Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке,әсемділікке,шығармашылыққа тәрбиелеу. Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге,аялауға,еңбек етуге үйрету,тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту. Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау,қабылдау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян. Жүргізуші:Армысындар, ағайын! Бармысыздар,ағайын! Сіздерді жаңа 2013жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін! Ақ көңілмен айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға. Қыс қызығы басылмай ұласады. Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі. .....
Тақырыбы: «Солдан-оңға» Мақсаты: Білімділік: Сан атауын заттарды көрсете отыра сәйкестіруге үйрету. Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға, шыдамдылыққа, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу Дамытушылық: Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік жұмыс: Текше, күлгін Көрнекі құралдар: 1-5ке дейінгі сандар, көрнекі суреттер. Технология: «Тәй-тәй» технологиясы Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс -әрекеті Қызығушылық және ынталандыру кезеңдері Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударады. Балалардың көңілін өзіне аудартады. Балалар тәрбиешіге назар аударады. Іздену және ұйымдастыру-шылық кезеңі Тәрбиеші:Балаларды ортаға шақырып жылулық шеңберін құрады. - Балалар, қараңдаршы менің қолымда не? - Иә, гүлдер қандай? - Қазір мен сендерге бір-бірден гүлдерді таратып беремін, сендер сол гүлді бір-біріне әдемі тілектерінді айта отырып, ұсынасыңдар. - Ой, менің қолымда көп гүлдер жиналып қалыпты! Рахмет сендерге, балалар! Сендерге осы гүлдер сияқты жайқалып өсіңдер! - Енді сәлемдесіп алайық. - Жарайсыңдар, енді орнымызға ақырын ғана барып отырамыз. - Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті ҚМҰҚ. Тақырбы: Солдан-оңға Тосын сәт. Айдана жылап кетіп бара жатады. Оны тәрбиеші тоқтатып: - Айдана бұл сенбісің? - Иә, мен – Айданамын. - Балалар, мынау – Айдана! - Сәлеметсіңдер ме балалар?! - Айдана сен неге жылап кетіп бара жатырсың?
- Неге?
- Сен балабақшаға бардың ба? - Болды жылама, бүгін біз балалармен сандарды үйренгелі жатырмыз. Біздің балалар саған көмектеседі. Балалар сендер Айданаға көмектесесіңдер ме? - Айдана сен мына жерге балалармен бірге отыр, сабаққа қатыс. - Балалар мынау қандай сан? - Дұрыс, ал мынау не? - Қарбыз нешеу? - Мынау қандай сан? - Иә, ал мынау не балалар? - Ол нешеу? - Мынау қандай сан? - Дұрыс, мыналар нелер? - Олар нешеу? - Иә, қандай сан? - Дұрыс, мынау қандай пішін? - Олар нешеу? - Дұрыс, қандай сан? - Иә, мынау не? Олар нешеу? - Дұрыс, жарайсыңдар балалар! Тағы да менде жақсы, әдемі заттар бар. Мынау не ? - Менің қолымда неше кітап бар? - Дұрыс, ал мынау не? Нешеу? - Иә, ал мынау не? - Лентаның неше түсі бар? - Дұрыс, ал мынау нелер? - Иә, дұрыс бірақ та ол орысша. Ал қазақша ол – текше деп аталады. Қане текше деп айтайық. - Менің қолымда неше көбелек бар? - Дұрыс. Балалар текшелер көп пе, әлде көбелектер көп пе? - Қайсысы аз? - Енді балалар сендермен қызықты бір ойын ойнайық. «Қай сан жоқ?» атты ойын. Мен бір санды жасырамын, сендер тауып алуларың керек. Қане, көзімізді жұмамыз.(тәрбиеші бір санды тығып қояды) Қай сан жоқ? - Дұрыс, тағы да жасырып көрейін. Енді мен Айданадан сұраймын. Қай сан жоқ? - Бес - Дұрыс Айдана. Үйреніп қалдың ба? - Иә, үйреніп қалдым. (Ойын осылай жалғасын табады.)
-Гүлдер
- Әдемі Балалар бір-біріне әдемі тілектерін айтады.
- Рахмет!
- Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған Көк аспан! Сәлем саған Жер Ана! Сәлем маған, сәлем саған! Балалар өз орындарына барып отырады.
- Сәлеметсіз бе?!
- Өйткені мені мектепке алмай қойды. - Мен сандарды, пішіндерді білмеймін. - Жоқ, мен барған жоқпын, әйтпесе білер едім.
- Иә, көмектесеміз.
- Жарайды, рахмет!
- Бір - Қарбыз. - Біреу. - Екі - Бұрыш - Екеу. - Үш. - Қояндар. - Қояндар үшеу. - Төрт. - Дөңгелек
- Төртеу. - Бес. - Доп. Доптар бесеу.
- Кітап
- Бір кітап бар.
- Екі жұмыртқа.
- Лента. - 3 түсі бар. Сары, көк, қызыл. - Кубиктер.
Тақырыбы: От - тілсіз жау! Қатысушылар: 2 бала, 1 бала – сіріңке рөлінде, 1 бала от рөлінде. Мақсаты: оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа, зеріктікке және адамгершілікке тәрбиелеу. Керекті заттар: Сіріңке қорапшасы, жалын суреті салынған от бейнесі, өрт сөндіруші машинасының макеті, нөл және бір саны жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім. Тәрбиеші: Өткен аптада, саябакта келе жатып, мен бір сұмдық жағдай болғанын көрдім. Кәдімгі сіріңке, бірақ өте зұлым от жағып, балаларды алдады. Тәрбиеші: Саябақта балалар серуендеп жүріп, Сіріңкені жолықтырды. Ол балалардан онымен достасуын сұрады. Сіріңке: Үйім жоқ, тұратын жерім жоқ! (Балалар сіріңкені қолынан ұстап алды) Сіріңке: Ой, зеріккеннен жынданатын болдым! Менің қалай жынданатынымды көргілерің келе ме? (Балалар кідіріп қалды. Бірақ олар таң қалды) 1-бала: Жағуға болады ма? 2-бала: Жамандықтан құтыла алмайсың? .....
Сабақтың мақсаты: Балаларды кеңістік қатынастарымен (оң-сол, астында-үстінде, арасында) таныстыру, балаларды заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету(жоғары-төмен, ұзын-қысқа). Логикалық ойлауларын жетілдіру, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекілік құралдары: өзен, биік қарағай мен аласа шыршаның суреттері, қоян, тиін, кірпі, екі шымшық. Үлестірмелі материалдары: түрлі-түсті карандаштар, жұмыс дәптері. Алдын- ала бала санына қарай үлестірмелі материал (жұмыс дәптері) жасалады, онда үш қыздың бейнесі бейнеленген аласа, ұзын, ең аласа және үйлер осы өлшемде. Технология: Ойын технологиясы. Әдіс-тәсілдері: Көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру. Мотивациялық қозғаушы. Шаттық шеңбері. Ал балалар күлейік, Күлкіменен түлейік. .....
Құрметті Ұстаздар,ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін біз Тәуелсіздіктің 21жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған «Тәуелсіз- Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Әнұран орындалады. Тәуелсіздік текке бізге келмеген, Талай бабам қанын төгіп терлеген. Сонда-дағы қасиетті қазағым, Төл байрағын дұшпанына бермеген. Бабалардың ғасыр бойы арманы, Өткенімен келешегін жалғады. Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың, Егеменді – тәуелсіздік алғалы. Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады? 1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй- тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. .....