Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары

Сабақтың тақырыбы: «Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары»
Мақсаты: Су туралы, білімдерін кеңейту, судың қасиетімен таныстыру, іс – тәжірибе жасауға қызығушылығын арттыру. Суға қамқорлық жасауға үйрету.
Білімділік мәні: Балаларды судың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру ( дәмі жоқ, иісі жоқ, белгілі пішінді болмайды, түссіз, жақсы еріткіш болып табылады).
Дамытушылық мәні: Себеп салдарлық қатынастарды белгілеу дағдыларын қалыптастыру арқылы балаларға судың мөлдір болатындығы жайлы, суда тірі ағзалардың өмір сүре алатындығы туралы түсінік беру.
Тәрбиешілік мәні: Сүйіспеншілік пен қызығушылықтарын арттыру, суға деген ұқыптылығын тәрбиелеу......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Міне қандай аққала

Сабақтың мақсаты: Табиғат ерекшеліктерін, оның әсемдігін байқау. Жапсыру сабағы арқылы бейне жасап үйрету.
Білімділігі: Балаларға аққала құра білуді (қыс пен жаз) үйрету. Қыс пен жаздың, суық және жылы түстердің айырмашылығын ажырату, түс ерекшеліктерін байқау. Желіммен дұрыс жұмыс істеу дағдысын пысықтау. Аққала қандай түсте болатынын анықтау және бекіту.
Дамытушылығы: Балалардың ой қиялын дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Қайшымен қию арқылы қол, саусақ ұсақ моторикасын дамыту. Табиғат сұлулығын сезіне білу, аялай білу.
Тәрбиелігі: Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікті, әсемдікті көре білуге, ұжым болып жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Қажетті материалдар: Желім, көк түсті қатырма қағаз, түрлі - түсті қағаздар, қайшы, әртүрлі жанрда салынған суреттер. Үнтаспа, сүлгі, сандық, Аққаланың суреті, доптар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ - жауап, көрнекілік
Сабақтың барысы:
Балалар, бүгін тағы бір жаңа күн келді. Ол бізге бар жылуымен «Қайырлы күн!» дейді. Қане, бізде сәлемдесейік. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Білім күні

Бағдарламалық мазмұны: Музыкалық шығарманы тыңдау және эмоциясын ажырата білуге үйрету. Әннің сөзін анық, дұрыс айтуға талпындыру. Зер салу, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
Мектепке, оқуға деген ынта - ықыласын, қызығушылығын қалыптастыру.
Пайдаланылатын құралдар: мектеп суреттері, балалар әдебиеті, оқу құралдары, мектеп өмірі көріністерінен көрме; саз аспаптар; 1 үлкен және балалар санына сәйкес ұсақ қоңыраулар мен ағаш таяқшалар.
Қазақстан Республикасының Гимні (үнтаспа). Музыка Әліппе - дәптері.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: мектепке даярлық тобы түлектерінің бірінші қоңырауға қатысуы, балабақшаның, мектептің есігін бірінші күн ашып отырған балалармен танысу; ойын ұйымдастыру; балабақша түлектерінің сыйлық жасауы. Қазақстан Республикасының Гимні орындалған кезде адам өзін қалай ұстау керектігі туралы түсінік беру......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Б дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.
2. Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ертегі сабақ.
Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: Слайд

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар қазір бізге қандай сабақ?
- Сауат ашу сабағы.
- Сауат ашу сабағына керекті барлық құралдарымызды шығардық па?
Үй тапсырмасын тексеру.
- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? Т. б. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Біз бір топпыз ойыны

Мақсаты: - топта бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- топтың бірлігін қамтамасыз ету.

1. «Баспа машинкасы» ойыны
Ойынның барысы: «Бүгін біз топта қалай жұмыс істей алатынымызды тексеріп көрейік. Ал, ол үшін баспа машинкасымен сөздерді басу процесін көзімізге елестетіп, оны ойша және еркін орындап көруіміз қажет». Біз машинкамен басып шығатын сөз өзімізге таныс өлең жолдарынан алынған болса болады. Мысалға, «Алтын күн аспаны...». Әрбір қатысушы өлең жолдарында берілген сөздердің бір - бір әрпін дауыстап атайды да, қолымен жазады («Алтын күн...»). Әрбір сөз жазылып біткен соң тыныс белгісінің орнына барлық қатысушылар орындарынан тұрып аяқтарымен жерді тебеді, ал әрбір жол аяқталған кезде қолдарын шапалақтап соғады. Осы арада айта кетер жайт, ойынның бір шарты бар: қателескен бала - ойыннан шығады. Сонымен бірінші оқушы бірінші әріпті атап, ауада жазады, ал екінші оқушы – екінші әріпті... Тыныс белгілерін ұмытуға болмайды.
«Бастадық, енді кімнің ойыннан шығатынын, ал кімнің жеңімпаз атанатынын байқайық!». Барлықтарыңызға рахмет! Осымен ойынымыз аяқталд .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Р дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: 1) Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, Р дыбысы мен және әрпімен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы Р дыбысы бар сөздер ойлауға, сөйлем құрауға үйрету.
2) Сөздік қорларын байыту, ой - өрісін, танымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3) Ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, гүл шоқтары, электронды оқулық.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Түрі: Ойын

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: Қара достым жан - жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап - дәптер қаламдар.
- Балалар мына гүлдерге зер салып қараңдаршы. Гүлдер құрғақта жатыр, бұлар жайқалып өсуі үшін не қажет? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0