Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Драма сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
Бүгінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына жан - жақты жетілген, ұлттық сана - сезімі, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани байлығы дамыған ертеңгі еліміздің болашағы, бүгінгі бүлдіршіндерімізді тәрбиелеу — мектепке дейінгі мекемелердің басты міндеті болып табылады. Еліміздің айқын мақсатының бірі - бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан - жақты жетілген парасатты азамат етіп тәрбиелеу. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс. Тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт - дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашан да жарық болары сөзсіз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары