖӘНЕ ЖЕР БЕТІ БЕЙНЕСІНІҢ ПРОЕКЦИЯСЫ

Жердің пішіні мен көлемін дәл білу ғылым мен техниканың көп саласына керек (жер серігі және ғарышқа ракета ұшырғанда, авиацияда, теңізде жүзуде, радиобайланыста және т.б.), соның ішінде ең алдымен жер бетін картада дұрыс бейнелеу үшін геодезия саласына өте қажет.
Жалпы ауданы 510 млн.кв.кмге тең Жердің беті мұхит әлемінен (71%) және құрылықтан немесе материктен (29%) тұрады. Мұхит әлемінің орта тереңцігі - 3800 м болса, құрлықтың мұхит суларының орташа деңгейінен орта биіктігі -875 м жуық. Жоғарыда көрсетілген шамалар құрлық бетінің аумағы жалпы жер бетінің аумағынан, ал оның биіктігі мұхиттың тереңдігінен біршама аз екенін көрсетеді. Сондықтан Жердің пішіні ретінде материктің астынан ойша жүргізілген мухит суларының тыныш күйіндегі беттің тұйық сызығын алады. Бұндай тұйық бет өзінің әр нүктесіндегі тіктеуіш сызыққа, яғни айтқанда ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жер салығының экономикалық мәні

Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөнінде заңдарын, Жер Кодексінде бейнеледі.
Қазақстанньң Жер Кодексінде жер республиканьң айрықша меншігі деп танылды.Жерді иелену және пайдалану үшін ақы төленуі керек. Бұл ақы жер салығы ретінде қарастырылады.
Жер салығының мақсаты-экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді -сақтау, құнарлылығын арттыру, территориялардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау.
Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп артықшылықтарға ие болып, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылмас еді. Меншік салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0