Реферат: Экономика | Валюталық саясаттың түсінігі және түрлері

Валюта дегеніміз - бұл айырбасқа түсетін әркімге ортақ эквивалент болып табылады. Валютаның бірнеше мағынасы бар, бұл біріншіден, бір елдің ақша бірлігі; екіншіден, шет ел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу және төлем құралдары. Әр елдің өзіне тән ортақ валютасы бар, валютаның көтерілуі немесе төмендеуі мемлекеттің күрделі проблемаларына әкеліп соғады. Осыған орай валюта мемлекетте үлкен роль атқарады. Мысалы, біздің валютамыз – тенге болып табылады, яғни, ол мемлекет үшін теңгенің көбеюі ақшаның құнсыздануын көрсетеді.
Ақшаның құнсыздануы деген, инфляцияға әкеліп соғады. Жоғары да айтып кеткендей валютаның екінші түрі шет ел мемлекеттерінің ақша бірлігі, егер біздің елдің валютасы әлемдік нарықта белгілі бір рөлі болу, маңызды роль атқарады. Қысқаша, валюталық бағамы болу керек. Ал үшіншіден кез-келген елде оңай айырбасқа түсе алу керек. Менің ойымша, егер дүниежүзінде ортақ валюта болса оңайға түсер еді. Өйткені ешқандай айырбастыңда,қиындықта болмас еді. Әр мемлекет бір-біріне қолындағы валютасымен еркін түрде кіріп, шыға алар еді. Әрине, бірақ бұның да көптеген дұрыста, бұрыс жақтары бар. Дегенмен де әр елдің валютасы өзіне ыңғайлы сондықтан, әр бір елдің валютасы өз бетінше дамып, дүниежүзілік нарықта танымал болып, статусы жоғарлай берсін. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты.Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр.Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты,ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты.Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интелектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындайды.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады.Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арсындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақты фактілерді оқып, үйрену керек.Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды.Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән.Обьект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек болды.Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.Ал, әлеуметтану жағымды,оң білімнің ең жоғары шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік » әдістерге сүйенеді.Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардың әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бұл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. Әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырды. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік бірлестіктері, одақтары шықты, олардың ішінде корпоративтік эгоисттік мораль пайда болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Медицина | Гипотрофиясы бар балаларды тамақтандыруын емін бақылау және күтімін ұйымдастыру

Гипотрофиясы бар балалардың тамақтануын,емін бақылау және күтімін ұйымдастыру.

Мақсаты:Баланың антропометриялық көрсеткіштерін қалпына келтіру,асқынуларын болдырмау.
Медбикенің іс-әрекет жоспары Түсініктеме
1.Ауру жөнінде туыстарына хабарлау. - туыстары ол туралы білуге құқылы.
2.Баланың тамақ рационындағы ақуыз,май,көмірсуды реттеу-ді ұйымдастыру. - Гипотрофияның себебі- дұрыс тамақтанбау- балада ақуыз,май,көмірсу жетіспеу-шілігі дамиды.
3.Баланы қосымша сұйықтық енгізумен қамтамасыз ету. - Эксикоз дамуының алдын алады.
4.Гипотрофияның дәрежесіне байланысты та-мақ көлемін бірте-бірте көбейту. -Тағамды қорыту қиындайды.
5.Баланың күн тәртібін ұйымдастыру және қадағалау -Күн тәртібі уақытымен тағам қабылдауына көмектеседі,нәтижесінде тағам жақсы сіңеді.
-уақтылы ұйқыны қалыптастырады,ол организмнің қорғаныс факторын жоғарылатады.
6. Балаға белсенді қозғалыс режимін ұйымдастыру. -Өкпеде іркіліс көріністері дамымайды.
7.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алуға байланысты шаралар жүргізу. - гипотрофия екіншілік иммунодефициттің дамуына байланысты қолайлы жағдай болып есептелінбейді
8.Туыстарын баланың жасына байланысты массаж,гимнастика жүргі-
зуге үйрету. -Бұлшық ет гипотониясының дамуының алдын алады.
-Массаж,гимнастика организмді нығайтады,иммунитеттің жоғарылауына көмектеседі.
Рахит кезінде балаларды бақылау және күту.

Мақсаты:аурудың айқын клиникалық белгілерінің дамуына,қосалқы аурулардың дамуына жол бермеу.

Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. Түсініктеме.
1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. -Туыстары мәлімет алуға құқылы
-Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді.
2.Баланы толыққанды тамақтандыру,олардың құрамында міндетті түрде витаминге (әсіресе Д),кальцийге бай тағамдардың болуын қадағалау. -Рахит-бұл көп мөлшерде Д витамині жетіспейтін полигиповитаминоз. Бала организмінде кальцийдің төмендеуі байқалады.
3. баланың таза ауада ағаш көлеңкесінде ұзақ уақыт болуын қадағалау. -УКС әсерінен бала терісінде Д витаминінің түзілуі жүреді.
-Ағаш көлеңкесі инфрақызыл сәулені ұстап қалады және баланы қызып кетуден сақтайды.
4. балаға күнделікті массаж бен гимнастиканың өткізілуін ұйымдастыру. -Рахит кезінде бұлшық ет гипотониясы байқалады.
5.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алу. -Рахит қолайсыз преморбидті жағдай.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Әз Тәуке хан

Әз-Тәуке хан немесе Мұхамед Батырхан деп те аталады, Салқам Жәңгір атанған Жәңгір ханның ұлы. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған және бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет болды. Оны Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен Қарақалпаққа билігі жүргенінен де көреміз. Оны Тәке хан тұсында Сыр бойында Қазақтың 32 қаласы болғанынан да көріге болады. Қысқы Ордасын Тәуке Хан Түркістан қаласына орналастырды. Жазғы Ордасы қазіргі Астана қаласына таяу жерде, қазіргі Астанадан 10 шақырым жерде болған. Халық зердесінде қалған аңыздар бойынша да Тәуке хан билік жүргізген заман ең бір өркендеген алтын ғасыр ретінде қалды. Тәуке ханның билік құру кезеңі 1780-1718 жылдар. Яғни, қазақ даласында отыз жылға жуық хандық билік құрған.

Тәуке ханның басты еңбегі – Қазақ хандығының ішкі саяси ахуалын оңалту жолындағы еңбегі. Ол өзіне дейінгі «Есім ханның ескі жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған әдет ғұрып нормаларына сүйене отырып, «Тәукенің Жеті Жарғысы» аталған заңдар жинағын қабылдаған. Ал хандықты билеуде негізінен әр жүздің билеріне арқа сүйежі, яғни бұрынғыдай Төрелер мен Қожалардың шекіз билігінің орнына қазақтың өзінен шыққан данагөй ақсақалдарға арқа сүйеді. Соның ішінде «Әз-Тәукенің бес биі» атанған бес данышпанның атақ-даңқы бізге жетті: Ұлы жүзде – Үйсін Төле би, Орта Жүзде – Қаз дауысты Қазыбек, Кіші жүзде Алшын Әйтеке би және Қарақалпақта – Сасық би мен Қырғыздағы Қоқым билер ел басқару ісіне араласып, халықтың сөзін жеткізіп отырды. Тарих дерегі де сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады.

Сонымен қатар ол сыртқы жағдайды да тұрақты ұстай білді. 1678 жылы ол Бұхар хандығынан елшілерді қабылдаса, 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке Ресейге бес рет елшілік аттандырып, көршілік, достық қарым қатынасты сақтау туралы бітімдер жасасқан. Соның ішінде оның 1994 жылғы Қазан айында жаздырған хаты бізге дейін сақталған. Бұл кезде Қазақ хандығының көршілерімен терезесі тең мемлеет болғанын көре аламыз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік ғылымдар

Әлеуметтік жұмыс қазіргі кезде ғана дамығанымен оның негізі сонау ерте заманнан-ақ бастау алған. Ежелгі дәуірлерде рулық тайпалық қарым-қатынас орнаған. Алғашқы қауымдастық құрылыстан құлиеленушілік дәуіріне өткенде адамның ой-еңбегінен дене еңбегі бөлініп шығуының нәтижесінде еңбек күшін қажет етті. Осылар және т.б. көптеген себептер адамның бір-біріне қарым-қатынасын дамытып, әлеуметтік көмектің пайда болды. Содан бастап әлеуметтік көмек қазіргідей даму үстінде. Қандай қоғамдық процестер мен құбылыстар, өзгерістер болмасын өзінің заңдылық негізін табуы қажет. Бұл жағынан Қазақстан Республикасының заңдары мен заң актілері қоғамдық өзгерістерді, құбылыстарды, процестерді заңдаструда үлкен орын алады. Еліміздің әлеуметтік даму стратегиясының түпкі мақсаты еңбекке қабілетсіз және тұрмысы төмен азаматтарды, зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы отбасыларын қолдау. Әлеуметтік қолдаудың осы бағыттарын жүзеге асыру ең алдымен әр алан қайырымдылық қорларының қаржылары арқылы жүзеге асырлуда. Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналды. Соның нәтижесінде оның өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарына қол ұшын беріп, әлеуметтік жағдайына көмектесу халықаралық сипат алды. Олай болса, Қазақстан қоғамында басқа да өркениетті елдер сияқты қайырымдылық арқылы халық әлеуметтік жағынан қолдау қоғамдық жүйенің бір саласына айналып, олардың әлеуметтік мәні ашылды. Сонымен Қазақстандағы әрбір азаматтың өміріндегі маңызды орын алатын қайырымдылық үнемі зерттеуді қажет ететін құбылыс, процесс, институт. Бұл мәселенің сан алуан тұстары болашақтағы зерттеулердің негізі болып қарастырылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Әдептілік негіздері

Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырад. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан.
Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол оз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар және «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мәнін білдіреді.
Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді.
Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы оқу-тәрбие процесін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысықа алып келеді, ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады.
Сонымен, педагогика - тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогака адамдарды тәрбиелеу, білілі беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде aлғa қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
Тәрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды.
Барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқарады.
Тәрбие тәжірибесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу- тәрбие мекемелерін ұйымдастырып жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Әлеуметтік топтар

Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды элементтері болып табылады.
Әлеуметтік қауымдастық - салыстырмалы тұтастығымен ерек-шеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы. Әлеуметтік қауымдастықтарды зерделегенде бірқатар сәттерді ескерген жөн [37]:
Біріншіден, әлеуметтік қауымдастықтар ғалымдар жіктеп бөлетін ойша құрылған абстракциялар емес. Олардың өмір сүруін эмпири-калық тіркеуге және тексеруге болады.
Екіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар - жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың немесе өзге де әлеуметтік құралымдардың жиыны емес, тұтас жүйелік сипаттамалары бар тұтастық.
Үшіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік қарым-қатынастар объектілері болып табылады. Бұл олардың өз дамуының және өзін-өзі ұсынуының көзі болып табылатынын білдіреді. Әлеуметтік қауымдастықтың қалыптасуы және қызмет атқаруы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік іс-әрекеттер мен қатынастар негізінде жүреді.
Белгілерінің күрделі жиынтығы барлық қауымдастықтарды неғұрлым кең ауқымды екі ішкі тапқа, бұқаралық және топтық қауымдастықтарға бөлуге мүмкіндік береді.
Бұқаралық қауымдастықтар мынадай белгілерімен сипатталады:
белгіленбеген сапалық және сандық құрамы бар неғұрлым кеңейтілген шекаралы құрылымдық бөлшектелмеген солқылдақ құралым болып табылады;
оларға жағдайға қарай өмір сүру тән, яғни олар қандай да бір қызметтің негізінде және шекарасында құрылып, қызмет атқарады, олардан тыс болуы мүмкін емес, сондықтан да тұрақсыз, бір жағдайдан екінші жағдайға дейін өзгеріп отыратын құралым болып шығады;
оларға құрамының әртектілігі, топаралық табиғат тән, яғни бұл қауымдастықтар таптық, топтық, этникалық және өзге де шекара-ларды бұзады;....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ӘБУ НАСЫР әл ФАРАБИ

ӘБУ НАСР Мұхаммад Ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қ. – 950, Сирия, Шам) – қыпшақ даласынан шыққан, ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад шаһарларында білім алған. Ә.Н.әл-Ф. – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезінде дәл келді. Ә.Н. әл-Ф. Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, мед...
Тарихта аса қастерленетін екі ұлы ұстаздың бірі ретінде оның білім мен тәрбие берудегі теңдесі жоқ қызметі мынаған саяды: Ол бірінші рет «ғылым негіздерін баяндаудың әдістемесін» негіздеп, оны жеке ғылыми пән деңгейіне көтерді. Мұнда оның ойы құр сөз жүзінде емес, нақты аралық мысалдармен шебер ұштастырылған. Мысалы, Ә.Н. әл-Ф. өзінің «ғылымдар тізбесі» деген еңбегінде математика тарауларына: арифметика, оптика, математикалық астрономия, музыка, шеберлік амалдары туралы ғылымдарды қосады. Бұдан Ә.Н. әл-Ф. математиканы оның кең ауқымды қолданбалы салаларыныңсыз жалаң ғылым ретінде елестете алмайтыны көрінеді. Математиканың қолданбалы салаларының ішінде «шеберлік амалдары туралы ғылым» болып есептеледі. Оның білім мен тәрбие әдістемесіне байланысты «Рухани шеберлік амалдарының кітабы» атты жеке еңбегі де бар. Онда математика саларында қолданылатын әдістемелік амалдар туралы шебер айтылған. Ә.Н. әл-Ф, өзінен бұрынғы ұлы ғұламалардан өзгеше, білім мен тәрбиенің ерекше мән берді. Тәрбие мен білім «жас ұрпақтың қос қанаты» деп аталды. Ол «тәрбиесіз берілген білім адамзатты күйретеді» деп көргендікпен ескертті. Бұған адамзат тарихы өзінің басынан өткен ащы тәжірибесінде көз жеткізуде. Бүгінгі қоршаған табиғи, рухани ортаның бұзылуы адам мен табиғатты экологиялық апаттың ең шеткі құлау құрдымына алып келді. Бұл тәрбиеден ажыраған білімнің салдары сондықтан Ә.Н. әл-Ф. тәрбиелеуші білімнің ғылыми негізін қалаған екінші ұстаз атанды. Ә.Н. әл-Ф. сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесі жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Германия мен Францияның әлеуметтік экономикалық дамуы

1815-1848 жылдары герман мемлекеттерінде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда помещиктік шаруашылық буржуазиялық –юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды.
Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуінде 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болды. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең орын алып, темір-жолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды.
Германияның бірігуі. Пруссия Сардиния корольдігіне қарағанда, ХІХ ғасырдың ортасына қараай ұлы дәрежесі бойынша соңында болды. ХІХ ғасырдың басындағы әскери реформаның нәтижесінде күшті әскер құрылып, Пруссия ұлы державалар қатарына қосыла алды және басқа герман мемлекеттерінің есебінен өз аумағын ұлғайтты. Пруссияның құрамына табиғи ресурстары бай Германияның дамыған аумақтары кірді. Пруссия аумағына өзге герман мемлекеттері сыналай кіріп жатқандықтан, Пруссия жалпыгермандық істерге араласуға мәжбүр болды.
Пруссия неміс тұрғындары мекен еткен протестанттық мемлекет болды. Неміс ұлттық қозғалысын жақтаушылар Пруссияның Германияны біріктіру әрекеттеріне үлкен үміт артты.
Король ІV Фридрих Вильгельм науқастанып, өз өкілеттігін ағасы І Вильгельмге бергеннен кейін Пруссия ішкі германдық істермен айналыса бастады. Оны толғандырған басты мәселе Австрияны әлсірету және барлық герман мемлекеттерін Пруссия маңына біріктіру болды. 1862 жылы жаңа король өзінің бірінші министрі етіп 47 жастағы Отто фон Бисмаркті тағайындады.
ХІХ ғасыр басындағы реформалар пруссия әскерін жалпыхалықтық әскерге айналдырды. Бисмарк әскерге баса көңіл бөлді. Бисмарктің және оның көмекшілері - әскери министр Альбрехт фон Роонның және Бас штаб басшысы гельмут фон Мольткенің арқасында пруссиялық әскер Еуропадағы ең күшті әскердің біріне айналды.
1864 жылғы Пруссия мен Австрияның Данияға қарсы соғысы Австрияның талқандалуына бастама болды. Дания мемлекетінің құрамында немістер тұратын екі провинция –Шлезвиг және Гольштейн болатын. Дания бұл соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Пруссия Шлезвигті, ал Австрия Гольштейнді басқару билігін иемденді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Гендердің өзара әрекеттесуі

Мендель ашқан заңдылықтардың дұрыс екендігі 1900 жылдан кейін өсімдіктер мен жануарлардың түрлі белгілері мен қасиеттерінің тұқым қуалауына жүргізілген көптеген зерттеулердің нәтижесінде дәлелденді. Мендель анықтаған будан ұрпақтағы белгілердің ажырауының ара қатынасы әрбір ген тек бір белгілердің тұқым қуалауын қуаттаған жағдайда дұрыс болып есептеледі. Мысалы, бір ген бұршақ тұқымының тегіс болуын, екіншісі — кедір-бұдырлығын анықтайды. Сонымен қатар, гендер мен олар анықтайтын белгілердің ара қатынасының күрделі және әр түрлі сипатта болатындығын аңғартатын біраз деректер жинақталды. Біріншіден, бір геннің өзі бірнеше белгіге қатарынан әсер ете алатындығы, екіншіден, бір белгіні кейде бірнеше ген бірігіп анықтайтындығы, яғни бұл жағдайда гендердің өзара әрекеттесетіндігі белгілі болды. Сонымен, организмнің көптеген белгілері мен қасиеттерінің фенотиптік көрінісі онтогенез (жеке даму) кезінде гендердің өзара әрекеттесуімен түсіндіріледі. Гендердің өзара әрекеттесу құбылысының ашылуы генетиканың әрі қарай дамуында маңызды орын алды. Осы заңдылықтың негізінде ХІХ ғасырдың аяғында неміс биологы А.Вейсман ұсынған организмнің тұқым қуалайтын факторларының мозаикасы (алалығы) туралы ұғым теріске шығарылды. Оның орнына организмнің кез келген белгісінің дамуы барысында генотип жүйесіндегі күрделі байланыстар мен өзара әрекеттесу туралы мәселе көтеріледі.
Кейде бір геннің өзі екі немесе бірнеше белгілердің дамуына әсер етеді. Мұндай құбылысты геннің жан-жақты әсері деп атайды. Гендердің жан-жақты әсерінің биохимиялық негізі біршама жақсы зерттелген. Бір геннің бақылауымен түзілетін бір белок — фермент тек жалғыз ғана белгінің дамуын анықтап қоймайды. Сонымен қатар басқа да белгілер мен қасиеттердің дамуына қатысты биосинтез реакцияларына әсер етеді. Гендердің жан-жақты әсері көптеген организмдерде кездеседі.
Гендердің әрекеттесуінің екі түрі бар: аллельді және аллельді емес. Аллельді түріне толымсыз доминанттылықты жатқызуға болады. Мысалы, қызыл және ақ түсті намазшамгүлдерді өзара будандастырғанда F1-де қызғылт түсті будан алынған. Сол сияқты қызыл раушангүл мен ақ раушангүлді будандастырғанда F2-де қызғылт түсті раушангүл алынды. Бұл екі аллельді гендер А мен а-ның өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мұндай жағдайда доминантты ген рецессивті генге басымдылық көрсетеді.Ал, аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің төрт типі бар: комплементарлы, эпистаз, полимерия және көп аллельдік.
Комплементарлы. Комплементарлы деп — екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады. Мысалы, көгілдір қауырсынды тотықұсты сары қауырсынды тотықұспен будандастырса, бірінші ұрпақтың (F1-дің) будандары біркелкі жасыл қауырсынды болып шығады. Оларды өзара будандастырғанда екінші ұрпақта — F2-де төрт түрлі фенотип көрініс береді. Атап айтқанда, 9 жасыл түсті, 3 көгілдір, 3 сары және 1 ақ қауырсынды ұрпақтар алынады. 117-суреттегі екінші ұрпақ дарақтарының генотипіне назар аударсақ, бұл будандастыруға екі жұп аллельді емес гендердің қатысатындығын байқауға болады. А гені — қауырсынның көгілдір түсін, ал В гені сары түсті болуын анықтаса, олардың рецессивті а және b аллельдері қауырсынның ақ түсті болуын анықтайды.....
Рефераттар
Толық
0 0