Реферат: Әдебиет | АҚЫТ ҚАЖЫНЫҢ ЖИҺАНШАҺ ДАСТАНЫНДАҒЫ ШАҺЗАДА БЕЙНЕСІ

Халық ақындарының шығармашылығындағы фольклорлық дәстүр мәселесін сөз еткенде, ел аузында сақталып келген аңыз, әпсана, хикаяттардағы кейіпкерлердің де айрықша орын алатындығын жасыруға болмайды. Қызыр, Атымтай Жомарт, Ескендір, Қорқыт тәрізді тағы да басқа бейнелер аңыз арқылы көпшілікке жақсы таныс болғандықтан толғаулар мен дастандарда қолданыс тапқанда туындыны тұтасымен халыққа етене жақын етіп жібереді. Халық ақындарының мифтік кейіпкерлер мен аңыздағы бейнелерді өз шығармаларына арқау етуінің бір қыры осында жатыр. Мифтік кейіпкерлерден жиі кезігетіні періште, пері, жын, мыстан кемпір. Бұлардың жиі қолданылуының да өзіндік себебі бар. Өйткені, олар мифтен, эпикалық туындыларға, одан халық ақындары шығармаларына сатылай отырып өткен. Ғалым Ш.Ыбыраев былай дейді: «Мифтік ұғымдардан қазақтың көне эпостарында көптеген белгілер сақталған. Жалпы, көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне – мыстан кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бұрын болжап отыратын, сөйтіп, батырдың жолына алдын-ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде суреттелсе, бірде жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі. Тегінде айдаһар мен жалмауыз кемпір бейнесі ежелгі замандарда мифтік негізі бар ұғымдармен байланысты болуы әбден ықтимал. Міне, мұндай бейнелер ақындар шығармаларында да өздерінің негізгі қызметтерін өзгертпейді.
Көрнекті халық ақыны Ақытқажының бізге «Жиһаншаһ», «Ғали мен Дариға», «Мәликенің жүз жұмбағы», «Кесік қол келіншек» деген төрт дастаны белгілі болып отыр. Бір назар аударарлық жай осы дастандардың оқиға желісі шығыстан келген аңыздардың негізінде шығарылған. Осының өзі Ақыттың шығыс әдебиетімен жете таныс болғандығын аңғартады. Ақынның «Жиһаншаһ» дастаны, әлем әдебиетінің алтын туындыларының бірі «Мың бір түн» аңыздарындағы «Жиһаншаның өмірі туралы әңгіме» тарауының негізінде шығарылған. Оқиға желісінде өзгеріс жоқ. Ал, көркемдігі мен образдау жүйесінде ұлттық фольклорға тән бейнелі сөздер мен суреттеулер мол қолданылған. Мәселен, аңызда патшаның баласының жоқ екендігі: «Қазынасында қисап жоқ еді. Бірақ, сондай ұлы патшада бала болмады. Оны орта жасқа келгенде қайғы басты» деп қарапайым тұрғыда баяндау үлгісінде берілсе, дастанда:
Тамузға бала дерті болды түйін,
Баласыз қайғы деген қандай қиын.
Көрмедім бір баланы сүйе алмадым,
Не керек сансыз түймен мал мен бұйым,-
деп басталып, бірнеше шумақтың бойына патшаның ішкі жай-күйін шебер бейнелеген. Әдемі суреттерді баланың өмірге келуін баяндаған тұстарынан да көреміз. «Мың бір түн» бұл иірім басты кейіпкердің өз атынан айтылады да, бір ғана сөйлеммен беріледі. Ал дастанда басты кейіпкер үшінші жақта қолданылған. Баяндаушы – автор.
Оған берген тәңірі артық бақты,
Мінгізген тәңір қалап алтын тақты.
Ханшаның медет кәмәлі тамам болып,
Жетті де ай мен күндей бір ұл тапты.
Әдемілікті, сұлулықты бейнелеу барысында аспан әлемін қолдану, яғни, айға, күнге, жұлдызға теңеу қазақ фольклорында көне дәуірде қалыптасып, дәстүрге айналған құбылыс. Дастандағы басты бейне – Жиһаншаһтың өмірге келуі осылайша сипатталады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.
Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | АЛФАВИТ РУХАНИ БІРЛІК НЕГІЗІ

Қазір қазақ халқының рухани дамуы бір жолайрықта тұрған сияқты. Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі етеміз бе? Жоқ дәстүрлі ұлттық мәдениетімізді негіз етіп алып, соны одан ары дамытамыз ба? Ғаламдасу бағытына бүтіндей бейімделіп, оның ауыр да, рахымсыз талаптарына шартсыз тізе бүгеміз бе? Жоқ ұлттық болмысызды сақтай отырып, әлемдік қауымдастықтың құрамында дербес рухани құндылығы бар ұлт ретінде өмір сүреміз бе? Осының бәрі бүгінгі күннің алдындағы аса жауапты міндеттер. Осындай шешімін таппаған мәселелердің қатарында алфавит таңдау проблемасы да тұр. Бұл өзі шешімін тапқан, таңдауы біткен мәселе секілді. Басқа түркі текті халықтармен бірге латын алфавитіне көшеміз деген пікір жұрт арасында орнығып үлгерген. Түркия бұрыннан латын алфавитін қолданып келеді, басқа туысқан жұрттар да ептеп көшіп жатыр. Көптен бөлінбеу, көштен қалмаудың қамын ойлағанда бұл да дұрыс таңдау болып тұрғандай. «Барар жерді мақтай бер, қалар жерді таптай бер» дегендей латын алфавитінің ерекшелігін айтқанда таңдайымыз таңдайымызға жұқпайтын шешен болып алдық. Жұрттың көбі латын графикасын алу тиімді дегенге шынымен сенеді, оның артықшылығын дәл бір өзі зерттеп біліп отырғандай тамсана отырып айтады. Олардың тұжырымдары бойынша түркі халықтарының біразы латын графикасына көшіп жатыр. Түркілік қауымдастықтан бөлініп қалмас үшін бізде латын графикасына көшуіміз керек. Онан қалса бұл алфавит экономикалық жақтан тиімді, техникалық жақтан артықшылықтарға ие. Озық ғылыми техникаға жеткізетін жол. Көз алдағы жағдайларды ескергенде және мәселеге бір ғана экономикалық тұрғыдан қарағанда, бұл пікірлердің орынды жағы да жоқ емес. Дегенмен, біз қандай алфавитті таңдаймыз, оның болашақ үшін қандай тиімділігі бар деген сауалдың төңірегінде әлі де асықпай ойланып келелі шешім қабылдауымыз қажет әрі оған мүмкінідігіміз бар.
Бірінші алфавит халықтың рухани болмысын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі, ол бір топтың, жекелеген қайраткерлердің еркімен немесе басқалардың ықпалымен шешілетін мәселе емес.
Екінші алфавит болашақ үшін де тарих үшін де қызмет ететін болу керек. Латын алфавитіне көшу түркі халықтары ортақ тұжырымға келіп барып қабылданған шешім деп көңілімізді алдарқатамыз. Солай бола тұрса да біздің ойымызша латын графикасын қабылдауда алфавит таңдаудың алғы шарттары мен себебі толық ғылыми негізде қарастырылып отырған жоқ.
Алфавит таңдауда үш түрлі басты шарт болуы керек: бірінші – тарихи шарт, екінші – ғылыми шарт, үшінші – саяси шарт.
Тарихи шарт – қабылданатын алфавит руханияттың тарихи тамырын тануға қызмет ететін, төлтума алфавит болу керек. Сол алфавитті қолдану халықтың тарихи жадын сақтауға негіз болуы лазым.
Ғылыми шарт – қабылданатын алфавит сол ұлттың дыбыс жүйесіне сәйкес келетін және дыбыстың даму мүмкіндігіне кедергі болмайтын алфавит болу керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | АЛАШ МҰРАТЫ ОТАНДЫҚ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ НЕГІЗДЕУШІ КҮШ

Алаш тарихы – жаңаруға ұмтылған, тарихи сабақтастықты үзбеген, білім мен елшілдікті басым бағыт еткен ұлттық серпілудің тарихы. Сондықтан біз Алашты ауызға алған сайын осыдан 90 жыл бұрынғы саяси қозғалыс пен күресті ғана емес, бүгінімізді ертеңге жалғайтын жасампаздық істерімізді сараптағанымыз дұрыс. Алаш – біздің ұлтқа, дәстүрге қаншалықты адал екенімізді салмақтайтын ар өлшемі. Алаш – өткен тарихтың ғана олжасы емес, бүгінгі ұрпақтың да елдік іске олжа салар мүмкіндігі. Алаш – әлемдегі қазақтың да, қазақ ішіндегі әлемнің де тұтастығы, үйлесімділігі.
Кез-келген елді алға ілгерілететін ұлттық идея. Тіпті бүгінгі
әлем ұлт пен мемлекет ұғымдары арасына теңдік белгісін қойып отырғаны жасырын емес. Кеңестік түсінікте ұлттық идея әсіре ұлтшылдықпен теңестірілді. Бұл қай тұрғыдан қарасақ та ақылға сыйымсыз еді. Расында, қасаң да бұрқасынды жылдары ұлттық идея дегеніміз – мемлекеттік, елдік мүдде идеясы деген мағына беретіні ұмытылды.
Алаш идеясы – қазақтың ұлттық идеясы болатын. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес-тін. «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш». Кереге – мемлекет құрылысы, Алаш – идеология. Тоқтам осы-тын. Алаш – жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді.
Егер сол тұстағы қайраткерлеріміздің көздегені жүзеге асқанда, қазір біздің еліміздің қосалқы аты Алаш (Алаш Орда, Алаш үкіметі, Алаш Республикасы) болатындығына иманымыз кәміл. Осы ретте бәзбіреулер «сонда олар қазақ атынан жеріген бе?» деп сұрақ қоюы мүмкін. Бұған «әрин, жеріген жоқ» деп жауап береміз.
Есімізге олардың:
Арғы атам – ер түрік
Біз – қазақ еліміз, -
деген әнұраны түседі. Сонымен бірге зиялылар:
Азаматы Алаштың,
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды,
деген жоқ па?! Осыған қарағанда, Алаш ұғымында рухтық, асқақтық, өрлік мағына бар.
XX ғасырда қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея қайсы десе, Алаш идеясы деп жауап берер едік. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы – осы идея.
Алаш идеясындағы қайраткерлердің жемісті еңбек жылдары – ақыл һәм жүрек айбатымен күрескен 1907 жылдан 1937 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты қамтиды. Тағдыр мен тарих оларға осындай мерзімді ғана қиыпты. Одан кейінгі жайы белгілі: айдалды, атылды, ресми тарихтан, ел жадынан аты өшірілді.
Қазір жұрт парламентаризм деген ұғымды жақсы біледі. 1907 жылы Ресей патшасы «әлхамдулла, алты миллионға» (А.Байтұрсынұлы сөзі) жеткен қазақ секілді ұлттарды сайлау және сайлану хұқынан айырды. Зиялылардың табанды күресі осы шақтан басталды.

Петербор, Омбы, Ташкент, Семей тәрізді шаһарлар XX ғасыр
басындағы монархиялық билікке бас көтерген алаштық күрестің
шыңдалу мектебі болды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | АҚШ пен КСРО арасындағы дағдарыс

Қазіргі кездегі оқиғалар, Шешен соғысы және АҚШ-тың оған қатысы, Ирактағы соғыс және оған Ресейдің қатысы, бәріде осы екі ұлы державалар АҚШ пен Ресей дің халықаралық аренадағы карсылықтарын көрсетеді. Бұл қарсылықтың айқын мысалы 1962 жылдағы “Кариб дағдарысы” бола алады. Дағдарыстың пайда болу себептерін қарастыру әлі күнге дейін өзекті, бұның басты себебідағдарыстың тарихы саяси және идеологиялық себептерге байланысты ХХХ. Сондықтан бүгінгі уақытта біз әлемдік тарихтың маңызды мәселесін қарастыруға мүмкіншілік алып отырмыз.
Тарихнама.Тарихқа көз жүгіртсек, бүкіл дүниежүзін дүр сілкіндірген елеулі оқиғалардың бірі-Кариб дағдарысы. Бұл дағдарыс « Қырға қабақ соғысының» шиеленісуінің нәтижесінде, яғни 1962 ж қазан айының 2-ші жартысында пайда болды.
Не бары 13 күннің ішінде бүкіл әлемді Ядролық апатқа әкеле жаздады. Әлемнің алып державалары: АҚШ, КСРО және Куба үкіметтері алғаш рет «Ядролық тұйыкка» тірелді, бірақ уақытында дағдарыс жағдайды жоюға барлық күштерін салып, халқаралық мәселелерді әскери емес, дипломатиялық жолмен шешу керек екеніне көздері жетті. Сонымен қатар, дағдарыс сабқтарынан әлемдегі оқиғаларға деген ыңғайларына жаңа, маңызды үлес қосып, сабақ болды десек , асырып кетпейміз.
Сонымен қатар, 1962 ж материалдар халықтан мұқиятты түрде жасырылған, тек қайта құру кезеңінен кейін біртіндеп ашыла бастады, бірақ бұл жағдайдың өзі, толығымен көзімізді ашқан жоқ та, бүкіл ақиқатты түсінүге мүмкіндік бере алмайды, өйткені бүгінге шейін негізгі документалдық фактілер мүлде құпиялы түрде жатыр, және осы дағдарыс жайындағы әдебиет толықи емес.
Дегенмен, осы тақырыпка қызығушылықтың, ізденістің арқасында біз, сол кездегі АҚШ пен КСРО-ң ұстанған саясаттарын түсінуге мүмкіндік алдық..
Осы жүмыстың мақсаты: АҚШ пен КСРО арасындағы дағдарыстың басты себептерін көрсету. Олардың әскери-саяси қарсыластары миллиондаған күнәсіз адамдардың өміріне қауіп төндіргеніне елді сендіру және осы екі державаның жасаған қателіктерін басқа елдер жасау үшін, сабақ ретінде түсіндіру.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Америка этнологиясындағы психологиялық бағыттар

Вундтың идеяларын Америка еліне жеткізген. АҚШ этнопсихологияның бастауын қалаушы Ф.Боас болды. Колумбия университетінде көптеген америка этнологтары Боастан білім алыд, бірақ оның шәкіртерінің еңбектерінде Вундт идеяларынан қаланғаны тек адамның ішкі жан дүниесімен мәдениетін байланыстарып тұратын талаптар айқындалады. Олар психологиялық концепциядан бас тартпастан өз зерттеулерін жүргізе отырып Фрейдтің класиикалық психоанализміне және К.Юнг, Э. Фрамма, К.Хорни, А.маслау идеяларында аса көңіл бөледі. Нәтижесінде «Мәдениет және жеке тұлға» теориясы мен психологияның арасында орын алды. Совет этнографы С.А.Токаревпен келісе отырып, оның «Мәденит және жеке тұлға» теориясының кейбір негізгі ерекшеліктерін көрсетті.
А) жеке бас психологиясына оралу;
Б) жеке тұлға түсінігі туралы түсінікті толықтыра түсу;
В) жеке тұлғаның дамуы барысында болатын процестерге аса қызығушылықпен қарау;
Г) сексуалды сфераға ерекше назар аудару.
«Мәдениет және жеке тұлға» теориясы 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында дами бастады. 1932 ж боастың шәкірті Р.Бенедикттің атақты «Мәдениет конфигурациясы» мақаласы жарық көреді, мұнда да ол өзінің жаңашылдық идеясын ұсына отырып, мәдениеттер арасында негізгі айырмашылықтар бар және де әр мәдениет өзінің даминанттылығымен ерекшеленеді. Мәдениеттердің типологиясын құрастырғанда Бенедикт Ф.Ницшенің аполлоникалық және дионисикалық түрлі мәдениет идеяларын қолданады.Үндістердің пуэмбло тексерулерінің нәтижесінде олардың мәдениетіне, апалионикалық түріне қисынды, бір жақты, парасатты, сырттай қарауға мүмкіндік берді. Ол мәдениеттің мінездемелік өкілінің негізгі тірегі шеттен шығу деп санады. Пуэбило ұстамдылық пен баланс жасауды бәрінен жасауды бәрінен де артық бағалайды, және олардың армандары, ортақ жолдары – ұстамдылық, ыза мен қызғаншақтыққа қарсылық білдіру. Олар өзара даралық қарым-қатынасты бүлдіруден, күштеу мен озбырлық көрсетуден құтылуға тырысады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

«Алпамыс батыр» жыры қазақ халқының ауыз әдебиетіне жатады және жырдың қазақша бірнеше нұсқалары бар. М. Ғабдулин «Алпамыс батыр» жырының жиналуы мен зерттелуі тураы былай деп жазады: «…«Алпамыс» қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айту арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 - жылы Қазан қаласында бастырып шығарды. Содан кейін жырдың осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы. Ұлтанды жеңуі жайында болатын…» (М.Ғабдуллин,«Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Алматы, «Мектеп» баспасы, 1974- жыл, 169 -170 беттер).
Алпамыс батырдың қалмақтармен соғысқан сәті жырда былай суреттеледі:
… Астында Шұбар секірді,
Жазым болып кетер деп,
Үстінде бала бекінді,
Шынжыр арқан,темір тор,
Жүн- жүн болған секілді.
Тағы шұбар бұлқынды,
Үстінде бала жұлқынды,
Қамалап тұрған қалмаққа,
Жалғыз бала ұмтылды.
Енді қалмақ сасады,
Қақпаның аузын ашады.
Біріне бірі қарамай,
Қақпаға құлып сала алмай,
Бет бетімен қашады.
Алдыңғы жағын қалмақтың
Арт жағы келіп басады…
…Көк орданың басында,
Көк өзеннің қасында,
Тайшық хандай ханына
Алпамыс берен айқасты.
Қарсыласып қалысты,
Тайынбай найза салысты.
Біріне бірі ылағып,
Екі найза қағысты.
Осы менен екеуі
Біраз жерге барысты.
Найзаларын тастасып,
Қылышпенен салысты.
Ат үстінен жүгіртіп,
Бірін бірі шабысты… («Алпамыс батыр», «Қазақ әдебиеті» (хрестоматия), құрастырушылар: Т.Ақшолақов, Ә.Қанафин, М. Хасенов, Алматы, «Мектеп» баспасы, 2001 -жыл, 89 бет).....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚОҒАМЫ

Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді. Осы тұста қазақ сахарасында да Алаш ұранын көтеріп, қазақ баласын азаттыққа бастаған бір шоғыр қазақ қайраткерлерінің ой-пікірі мен іс-әрекеті жарқырап көрінді. Бұл кез қазақ халқы тарихындағы ең бір талмау тұстардың бірі болатын. Алаш ардагерлерінің айтуынша, «қазақтың бар болу немесе жоқ болу» мәселесі таразыға тартылған кез еді. Олай болатыны, бұл шақта қазақ халқы толықтай патшалық Ресейдің басыбайлы боданына айналған еді. Қазақ даласындағы хандық билік ыдыраған, билер институтының қадірі кетіп, орыс сотына қараған, дәстүрлі тіршілік қалпы мен өмір салты елеулі өзгеріске ұшыраған, ұлттық рух бәсеңдеген шақтағы кетеуі кеткен бір кер заман-ды. Қазақ жеріне орыс мұжықтарын тобымен орналастыруға байланысты еркін көшіп-қонып жүру үрдісінің де тынысы тарыла бастады. Дәстүрлі ырғағынан айрылған тіршілік салтының кесірінен барша қазақ баласының бір-бірімен хат-хабар алмасуы мен өзара қарым-қатынасы да іркіліске душар болды. Қысқасы, осынау жағдайлардың барлығы қазақтың санасында саңылауы бар бас көтерер адамдарын ойландырмай қоймайтын мәселелер еді.
Алашорда қозғалысы мен Алаш идеясының пайда болуына тікелей осы аталған тарихи жағдайлар себеп болды. Қазақтың алғашқы оқығандары қазақтың жеке өз алдына ел болып, дамыған елдермен терезе теңестіре алатындай жағдайға қол жеткізуін көкседі. Жалаң сөз, жадағай ұранға баспай, бұл ойларын нақты іспен негіздеді. Ең алдымен қазақ баласының бір-бірімен пікір алмасуын қамтамасыз ету үшін мерзімді баспасөз құралдарын шығарды. Қазақтың тұңғыш журналы «Айқап» пен «Қазақ» газеті «ұлттың көзі, құлағы һәм үніне» айналды. Бұлардың ұлттық сананы оятудағы маңызы орасан зор болды. Кішкентай жылғадан басталған бұл әрекет ұлғайып, арналанып зор халықтық қозғалысқа ұласты. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Солардың ішіндегі ең бір маңызды тұғырының бірі – қазақ тілінің мәселесі болатын. Бұлай болатыны, А.Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда «тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады». Ұлттың ұлы ұстазы Ахаң бұл бағытта бос үгіт насихатқа салынбай нақты іске кірісіп, қазақ жоғының орнын толтыруға білек сыбанып кірісті.
Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсынұлының орны сондай. Оның өмірбаяны, бар тірлік-тынысы, ой-арманы туған халқына деген қалтқысыз қызметтен тұрады. Оның өмірін сондықтан да жеке адамның, жеке бір маманның өмірі деп қарауға болмайды. Ол – халықпен біртұтас, қалың елмен тамырлас, ел жүгін қайыспай көтерер нағыз халық перзенті.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері

Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды,олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Қазахстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз кушімен енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қарағанда түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығының шегінде қолма-қол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттық банк ақша базасын шамасын Ұлттық банктің корреспонденттік шотындағы екінші денгейдегі банктердің қаражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша – несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізеді.
Ақшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде, сондай-ақ айналымдағы қолма – қол ақшаның үлес салмағынан пайдаланылмайды. Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма –қол ақшаның мультипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруге болады. Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдылығына әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР Ұлттық банкі ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы операция, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету секілді ақша – несие саясатының аспаптарын пайдаланады.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей, банк резервтерінің міндетті нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге ұшыратады. Сондықтан да Орталық банк бұл аспапты жиі қолдана бермейді.
Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жоғарылату іскерлік белсенділікті төмендетеді, банктер таратылған ресурстарды тиімді пайдалана алмайды, өйткені несие берілетін салалар азайып, айналыстағы ақша массасы кемиді.
Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциылық банктерге несие береді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | АЛАШТЫҢ АСТАНАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

ХV ғасыр ортасында шаңырақ көтерген Қазақ мемлекетінің күні бүгінге дейін сабақтастығы мен жалғастығы үзілмеген төл тарихы әлденеше Астананы аспандатқаны ұлттық санамызда, бабаларымыздан жеткен рухани мұрада өшпес із қалдырды. Бастау-бұлағына көз жіберсек, бұл әріден келе жатқан дәстүр екен. Елорданы қастерлеудің тамаша үлгісін Күлтегін тасындағы Өтікенге арналған жазудан, Асан Қайғының Жерұйықты іздеуінен көре аламыз. Байырғы түркілер де, олардың заңды мұрагері қазақтар да мемлекеттің Астанасын елдік тірегі, үйлесім мен бірліктің ұйытқысы, ақыл-ой мен күш-қайраттың қайнар бұлағы ретінде қабылдаған ғой.
Үш ғасырға жуық созылған отарлау, тоталитарлық модернизация мен зорлық Елордаға қатысты қастерлі ұғым-түсініктердің, жөн-жоралғының, салт-сананың сайын даламыздағы құндылықтарын аяусыз шайқалтқанымен, түбегейлі жойып жібере алмапты. Олар мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған сәттен бұрқ етіп сыртқа шықты. Елордасын бас-аяғы 10 жыл ішінде бұрын-соңды қол жетпеген биікке көтере алған халық, оған барша әлемнің назарын аударта білген халық, жатқа телмірген жадағай қаланы Қыз Жібек пен Баян сұлудың моншағындай ару шаһарға айналдырған халық, түптеп келгенде, мәңгі ел ұстайтын мәңгі халық екенін бүгінде қапысыз дәлелдеді.
Мықтылардың әлсіздерді өзіне қаратып алуының әлемдік тәжірбиесіне көз жүгіртсек, бодан елдің бостандыққа шығуы, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі ешқашан оңайға соқпаған. Миллиондардың қанын мойнына артқан кеңестік тоталитарлық жүйені былай қойғанда, өзін өркениетті, ізгілікті санайтын Еуропаның Англия, Франция, Португалия сияқты отарлаушылары Индиядан, Алжирден, Египеттен айрылмау үшін небір құйтырқы саясатқа, зорлық-зомбылыққа барғанын қария тарих жақсы біледі. Ендеше, баршаға жайлы жаңа тұрпаттағы қоғам орнатуға уәде бергенмен, діттеген мақсатына жетпей, айықпас қайшылықтардан титықтағанына қоса қатыгездігі шектен шыққан КОКП мен Кеңес Одағы уысынан аман-есен босағанымыз – біріншіден, тағдырдың сыйы болса, екіншіден, азаттық жолындағы құрбандықтардың өтеуі екені күмәнсіз.
Азаттық туын көтерген сәттен жауапкершілігі бұрынғыдан әлденеше ауыр жаңа дәуір басталды. Саяси жүйені, экономикалық қатынастарды, мәдени-рухани құндылықтарды, заңнамаларды, ішкі-сыртқы саясатты тәуелсіздік мүддесіне жүгіндіру, тарих тағылымы мен заманауи талаптары биігіне көтеру, сол арқылы елдің табиғи-ырғақты даму жолын табу, әлемдік өркениетке өзіндік келбет-кескінімізбен кірігу – бәрі бір сәтте алдан шықты. Бұған өтпелі дәуір қиыншылықтары қосылды. Ескі қоғам ығысып орнын бере қоймаған, жаңа қоғам әлі толық орнықпаған ғасырлар тоғысында, қазақ халқы ұлт болып қалу-қалмауы қыл үстінде тұрған алмағайып заманда «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?», «Кім кімді жеңеді?» сұрағына жауап ұсынғандар елде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені әлі есімізде. ....
Рефераттар
Толық
0 0