Реферат: Әдебиет | Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)

Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.
Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.
Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.
Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады.
Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.
Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болп келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой арманымен, мақсат мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Айқап журналы мен Қазақ газеттері

Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907 жылдардағы революцияның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден (Шахмардан) Қосшығұловтың (қосарлас редакторы А. Ибрагимов) бастамасымен “Улфат” газетіне қосымша ретінде “Серке” газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3-4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жабылып қалған.
1907жылғы наурызда Троицкіде “Қазақ” газетінің бірінші, әрі соңғы нөмірі шықты. Тыйым салынған екінші нөміріндегі “Біздің мақсаттарымыз” деген бас мақалының авторы М. Дулатов еді. Нақ сол жылы қазақ жастарының Томск қаласында “Дала” газетін шығаруды жолға қоймақ болған әрекеті де табысқа жеткізбеді.
Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығыныңұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911жылғы 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді “Қазақстан” газеті шықты. 1911-1913жылдарда (қаңтар-ақпан) небәрі 16 нөмірі шығарылды (редакторы Елеусін Бұйрин). Газет “кәсіпкерлік пен ғылымға үйрету” ізгі мақсат деп санады. Профессор Ү. Субханбердинаның пайымдауынша, газет прогресшіл-демократияшыл түсінікте болып, отандастарын орыстың озық мәдениетін меңгеруге шақырған. Ол оқырмандарына кітап шығару жаңалықтары туралы хабарлап, шаруашылықты прогресшіл жолмен жүргізу жөнінде кеңестер беріп отырды. Оның беттерінде Гурьев уезінде жаңа мұнай кенішінің ашылғаны туралы хабар бірінші болып жарияланды. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда “Емші даласы” газеті шығып тұрды.
Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі топтарының өскелең талап -тілегін қанағаттандыра алмады. Жалпы ұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттықт проблема болып қала берді.
“Айқап” журналы. Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. “Қостанай уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М. Сералинге, - делінген құжатта,- Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайын “Эй-кафь” журналын шығаруға рұқсат берілді”. Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған армандары орындалды:1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Нақ соның, ал кейініректе, 1913 жылғы 2 ақпанда Орынбор қаласында шыққан “Қазақ” газетінің де тағдырына жалпы ұлттық басылымдар болу жазылған еді.
Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын педагоктік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. Кеңестік тарихнаманың дегені жүріп тұрған кезеңде көптеген зерттеушілер идеологияға жағынып, М. Сералинді XX ғасырдың басында Оңтүстік Оралдың революцияшыл социалдемократтардың шеңберіне кезігуге тырысты. Мұның бәрі “Айқап” журналын кеңес өкіметі контрреволюциялық ұлтшыл деп айыптаған “Қазақ” газетіне қарсы қою мақсатымен жасалған еді. М. Сералиннің өз айтуына қарағанда, журнал “еңбекші таптың органы болған жоқ. Халықтық болған ол белгілі бір таптық, саяси және экономикалықбағдар ұстанбады ”. “Оренбургский край” газетінің журналды “жергілікті халықтық басылым” деп атағаны кездейсоқ емес.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Антарктида

Антарктика мен Антарктида. Антарктиданың табиғаты Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарының оңтүстік бөліктерінің табиғатымен тығыз байланысты және олармен бірге бір-тұтас материк болып жатады! Теңіздердің құрлыққа аздап еніп жатқан кең алақаптарды қайраңды мұздықтар жапқан. Бұл мұздықтар материктік мұз құрсауының жалғасы болып табылады.
Антарктика — бұл Антарктиданы жанасып жатқан аралдарымен бірге және мұхиттардың шамамен 50—60 о. е. дейінгі бөліктерін қамтитын оңтүстік поляр аймағы. «Антарктика» деген атау гректің «анти»— қарсы, яғни жер шарының солтүстік поляр аймағы — Арктикаға қарама-қарсы жатқан деген сөзінен шыққан.

64-сурет. Антарктида жағасындағы айсбергтер
Физикалық-географиялық орны. Материк түгелдей дерлік Оңтүстік поляр шеңберінің шегінде орналасқан. Антарктиданы басқа материктерден орасан зор мұхит айдыны бөліп тұрады. Материктің полюс ауданындағы географиялық орны орташа қалыңдығы 2000 м болатын қалың мұз жамылғысының түзілуіне әкеп соққан. Мұз қабатының қалыңдығына байланысты Антарктида Жер шарындағы ең биік материк болып отыр. Материктің жағасы негізінен биіктігі бірнеше ондаған метрге жететін тік мұзды жар болып келеді. Географиялық орны мен мұз құрсауына қарай дүние жүзіндегі суық полюс Антарктидада орналасқан.
Антарктиданы ашу. Алғашқы зерттеулер - Антарктида басқа материктерден әлдеқайда кейін атылған. Оңтүстік жарты шардың биік ендіктерінде материк бар деген ойды ертедегі ғалымдар айтқан болатын. Бірақ алтыншы материктің болуы жөніндегі мәселе әлдеқайда кейін біржолата шешілді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік материкті іздеуге ағылшынның белгілі теңізде жүзушісі Джеймс Кук бастаған ағылшын экспедициясы аттанды.
Дж. Кук Оңтүстік поляр шеңберін әлденеше рет кесіп өтті, бірақ қалың мұзды бұзып, материкке жете алмады. Ол «оңтүстікте жатқан жерлер болса, олар ешқашан да зерттелмейді... табиғат бұл елге мәңгі суық болуды жазған» деген көңілсіз қорытындыға келді. Дж. Кук экспедициясының нәтижелері материкті іздеу жөніндегі қауіпті жүзу сапарына аттану тілегін ұзақ уақытқа кейінге қалдырды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Химия | Азот қышылын алу

Аммиак ауада немесе оттегіде жанғанда көбіне азот және азот /111/ оксиді тузіледі.
4 NH + 3O = 2 N + 6 H O
4 NH + 5O = 4NH + 6 H O
Арнайы католизатор қатысында екінші реакция жеделдетуге болады. Өнеркәсіпте платинаға механикалық беріктігін жоғарылату үшін 5-10% қымбат радий катализатор қолданылады. Әсіресе әр түрлі тотығу дәрежесін көрсететін элементтермен түзілген оксидтер қолданылады.
Аммиактың тотығу нәтижесінде азот оксиді, әсіресе азот /11/ оксиді, су, азотта бар нитроады газ алады. Азот /11/ оксиді суытқан кезде азоттын /4/ оксидіне айналады.

2NO + O = 2NO
Азот қышкылын алудын келесі стадиясы – азот /4/ сумен сіңіріп алу.

2NO + H O = HNO + HNO
Азот қышқылының концентрациясы өскен сайын азотты қышқылдың турақтылығын төмендеп, ол азот /11/ оксиді мен азот қышқылына ыдырайды. Соңында оттегінің артық мөлшерінде, барлық азот оксиді азот қышылына айналады.
Жұмыс мақсаты:
Амиакты тотықтыру жолмен азот қышылының сулы ертіндісін алу. Азот қышқылының шығынын анықтау.
Құрал жабдықтар мен материалдар:
1. 800 С тағы электр пеші. 2. Нире электрлі галвонометрлі терменора. 3. 12/ амиак ертіндісі бар колба/. 4. Католизаторы бар фосфарлы немесе кварцты трупка. 5. Азот оксидтерін сумен аулауға арналған қабылдағыш.т6. 0.05 H сілті ертіндісі. 7. Индикатор. 8.Шыны цилиндр, ариометр. 9. 0.5л өлшеуіш колба.
Жұмыс барысы.
Аммиакты тотықтуруға арналған қондырғыны сурет бойынша жинайды. Газдарды узілісіз жіберу үшін, осы қондырғыны су насосына қосады.
Форфарлы немесе кварцты трубкасы катализатор көбіне қөлданылатын унтақ тәріздес марганец /4/ мыс /2/ немесе ванадий /5/ оксидтері мен орналасқан асбеспен толтырылады. Ол үшін фарфор чашкада аммений ванадағы немесе марганец, нитратынын концертіндісін асбестке сіңдіртеді. Туздар ыдырау үшін 500-600 С қыздырады. Түтікті католизатор. Түтікті католизатормен қатты тығыздамай толтырады немесе ылғанданған асбесті марганец, ванадий, хромный порошок тәрізді оксидтермен араластыруға болады.
Аммений хрематын ыдырату арқылы алынған хромның каталетикалық активтілігі жоғары t – да алынған реактивтік препарат пен салыстырғанда жоғары болады. Колбаға /3/ концентрациясы алдын ала ариометрмен анықталған 12-15% аммиак ертіндісін құяды. 4. колбаға су құйылады. 5. Азот қышқылының қабылдағышна оның көлемінің - бөлігінде дейін су құйяды. Қабылдағыштар алдын ала сынған шыны түтікшелермен толтырылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сочинение: Моя Астана

Я родился и живу в Астане. Это главный город нашей большой страны. Мне очень нравится мой город. Он очень красивый. Здесь много архитектурных шедевров, таких как: «Хан Шатыр», «Байтерек», «Ак Орда», «Дворец Мира и Согласия». И наша молодая столица продолжает расти и развиваться. ....
Сборник сочинений
Толық
0 0

Реферат: Ботаника | Ақуыз органикалық дүниенің материалдық негізі

Ақуыз молекуласының ашылу тарихы. Я. Беккори 1736 жылы тұңғыш рет бидай ұнынан желімтіктелген ақуыз алды. Бірақ ақуыздың құрамы тек жүз жылдан кейін ғана басқа ғалымдардың тәжірибелері негізінде анықталды. Оны анықтау үшін жасалған алғашқы қадам ақуызды ыдырату болды. Егер ақуызды күшті қышқылмен (тұз қышқылымен) араластыра отырып қыздырса, ол өте кішкене бөлшектерге ыдырайды. Бұл бөлшектерді мұқият зерттегенде олардың құрамында карбоксил (СООН) тобының қышқылдық және амин (МНг) тобының негіздік қасиет көрсететіндігі дәлелдеңді. Кейіннен осы топтарды аминқышқылдары деп атады. Ақуыз молекуласының құрамына кіретін аминқышқылдарының саны - 20, олар молекуласының құрылымы жөнінен әр текті болып келеді.
Мәселен, 1806 жылы Р. Воклен мен К. Робике ақуыздын ыдырауынан пайда болған аминқышқылын аспарагус өсімдігінің сөлінен бөліп алып, оған аспарагин деген ат берді.
1820 жылы француз ғалымы А. Браконно ақуызды ыдырату арқылы аминқышқылы - глицинді алды, осыдан кейін аминқышқылдарын жүйелі түрде зерттеу басталды. Ең соңғы жиырмасыншы аминқышқылы - треонин 1935 жылы фибрин ақуызының құрамынан алынған болатын. Сөйтіп, ақуыз құрамына кіретін 20 түрлі аминқышкылын ашуға 130 жыл уақыт кетті.
Ақуыздық құрылысы. Биополимерлердің ішіндегі мөлшері мең маңызы жөнінен ерекше орын алатыны ақуыз молекуласы. Ақуыз макромолекулаға жатады.
Ақуыз молекуласы органикалық заттардың ішіндегі алыбы екенін мына сандардан көруге болады. Мысалы, органикалық зат этил спиртінің молекулалық массасы - 60, ал жұмыртқа ақуызы - альбуминдікі - 36000, гемоглобиндікі (қанның қызыл түйіршіктері) - 152000. Ақуыз молекуласының алып болуы занды да, себебі оны құруға мыңдаған атомдардан тұратын мономерлер қатысады. Ақуыз полимері мономерлерінің рөлін аминқышқылдары атқарады.
Ақуыз химиялық құрамы жөнінен гетерополимерлерге (грекше. "hetezos"-әр түрлі) жатады.
Табиғатта 200-ден астам аминқышқылдарының түрлері бар. Ақуыз молекуласының құрамына кірмейтіндері зат алмасудың нәтижесінде реакция аралық қосылыстар түрінде пайда болып, кейбір ерекше бактериялар үшін қоректік зат ретінде жұмсалады.
Ақуыз молекуласының құрамына кіретін аминқышқылдарының ерекшелігі неде? Басқа аминқышқылдары неліктен ақуыз молекуласының құрамына кірмейді деген заңды сұрақ еріксіз туады. Бұл сұрақтардың жауабы мынадай мағлұматтар негізінде түсіндіріледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: тарих | АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ

Қоғамдық өмірге белсене араласқан Н.Орманбетұлы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтық үн көтерілген 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы петициясына қатысушылардың бірі болды. «Патша өкіметі бұл акцияны барып тұрған саяси күрес деп тауып, жергілікті басқару органдарынан бақылауды күшейтуді талап етеді. Дала генерал-губернаторы хұзырхатты ұйымдастырған адамдарды анықтап, олардың үстінен іс қозғау жөнінде Қарқаралы уезінің бастығына нұсқау береді. Уез бастығы Оссовский өзінің тексеру жұмысытарының барысында хұзырхатты дайындағандардың басшылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев екендерін дәлелдеп, қазақ тілінен орыс тіліне аударған Т.Нұрекенов болғанын да анықтап, олардың үстінен іс қозғап, арттарынан аңдушылар қойды». Бұл жерде атақты Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылар Алаштың көсемдері, соның ішінде А.Байтұрсынов десек, халқымыздың қоғам және әдебиет қайраткері Қарқаралыда бастапқыда сыныптық орыс-қазақ, кейін қалалық училищенің оқытушысы болғаны мәлім. Міне, Нарманбет ақын «Мектеп бастығына» өлеңінде А.Байтұрсыновтың ұлтты ағарту мен оятудағы қызметін ереше бағалап, халқымыздың отарлық қысымдағы мүшкіл халын жеткізеді:
Мүбәрәк болсын тойыңыз, Басында тұр қазақтың.
Мақпал болсын ойыңыз, Қатарында біз қалдық-
Зерек болып шәкірттер, Ойын-күлкі мазақтың.
Бәлент болсын бойыңыз! Дүниесін түзей бер!
Бұйырмаңыз айыпқа, ауыл алыс, Дін көңілді безей бер!
Болмады тойғы сояр қойыңыз. Атын естіп қорқамыз,
Қараңғы қасірет бұл күнде- Ақыретті дозақтың (61,73).

М.Әуезов «Ахаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген, ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші, жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған, екінші, қазақ жұртына земство беруді сұраған, үшінші, отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселесі осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан. Көпшіліктің оянуына себепші болған» деп жазғанындай сол оянған ұлттық санаға серпін берушілердің қатарында Нарманбет те болды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СОҢҒЫ ТҮЙІНІ МҰСТАФА ШОҚАЙ

Қазақ халқының таяу заман тарихында ерекше орынға ие Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл мәселеге тереңнен үңілгенде, оның ауқымының одан әлдеқайда әріде, Мұстафа Шоқайдың күрес тарихымен жалғасып 1940 жылдарға дейін барғанын көреміз.
Алайда, Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарын Алаш Орда қозғалысынан бөлек қолға алу басым болып отыр. Атап айқтанда, Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметі мен Мұсафа Шоқай, Түркістан автономиясы, Шоқайдың Еуропа елдеріндегі саяси іс-қимылдары көбінесе бір-бірінен тәуелсіз әрекеттер ретінде бағалануда.
Мұның себебі түсінікті. Өйткені Алаш Орда үкіметі және оның жетекшілері туралы зерттеулер, Мұстафа Шоқай туралы зерттеулерге қарағанда көш ілгері болып отыр. Сонымен қатар кеңестік кезеңде тыйым салынған Алаш жетекшілері туралы ақиқаттар қайта құру-жариялылық кезеңінде ақтаңдақ беттер ретінде Шоқайдан бұрын қолға алына бастады. Тіпті олар 1988 жылы Компартияның қаулысымен ақталған да болатын. Осы кезде Шоқай туралы еш нәрсе айтылмады. Шоқай тек Қазақстанның соңғы шындығы ретінде, Алаш қайраткерлерінің ақталуынан екі жыл өткеннен кейін, атап айтқанда 1990 жылдың аяқ шенінен кейін ғана ауызға алына бастады. Қазақстанда бұрынғы Кеңестік идеологияның салдарынан Шоқайға сенбей күмәнмен қараушылар қатары күн сайын азайып келе жатса да, әлі де баршылық.
Сонымен бірге Алаш Орда жетекшілері туралы зерттеулерде, олармен Шоқай арасындағы қарым-қатынастар, әсіресе Алаш және Түркістан автономиялары құлағаннан кейін оның жетекшілері Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай арасындағы байланыстарға жеткілікті назар аударылмауда.
Міне осы себептерден Шоқайдың Алаш қозғалысымен бірге аталмай жүрген болуы мүмкін.
Көпшілікке белгілі жәйт, Шоқай Петербург университетінде студент кезінен бастап Алаш Орда жетекшісі Бөкейхановпен тығыз байланыста болды. Тіпті Шоқайды саясатқа баулыған Бөкейхановтың өзі десек қателеспеспіз. Демек Шоқай Алаш қозғалысының рухы болып есептелетін Бөкейхановтың саяси шәкірті. Оған қоса Ташкенде, Қоқанда Түркістан автономиясының ішінде жүргеннің өзінде Бөкейхановпен байланыста болып жүрді. Олай болса, Шоқай шетелдерге шыққаннан кейін Алаш идеяларын ұстанбай жүре ала ма? Әрине жоқ. Ол заңды түрде Алаш мақсаттарын орындап жүрді. Тіпті оның мақсат-мүдделерін одан әрі дамытты десек артық айтқандық бола қоймас. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ АТБАСАР ӨҢІРІ

Алаш қозғалысына қатысты әрбір дерек біз үшін маңызды болуы тиіс. Өйткені бұл ұлт-азаттық қозғалыс халқымызды ұйыстыруға, дербес мемлекет құруға, ең бастысы – ұлтымыздың рухын көтеруге арналған ұлы шара еді. Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Алаш қозғалыс туралы жүйелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл құптарлық қадам. Өйткені осы айтулы қозғалыстың тарихын тану – халқымыз жүріп өткен жолдарды саралаумен бірге, ұлттық болмысымызды түгендеу болатындығы сөзсіз.
Елімізге белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы 2007 жылы 23 тамызында «Астана хабары» газетінде «Менің ақындық тұсауымды кескен Мұқағали» атты сұхбатында: «Міржақып Дулатов төрт жыл Атбасарда тұрған. Ол жайында Гүлнар апайдың жазбаларында бар. Атбасар Алаштың орталығы болған», - деген тамаша бір пікір көзіме оттай басылды. Осы пікірді анықтай түсейін деген мақсатпен Секеңмен кездесіп пікір алыстым. Ұмытпасам «Жұлдыз» журналының 1993 жығы 3-і не 4-ші санында ма екен. Атбасарда тұрып жатқан Міржақып Дулатовтың Қарсақпай жағына бармақшы болғанда қасына атқышы болып Серік болған. Жол жағдайын жақсы білетін қарт адамның естелігі жарияланды. Естелікте М.Дулатов пен Атбасардан шыққан олар жолшыбай Қарақытын жағымен жақсы көң бойында отырған елге соққандарын, бұл өңірдегі көптеген адамдардың Міржақыпты жақсы қарсы алғандығы туралы әңгімелейді.
Секеңнің жоғарыда айтылған пікірін жандандыра кететін бір жай, 1915 жылдың күз айында Атбасарлық оқыған зиялы бір топ азаматтары бір-екі ай дайындық жұмыстарын жүргізгеннен кейін М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы бойынша жасалған пьесаны сахнаға қояды. Бұл кез I дүниежүзілік соғыстың жүріп жатқан кезі. Соғыста ауыр шығынға ұшыраған патша үкіметіне көмек көрсету мақсатында ел ішінде шаралар жүргізіліп жатқан кез. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына бір деректі келтіре кеткенді орынды ғой деп есептедім. «Алаш қозғалысы» атты жинақтың (Алаш қозғалысы, 2 том, 2005), 2-томында (430 бет) Х.Р.Сүтішевтің «Из политической истории г.Атбасара» деген мақаласында 1915 жылдың маусым айында М. Дулатов Атбасар қаласына келіп, Атбасардағы полицей басқармасында жұмыс істейтін – Мешінбаев Сыздық деген азаматтың үйіне тоқтағанын, ол үйге кеңеске шақырылғандардың тізімі айтылады, қаралған мәселелер туралы айта келе: «По окончания совещания Мешнбаев говорить Майкутову: Дайте Ваше слово, что вы будете помогать М.Дулатову, который специально приехал от имени лидера-нашего уважаемого Букейханова Алихана, который в данное время находиться в г. Москве. Он уже договорился с некоторыми министрами, царской и Государственный Думой, которые уже обещали ему, что по окончании войны все будет сделано для киргизского населения» (том 2, 131 бет) (астын сызған біз – Б.Х.) – деген жолдар бар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Ақ Орда Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан

14-15 ғғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы - қыпшақтар, арғындар Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар т.б. Ақ Орда хандары - орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Құйыршақ, Барақ т.б. Бұлар – кейінгі Қазақ хандарының тікелей арғы бабалары еді.

Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтапан жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.

1423-1424 жж. Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, т.б. Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жж. Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0