Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көкөністер

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Көкөністер
Мақсаты: күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністер мен жемістердің пісіп, жиын - терін болатынын түсіндіру; заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту; ермексазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.
Керекті құралдар мен материалдар: жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер, ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.
ОІӘ - інің барысы: І. Ұйымдастыру.
Балалардың назарын сабаққа аударту. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: У дыбысы және әрпі

Мақсаты: У әрпін таныстыру, у әрпі бар сөзді оқуға, жазуға үйрету. Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу. Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Дыбыстық талдау жасауға, үйрету.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жазу, оқыту, ойын.
Көрнекіліктер: текшелер, суреттер, кеспе әріптер, құстардың суреттері (көгершін, бұлбұл, сауысқан)

І. Ұйымдастыру.
Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Жүзік сияқты әдемі бол! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ертөстік бізде қонақта

Сабақтың мақсаты: балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әр түрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері.
Тәрбиеші: балалар сабағымызды бастамас бұрын осы баулар арқылы жүрегіміздің жылуын жеткізейік.

Сабақ барысы:
Жылулық шеңбері.
«Күн шуағы» Балалар күн жылуына алақандарын созып, алған жылуды бір - біріне бере отырып барлығы қосылып тілек айтады.
Армысың жарқын күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жер ана!
Армысың жан досым!
Армысыз қонақтар!
Қызықтыру сәті: Әуенмен Ер Төстік келеді. Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.
Ер Төстік: Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар амандасады.
Тәрбиеші: Бұл балалар Ер Төстік ертегісіндегі Ер Төстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен сұрайық? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Балалардың қарым-қатынас нышандарын дамыту жаттығулары

Балалардың қарым - қатынас нышандарын дамыту
Мақсаты: - жағымды, қолайлы эмоционалды жағдай құру;
- топты біріктіру;
- сабақ үстіндегі мінез - құлық ережелерін құру.

1. «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын».
Жаттығудың өту барысы: әрбір оқушы 3 минут ішінде өзіне ұнамды ат таңдайды да, оны алдын - ала арнайы дайындалған парақшаларға фломастермен жазып, басқа оқушыларға көрінетіндей етіп өзінің кеудесіне бекітеді. Содан кейін, 10 минут ішінде топ мүшелерінің әрқайсысы шеңбер бойынша келесі сөзді айтып шығуы қажет: «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын!». Кейін, өз аттарын атап, өзі туралы бірнеше сөз айтады.
Танысу кезінде басқалардың есінде қалу үшін, әрбір қатысушы өзінің ерекше қасиетін атауы қажет. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: В дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Балаларға В дыбысы мен әрпін таныстыру. В дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету. Әріптің баспа түрін жазғызу. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру. Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: В әрпінің баспа түр, кеспе әріптер, түлкі, Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, шаблон суреттері .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жеңіс тойы жаса мәңгі

Құрметті: тәрбиешілер, балалар!
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, «Жеңіс тойы, жаса мәңгі!» ертеңгілігімізді бастаймыз.

Бала атпен шауып келеді. Ауылға Зейнұр күйші, ауыл ауылды күй тыңдауға шақырамын. Балалар келіп дөңгеленіп отырады, күй тыңдайды.
Осы кезде соғыс басталғанын хабарлайды.

"Майдан" әні
Ер балаларды соғысқа шығарып салады.

Сабина: Құрдан қол бұлай отыра бергеніміз жарамас азаматтарымыз соғысқа кетті, еңбек етіп қол ұшымызды тигізейік, жұмысқа кірісейік. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бәрін білгім келеді

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін қорытындылау, одан әрі толықтыру. Балаларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа талпындыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, т. б.
Әдіс - тәсілдер: Көркем сөз, сұрақ - жауап, жұмбақтар, жаңылтпаш.

Жүру барысы:
Жүргізуші.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0