Реферат: Экономика | Джон Локктың педагогикалық теориясы

1688 жылы Англияда буржуазиялық төңкеріс болды. Ол өндірістік төңкеріске негіз дайындады. Бұл төңкеріс жаңа кезеңнің – буржуазияның үстемдік ету кезіңін жария етті, ол бұқара халықтың қатысуымен іске асты, бірақ, төңкеріс буржуазия мен дворияндардың арасындағы келісіммен аяқталды.
Джон Локк 1632 жылы революциялық төңкеріске қатысқан адвокаттың жанұясында дүниеге келді. Ескі Вестминистрлік мектепте орта схоластикалық білім алғанынан кейін, ол Оксфорд университетіндеоқуға түседі, онда ол белгілі Декарт, Бекон, Ньютон сияқты ғалымдардың еңбектерімен танысады, жаратылыстану ғылымдарымен қызығады, медицинамен айналысады. Университетті бітіргеннен кейін Локк грек тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып университетте қалдырылады. 1667 жылы Локк либералдық саяси қайраткер лорд Шефтсбернмен танысады, үй дәрігері және оның немересінің тәрбиешісі болып орналасады. Шефтсберн буржуазия жағында корольге қарсы күресті. Шефтсбернді және онымен бірге Локкты қуғындайды, олар амалсыздан Голландияға эмиграцияға кетуге мәжбүр болады.
1688 жылы Локк Англияға қайта оралады, буржуазиялық қоғамда құрметті орынға орналасады. 1704 жылы қайтыс болады.
Өзінің еңбектерінде Локк корольдік өкіметтің ауысуын және Англиядағы жаңа мемлекеттік құрылысты негіздеуге ұмтылды. Ол мемлекеттің пайда болуының келісім теориясы және “табиғи құқық” теориясын жақтады, адамдар алғашында табиғи жағдайда өмір сүрді және ерікті және тең болғандығын дәлелдеді.
Өзінің “Адам ақылының тәжірибесі” атты негізгі философиялық еңбегінде Локк адам санасында туа біткен идеялар мен елестетулердің болмайтындығы бала жаны “таза тақта” сияқты екендігін дәлелдеді. Осыдан – адам дамытуда тәрбиенің ролін жоғары бағалады. Локктың білімнің және идеялардың сезгіштік тәжірибесінен шыққандығы туралы ілімі феодалдық аристократияға қарсы күресте буржуазияны қаруландырды, феодалдық аристократия идеялардың, “рыцарлық сапалардың” мемлекетті басқаруға қабілеттілікті, үстем тап өкілдерінің білім алуға ерекше құқы туа біткен қасиеттер екендігін насихаттады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Дағдарысқа қарсы басқару әдістері мен құралдары

Батысевропа экономистерінің түсінігі бойынша дағдарысты басқару менеджменті кәсіпорынның өмір сүруіне аса қажет қызмет. Бұл қызмет «кәсіпорындағы келеңсіз жағдайды жақсарту үшін, әр түрлі әдістер мен құралдарды қолданумен» түсіндіріледі. Хаберландтың ойынша, бұл арада көңілдің барлығы нақты уақыттағы, қысқа мерзімді келеңсіз жағдайларға ауады. Кей авторлардың ойынша, бұл жағдайдың оңжақтары бар, яғни кәсіпорын қызмет бабына басқа өзгерістер еңгізуге тырысады. Нәтижесінде бұрыңғысынан да зор жетістіктерге жетеді.
Дағдарысқа қарсы басқару уақыттық сипатқа ие. Біріншіден, жобаны құрастыру үшін кіретін барлық іс-шаралар және дағдарысты болу кезінде, бәсеңдететін, тоқтататын шараларды жүргізу және т.с.с. Екіншіден, Коппаның айтуы бойынша дағдарыстың профилактикасы мен терапиясын жүргізу қажет. Бұл дағдарысты басқарудың ауқымды, кең мәні. Бұл ойды Янике келесі дағдарыстық басқару түрлерімен толықтырады. Яғни, олар «дағдарыстық жедел менеджмент», «превентивті (ескертпелі) дағдарыстық менджмент» немесе «антиципативті дағдарыстық менеджмент».
«Дағдарысқа қарсы менеджмент» анықтамасы, бұл кәсіпорында-ғы базалық өзгермелі шамаларды сақтау үшін жоспарлар мен жүргізі-летін шаралар.
Өтімділік, табыс немесе айналым құралдары сияқты, базистық өзгермелі шамаларды сақтау үшін «дағдарысты жедел басқару» шарасы жедел қысқа уақыт ішінде нақты, анық мақсаттар қояды. Мысалға, нақты уақытта өтімділікті немесе табыстылықты мақсат еткен деңгейге жеткізу. Бұл басқаруда, уақыт аз болу себепті тиімді концепция ойлап табу қиындық тудырады.
Ал «антиципативтік» әдіс, керісінше жалпы мақсаттармен жұмыс істейді. Антицепативтік қатынастар ұзақ мерзімді менеджмент, ол саланың барлық жағын қамтуы мүмкін.
Бұл дағдарыстық кезеңді өту үшін өткен уақыт экономистері өз әдіс, тәсілдерін қолданысқа еңгізген. Бұл Сонымен, дағдарысты қабылдаудың екі концепциясы бар:
1. сақтауға бағытталған – дағдарыстық қатынас. Бұл арада дағдарыс кедергі және қауіп ретінде қарастырылады. Бұл дағдарыс, жауапты тұлғалардың дағдарыстық жағдайды қауіп ретінде қабылдамаудан пайда болады.
2. жаңаға бағытталған – дағдарыстық қатынас. Бұл арада дағдарыс, өндіріс орындарында жаңартпаның қажет екенін көрсетеді. Дағдарыс дұрыс қойылмаған бағыттардан, ережелерден босатады. Соңында, дағдарысқа апарған, жағдайдың өзгеруіне әсер еткен шарттар позитивті шарт болып танылады. Бұнда дағдарыспен күресудің негізінде, кәсіпорынның құрылымын жаңа бағытта өзгертуді көздейді.
Бұл концепцияларды таңдау барысында, дағдарысты басқарушы нақты алдына, өз қабілетіне және өндіріс деңгейіне сай жолды таңдауы қажет. Себебі, бұл дағдарыстың оң не теріс болуына негізі әсер етеді.
Дағдарыстық жағдай тек кәсіпорынның төлем қабілетсіздігімен ғана емес, сонымен бірге несие беруші мен иегерлердің мүдделерін ескермеумен сипатталады.
• инвестициялық құралдарды меншік капиталға салу тиімділігін анықтағанда альтернативалық мүмкіндіктерді ұмытпау керек;
• реструктуризация концепциясы, қаржылық жүзеге асу және тәуекелді ескере отырып жүргізілуі қажет.
Нарықтық экономикада дағдарыстық жағдайлар бүкіл жүйеде, кейде тек жекелеген субъектілерде болады. Көп жағдайларда жүйе ретке келтіретін механизімдерді өздігінен шығарады. Ондай механизмдердің біріне корпоративтік реструктуризация жатады. Жалпы қабылданған теорияға сай, оған өндірістегі кез – келген өзгерістер жатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Дамудың психологиялық процесіндегі сыртқы фактордың ішкі факторға айналуы

Адамның психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму процесін тек білім мен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп саюға болады дегенді білдірмейді. Адамның психикалық дамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл процестің күрделілігі мен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені осылай қарастырғанда ғана даму қайсыбір жекеленген функциялардың жетілуі немесе сан жағынан көбеюі түрінде емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы ретінде көрінеді.
Оқыту мазмұны және психикалық, даму. Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады.Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ең алдымен совет психологтары, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі езгертуге бола-тынын дәлелдеп берді.
Көптеген зерттеулерде (Л, А. Венгер, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі) енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелген сатыларында принципті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды. Мысалы, Швейцария психологы Ж. Пиаже өзі жүргізген зерттеулер негізінде жеті-сегіз жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық, мағынасында қолдана алмайды деді. Пиаже сипаттаған «санның сақталынбауы» деген феномен көпке мәлім. Оны мынадай тәжірибеден көруге болады. Біркелкі екі ыдысқа тең мөлшерде су құяды. Одан кейін бала бір ыдыстағы судың басқа жіңішке биік ыдысқа ауыстырылып құйылғанын көреді. Судың көтерілу деңгейіне қарай болжамдап бала су көбейді дейді. Алайда совет психологтарының зерттеулері көрсеткендей өлшем амалдарын пайдалануды үйреткен жағдайда мұндай феномен бес жасар балалар арасында да болмайды екен.
Пиаженің есебі бойынша 11 —12 жасқа қарай ғана дамиды деген логикалык операциялардың, егер оларды орындаудың арнаулы құралдарын енгізсе, мектепке дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталды. Мысалы, алты-жеті жасар балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон-үлгі қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу операциясының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсірді. Зерттеулерден алынған деректер төменгі класс, тіпті кейде мектеп жасына дейінгі балалардың оқу пәндерінің ғылыми мазмұнын меңгере алатынын дәлелдеп отыр. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Медицина | Дәрілік заттардың стерильділігін анықтау әдістері

Стерильділік деп тіршілікке қабілетті микроағзалардың жоқтығын түсінеді. Стерильділікке сынаудан өткізу стерильділіктің кепілі бола алмайды, ол өндірістік валидациялау үрдісімен тиісті түрде қамтамасыз етілуі тиіс. Стерильдеудің таңдалған процедурасының өнімге әсерін зерттегенде (контейнерлер мен тығындайтын заттарды қоса алғанда), оның тиімділігі дәлелденуі, сондай-ақ тұтастығының сақталуы маңызды.
Стерильдеу әдістері:
 Соңғы стерильдеу
 Бумен стерильдеу (автоклавирлеу)
 Құрғақ қыздырумен стерильдеу
 Радиациялық стерильдеу
 Газбен стерильдеу
 Сүзу

Дайын дәрі-дәрмектер стерильділігін сақтау үшін өндіру үрдісі барысында мыналарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс:
• Қоршаған орта күйіне;
• Қызметкерлерге;
• Кризистік беттерге;
• Контейнерлер/тығындайтын заттардың стерильділігіне және жүргізілген процедураларға;
• Контейнерді толтырғанға дейінгі дәрі-дәрмекті сақтаудың шекті уақытына;
Көзбен қарағанда микроағзалар өсіндісі байқалмаса, дәрі-дәрмек стерильділікке сынаудан өтті деп есептеледі. Егер сынау нәтижесінің шынайы еместігі зерттелетін дәрі-дәрмекпен байланыссыз себептерден туындағаны дәлелденбесе, микроағзалар өсіндісінің болуынан дәрі-дәрмек стерильділікке сынаудан өтпеді деп есептеледі. Егер төменде келтірілген жағдайлардың біреуі немесе бірнешеуі орындалса, сынау нәтижесі шынайы емес деп есептелуі мүмкін.
А) стерилділікке сынау жүргізу барысында қоршаған ортаны микробиологиялық бақылағанда қанағаттанарлықсыз нәтижелер алынса;
Б) сынау жүргізу барысында кеткен қателіктер анықталса;
В) теріс бақылауда микроағзалардың өсуі байқалса;
Г) дәрі-дәрмектерден бөлініп алынған микроағзаларды идентификациялағаннан кейін осы түрдің немесе түрлердің өсінді беру себебі стерильділікке пайдаланылған материалдар немесе техникалық амалдар екені толық дәлелденбесе.
Егер сынау нәтижелері қанағаттанарлықсыз деп танылса, оны үлгілердің бастапқыдай мөлшерімен қайталайды.
Егер қайта сынау нәтижесінде микроағзалар өсуі байқалмаса, дәрі-дәрмек стерильділікке сынаудан өтті деп есептеледі. Егер қайта сынау нәтижесінде микроағзалар өсіндісі байқалса, дәрі-дәрмек стерильділікке сынаудан өтпеді деп есептейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Д.Рикардоның өмірі

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзінің барлық елдері үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж.Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.Ал егер нақты ғылыми тілмен айтатын болсақ, халықаралық сауда дегеніміз – дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет.
Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұрақтарға көптеген ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.
Сол ғалымдардың бірі – Давид Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері» деген еңбегінде екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, салыстырмалы артықшылық теориясын көпшілікке ұсынды.
Міне осы жайлы біз сөз қозғаймыз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Дағдарысқа қарсы басқару

Қазақстандық экономиканың нарықтық қатынастарға өту жылдарында көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты проблемаларға кезігіп, төлем қабілетсіздік жағдайына тап болды, сондықтан ұйымдағы дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу аса маңызды рөлге ие болып отыр.
Мәселенің өзектілігі. Қазақстанның экономикалық дағдарысы – бұл көп аспектілі құбылыс, қарама-қайшылықтар кешенінің көрінісі; оның алдын-алуының дайын рецепті жоқ, сондықтан ұйымның дағдарысқа қарсы стратегиясын, жаңа тәсілдерді, және тұжырымдамаларды қайта қарастыру қажет.
Жалпы дағдарыстың барлық себептері өзара тығыз байланысты және себеп-салдарлы байланыстар кешенін білдіреді. Мұндай проблемалар кешенін өндірісті дамыту мақсатымен шешу екі бағыттағы шараларды жүзеге асыруды болжайды: біріншісі - мұндай қиын проблемалардың қолданбалы және теориялық сұрақтарын шешудің негізіндегі мемлекеттің экономикалық жүйелерін ұйымдастыру бойынша ұзақ мерзімді құрылымдық сипаттағы шараларды кіріктіреді. Шаралардың екінші бағыты дағдарысты ахуалда және инвестициялардың жоқ жағдайына тап болған кәсіпорындарға жеделдетілген, бірақ қатаң басқарылатын әсер ету сипатына ие. Экономикадағы жағдай экстремалдылықтың белгілерін иемденіп, қазіргі кездегі әлеуеттің елеулі бөлігінің ысырап мүмкіндігінің өсуіне байланысты олардың өміршеңдігін және әрі қарай дамуын қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпорынның өміршеңдігі үшін нарықтық сфера оның бәсекеге қабілеттілігін талап етеді, ол мыналардан көрінеді: өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудан, инвестицияларды тартудан, икемділікті, жұмылдырылғыштықты және нақты пайданы алуды көтеруден.
Өндіріске бағытталған инвестициялардың кенет қысқару және экономикалық дербес шаруашылық субъектілердің инновациялық белсенділігіне мемлекеттің әсер ету мүмкіндектерінің тарылу жағдайында мемлекеттік қолдаудың бірінші кезектегі объектісі болып табылатын нақты жобалармен қатар, технологиялық дамудың стратегиялық басымдылықтарын таңдаудың жауапкершілігі өседі. Мемлекеттік деңгейде мұндай таңдауды әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету үшін кәсіпорын жағдайын қаржылық-экономикалық болжау және мониторинг жүйесі қажет, ал бұл өз кезегінде шаруашылық субъектінің әлеуетін экономикалық бағалауға, дағдарысты құбылыстардың алдын-алуға және кәсіпорынның бұдан да жоғарғы даму деңгейіне шығару бойынша шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық
0 0