Қазақстан нарықтық даму жолына түскеннен бастап, біздің өмірімізге көптеген біз білуге тиіс ұғымдар енді, дәл сол ұғымдар сіздің әрі қарайғы өміріңіздің қандай болатынын шешеді. Бизнес, кәсіпорын, кәсіпкерлік – осы бөлімнің негізгі қарастыратын мәселесі болмақ. Сіз өзіңіздің ісіңізді жүргізу үшін не қажет екенін, ақша табудың әдістері бар екенін білесіз. Инновация деген не, не үшін адамраға экономикалық еркіндік және бизнес ұйымының қандай формалары бар екенін білесіз.....
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы! М. Шаханов Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құрылған халқымен ерекшеленеді. Тарихы сан ғасырдың тереңіне кететін халқымыздың қазақ аталған бертінгі дәуірінде ел бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер, «ертеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса, төске озған» жүйрік ақындар, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешкен дана билер, қалың жауға қарсы шапқан ержүрек батырлар, ел қамын жеген ардақты аналар аз болмаған. Олардың есімдері халық аузында да, жазба әдебиеттерде де өз орнын тапқан. ......
Тарих. Ең ауыр үкім – тарих үкімі. Арпалысқа толы аласапыран заманда мұқым бір халық ізім-қайым өшіп, қанат-қолтығы кең жұртқа сіңіп, бұлдыр елеске айналған жағдайлар көп. Ол сол халықтың өзін-өзі қорғай білетін қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің тұтастығына, рухының беріктігіне байланысты. Тарих – халық зердесі. Әр халықтың ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі «Уақыт» деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып, ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы ақиық ақын Мұхтар Шаханов: Және туған тарихы, еске алуға қаншама Ауыр әрі қасіретті болса да,-деп жырлайды. Ұлттық тарихымызды құдіретті төрт ананың біріне теңейді. Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.......
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Ертегіде қонақта» Мақсаты: A)Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету. Ә)«Қ» дыбысы кездесетін тіл ұстарту жаттығуын меңгерту. Б)Ертегі мазмұны арқылы адалдыққа тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: Сурет салу, Мүсіндеу Әдіс-тәсілдер: Көрсету, слайд арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап Қолданылатын жаңа технологиялар: Теледидар-DVD-диск, ноутбук Көрнекіліктер: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерінің маскалары, Орыс халық ертегілерінің суреттері. Билингвальды компонент: Бауырсақ-колобок-baursak, әже-бабушка-grandmother, ата-дедушка-grandfather
Бассүйек, сrапішп, бір-бірімен өзара шемір-шектік, сүйектік ткандармен және жіктер арқылы берік байланысқан сүйектік құрамалардан тұрады. Негізгі қызметі: мидың қорабын, беттің әлпетін құрап қана қоймай, асқорыту және тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлігін, көздің шарасын, мұрын қуысын және есту жүйесінің қабырғаларын құрайтын өте күрделі мүше. Бассүйек топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай екі топ сүйектерден: ми сауыты және бет сүйектерден тұрады. 1. Ми сауытының сүйектері — саvіtas сrапі, деп аталу себебі, мидың сауытын немесе қорабын құрайтындықтан. Бұл топ сүйектерге: маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектер жатады. 2. Бет сүйектері — оssа fасel, беттің негізін, түр-әлпетін құрайтындықтан бет сүйектері деп аталынады. Бет сүйектер тобына: жоғарғы, төменгі жақ сүйектері, таңдай кеңсірік, мұрын, көзжас, төменгі кеуілжір және меншікті бет сүйектері жатады. Шүйде сүйегі Шүйде сүйегі — оs оссіріtаlе, ол ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан. Сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстаукелген жақ сүйек. Шүйде сүйегінің төменгі, артқы жағында ми сауытын омыртқа өзекшесі мен жалғастырушы шүйделік үлкен тесік fоrатеп таgпит, бүйір қапталында сигма тәрізді қойнаудың жүлгегі, sulcuz sinus sітgоіdіеиs, орналасқан. Төбе сүйек Төбе сүйек, оs рагіеtаlе, ол бас сүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын қүраушы жұп қабыршақтық сүйек. Бұл сүйектің сыртқы пішіні жалпақ, төрт бұрышты келгендіктен: екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің псшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады. І.Алдыңғы немесе мандайлық қыры, таrgоfrontalis ,тісшеленіп, тәждікжік, Sutura coronalis арқылы маңдай сүйекпен жалғасқан. 2.Артқы шүйделік қыры, таrgо occipitalis, да тісшеленіп, ламбда атты жік арқылы, Sutura lamboieda, шүйде сүйегі мен шектелген. 3. Сагитальды қыры, margo sagitalis ол сагитальды жік арқылы, sutura sagitalis, екі жақ-тық бөлігі бір-бірі мен өзара шектелген. 4.Төртінші самайлық немесе қабыршақтық қыры, margo sguamaso, басқа қырларына қарағанда тегістеу келіп, қабыршақтық жік арқылы самай сүйктің қабыршақтық бөлігі мен байла-нысқан. ....
Басқару еңбегі өнндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықталады. Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. Өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейді және түрлендіреді. Еңбек заты – бұл іс-әрекетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ететін объектілері – адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және басқару. Басқару – ең алдымен адамдармен жұмыс істеу. Тек мәліметтерді өңдеу басшының бағыныштылармен тікелей қарым, қатынас жасауын алмастыра алмайды. Кейде басшының бағыныштарымен қарым-қатынасын мәлімет ісіндегі ерекше түрі, мәліметтерді алудың және таратудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Алайда, «мәлімет» ұғымын, басқарудың ерекше және оның негізгі заты ретіндегі «адам және оның іс-әрекеті» ұғымымен біріктіруге болиайды. Адамдарға және олардың іс-әрекеттеріне басқару еңбегінің негізгі ықпалдары бағытталған. Ал, мәлімет адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін құралы болып саналады. Қоғамдық еңбекті бөлісу жүйесінде басқару және өндірістік еңбектің тікелей мақсатының ерекшеліктері болады. Нақты өндірістік еңбектің тікелей мақсаты мен нәтижесі нақты өнімді әзірлеу немесе белгілі бір қызмет көрсету болып саналады. Бас, қару еңбегі басқаша мақсатты көздейді, оның сипаты мен мәні де өзгеше. Басқару еңбегінің тікелей мақсаты – ұжымның бірлескен күш-жігерін ұйлестіру және оның мүшелерінің ақырғы жоспарланған нәтижеге арналған бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету. Өндіріс процесінде адамдар, еңбек құралдары мен еңбек заттары тікелей байланыста болады. Басқару процесінде басқару субъектісі ретінде адамның өзі және оның іс-әрекеті, ал оның еңбек құрал ретінде - ұйымдық-техникалық құралдар қатысып, бұлардың әрекеті басқару мүмкіндігін арттыра түседі. Өндірістегі адам дене еңбегін қол мен машина арқылы, ал басқару еңбегіндегі адам мәліметтер және оларды өңдеу құралдары көмегімен атқарады. Басқару еңбегі – көбінесе ой еңбегі. Бұған әлеументтік, экономикалық, ұйымдық, техникалық-технологиялық сипаттағы шешімдерді бағалау мен жобалау жатады. ....
Қазақстан. Отаным. Мен үшін ең биік тұратын тұғырлы, бірлігі жарасқан ел. Қаншама қиыншылық көріп, тәуелсіздігімізден айырылған күнде де, жасымады, намысын қайрап, алға жүрді . Тәуелсіздігіміздің жолында көп нәрсе құрбан болды. Бірақ, бұл есіл еңбек құр кетпеді. Қазіргі күнде бірлігі жарасқан, тәуелсіз, алға қарай қаз-қаз қадам болып келе жатқан елміз. Мен өз елімді мақтан тұтамын . Біздің болашағымыз әлі алда деп ойлаймын. Әлі де болса көп туымыз желбіреп, елтаңбамыз төрден орын тауып, ал әнұранымыз биіктерде шырқалып, еліміз дами берер деп ойлаймын.......
Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой... Мүмкін, ол, шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін, ол, асқақ Алатаудай болар ма еді?! Иә, әр адамға сүйікті Отанынан, туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. «Қазақстан» деген кезде менің ойыма бірден небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек, қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік қазақ халқы елестейді. Ғасырлар бойы батыр бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған кең жері – менің мақтанышым, әрі әр қазақ баласының мақтанышы деп ойлаймын.Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен.......
Диалектиканың қарма – қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез – келген нәрсені,құбылыс,процесс қарма – қарсы,бірін – бірі жоққа шығару және бір мезгілде өзара қарым – қатынаста болатын қарама – қарсы жақтардың қарама – қайшылықтың бірлігі болып табылады.Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама – қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама – қайшылықтарымен сипатталады.Әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу – тәрбие процесінде жүзеге асырылады.Микро жүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама – қайшылықтарында кездесіп отырады.Оқу – тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама – қайшылықтарын оқушыларды оқу – танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды,кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбыларымен қарым – қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен,ал оқушылар бір – бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді.Сонымен бірге оқушының өзін - өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет.Осылайша іс - әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микро жүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама – қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым – қатынас,өзара әрекеттестігі және ынтымақтсатығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.Оқу процесінің субъектілерінің қарым – қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірбиесінде ұжымдық танымнық іс - әрекет ретінде түсіндіріледі.Бұл мәселелердің теориялық әдіс – тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған.Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.....
Қоғамдық еңбекті дамытудың маңызды белгісі, оны бөлісу мен бірлесу. Өндірістк еңбекті жүйелі түрде бөлісу мен бірлесу басшы еңбегін адамдардың іс-әрекетіндегі ерекше түрге бөлуге ықпал етті. Басшылықта бірлескен еңбек объективі қажеттілік, өйткені оны жүзеге асыру үшін адамдардың бірлесіп әрекет етуі қажет, ал мұның өзі басқару арқылы қамтамасыз етіледі. Басқару еңбегі жалпы еңбек секілді әлеуметтік-экономикалық табиғаты болады. Оның өзі қоғамдық еңбектің даму процесінде пайда болады. Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықтайды. Өндірістік және басқару еңбектерін салыстыруды мынадай тиісті белгілері бойынша жүргізуге болады; еңбек заты, тікелей мақсат пен еңбек нәтнжесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны. Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. Өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейді және түрлендіреді. Басқару еңбегінің затына көбінесе мәліметтерді жатқызады. Өйткені, басшы қызметшілер шындығында мәліметтерді өңдеумен шұғылданады. Алайда, мәліметтерді басқару еңбегінің бірден бір құралы деп есептеуге болмайды. Тағы бір атап көрсететін жайт, басқару объектісі адамдар болып саналады. Еңбек заты – бұл іс-әрскетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ететін объектілері – адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және басқару (ІІ. 204-205).....