Реферат: Медицина | Гольджи аппараты

Жануарлар клеткасы плазмалық мембранамен шектелген ядро мен цитоплазмадан тұрады. Цитоплазма негізгі заттан (гиалоплазмадан), органоидтардан және кірінділерден түзіліді. Кірінділер немесе параплазмалық құрылымдар дегеніміз клеткалық метаболизмге қатыспайтын, клеткалардың көпшілігінде байқалатын алмасу өнімдерінің жиынтығы. Бұған жататындар: майдың тамшылары, гликогеннің түйіршіктері, белоктардың кристалдары және пигменттік кірінділер. Органоидтар клеткалардың барлығына дерлігінде кездеседі және заттар алмасуында маңызды функция атқарады. Бұларға эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, митокондриялар тағы басқалар жатады. Итальян ғалымы К. Гольджи 1898 жылы ауыр металдардың ерітінділерімен (осий немесе күміс) нерв клеткаларын бояғанда оның цитоплазмасында тор тәрізді қара материялдың барын бірінші болып тапты. Оны «ішкі тор тәрізді аппарат» деп атады. Кейін бояу әдістерін жетілдіру арқылы Гольжди аппаратыныңбарлық эукариотты клеткаларда болатыны толық анықталады. Жарық микроскопы арқылы оның анық көрінуі Гольджи аппаратының мембранасының осмий ерітіндісін өзіне жақсы сіңіретіндігінен екен. Егер осмий ерітіндісімен бояса, кейбір клеткаларда бұл аппарат тор-тор түрінде кездеседі де олардың құыстары бір-бірімен байланысып жатады, ол кейде жеке (диктисома), кейде түйір денешіктер немесе орақ тәрізді болып келеді. сонымен Гольджи аппараты клеткаларда тор тәрізді немесе диффузды түрінде кездесуі мүмкін. Әр түрлі жаңа әдістерді (электорнды микроскопия, афторадиография, цитохимия, биохимия) қолдана отырып, Гольджи аппаратының құрылысы жан-жақты зерттелді. Негізінде бұл аппараттың құрамына цитоплазманың негізгі бөлімдері-цитозольа (глиалоплпзма зонасы), түтікшелері мен көпіршіктерінен тұратын мембрана бөлігі және мембраналардың ішіндегі қосындылар жатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясы

Галактикалардың құрылымы мен пайда болуы туралы зерттейтін космологиямен ғылымымен қатар космогония (грекше: “гонейа” – туылу деген мағынаны білдіреді) – космостық денелер мен олардың жүйелерінің шығу тегі мен дамуын зерттейді (космогонияның планеталық, жұлдыздық, галактикалық түрлері бар). Галактикалар дегеніміз, тек шар тәрізді ғана емес, спираль, эллипс, т. б. тәрізді ортасында ядролары бар жұлдыздар мен олардың жүйелерінің алып жиынтықтары болып саналады. Галактикалар миллиардтап саналады, сондай – ақ олардың әрқайсысында миллиардтаған жұлдыздар бар.
Болжамдар бойынша галактикалар ең ауыр элементарлық бөлшектер - гиперондардан тұрады, кейін жұлдыздар заттардың фрагменттелуі нәтижесінде түзілген. Бұл заттар галактикалардың ядросында әлі де кездеседі деген жорамалдар да бар. Кеңейетін Ғаламның теориясы астрономияның прогресіне себеп болған, бірнеше қиындықтармен кездесті. Үлкен жарылыстан кейін шексіз тығыздығы бар нүктеден ұшып шыққан зат, өзара тартылыс әсерінен бір – бірін тежеп, олардың жылдамдығы төмендеу керек. Бірақ тоқтау үшін бүкіл Ғаламның массасы да жетпейді. Осыған байланысты ғылымда 1939 жылы Ғаламдағы “қара ойықтар” туралы гипотеза пайда болды. Бұл ойықтар көзге көрінбейді, бірақ олар Ғаламның массасының 9/10 бөлігін құрайды.
Сонымен “қара ойықтар” дегеніміз не? Егер кез келген заттың белгілі бір массасы сол массаға шекті болып табылатын аз деңгейге жетсе, онда бұл зат өзінің тартылыс күші әсерінен тығыздала бастайды. Тығыздалу әсерінен затың массасы көбейіп, сәйкесінше заттың тартылыс күші де жоғарылай бастайды. Бұл тартылыс күшін жеңу үшін заттың жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан да жоғары болуы тиіс. Сондықтан да “қара ойық” сыртқа ештеңі де шығармай, ешқандай жарықты шағылыстармайды, яғни көзге де көрінбейді. Сондай ақ “қара ойықтың” ішінде кеңістік өз бағытынан ауытқып, уақыт баяулайды. Осы “қара ойықтар” галактикалардың ядросын құрап, өте қуатты энергия көзі болған және олар жұлдыздарға дейінгі зат, яғни олардан жұлдыздар пайда болған деп жорамалданады.
1963 жылы квазарлар (квазижұлдыздық радиосәуле көзі) - ғаламдағы радиосәулелердің аса қуатты қайнар көзі ашылды. Олардың жарығының күші галактикалардың жарығынан жүздеген есе артық, ал көлемі олардан ондаған есе аз. Квазарлар – жаңадан түзілген галактикалардың ядролары болып табылады, яғни галактикалар әлі түзілу үстінде деген болжамдар бар.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ

Әбділда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы.
1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Атақты ақын Нартай келіп, Әбділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. "Сыр елі-жыр елі" атанған Сырда туып-өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек.
Әбділда Тәжібаев "Күй атасы","Ақын", "Портреттер" аталатын дастандар жазумен бірге, лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты. Әдебиетті зерттеумен де айналысты. Балалар тақырыбына да қалам тартты.

Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді.
Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.
Өмірбаяны. Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (казіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келеді. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүл күнкөріс жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып, тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Әл Фараби Бабыр наме прозалық шығармасы

Орта ғасырда араб халифатының ықпалында болған Азия, Африка, Индия мен Испанияға дейінгі жерлерде біртұтас мұсылман мәдениеті жасалды. «Мұсылман мәдениеті» феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астына қараған түрлі елдер еді. Сол өркениетті, сол мәдениетті жасаушылардың ішінде ежелгі қазақ жерін жасаушылардың ішінде ежелгі қазақ жерін мекендеген ру-тайпалар да бар.
Мұсылман мәдениеті көне антикалық мәдениет дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін біріктіру арқылы Еуропалық оянушылықтың негізін жасады. Еуропа елдері философия, математика, астрономия, медицинаны мұсылман өркениеті арқылы білді.
Орта ғасырда ислам дәуірінде қазақ жерінен көптеген ғалымдар шықты.
Әбунасыр әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауһари, Исмаил әл-Жауһари, Жамал Түркістани, әл-Сығанақи т.б.
Мұсылман мәдениеті VІІ –ХІІ ғасырларда шарықтау шегіне жеткен. Аса үлкен мәдени орталықтары: Бағдад, Дамаск, Куфа, Басра қалалары болды. Осы кезде Сыр бойындағы Отырар қаласынан болашақта бүкіл шығыс қаласынан Аплатон (Платон) мен Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп ат берген, кейін әлемге Әбунасыр әл-Фараби болып танылған 16 жасар бала оқу іздеп, керуенге ілесіп, Бағдадқа аттанды. әл-Фараби шыққан Сыр бойы епжелден көне мәдениеттің ошағы еді. Отырарда Александриядан кейінгі бай кітапхана болғандығын Птоломей жазып кеткен. Ал әл-Фарабидің туған қаласы Түркістан маңындағы Отырар екенін ғалым-географ Ибн Хаукал әл-Фарабидің замандасы жазған болатын.
Әл-Фараби Бағдадқа келген соң Александрия, Византия ғалымдарынна оқыған, грек, араб тілдерін үйренген. Кей аңыздарда оны жеті тіл, тіпті жетпіс тіл біледі деп айтады. Әл-Фараби Бағдадқа ең әуелі дарынды ақын, музыкант ретінде танылған. Содан кейін Сайф ад-Даула деген әмірдің тапсырмасы бойынша музыканың заңдылықтарын зерттеп, оны екі тараудан тұратын «Музыканың үлкен кітабы» атты күрделі еңбек жазған. Бұл кітапта музыканың тарихы, табиғи заңдылықтары, дыбыстардың табиғаты, әуені, оның реті, жеке дауыстан көп дауысқа айналу құбылысын талдаған. Дыбыстың нотаға бөліну заңын және тоғыз шекті музыка аспабының құрылысы, күйшінің шеберлігі жайында ғылыми тұжырымдар айтқан. Әл-Фарабидің осы еңбегі көп заман Еуропа елдерінде музыка тарихынан оқытылып келген. Оны зерттеген батыс ғалымдары Әл-Фараби ғылымның бар саласында екінші ұстаз болғанымен, музыкаға келгенде, бірінші ұстаз деген баға берген. Ол музыка теориясында түбірлі өзгерістер жасаған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | ӘЙЕЛ ЖЫНЫС МҮШЕСІНІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ

Әйел жыныс мүшесінің жарақаттарын бірнеше топқа бөлінді; 1/ сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты; 2/ жатырдың жарақаты /мойны мен денесі/, 3/ жыланкөз /қуық-жынысты және ішек-жынысты/.
Сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты.
Оған шошақай, қыздық перденің, кіші жыныс ернеуінің, шат аралық жердің қынап қабырғасының, соның ішінде қынап күмбездерінің жарақаттары жатады. Осы аталған жарақаттар жиі босану, құлау, жаралану, соғылу, зорлау кезінде пайда болады. Соғылу, құлау кезінде - гематома - қан ұйығы, ал босану кезінде - тіндер жарақаты, кейде қоршаған тіндердің кең көлемдегі қан ұйығы немесе кең түрдегі қан кету байқалады. Әсіресе, өте күшті қан кету шошақай жарақатында болады. Шат аралық жердің жарығы көтеншек және оның сфинктеріне де жалғасады, қынап күмбезінің жарығы сирек жағдайда іш қуысына да өтуі мүмкін. Жыныс мүшесінің жарығы жамбас сүйектерінің сынығында кездеседі. Бұл жағдайда жарақат, көп жерде болады, қуыққа, несеп ағар түтігінің, көтеншектің жарақаттануы да мүмкін.
Клиникалық суреттемесі. Ауру белгісі мен қан кеш байқалады. Өте көлемді жарақаттарда науқас есінен танады, терісі мен шырышты қабаты бозарады, тамыр соғысы әлсіреп жиіленді. Жарақаттанған тіндерден өте көп қан кетуде қан аздық дамиды, қан қысымы төмендеп, терісі мен шырышты қабатының реңі бозарады, тамыр соғысы бәсеңдейді Көрші мүшелердің қосымша жарақатында үлкен, кіші дәреттің өздігінен шығуы, газдың кетуі байқалады. Қан ұйығы болғанда, әсіресе кең көлемді қан ұйығында қатты ауру байқалады.
Анықтау жолдары. Анықтау анамнез және обьективтік тексеру мәліметтері негізінде жүргізіледі. Сыртқы жыныс мүшелерін, қынапты айнамен қарайды. Көрші мүшелердің жарақатына күмән болса, қуықты катетерлеу, цистоскопия жасау, сияқты қосымша тексерулер жүргізіледі.
Емі: Науқасты емдеу жарақаттың дәрежесі мен орналасу орнына және науқастың жалпы жағдайына байланысты. Есінен тану /шоқ/ және қан аздықта қан, қан орнына жүретін сұйықтар құйылады, ауру белгісін жеңілдететін дәрі-дәрмектер беріледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | Грамматика және оның салалары

Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.
Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады, сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды.
Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы өзгешеліктерге ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалып, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады.
Сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым – сөзден сөз тудырып, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдері де, сондай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Витаминдер олардың құрамы және маңызы

Витаминдер (vita- ґмір,amin- ќажетті) – бўл организмніѕ тіршілігіне ќажетті заттар. Витаминдер организмге ќоректік заттармен бірге жеткізіледі. Олар организмде ґтетін барлыќ процестерге ќатысады: организмніѕ ќалыпты жаєдайын ќамтамасыз етеді, ґсіп дамуы, ќоршаєан орта факторларыныѕ ыќпалына тўраќтылыєын ќамтамасыз етеді.
Кейбір организмніѕ тіршілігіне ќажетті вмтаминдердіѕ тїрлерін ќарастырайыќ.
А витамині - ґсу витамині деп аталады, ол кґзге пайдалы, теріге де јсері бар. Ол жетіспеген жаєдайда адамныѕ кґру ќабілеті нашарлайды, адам жўќпалы ауруларєа жиі ўшырайды. А витамині сїт таєамдарында, жўмыртќа, бауыр, сјбіз, бўрыш, итмўрын, шие, асќабаќ, сары ґрік, жасыл жапыраќты кґкґністерде болады.
С витамині (аскорбин ќышќылы) – организмніѕ жўќпалы ауруларєа ќарсы тўруын ќамтамасыз етеді, жараќаттардыѕ, кїйгенніѕ жазылуын жеделдетеді. С витамині жас жемістер, кґкґністер, аскґк (укроп), јшкґк, цитрустардыѕ ќўрамында болады. Јсіресе итмўрын, ўшќат, лимон, ќара бїлдірген, аскґк, кґк пияз С витаминіне ґте бай.
В витамині. Витамин жїйке жїйесініѕ ќызметін реттеуге ќатысады, тері, шаш, тырнаќтыѕ сау болуына, адамныѕ еске саќтау ќабілетіне де јсер етеді. Организмге В витамині жетіспеген жаєдайда ќозєалу ќызметі нашарлайды, бўлшыќ еттердіѕ сіреспесі байќалады, жїйке жїйесініѕ аурулары ќозады, ќан аздыќ байќалады. В тобындаєы витаминдер бауыр, ќара ќўмыќ (гречка) жјне сўлы жармалары, ўрпаќ ўн, кебек, балыќ, жўмыртќа, ірімшік, теѕіз ґнімдерініѕ ќўрамында кґп болады.
Д витамині сїйектердіѕ дамуына жјне ќаѕќаныѕ ќалыптасуы їшін ќажет. Екі жасќа дейінгі балалар Д витамині жетіспеген жаєдайда «рахит» ауруына шалдыєады. Бўл ауру кезінде тірек- ќимыл аппаратыныѕ дамуы бўзылады жјне ортаѕєы жїйке жїйесі заќымданады. Д витамині адамныѕ терісіне кїн сјулесініѕ немесе жасанды ультракїлгін сјулелері јсерінен тїзіледі. Ол балыќ майында жјне сїт ґнімдерінде кґп болады.
Е витамині – организмде оттегін тасымалдауєа ќатысады, улы заттарды залалсыздандырады, кґбею процесіне ќатысады. Ол ґсімдік майы, соя, ќара ќўмыќ (гречка) жармасы, жўмыртќа, жаѕєаќтыѕ ќўрамында кездеседі.
Таєамдыќ талшыќтар- таєамныѕ негізгі бґліктерініѕ бірі болып табылады, олар асќазан мен ішекте ќоректік заттардыѕ ќозєалысын белсендіру їшін ќажет. Олар улы заттарды байланыстырып сыртќа шыєаруєа ќатысады. Таєамдыќ талшыќтар тек ґсімдік таєамдарында єана....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Гендік терапияның классификациясы

Ұзақ уақыт бойы медициналық генетика адамдағы тұқым қуалайтын аурулардың генетикалық негізін анықтаумен айналысты. Жаңа туған нәрестелердің және ұрықтың мұндай ауруларын анықтау үшін диагностикалық тесттер құрастырылды және осы тесттердің нәтижесі бойынша мұндай ауруларға шалдығу мүмкіндігі көп отбасыларда генетикалық сұхбаттар жүргізілді. Бұл сұхбат бойынша отбасыларға кейін олардың ұрпақтарында осы аурулар көрініс беруі мүмкін екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар бұл адамдарға кей жағдайда медициналық терапия, қан ауыстыру, диета ұстау сияқты алдын алу шаралары арқылы ауруды жеңілдету мүмкіндіктері болды.
Организімнің қалыпты жұмысын өзара байланысқан көтеген гендер қамтамасыз етеді, және олардың біреуінің өзіндегі мутацияның соңы әртүрлі болады. Сонымен, бірге ферменттің активтілігінің өзгеруі нәтижесінде клетканың қалыпты дамуы үшін қажетті таксинді субстраттың мөлшерден артық болып кетуі, қосылыс тапшылығы-мутация д.а. Сонымен қатар бір ұлпадағы геннің мутациясы басқа бір ұлпа үшін қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы: фенилаланнің түсінуге айналуын тоқтататын бауыр ферменті фенилаланиндегидроксиларның гендік мутациясы нерв жүйесіне кері әсер етеді (ақыл-ес жетілмей қалады). Бұл туа пайда болатын ауру-фенилкетанурия еврейлерде 10000-ның бірінде кездеседі. Сонымен қатар бүкіл организмді қамтып алатын мутация да болады: бұлшықет, көз, бауыр, сүйек, бүйрек, жүрек, нерв жүйесі, тері, ми, асқазан, қан айналу жүйесі. Нәрестелерде қанның биохимиялық спецификалық анализін жасау арқылы анықталатын фенилкетонурия ауруына қарсы аланинсіз диетаны қолданады. Белгілі бір белоктың ауытқуы нәтижесінде пайда болған ауруларды жеңілдету үшін осы белоктың функциональды түрін (иммундық жауап туғызбайтын) тамыр арқылы енгізеді. Мұндай «орынбасу» терапиясын немунотапшылық туғызған гемофилия (SCID – ағыми. server combined inmunodeficiency) және Гош ауруларын емдеуде қолданады. Ал кейде сүйек кенігінің және басқа мүшелердің трансылантациясы қолданылады.Өкінішке орай мұндай күрделі емдеулер адамның тек басқа шығар жолы жоқ жағдайында ғана жүргізіледі және адамның өмірі тек біраз уақытқа ғана созылады. Және мұндай адамдардың азы ғана қартайып өледі және балалы бола алады. Көп жағдайда емдеуді бірталай рет қайталауға тура келеді, ол қымбатқа түседі әрі ұзақ, сондықтан да терапияның жаңа түрлерін ойлап табу қажет.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Әлеуметтік қызмет көрсету

90 жылдары әлеуметтік саясаттың ең бір маңызды үрдістерінің бірі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы болды. Халықпен жұмыс істеуде қазіргі технологиялар мен әдістемелер кеңінен қолдынала бастады. Әлеуметтік әдебиеттерде осы кезге дейін әлеуметтік қызмет көрсетудің бірдей қалыптасқан ұғымы жок деп айтуға толық негіз бар, әркім әртүрлі қарастырады. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің кейбір ғылымы еңбектерде әлеуметтік жұмыстың баламасы ретінде қарастырылады. Ал басқа да еңбектерде оны жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік жұмыстың техлогиясы деп санайды.
Бұл әлеуметтік технологиялар қазіргі күрделі әлеуметтік ситуациялар кезінде азаматтарға нәтижелі әлеуметтік қолдау көрсетуде мүмкіншілік жасайды. Осы ситуация әлеуметтік өрістің маңызды секторы болып саналады, адамдардың кез- келген әлеуметтік топтың шын мәніндегі өмірдегі қызметін бұзады.
Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсетуді іске асыру мүмкіншілігі территориялық әлеуметтік қызмет көрсету органдарын ұйымдастыру, оларды одан әрі дамыту нәтижесінде іске асырылады.Әлеуметтік жұмыс саласында кәсіби әлеуметтік қызметкерді және басқа мамандарды даярлау жеткілікті дәрежеде жүріп жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік жұмыстың теоретиктері әлеуметтік қызмет көрсетуді әлеуметтік жұмыстың түрі деп тұжырымдайды. Іс жүзінде тәжірибеде - бұл жүйелер әлеуметтік адамгершілік, қайырымдылық қызметтің белгілі бір түрлері болып саналады. Ол жеке бастың, отбасының кез-келген адамдар жиынтығының қайта қалыптасып, түзетінілуін қамтамасыз етуге негізделген.
Әлемнің барлық елдерінде де әлеуметтік қызмет көрсету бірдей түсініліп, нақтылы ұғымы қарастырылмаған. Сондықтан да бұл терминнің мазмұны әр түрлі болып келеді.
Финляндияның «әлеуметтік қызмет көрсету заңында» әлеуметтік қызмет көрсетуді, әлеуметтік қолдаудың өмір сүруге керекті қаражаттардың, әлеуметтік жәрдемақылардың жиынтығы деп түсініледі.
Әлеуметтік жұмыстың сөздігінде әлеуметтк қызмет көрсету адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру нақтылы қызмет түрлерін беру деп аталады.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің Қазакстандағы жағдайы оның мәнінің, мазмұнының теориялық тұрғыдан дәлелденгенін көрсетеді және заңнамалық негіздері кұрастырылған.
Әлеуметтік кызмет көрсету жөнінде күні осы уакытка дейін бірде-бір президент жарлыктары немесе үкіметтін каулылары кабылданбаган.
Отбасына, карт адамдарга, балаларға, мүгедектерге, халыктың т.б. категорияларына әлеуметтік кызмет көрсетудің бағыттары орындалмаған. Өкінішке орай казіргі отандык әдебиетте әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің кұрылымы мен функциялары жеткілікті тереңінен дәлелденбеген.
Әлеуметтік қызмет әр түрлі мекемелердің ғылыми-әдістемелік қамтылуы бастапқы жағдайда болып отыр. Азаматтарға әлеуметтік тиімді, жетілдірілген қызмет көрсетудің критерийлерімен көрсеткіштері жеткілікті түрде белгіленбеген. Жұмысты мақсатқа сәйкес мына тұрғыдан қарастырған жөн. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйе түрінде мынадай құрылымдардың жиынтығы болып табылады.
1. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ұйымдастыру қызметінің түрлері.
2. Жалпы міндеттер мен мақсаттар мен функцияларымен бірлестерімен региондық жиынтығы құрамын анықтаудың белгілі бір тәсілі.
3. Әлеуметтік қызмет көрсету органдары мен мекемелердің өзара іс- әрекетін реттеп тәртіпке келтіру.
4. Ведомствалық өзара байланыс, халықтың әртүрлі қатарларын қолдауға бағытталған іс- әркеттің өз кезегінде орындалуы жэне негізделуі.
5. Мекемелер қызметін қаржылық- экономикалық, материалдық-техникалык ресурстармен қамтамасыз ету.
6. Аймақтық әлеуметтік мекемелердің қызметін кадрлармен қамтамасыз ету.
7. Нормативті, құқықтық базаның деңгейі.
8. Әлеуметтік мекемелер қызметімен клиенттердің қанағаттану дәрежесі.
9. Әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Валюталық жүйе және оның түрлері

Халқаралық валюталық қатынастар-ұлттық шаруашылықтарының қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ертеГрецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болды.Келесі даму кезеңі Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмнңкелнрі жатады.Мұнда аудармалы вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді.Сыртқы эканомикалық байланыстарда оның ішінде вальюталық байланыстарды саясатпен эканомика,дипломатия мен комерция,өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көтсетеді.
Капиталдық шеңбер айналысы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы натижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналды немесе керісіншілікте.Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда,валюталық,несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялунуы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға;әлемдік өндіріс динамикасы,шетелдік ғылым мен техника деңгеиіне,халықаралық сауданың дамуына,шетел капиталының ағыиы арта түседі.Сондықтан да,бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелеи және кері байланысты болатынын көрсетеді.Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0